Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Тұтынушыларға моральдық зиянды өтеу

Тұтынушыларға моральдық зиянды өтеу

Тұтынушыларға моральдық зиянды өтеу

Тұтынушыларға моральдық зиянды өтеу

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңына сәйкес тұтынушыға оның құқықтарын шығарушы (орындаушы, сатушы) бұзу жолымен келтірілген моральдық зиян зиян келтірушінің кінәсі танылса өтеуге жатады. Осы заңның ерекшелігі ол болған салдардан мүліктік сипат болады-тұлға қызмет көрсетуге немесе тауарға ақша шығындап, бірақ күткен жауапты ала алмағандығы болып табылады. Моральдық зиян мүліктік зиянды және тұтынушымен кеткен шығындарға қарамастан өтеумен жүзеге асырылады.

Тұтынушылардың құқығын қорғау заңы қолдануда кең саланы қамтиды. Ол келісім шарттардан туындайтын қатынастарда қолданылады: сату-сатып алу; жалға беру; тұрмыс ғимаратын алу; тұрмыс үйді пайдалануды қамтамассыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер; коммуналдық қызметтер бойынша қажетті ұсынытарды көрсету; азаматтарды және олардың жүктерін тасымалдау, пайда алумен байланысты емес азаматтардың жеке мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатындағы басқа келісім шарттар.

№2 Петропавл қаласы сотының шешімімен 2015 жылдың 9 ақпанда талапкер В.В.С-ың жауапкер С.В.Р-за ЖК-нен 15 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілген.

Талапкер өз арызында жауапкердің дүкенінен 395 800 теңгеге 10 пайыз жеңілдікпен бөлмеге жиһаз сатып алған, ол жиһаз оған толық көлемде жеткізілмей, оны жинауға мүмкігдік болмаған және жиһаздың түсі басқа болған. Ол жауапкерге сатып алынған тауарды ауыстырып беруді сұраған, біарақ жауапкер тауарды ауыстырудан бас тартқан. Талапкер соттан жауакердің оған тауарды басқа тауарға ауыстыруды міндеттеп 50 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысын өндіруді сұарады, Сот арыздың негізді екенін анықтап, «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңының 21-бабына сәйкес тұтынушының Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген құқықтары мен заңды мүдделерін сатушының (дайындаушының, орындаушының) бұзуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиян, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сатушының (дайындаушының, орындаушының) кінәсі болған кезде сот айқындайтын мөлшерде өтеуге жатады.

№2 Орал қалалық сотының шешімімен, 2015 жылдың 25 маусымда талапкер М.Ш.А-аның жауапкер «Батысэнергоресурсы» ЖШС-нен моральдық зиянды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. Талапкер 11.03.2015 жылы оның пәтерінде ақысы төленбегіні үшін электр энергиясын өшіріп тастаған, ол 7000 теңге қарызын өтегеннен соң тек 3 апта өткеннен кейін электр энергиясын қосқан. Сотпен талапкерге электр энергиясын қиып тастаған кезде оның қарызы 7000 теңгені құраған, ол 13.03.2015 жылы 3000 теңгені, ал 30.03.2015 жылы 3896 теңгені төлеген. Электр энергияны қолдану ережесінің 62-тармағына сәйкес қарыз толық төленген кезде ғана электр энергия қосылады. ҚР АК-тің 951-бабы 2-бөлігіне сәйкес моральдық зиянды осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi. Талап арызды қанағаттандыруға сот еш негіз таба алған жоқ.

Бұл категориялы даулардың пайда болу себептері: тауарларды сатушылардың, оны өндірушілердің,қызметтер мен жұмысты орындаушылардың құқықтық білімінің кемістігі, басқа жақтың мүддесін елемей, тек өз позициясын алға қойып, тұлғалардың өз мүмкіншіліктерін асыра пайдалану болып табылады.

 

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.