Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Зиян тигізгені үшін жауаптылық

Зиян тигізгені үшін жауаптылық

Зиян тигізгені үшін жауаптылық

Зиян тигізгені үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасы Азаматық Кодексінің 917-бабымен зиян тигізгені үшін жауаптылықтың жалпы негіздері айқындалған, дәлірек айтқанда:

1.Азаматтар мен заңды тұлғадардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құндылықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген (мүліктік және (немесе) мүліктік емес) зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс.

Заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктелуі, сондай-ақ өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін.

  1. Зиян келтіруші, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.
  2. Заңды іс-әрекеттермен келтірілген зиян осы Кодексте және өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда өтелуі тиіс.

Осылайша, белгіленген норма зиян тигізгені үшін жауаптылықтың туындауының негіздерін анықтайтын азаматтық заңнаманың жалпы нормасы болып табылады. Зиян келтіру салдарынан пайда болған міндеттемелер – келісімшарттардан тыс міндеттемелер, себебі, олардың субъектілері (зиян келтіруші мен жәбірленуші) келісімшарттық қарым-қатынасқа түспеген, ал шығынды өтеу міндеті келісімшартты бұзумен байланысты емес.

Шарттан тыс міндеттемелерге, сондай-ақ, еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулыққа зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер жатады, себебі, еңбек шарты міндеттеменің азаматтық-құқықтық табиғатына әсер етпейді, ол шығынды өтеу қатынастарын емес, еңбек қатынастарын реттейді. Шарттан тыс міндеттемелерге денсаулыққа нұқсан келтіру немесе өлімге әкеп соғу сияқты басқа да міндеттемелер кіреді, өйткені, өмір мен денсаулық заңмен қорғалады.

Шартты міндеттемелер құқықты заңды фактіге – азаматтыққұқықтық шартқа негізделген, ал шарттан тыс міндеттемелер заңсыз зиян келтіруден (деликттен) туындайды. Яғни, Азаматтық кодекстің 917-бабы бойынша жауаптылық құқыққа қайшы әрекеттің, келтірілгеннің зиянның және олардың арасындағы себепті байланыстың, зиян тигізушінің кінәсінің бар боуынан туындайды.

Зиян жеке тұлғаға немесе азаматтың (немесе заңды тұлғаның) мүлкіне келтірілуі мүмкін. Мінез-құлықтың құқыққа қайшылығы (әрекет немесе әрекетсіздік) құқық нормаларына қарама-қарсылығын білдіреді. Құқыққа қарсы әрекет көбінесе қылмысты немесе әкімшілік құқықбұзушылықты білдіреді. Алайда, құқыққа сәйкес әрекеттермен келтірілген зиян өтеуге жатпайды, мысалы, қажетті қорғаныс жағдайында және аса қажеттілік жағдайында зиян тигізген кезде.

 

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу