Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Заңсыз соттаумен келтірілген моральдық зиянды өтеу жөніндегі сот тәжірибесі

Заңсыз соттаумен келтірілген моральдық зиянды өтеу жөніндегі сот тәжірибесі

Заңсыз соттаумен келтірілген моральдық зиянды өтеу жөніндегі сот тәжірибесі

Заңсыз соттаумен келтірілген моральдық зиянды өтеу жөніндегі сот тәжірибесі

 

А-н Д.Д., М-р Г.А., Б-н Б.С., Ш.ев К.А. жауапкер Ю-н В.В. қарсы берген моральдық зардапты өндіру туралы азаматтық ісі.

Талапкерлер өз талаптарын келесідей негіздеді, Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының 14 ақпан 2014 жылғы үкімімен Д.Д.А-ин, Г.А.М-р, К.А,Ш-ев, Б.С.Б-ин жеке айыптаушы В.В.Ю-ың жеке айыптау шағымы бойынша ҚР ҚК-нің 129-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасады деп айыпталды.

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының 24 сәуір 2014 жылғы қаулысымен Ақмола облысының Сандықтау аудандық сотының 14 ақпан 2014 жылғы үкімі бұзылып, жоғарыда көрсетілген тұлғалар кінәсіз деп танылып, олардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты бұзылды.

ҚР ҚІЖК-нің 39-42 баптары негізінде ақталғандарға заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартумен келтірілген зардапты өндіру құқығы танылды. Сандықтау аудандық сотында сот талқылауы барысында В.В.Юринның жеке айыптау шағымын қарау кезінде адвокат А.А.О. тартылған, 24 желтоқсан 2013 жылғы заңдық көмек көрсету келісіміне сәйкес Д.Д.А-н талапкерлерге заңдық көмек көрсеткені үшін 200 000 теңге төлеген.

Апелляциялық сот алқасында адвокат А.Б.Б. тартылған, оған заңдық көмегі үшін 200 000 теңге төленген. Сот процестерінде және заңсыз үкім шығару кезінде талапкерлерге моральдық зардап келтірілген. Сонымен, Г.А.М.жауапкердің заңсыз әрекеті нәтижесінде ауруханаға түсіп, 2014 жылдың 27 қаңтарынан 06 ақапанына дейін сонда жатқан. Басқа талапкерлер бірнеше рет сот отырысына келуге мәжбүр болған, сонымен қатар ауылдастары оларға сенімсіздікпен, қауіппен қарап, сотталғандармен ешкім қатынасқысы келмеген.

Айыптау үкімінің шығуына байланысты олардың отбасылық жағдайы нашарлап, талапкерлер қорланғандық, жабырқау, қысым көргендік сезімде болған. Сондықтан талапкерлер моральдық зардап 500 000 теңгеден әрқайсысына, Г.А.М-рға моральдық зардап 1 000 000 теңге өндіру туралы талап арыздары өндірілуге жатады деп есептейді. Талапкерлердің өтініші бойынша 07 шілде 2015 жылғы соттың ұйғарымымен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жауапкер ретінде тартылды.

Істі қарау барысында талапкерлер Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінен әр талапкерге Д.Д.А-ның, К.А.Ш-евтың, Б.С.Б-ың пайдасына моральдық зардап 500 000 теңге және Г.А.М-дың пайдасына 1 000 000 теңге өндіру туралы талап арыздарын нақтылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінен, В.В.Ю-нан ортақ тәртіпте Д.Д.А-ның пайдасына адвокаттың қызметіне төленген 400 000 теңге көлемінде сот шығындарын өндіруді сұраған.

Сот келесі қорытындыға келді:

ҚР ҚІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес сот бойынша қылмыстық қудалау органының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зардапты өндіруге 37-баптың 1-бөлігінде көзделген тұлғалар, яғни осы кодекстың 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы шығарылған ақталған тұлғалардың құқығы бар.

 Іс материалдарынан анықталғаны, Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының 24 сәуір 2014 жылғы қаулысымен Ақмола облысының Сандықтау аудандық сотының 14 ақпан 2014 жылғы үкімі бұзылып, ҚР ҚК-нің 129-бабымен сотталған тұлғалар кінәсіз деп танылып, талапкерлермен қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту нәтижесінде келтірілген зардапты өндіру құқығы танылды.

ҚР ҚІЖК-нің 40-бабы 1-бөлігі 4-тармағымен осы кодекстың 38- бабының екінші бөлігінде көзделген тұлғаларға келтірілген мүліктік зардапқа заңдық көмек көрсеткені үшін тұлғамен төленген сомманы өндіру жатады. Сотпен анықталғаны, 24 желтоқсан 2013 жылы заңдық көмек көрсету туралы келісімге сәйкес, адвокат А.А.О-в талапкерлерге заңдық көмек көрсетіп, сот отырысында қатысқан қызметі үшін Д.Д.А-ин адвокатқа 200 000 төлеген, сонымен қатар ордер негізінде апелляциялық сот алқасында талапкерлерге адвокат А.Б.Б-в қызмет көрсеткен, ол қызметі үшін Д.Д.А-н 200 000 теңге төлеп, жалпы құны 400 000 теңге төленгендігі жөнінде Ақмола облысының адвокаттар алқасымен берілген 24 желтоқсан 2013 жылғы №9, 04 наурыз 2014 жылғы №50 түбіртектермен расталады.

ҚР ҚІЖК-нің 42-бабына сәйкес егер зиянды өтеу туралы талапты осы тарауда көзделген тәртіппен беруге арналған алты айлық мерзім өткізіп алынса, адам азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы. Яғни тұлға үкім шығарған сотқа алты ай мерщім ішінде жүгінуі шектелмеген, алты ай өткен соң да азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы. Сондықтан, талапкерлердің жүгіну үшін алты айлық мерзімі өткендігін және көрсетілген талаппен қылмыстық сот өндірісінде талапкерлердің сотқа жүгінуі шектелген деп көрсеткен жауапкерлердің дәлелі негізсіз және қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.

ҚР АК-нің 923-бабының 1-бөлігіне сәйкес, заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтiрiлген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кiнәсiне қарамастан, заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.

ҚР «Республикалық бюджет туралы» 2013-2015 жылдардағы бюджеттік бағдарламының әкімшісі болып 010 «Қазақстан Республикасының Үкіметінің резерві»- Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі танылады.

Сәйкесінше, Д.Д.А-ың жауапкер Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне қарсы берген адвокаттың қазметіне 400 000 теңге төленген шығындарды өндіру талабы негізді және толық қанағаттандырылуға жатады. Зардапты өндіру Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жауапкершілігіне негізсіз жүктелді деген және ҚР АК-нің 923-бабының 2,3- тармақтарына, 922-баптың 3-тармағының нормаларына сілтеме жасалып жауапкершілікті келтіруші тұлғаға жүктеу туралы шағымның уәждері негізсіз. Себебі, көрсетілген нормаларға сәйкес анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура органдарының өзге де заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген зиян көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтеледi.

Судьялардың және басқа сот қызметкерлерiнiң заңсыз iсәрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген зиян, осы баптың 1-тармағында көзделгеннен басқа ретте, осы Кодекстiң 922- бабының 3-тармағында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша өтеледi.

Д.Д.А-ның адвокаттың қызметіне төленген шығындарды өндіру ҚР АК-ның 923-бабының 1-бөлігіне сәйкес берілген, яғни заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтiрiлген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кiнәсiне қарамастан, заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.

Сот талапкерлердің моральдық зардаптың өтемін өндіру туралы талаптары келесі негіздер бойынша негізсіз деген қорытындыға келді.

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша сот алқасының 24 сәуір 2014 жылғы заңды күшіне енген үкіміне сәйкес, В.В.Ю-ның жеке айыптау шағымында құқығын теріс пайдалану сипаты болмаған, талапкерлерге моральдық зардап келтіру ниетінен емес, заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қорғаудан туындаған. Ол жайын заңды күшіне енген үкімдегі көзделген жағдайлар куәландырады, яғни «ПКФ Новоникольское» ЖШС директоры В.В.Ю-мен талапкерлер арасындағы жанжал нәтижесінде, яғни әр талапкер туындаған мәселе бойынша дивидендтерді төлемеу, нан беруден бас тарту сияқты сол уақытта шешілмеген талаптарын айтты. Тараптар арасындағы туындаған жанжал ешкіммен жоққа шығарылмады, құқықты теріс пайдалану сипаты қамтылмаған ҚР ҚК-нің 129-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс деп (2014 жылғы редакцияда) бірінші инстанциялы сотпен және жеке айыптаушымен заңдық баға дұрыс берілмеген.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабы 2-бөлігіне сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұл жағдайда, жеке айыптаушының тарапынан өзінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну арқылы конституциялық құқығын жүзеге асырдым деп В.В.Ю-н есептеген. Сонымен қатар, Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының 24 сәуір 2014 жылғы үкімімен қылмысты жасауда талапкерлер кінәлі деп танылған Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының үкімі бұзылып, яғни бұзылған құқықтар қалпына келтірілді. Тиісінше, жеке айыптау шағымы бойынша заңсыз қалмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар қандай да бір салдарға тап болған жоқ, қылмыстық істі бірінші және апелляциялық сатыда қарау кезінде талапкерлер жұмыс істемеген, заңсыз қалмыстық жауапкершілікке тартылу кезінде олардың мүліктік құқықтары бұзылмаған, ол жайын талапкерлердің өкілі жасырмаған. Г.А.М-дың В.В.Ю-ың заңсыз әрекеті нәтижесінде ауруханаға түскендігі туралы уәжін негізсіз деп, яғни іс бойынша сұралған дәрігер И.Р.Ш-ың түсінігі бойынша Г.А.М-р 1948 жылы туылған, Сандықтау ауданының АЕБ-де жиырма жыл аралығында созылмалы аурумен есепте тұрғандығын, денсаулық жағдайының нашарлауы сотқа шағым түсірумен байланысты емес басқа факторлардан, яғни қарттық жасқа келуінен туындауы мүмкін деп көрсеткен.

Көрсетілген жағдайлар негізінде, сот Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі 010 «Қазақстан Республикасының Үкіметінің резерві» бағдарламының әкімшісінен Амрин Даулет Дауреновичтың пайдасына материалдық зардап 400 000 теңге және баж салығын төлеу бойынша кеткен шығын 4 000 теңге, өкілдік қызметке кеткен шығын 40 000 теңге өндірілді. Талапкерлердің моралдық зардапты өндіру талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.