Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Азаматтың қайтыс болуына байланысты зиянды өтету

Азаматтың қайтыс болуына байланысты зиянды өтету

Азаматтың қайтыс болуына байланысты зиянды өтету

Азаматтың қайтыс болуына байланысты зиянды өтету

Азаматтың қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдарға зиян оның көзi тiрi кезiнде өзiнiң асырауына алған немесе алуға құқылы қайтыс болған адамның табысының (кiрiсiнiң) осы Кодекстiң 938- бабының ережелерi бойынша есептелген үлесi мөлшерiнде өтеледi.

Жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиян үшiн жауапты адамдар жерлеуге қажеттi шығындарды осы шығындарды көтерген адамға өтеуге мiндеттi. Осы шығындарды көтерген азаматтардың жерлеуге арнап алған жәрдемақысы зиянды өтеу есебiне қосылмайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Денсаулыққа зиян келтірілгені үшін зиянды өтеу бойынша республика соттарымен кейбір сұрақтары бойынша заңды қолдану туралы» нормативтік қаулысының 12- тармағында жерлеуге кеткен шығынды жатқызу керек деп көрсетілген. Практикада жерлеуге кеткен шығынды өтеу туралы істерді қарау кезінде басқа да көртеген сұрақтар туындайды, оның ішінде оның мөлшерін анықтауда.

Практика көрсеткендей кінәлі тұлға бұл шығындармен келіспейді және тым жоғары деп санайды. Бұл мәселені шешу барысында сол мекен жайдың салт дәстүріне және жерлеу кезінде көрсетілетін қызметтердің орташа құнына назар аударылуы тиіс. Және де жерлеумен байланысты шығындарды өтеу кезінде жерленген күнінің шығындары есепке алынады, 7,9,40 күнге және жылына берілетін ас шығындары есепке алынбайды.

Жәбірленуші АК-тің 951-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес моральдық зиянды өтеуге құқылы. Практика жиі жоғарғы қауіпті дереккөзінен болған зиянға жауапкершілікке тартылған тұлғалар жәбірленушіні кінәлігіне жүгінеді.

Моральдық зиян мөлшерін өндіру барасында соттар жеткілікті және әділдік принциптерін басшылыққа ала отырып, жәбірленушіге келтірілген зиянды, қиындық салдарын ескеруі керек.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.