Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Бұл қағидат соттың процесті қолайлы аяқтау үшін әртүрлі тетіктерді қолдануына негізделген.
Мұндай әрекеттердің барлығы талап қоюшыға өз құқықтарын толық көлемде іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Соттың белсенді рөлі талап қою нысанасын айқындау кезінде кӛрінеді және сот талап қою талаптарын қалыптастырумен, талап қою мәтінімен және оған қоса берілген немесе кейінірек ұсынылған құжаттармен байланысты емес.
Сот тарапқа құқықтық салдарларды алдын ала түсіндіре отырып, талап қою талаптарын қалыптастыруға және (немесе) өзгертуге жәрдемдеседі. Кассациялық тәртіппен қаралған істерді талдау бірінші сатыдағы соттардың назарын мынадай сипаттағы жол берілетін қателерге аударуды талап етеді.
1) соттың белсенді рӛліне талап қоюшыға талаптарды нақтылау туралы соттың түсіндірмесін де жатқызу қажет, талап қоюшының немесе оның ӛкілінің талаптарды (талап қою нысанасын) дұрыс емес қалыптастыруына жол беріледі. Адамның сотқа талап қоюмен жүгінуінің түпкілікті мақсаты тиісті дәрежеде анықталмайды.
Көрсетілген кемшіліктерді дайындық әрекеттері процесінде және алдын ала тыңдауда жою қажет.
2) тиісті жауапкерге талап қоюды беру туралы түсіндіру керек. Мұндай жағдайда іс бойынша бірнеше жауапкерлерді заңсыз тарту болмайды, бұл іс бойынша уақытты, шығындарды үнемдейді (смс хабарламаларды, құжаттарды жіберу және т.б.). Талап қоюшылар конкурсты ұйымдастырушымен қатар конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға дау айту туралы сотқа талап қоя отырып, жауапкер ретінде уәкілетті орган – ІМАД-ны көрсетеді, ал оның шешіміне не әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтпайды.
3) талаптарды нақтылау туралы соттың түсіндірмесіне және кемшіліктерді көрсетуіне қарамастан, талап қоюшылардың өкілдері тарапынан теріс пайдаланулар байқалады, оны шешуден бұзылған құқықтарды тиімді қорғау және қалпына келтіру болмайтын дұрыс емес талаптарды мәлімдей отырып, ұстанымын өзгерткісі келмейді.
Осындай өкілдердің әрекеттерінен талап қоюшы қалаған нәтижесіне қол жеткізбейді, сондай-ақ, процестің басқа қатысушылары мен соттың уақытын алады. Мұндай жағдайларда процестік құқықтарын теріс пайдаланатын адамнан ақшалай өндіріп алу арқылы ӘРПК-нің 127 бабының ережелерін қолданған жөн.
4) уәкілетті органның шарт жасасудан жалтарған деп тану және әлеуетті өнім берушіні ЖҚТ-ға енгізу туралы бұйрықтарына дау айту туралы талап қоюлар бойынша «Электрондық қаржы орталығы» АҚ мүдделі тұлға ретінде қате тартылады;
5) сот актісінде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалуы мүмкін мүдделі тұлғалар іске қатысуға тартылмайды. Соттар іске қатысуға тартылмаған тапсырыс берушінің, әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы мәселелерді шешеді;
6) конкурс қорытындыларына дау айту туралы талап қоюлар бойынша мүдделі тұлғалар ретінде қорытындыда келесі орындарға ие болған әлеуетті өнім берушілер тартылады, ал олардың нәтижелері конкурс қорытындыларына енді әсер ете алмайды;
7) конкурстық құжаттама толық көлемде талап етілмейді. ӘРПК-нің 129-бабының талаптарына сәйкес дәлелдеудің ауыртпалығы жауапкерге жүктеледі. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға ӛтінімінен бастап, жауапкерден барлық конкурстық құжаттаманы ұсынуын талап ету қажет.
8) МСА-ға қатысушылар сотқа дейінгі реттеуді сақтаған кезде апелляциялық комиссияның қорытындысын және дауыс беру нәтижесі мен дауыс беру негізінде комиссияның шешімі қамтылған апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын талап еткен жөн;
9) осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібі сақталмағандықтан, ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сілтеме жасай отырып, әлеуетті ӛнім берушінің талап қоюы негізсіз қайтарылады.
Ал талап қоюшы конкурстың қорытындыларына ІМАД-ға шағымданған кезде, уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда жоғары тұрған әкімшілік органға одан әрі жүгіну МСА туралы Заңның 47-бабының 7-тармағына сәйкес әлеуетті ӛнім берушінің құқығы болып табылады.
10) талап қоюмен сотқа жүгіну мерзімдеріне назар аударған жөн. ӘРПК-нің 136-бабының бесінші бӛлігіне сәйкес құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап, бір ай ішінде, бірақ, ол қабылданған күннен бастап, бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы. Осы нормада кӛрсетілген бір жылдық мерзім түпкілікті болып табылады және қалпына келтіруге жатпайды.
ӘРПК-нің 136-бабының сегізінші бӛлігіне сәйкес сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады. Мұндай жағдайда оны беруге арналған мерзімді өткізіп алуға байланысты талап қоюды мәні бойынша қарау заңсыз болып табылады, ол жоғарыда келтірілген ӘРПК нормасының негізінде қайтарылуға жатады.
11) әкімшілік істі қалыптастыру кезінде қайталанатын құжаттарды қосу арқылы істердің ретсіздігіне жол беріледі.
Iс бойынша тараптар көбiнесе сотқа бiр мезгiлде бiр дәлелдемелер мен құжаттарды ұсына алады. Бұл жағдайда судья қайталанатын құжаттарды оларды ұсынған тарапқа қайтаруы тиіс. Апелляциялық сатыдағы соттар:
1) басқа тарапқа қатысты билік өкілеттіктері берілген субъектілерге жария-құқықтық қатынастардың міндетті белгілерін белгілеу бойынша мән-жайларды ескермейді (әлеуетті өнім берушілердің «Самұрық Қазына Контракт» ЖШС-ға талап қоюлары бойынша);
2) талап қоюшының дауды сотқа дейін реттеудің міндетті тәртібін жоғары тұрған сатылардан талап етуіне жол беріледі, ал мұндай адам ІМАД-ның аумақтық органына жүгіне отырып, өз құқығын пайдаланған.
3) ӘРПК-нің 1-бабы 3-бөлігінің екінші абзацына сәйкес егер ӘРПК іде өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде АПК ережелері қолданылады.
АІЖК-нің 429-бабының 7-бӛлігіне сәйкес осы Кодексте белгіленген жағдайларда істің одан әрі жүргізілу мүмкіндігіне бөгет болатын апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін .
ӘРПК-нің 168-бабы 10-бӛлігінің екінші абзацында әкімшілік істің одан әрі жылжу мүмкіндігіне кедергі келтіретін апелляциялық сатыдағы соттың өзге де ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
ӘРПК-нің 138-бабының үшінші бӛлігіне сәйкес талап қоюды қайтару, осы баптың екінші бөлігінің 3), 5), 9), 11), 12), 13), 14), 15) және 17) тармақшаларын қоспағанда, сол жауапкерге сол нысана мен сол негіздер туралы сотқа талап қоюмен қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
Құқықтық сипатын негізге ала отырып, істің жылжуына кедергі келтірмейтін шағым келтірілген сот актілері әкімшілік істің одан әрі жылжу мүмкіндігіне кедергі келтіретін сот актілерінің санатына жатпайды.
ӘРПК-нің 169-бабының 2-бӛлігіне сәйкес әкімшілік процеске қатысушылар заңды күшіне енбеген сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық шағымдану тәртібі, мерзімдері және шарттары ӘРПК-нің 169-бабының үшінші және алтыншы бөліктерінде көзделген.
Осыған байланысты, бірінші және апелляциялық сатылардығңы көрсетілген ұйғарымдарына кассациялық шағымдар қайтарылуға тиіс, ал кассациялық тәртіппен қарауға қабылданбауға тиіс.
Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі
МСА туралы Заңның 47-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешім қабылдайды не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Шағымды Уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген шағымдануға құқылы.
Тәртіппен апелляциялық комиссияға Заңның көрсетілген нормасының мағынасынан туындайтыны, әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оның шешіміне жоғары тұрған органға шағымдану әлеуетті өнім берушінің құқығы болып табылады.
Сотқа Алайда, Заңның 9-тармағы осы бапта көзделген дауларды реттеудің дейінгі регламенттейді.
Тәртібі міндетті болып табылатынын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 58-6 бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.
Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 33-тармағына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 26-тармағы 2-бөлігінің 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бӛлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы апелляциялық комиссияға осы Ереженің 7-қосымшасының нысанына сәйкес шағым береді не сотқа жүгінеді.
ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ
ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігіне сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.
№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қорытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, хабарламаларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106 бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.
Егер талап қоюшы конкурс қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бӛлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.
№ 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған талаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етілмейтінін де көздейді.
Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымдастырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындаудан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады.
СОТТАРДАҒЫ ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР
ӘРПК-нің 9-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
МСА-ға қатысушылар ӘРПК-іде белгіленген мерзімде сотқа жүгінуге құқылы.
Әлеуетті өнім берушілер негізінен уәкілетті органдардың шешімдеріне, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алу саласындағы шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-нің 132-бабындағы тәртіппен дау айтады.
Бұл ретте, ӘРПК-нің 136-бабында талап қоюмен сотқа жүгінудің түпкілікті мерзімдері белгіленген.
Дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап, бір ай ішінде сотқа беріледі.
Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап, бір ай ішінде беріледі.
Дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін.
Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.
Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ, сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
Алдын ала тыңдауда сот мерзімді өткізіп алу себептерін анықтайды және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді.
Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда талап қоюды қайтарады.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; - Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);
- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);
- «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);
- Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;
- Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілері.
ҚЫСҚАРТУЛАР
әкімакт – әкімшілік акт
МСА – мемлекеттік сатып алулар;
ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;
МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;
ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы