Тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтарды даулау
2016 жылдың 31 мамырында Өскемен қалалық сотының шешімімен Г.К.У. «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қаржылық бақылау Комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» ММ-не тәртіптік жазаны тарту туралы бұйрықтың күшін жою туралы талабы қанағаттандырылған.
2016 жылдың 9 наурызында Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау Комитетінің селекторлық мәжілісте «ВКО драматический театр» КМҚК басшылығының «ВКО драматический театр» КМҚК-нің орынбасарымен 2016 жылдың 5 наурызында телефон арқылы сөйлескен кезде орын алған талапкердің әдепсіз тәртібі туралы келіп түскен ауызша шағым (телефон арқылы) фактісі айтылғаны анықталған.
2016 жылғы 28 наурыздағы Инспекция бастығының бұйрығымен талапкер Әдеп Кодексінің 5-т. 2 т. бұзуда «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылған болатын.
Еңбек Кодексінің 143-б. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары депутаттарының, судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі
Мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза тарту Қағидаларының 35-т. сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда уәкілетті адамның бұйрығы бойынша осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергептексеру жүргiзiлуге тиiс.
Мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза тарту Қағидаларының 35-т. сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшi өзiнiң жазбаша түсiнiктемесiнде терiс қылық жасау фактісімен келiспесе, онда уәкілетті адамның бұйрығы бойынша осы Қағидаларда айқындалған тәртiпке сәйкес қызметтiк тергептексеру жүргiзiлуге тиiс.
Алайда қызметтік тексеріс материалдарынан мәлім болғандай, қызметтік тергеу жүргізу туралы бұйрықпен талапкер таныспаған. Қызметтік тергептексеруге оның тікелей басшысы тартылмаған.
Қағидаладың 62-т. сәйкес комиссия өз отырысында қызметтiк тергептексеру материалдарын қарайды және тәртіптік терiс қылыққа қатысты фактілерді зерттейдi, өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң және тергеп-тексеру жүргiзген персоналды басқару қызметiнің (кадр қызметі) не уәкiлеттi лауазымды адамдар өкілдерінің түсiнiктемелерiн тыңдайды. Комиссияның куәларды тыңдауға және терiс қылыққа қатысы бар кез келген фактілерді зерттеуге де құқығы бар. Отырыс өткiзiлетiн күндi төраға айқындайды, ол туралы персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) Комиссия мүшелері мен мемлекеттік әкімшілік қызметшiні хабардар етеді.
Комиссия отырысында қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, егер өзіне қатысты тәртiптiк жауаптылығы қаралатын мемлекеттік әкімшілік қызметші отырыс өткiзілгенге дейiн кемінде үш жұмыс күні бұрын Комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілсе және аталған материалдармен таныстырылса, оның қатысуынсыз өтуі мүмкiн.
Қаралатын жағдайда 2016 жылғы 25 наурыздағы Тәртіптік комиссиясының отырысы талапкердің қатысуынсыз өтті, бұл ретте Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы талапкерді тиісті түрде хабардар ету және аталған материалдармен оның өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын танысу, сондай-ақ Комиссия отырысының хаттамасымен танысу туралы мәліметтер жоқ, алайда бұл Комиссияның міндетіне кіреді.
Сонымен қатар Қағидаладың 43-т. сәйкес қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы туралы материалдарды және мәліметтерді оның жасалу мән-жайын толық, жанжақты және объективті айқындау мақсатында жинау мен тексеру жөніндегі қызмет болып табылады.
Демек, жауапкер тарапынан жасалған теріс қылық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті анықталуына қол жеткізу бойынша мақсаттың негізіне қол жетпеді. Объективті емес қызметтік тергеу негізінде, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза тартудың тәртібін анықтайтын Қағидалардың едәуір бұзушылықтарын есепке ала отырып, әкімшілік мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауаптылыққа тарту негізсіз және заңсыз болып табылады.
Қостанай облысы Арқалық қалалық сотының 2016 жылғы 7 қазанында Арқалық қаласы Әкімінің Д.И.Н. тәртіпті жаза тарту туралы өкімін заңсыз деп тану және күшін жою туралы шешімі шығарылған.
Шешім Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Қағидалармен белгәленген тәртіпті бұзумен мемлекеттік қызметшіге тәртіпті жаза тартылғанымен негізделді. Қызметкердің теріс қылық жасау фактісімен келіспегеніне қарамастан, жаза қызметтік тергеп-тексеруді жүргізусіз тартылған болатын.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.