Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Тұрғын үйге меншік құқығы даулары туралы

Тұрғын үйге меншік құқығы даулары туралы

Тұрғын үйге меншік құқығы даулары туралы

Тұрғын үйге меншік құқығы даулары туралы

Істерді қарағанда соттардың қолданған заңдары.

1) «Тұрғын үйге меншік құқығы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының № 10-шы 09 шілде 1999 жылғы нормативтік қаулысы;

2) «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының № 3-ші 20 сәуір 2006 жылғы нормативтік қаулысы;

3) «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының № 5-ші 16 шілде 2007 жылғы нормативтік қаулысы;

4) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 259 – 267 бабтары;

5) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының № 94-ші 16 сәуір 1997 жылғы Заңы;

6) «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының № 2721-ші 23 желтоқсан 1995 жылғы Заңы;

7) Қазақстан Республикасы Коституциясының 25 бабы.

Осы заңдардың талаптарына сәйкес, заңды түрде алынған кез келген тұрғын үй азаматтар мен заңды тұлғаның жеке меншігінде бола алады. Меншік құқысы мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алушының тұрғын үйге билік ету кұқығы туындайды. Меншік иесі меншік құқығын тануды талап етуге және өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Меншік иелерінің тұрғын үйді иелену, пайдалану, билік ету жөніндегі құқықтары сот тәртібімен, заң актілерінде көзделген әдістермен қорғалады.

Тұрғын үйге меншік құқығы туралы талап сотқа оның орналасқан жері бойынша беріледі. Соттылық ережелері бұзылып берілген талап арыз кері қайтарылады, ал өндіріске қабылданғаны соттылығы бойынша жолданады.

Тұрғын үйге меншік құқығы туралы талаптарға: тұрғын үйді өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету; иеленуден айыруға байланысты емес құқықтың бұзылуын жою; тұрғын үй-жайға құқықты тану; тұрғын үйді иеліктен шығару жөніндегі сауда-саттықты және иеліктен шығару жөніндегі мәмілені «жарамсыз» деп тану туралы талаптар жатады.

Алматы облысы Ақсу аудандық соты 24.02.2015 жылғы шешімімен талапкер О. Е. жауапкер «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келтірген тұрғын үйге меншік құқығын иелену мерзімі арқылы алу туралы талап арызын қанағаттандырған.

 

Істегі дәлелдерге қарағанда, жауапкер «Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілі маман-заңгері Д.Қожабергенов, талап арызбен келісетінін, Б.С (бұрынғы Қызылту) ауылында Сәтпаев көшесіндегі, № 8 тұрғын үйде, 1965 жылдан бері тұрып жатқанын айтып көрсетіп, үйге иелену мерзімі арқылы меншік құқығын беруді сұраған.

Сот іс құжаттарын зерттеп, талапкердің, жауапкердің, куәлардың түсініктерін және прокурордың қорытынды сөздерін тыңдап, О.Е. тұрғын үйге меншік құқығын иелену мерзімі арқылы алу туралы талап арызы қанағаттандырылуға жатады деп тапқан. Яғни, сот мәжілісі барысында О.Е., Алматы облысы, Ақсу ауданы, Б.С. (бұрыңғы Қызылту) ауылында Сәтпаев көшесіндегі, № 8-ші (бұрыңғы Кызылтуйская, 28) тұрғын үйде 50 жылдан астам уақыт адал, ашық және ұдайы тұрып жатқанын, үйдің барлық коммуналдық төлемін, салықтарын өз атынан уақытылы төлеп отырғаны дәлелденген.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының АК-нің 240-бабы 1- бөлігінің «мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкін дей жеті жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады» деген талабына сәйкес талапты қанағаттандырған. Сонымен қатар, біздің пікірімізше бірінші сатыдағы сот осындай санаттағы істер бойынша шешім шығарғанында:

«Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының № 3-ші 20 сәуір 2006 жылғы нормативтік қаулысының 12- тармағы, «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының № 5-ші 16 шілде 2007 жылғы нормативтік қаулысының 3- тармағы талаптарын ескеруі қажет.

Өйткені, аталған нормативтік қаулының 12- тармағында, иелену мерзімінің ескіруі негізінде меншік иесі болдым деп есептейтін тұлға өзінің меншік құқығын тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Бұл іс соттың талап қоюы бойынша іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады, ал құқық туралы дау болмаса және АК-нің 291- бабы 2- бөлігі 5) тармақшасына сәйкес арызды ұсынған кезде іс ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатындығы, сондай-ақ, нормативтік қаулының 3- тармағы 2-ші абзацында, мәміленің нысаны сақталмай, іс жүзінде жасалған мәміле куәлардың жауаптарынан басқа өзге де дәлелдермен (мысалы: тұрғын үйді сатып ақша алғаны туралы қолхатпен не иеліктен шығару құқығына берілген сенімхатпен) расталып, сатушының қайда екені белгісіз болған жағдайда, мүдделі тарап сатушыны жауапкер ретінде көрсетіп, мәмілені жарамды деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы, екені көрсетілген.

Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының 23.06.2015 жылғы шешімімен талапкер Т. А.К. жауапкер «Ақарал ауылдық округінің аппараты» КММ-не қозғалмайтын мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алу туралы талап арызы қанағаттандырылған. Ол, 1996 жылғы желтоқсан айының орта кезінде А.Г. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақарал ауылы, Т.Байбиков көшесінің, № 4 үй, 4 пәтерін 30 000 теңгеге сатып алған. Сатушы ақшасын алған соң пәтердің құжаттарын талап қоюшыға беріп, өзі Тараз қаласына көшіп кеткен. Пәтерді сатып-алу туралы келісімді нотариус арқылы куәландыруға қаражаттың тапшылығына байланысты жасамаған. Пәтерді сатап алу туралы қолхатты жоғалтып алған. Сол уақыттан бері жыл сайын ағамдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, салық төлемдерін және коммуналдық төлемдерін төлеп келген

Меркі аудандық әділет басқармасының анықтамасына сәйкес Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақарал ауылы, Т.Байтиков көшесі, № 4 үй, № 4 пәтерге қатысты меншік құқығы А.К. және оның отбас мүшелері: қызы – А.Н., ұлы А.Н. еншілеріне №172-ші 21.09.1992 жылғы пәтерді (үйді) жекешелендіру келісім шартының негізінде 14.12.1992 жылы тіркелген.

Бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанда, талапкердің 1998 жылдан осы кезеңге дейін аталған пәтерде тұратыны, талабындағы уәждерінің дұрыстығы, пәтерге төленетін барлық төлемді төлеп тұрғаны анықталып дәлелденіп, АК-тің 240- бабы 1- тармағы басшылыққа алған.

Алайда, сот сатушылардың қайда тұратынын, олардың пәтерді қаншаға сатқанын, жекешелендірген сатқан сатпағанын анықтамаған, сатып алу шартының қалай жасалғанын тексермеген.

Иелену мерзімінің ескіруі негізінде меншік иесі болдым деп есептейтін тұлға өзінің меншік құқығын тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Іс соттың талап қоюы бойынша іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады, ал құқық туралы дау болмаса және АІЖК-нің 291-бабы 2-бөлігі 5) тармақшасына сәйкес, арызбен іс ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады. Соттың арызды қанағаттандыру туралы шешімі сол тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу үшін негіз болып табылады.

Осындай мақсаттарға арналып белгіленбеген жер учаскесінде өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап аталған жер учаскесі талапкерге заңда белгіленген тәртіппен берілетін жағдайда ғана қанағаттандырылуы мүмкін.

Сондықтан, істі сотта қарауға дайындау кезінде судья талапкерге жер учаскесі оған берілетіндігі, құрылыстың сәулет және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетіндігі туралы дәлелдемелерді келтіруге ұсыныс жасауы керек. Әкімнің және уәкілетті органдардың жер учаскесін талапкерге беруге келісімі туралы және құрылыстың нормалар мен ережелерге сәйкес келетіні туралы ұсынған құжаттары осындай дәлелдемелер бола алады.

Заңсыз алынған жер учаскесінде орналасқан және оған қажетті рұқсаттарды алмай немесе сәулет және құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып өз бетімен салынған тұрғын үйге, АК-тің 240- бабымен белгіленген иелену мерзімінің өтуі қолданылмайды.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.