Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы
Соттардың азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істерді қарау және шешу тәртібі 26-бапты қолданумен АПК-тің 35-тарауымен (323-327 баптарымен) реттеледі.
Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады (АК-тің 17-бабының 1-тармағы).
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1-тармағы).
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртiп болмаса, ешкiмнiң де құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге болмайды (АК-тің 18- бабының 1-тармағы).
Азамат әрекетке қабілетсіз деп тек қана соттың шешімі бойынша АПК пен АК көзделген негіздемелер бар болғанда танылады.
Азамат психикалық ауру немесе нашар бас ауруына шалдыққан уақытта өз іс-әрекетіне жауап бере алмайды, мұндай жағдайда сот азаматты әрекетке қабілетсіз деп таниды, осыған байланысты қамқоршы бекітіледі (АК-тің 26-бабының 1-тармағы).
АПК-тің 323-бабының 2- бөлігіне сәйкес сот, тек психикалық науқастану немесе ақылының кемістігінен ғана емес, психикасының өзге де сырқатты хал-жайы салдарынан азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануға құқылы.
1971 жылғы 20 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ақыл-ойы кем адамдардың құқықтары туралы» декларациямен мемлекет ауруға шалдыққандардың қызығушылығын қамтамасыз етуі керек, оларды эксплуатациялауға жол бермеу, оларды төмен санамау қажеттілігі жарияланды.
Психикалық науқастану немесе психиканың бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы салдарынан азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс сотта онымен бірге тұратынына не тұрмайтынына қарамастан, отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының, прокурордың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесінің арызы бойынша қозғалуы мүмкін (АПК-тің 323-бабының 2-бөлігі).
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс қамқоршы белгілеу (тағайындау) жолымен әрекетке қабілетсіз адамның да, оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының да мүдделерін қорғау мақсатында қозғалады (АПК-тің 323-бабының 4-бөлігі).
Азаматты әрекетке әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арыз – осы адамның тұрғылықты жері бойынша, ал егер адам психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесіне жатқызылса, онда сол мекеменің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі(АПК-тің 323-бабының 5-бөлігі).
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану берілген арыз (АПК-тің 148, 149-баптары) талап қою арызының талаптарына және азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану берілген арызға сәйкес болуы тиіс (АПК-тің 324-бабы).
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану арызының мазмұнының ерекшеліктері бар.
Арызда азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану бойынша психологиялық аурулар және психологиялық мазасыздану бойынша барлық оқиғалар жазылып, аурудың психикалық жағдайы оның мінезі, оның іс-әрекеті, өз іс-әрекетіне жауап беруі көрсетілуі тиіс (АПК-тің 324- бабының 2-бөлігі).
Өтініш беруші сот төлемдерінен босатылады. Егер отбасы мүшелері және жақын адамдар арыз бергенде, дұрыс жасамағанда азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануда әділетсіздік жасалса сот барлық төлемдерді өндіріп алады (АПК-тің 326-бабының 2-бөлігі).
Осы санатағы істер істі сот талқылауына дайындық аяқталған күннен бастап бір ай мерзімге ерекше іс жүргізу тәртібінде қаралады.
Істі сот талқылауына дайындау арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.
Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде қозғалған іс бойынша азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокат тағайындайды.
Ресми өкіл-адвокат заңды өкілдің өкілеттіктерін иеленеді. Мұндай адвокаттың заң көмегі заңға сәйкес бюджет қаражаты есебінен тегін көрсетіледі (АПК-тің 325-бабының 1-бабы).
Азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемістігі немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы жеткілікті деректер болған кезде сот оның психикалық жай-күйін анықтау үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындайды. Өзін әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өзіне қатысты іс қозғалған адам сараптамадан өтуден анық жалтарған кезде сот психиатрдың қатысуымен сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жіберу туралы ұйғарым шығара алады(АПК-тің 325-бабының 2-бабы).
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы міндетті түрде прокурордың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды. Әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өзіне қатысты іс қаралатын азамат сот отырысына шақырылуға тиіс(АПК-тің 326-бабының 1-бабы)..
Азаматты іске қабілетсіз деп тану істі қарау кезінде, сот тек сараптама қорытындысын зерттеп қоймай, іс бойынша жиналған дәлелдемелерді: арнайы есепте тұрған емдеу мекемесінің ауру тарихының көшірмесі, денсаулығы бойынша анықтама, өтініш, азаматтың психикалық ауыруын, азаматтың денсаулығында үлкен ақау бар екендігі, ол жасаған теріс қылықтар психикалық дені сау адамға тән еместігін куәләндыратын басқа да құжаттарды (жекелей алғанда полиция қызметкерлері жасаған құжаттар) зерделеуге міндетті.
Сот шешімі АПК-тің 327-бабымен реттеледі. Егер азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануға негіздердің болмау фактісін анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп таныған сот шешімі қамқоршы және қорғаншы органның әрекетке қабілетсіз азаматқа қамқоршы тағайындауына негіз болып табылады. Қамқоршы және қорғаншы орган әрекетке қабілетсіз азаматқа тиісінше қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы сотқа он күн мерзім ішінде хабарлауға тиіс.
Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану оны өздігінен құқық алудан айыруды білдіреді. Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмiлелердi оның қорғаншысы жасайды (АК-тің 26-бабының 2- тармағы).
Азаматың әрекетке қабілетсіз (қабілетті) деп тану туралы істерді қарау кезінде заңнаманы сақтау азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.
Сондықтан осы санаттағы істер бойынша осындай талаптарды мәлімдеуге негіз болған мән-жайлардң болуын жан – жақты, толық және объективті түрде анықтап, оларды АПКтің 35-тарауының ережелеріне қатаң сәйкес қарауды қамтамасыз ету қажет.
Судья сот-психитриялық сараптамасын тағайындау туралы арыз сотқа түскен кезде қарауға жатпайтын және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде шешуге тиіс ретінде, АПК-тің 151-бабының 1) тармақшасына сәйкес қабылдаудан бас тарту керек еді деп санаймын.
АПК-тің 323-бабының 4-бөлігіне сәйкес азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы адамдардың мүдделерін қорғау мақсатында қозғалады.
Алайда АПК-тің 48-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрекеттер заңға қайшы келсе немесе қандай да біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын реттеу туралы келісімін бекітпейді.
Алайда АПК-тің 55-бабына сәйкес басқалардың, соның ішінде әрекетке қабілетсіз азаматтың мүдделерін қорғау үшін арыз берген адам, арыздан бас тартуға құқығы жоқ. Көрсетілген құқықтық нормалардың талаптарынан қорытылып отырған істердің санаттары бойынша арыз берушіден арызды бас тарту қабылданбайды және арыз берушінің арыздан бас тартудың негізі бойынша іске қатысты іс жүргізу тоқтатылмайтындығы шығады.
АПК-тің 325-бабының 1-бөлігіне сәйкес судья азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істі сот талқылауына дайындау кезінде ресми өкіл-адвокат тағайындайды.
АПК-тің 82, 325-бабының 2-бөлігімен сот, сот сараптамасын тағайындау қарастырылған. АПК-тің 82-бабының 9-бөлігіне сәйкес сараптама тағайындау туралы ұйғарымға шағым жасауға және наразылық келтіруге болмайды. АПК-тің 272-,273- баптарымен соттың іс бойынша іс жүргізу тоқтата тұру құқығы белгіленген. АПК-тің 275-бабына сәйкес соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына осы Кодексте көрсетілген жағдайларда апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін. Сондықтан соттың шағым жасауға және наразылық келтіруге жатпайтынын көрсетіп, сот сараптамасын тағайындау туралы және оған шағым жасауға және наразылық келтіруге болатынын көрсетіп іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы жеке ұйғарым шығарғаны дұрыс болады.
АПК-тің 168,274-баптарына сәйкес сот сараптама тағайындаған жағдайда іс бойынша іс жүргізу сарапшының қорытындысы сотқа ұсынылғанға дейін тоқтатылады.
АПК-тің 303-бабымен ерекше іс жүргізуіндегі істерді сот талқылауына дайындық мерзімін ұзартуға тыйым салынған. Сондықтан сараптама тағайындау кезінде ұйғарымда іс бойынша сотқа дейінгі мерзімді ұзарту туралы және заңға сәйкес тоқтата тұру мерзімі туралы, сарапшының қорытындысын сотқа ұсынғанға дейін емес іс жүргізуді тоқтата тұру туралы көрсету қажет.
АПК- тің 183-бабының 2-бөлігімен белгіленген бір айлық мерзімді бұзған, себебііс бойынша іс жүргізу тоқтатылмаған, осыған байланысты заңмен белгіленген осы істі бір айлық қарау мерзімі істі сот талқылауына дайындау үшін (АПК-тің 303-бабы) заңмен ұсынылған, арызды сот іс жүргізуіне қабылдағаннан бастап он жұмыс күні аяқталғаннан басталады.
Сот талқылаулары прокурордың, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы оған қатысты іс қозғалған, мүддесін білдіретін тұлғаның, ресми өкіл-адвокаттың, мүдделі тұлғалардың, сондай-ақ егер оның денсаулығының жағдайы бойынша мүмкін болса, азаматтың өзінің қатысуымен өткізу қажет.
Сонымен бірге сот талқылауларын қорғаншылық және қамқоршылықты жүзеге асыратын органның өкілінің қатысуынсыз өткізген жағдайлар орын алған, ал істердің осы санаты бойынша көрсетілген өкілдің қатысуы міндетті болып табылады (АПК-тің 326- бабының 1-бөлігі).
Апелляциялық тәртіппен Сот актілерінің күші жойылуының себептері
Сот актілерінің күші жойылуының себептері сот шешім шығарған сәтіне, сот әрекетке қабілетсіз деп танығантұлғаның кәмелеттік және әрекетке қабілеттілік жасына жетпеуі болып табылған, осыған байланысты арыз беруші өз қызының заңды өкілі болып табылады және оның мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді; соттың осы адамды бұдан бұрын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімнің болуы; істі адвокатсыз және әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың өзінің қатысуынсыз қарау; қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын, орган өкілінің, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың қатысуынсыз істі қарау; қайтадан комиссиялық сот-психиатриялық сараптама тағайындау қажеттілігі; бірінші сатыдағы сот жоймаған қарама-қайшылықтардың бар болуы; дәлелдемелердің оқылмауы және олармен танысу мүмкін еместігі; бірінші сатыдағы соттың дәлелдемелік күші жоқ, құжаттар көшірмелерінің негізінде шешім шығаруы; арыз берушінің арыздан бас тарту туралы арызын қабылдау.
Заңнамен сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау туралы істерді қарау қарастырылмаған.
Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келіммен және дауды партисипативтік рәсіммен реттеу туралы немесе дауды төрелік соттарға жүгіну құқықтары түсіндірілуі болмауы тиіс.
Істі сот талқылауына дайындау кезінде судья қозғалған іс бойынша процесте азаматтың мүддесін қорғау және білдіру үшін ресми өкіл – адвокатты тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Судьяның ұйғарымымен іс бойынша сараптама тағайындау, іс жүргізуді тоқтата тұру және қалпына келтіру қарастырылмаған.
Сот (судья емес) оған шағым жасауға және наразылық келтіруге болмайтыны көрсетіліп, сот сараптамасын тағайындау туралы жеке ұйғарым және оған шағым жасауға және наразылық келтіруге болатыны көрсетіліп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы жеке ұйғарым шығаруға жатады.
Сараптама тағайындау кезінде сотқа дейінгі дайындықты ұзарту туралы және сотқа сарапшының қорытындысын ұсынғанға дейін – заңға сәйкес тоқтата тұру туралы емес іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруды көрсету қажет.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру кезеңінде іс бойынша іс жүргізуді алдын ала қалпына келтірмей, қандай-да бір процестік әрекеттерді жасауға жол берілмейді, соның ішінде сот актісіне түзету енгізу, істі сот талқылауына тағайындау және т.б. Көрсетілген санаттағы істер істі сот талқылауына дайындық күні аяқталғаннан бастап, бір ай мерзімінде қаралады. Істі сот талқылауына дайындау арызыд сот іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күнінен аспауы қажет. Сот актісін шығару күні оны жариялаған күн болып табылады.
Сарапшының қорытындысы сотқа ұсынылғанға дейін тоқтатылған, іс бойынша іс жүргізуді қалпына келтіру туралы ұйғарым шығару күні, сараптама қорытындысы сотқа түсу күнінен бұрын болуы мүмкін емес, ал көрсетілген істі сот талқылауына тағайындау туралы ұйғарымды шығару күні, сотқа сараптаманың қорытындысы түсу күні мен іс бойынша іс жүргізуді қалпына келтіру күнінен бұрын болуы мүмкін емес.
Осы істер бойынша арыз берушінің арыздан бас тартуының негізінде арыз берушінің арыздан бас тартуы қабылдауға жатпайды және іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуы мүмкін емес. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс міндетті түрде қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.
Шешімде арыз беруші мен әрекетке қабілетсіз деп танылып жатқан адамның туыстық дәрежесі туралы мәліметтер немесе олардың бір отбасына жататындығ туралы, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын дәлеледер көрсетілуі тиіс.
«Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11.07.2003 ж. №5 нормативтік қаулысының 9 тармағымен, АПК-тің 226,269-баптарымен, сондай-ақ Әдістемелік ұсынымдармен белгіленген сот актілерін ресімдеу мен жазып баяндауға қойылатын талаптар сақтау қажет.
Нормативтік құқықтық база
Осы санатындағы істерді қарау төмендегілермен реттеледі:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы,
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі,
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
- Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі.
- «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы»Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-IV Заңы.
- «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы.
- «Азаматтық істерді сот талқылауға дайындау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулысы.
- «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы № 13 нормативтік қаулысы.
- «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысы.
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2010 жылғы 01 сәуірдегі өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін ресімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
НП ВС РК от 28 июня 2002 года №13 каз
423 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 28 июня 2002 года №13 рус
426 рет жүктеп алынды -
2504_ШЕШІМ_АПК_Қызылорда облысы
442 рет жүктеп алынды -
2504_ШЕШІМ_АПК_Атырау облысы
438 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_СКО
436 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_Павлодарская область
429 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_Мангистауская область
421 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
432 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_Карагандинская область
435 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЗКО
423 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_Жамбылская область
423 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Астана
429 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Алматы
421 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_Алматинская область
420 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_ВКО
426 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_Актюбинская область
423 рет жүктеп алынды -
2504_РЕШЕНИЕ_ГПК_Акмолинская область
430 рет жүктеп алынды -
Признание гражданина недееспособным
438 рет жүктеп алынды