Азаматтың әрекетке қабілетін шектеу туралы азаматтық істер
Азаматты әрекетке қабілетін шектеулі деп тану туралы істерді қарау және шешу тәртібі АК-тің 27-бабының ережелерін қолдана отырып, АПК-тің 35-тарауымен реттеледі.
Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады (АК-тің 17- бабының 1-тармағы).
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 1-тармағы).
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмнiң де құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге болмайды (АК-тің 18- бабының 1-тармағы).
Азаматтың әрекетке қабілетін шектеулі деп тану тек соттың шешімі бойынша ғана АПК пен АК-та көзделген негіздемелер бар болғанда танылады.
Спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн сот шектеуi мүмкiн. Оған қамқоршылық белгiленедi.
Ол тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Басқа мәмiлелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кiрiстерiн алуды және оларға билiк етудi ол тек қамқоршысының келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады (АК-тің 27-бабының 1-тармағы).
АПК-тің 323-бабы 1-бөлігіне сәйкес спиртті ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге құныққан азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тануға болады.
Азаматтың қабілеттілігін шектеу азаматтың қоғамға қарсы мінез қылығын жеңіп шығудағы құқықтық құралының бірі болып табылады.
АПК-тің 323-бабы 1-бөлігіне сәйкес азаматты спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына, психотроптық заттарға, оларға ұқсас заттарға құнығу салдарынан әрекетке қабілетін шектеулі деп тану туралы іс онымен бірге тұратынына не тұрмайтынына қарамастан, оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының, прокурордың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша қозғалуы мүмкін. Көрсетілген субъектілер ғана мәлімдеуші бола алады.
Басқа тұлғалар берген азаматтың әрекетке қабілетін шектеу туралы арыздар соттың іс жүргізуіне қабылданбайды.
Азаматтың әрекетке қабілетін шектеулі деп тану туралы іс қорғаншы белгілеу (тағайындау) жолымен әрекет қабілеті шектеулі адамның да, және оның отбасы мүшелерінің де мүдделерін қорғау мақсатында қозғалады (АПК-тің 323-бабының 4-бөлігі).
Арыз беруші сот шығындарын төлеуден босатылады. Сот арыз берген адамның азаматтың әрекет қабілетін көрінеу негізсіз шектеу немесе одан айыру мақсаттарында теріс пиғылды әрекет жасағанын анықтап, одан істі қарауға байланысты барлық сот шығындарын өндіріп алады (326-бабының 2- бөлігі).
Аталған санаттағы істер ерекше іс жүргізу тәртібімен істі сот талқылауына дайындау біткеннен кейін бір ай ішінде қаралады.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арыз сол азамат тұратын жердегі, ал егер адам психиатриялық (психоневрологиялық) емдеу мекемесіне жатқызылса, сол мекеме орналасқан жердегі сотқа беріледі (АПК-тің 323-бабы 5-тармағы).
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арыздар талап қою арыздарының талаптарына (АПК-тің 148,149-баптары) және азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арыздарға қойылатын талаптарға (АПК-тің 324-бабы) сәйкес болуы қажет.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арызда азаматты спиртті ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге құнығуы салдарынан өз отбасын ауыр материалдық жағдайға ұшырататынын куәландыратын мән-жайлар көрсетілуі қажет.
АПК-тің 303-бабында арызды, соның ішінде азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арызды соттың іс жүргізуіне қабылдаудан бастап 10 жұмыс күні ішінде істі сот талқылауына дайындаудың қысқартылған мерзімі белгіленген.
Аталмыш мерзімді ұзартуға жол берілмейді.
Сот талқылауына дайындық барысында судья әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылатын тұлғаға қатысты қозғалатын іске қатысу үшін оның кәмелет жасына толған барлық отбасы мүшелерін анықтап, процеске қатысуға шақыруға міндетті.
Олар мүдделі тұлғалар ретінде іске қатысады.
АПК-тің 326-бабына сәйкес азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы істі сот, егер азаматтың денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, оның өзінің, прокурордың және қамқоршы және қорғаншы орган өкілінің қатысуымен қарайды.
Азаматтың әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы істі талқылау барысында сот оның отбасы мүддесіне қарсы болатын азаматты спиртті ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге құнығуының шектен тыс болуын және жүйелілігін растайтын айғақтарды зерделеу қажет.
Соның ішінде айғақтар ретінде полиция органдарының актілері немесе азаматты бұзақылық үшін жауапкершілікке тарту туралы судьяның қаулылары; медициналық айықтырғыш анықтамалары; өндірісте мас күйінде болғаны үшін азматты жұмыстан босату туралы әкімшіліктің актілері; алкогольдік немесе есірткілік немесе басқа мастық күйінде жұмыс орнында болғаны үшін жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың көшірмелері; хаттамалар, медициналық қорытындылар; куәгерлер көрсеткіштер және т.б. бола алады.
АПК-тің 327-бабына сәйкес егер азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тануға негіздердің болмау фактісін анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған сот шешімі қамқоршы және қорғаншы органның әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматқа қорғаншы тағайындауына негіз болып табылады. Қамқоршы және қорғаншы орган әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматқа қорғаншы тағайындалғаны туралы сотқа он күн мерзім ішінде хабарлауға тиіс.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы істерді қарау барысында заңдылықты сақтау азаматтық құқықтарды қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.
Сондықтан аталған санаттағы істер бойынша осындай талаптары бар арыздар үшін негіз болған мән-жайларды жан-жақты, толық және әділ анықтап, оларды АПК-тің 35-тарауының ережелеріне қатаң түрде сәйкес қаралуын қамтамасыз ету қажет.
Дауды татуласу келісімімен, дауды медиация тәртібімен немесе партисипативтік рәсімі тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу немесе дауды шешу үшін төрелік сотқа жүгіну құқығын тараптарға түсіндірмей, істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарған соттардың практикасын дұрыс деп санаймыз.
Талап қою іс жүргізуіндегі тараптар аталмыш құқықтарға ие. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы іс ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады, онда тек қана мәлімдеуші ғана бар, дауды татуласу келісімімен, дауды медиация тәртібімен немесе партисипативтік рәсімі тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу немесе дауды шешу үшін төрелік сотқа жүгіну келісімін жасайтын екінші тарап жоқ.
АПК-тің 325,326-баптары нормаларына сәйкес азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы істі дайындау кезінде ғана ресми өкіл-адвокатты тағайындау керек. Осы мәселе бойынша АПК-ке комментарийде көрсетілгеніндей, әрекет қабілеттілігі шектелетін тұлғалар өздерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттерімен өз еркімен пайдалануға, сондай-ақ өкілдері арқылы іс жүргізу әрекеттерін жасай алады. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы іс бойынша ресми өкіл-адвокатты тағайындамау дұрыс деп саналады.
АПК-тің 82-бабында, 325-бабының 2-бөлігінде соттың сот сараптамасыг тағайындау қарастырылған. АПК-тің 82-бабының 9-бөлігіне сәйкес сараптама тағайындау туралы ұйғарымға шағым және наразылық келтіруге болмайды. АПК-тің 272,273-баптарында соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы белгіленген.
АПК-ң 275 бабына сәйкес іс бойынша өндірісті тоқтату туралы соттың анықтамасы осы Кодексте көрсетілген жағдайларда, апелляциялық саты сотына шағымдануға, наразылануға болады. Сондықтан соттың сот сараптамасын тағайындау туралы жеке анықтама шығарып, онда оның шағымдануға және наразылық жасауға жатпайтынын көрсеткен дұрыс болады. Ал іс өндірісінің тоқтатылуы туралы жеке анықтама шығарып онда оның шағымдалып наразылық білдіруге жататынын көрсету керек.
АПК-ң 274 бабына сәйкес, сот сараптама тағайындаған кезде іс бойынша өндіріс сотқа сараптама қорытындысын ұсынғанға дейін тоқтатылады. Сондықтан іс бойынша өндірісті тоқтату туралы анықтамада сараптама тағайындауға байланысты іс бойынша өндірісті тоқтату мерзімін заңға сәйкес - сотқа сараптама қорытындысын ұсынғанға дейін көрсету керек.
Судьялар істі қараған кезде, осы санаттағы істердің ерекшелігін ескере отырып, дәлелдемелердің толық көлемін зерттеуге жеткілікті шаралар қолданып, алкогольді сусындар мен есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарын шектен тыс қолданатын тұлға өз отбасын қиын материалдық жағдайға қоятынын куәләндіратын.
Сот талқылауы қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы оған қатысты қозғалған істі тұлғаның қатысуымен және қатысуынсыз және прокурордың, қамқоршылық қызметін жүзеге асыратын органның қатысуымен өткізілген.
Сонымен қатар АПК-ң 326 бабының 1 тармағының бұзылуына Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының №2 соты, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының №2 соты, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты азаматты қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арызын қарау сот отырысын қамқоршылық қызметін жүзеге асыратын органның қатысуынсыз өткізген.
Азаматты қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім: өмірін қиындатып және жақындарының көмегін талап ететін сырқаты бар, қабілеттілігін шектеуге негіз болып табылмайтын, алкогольді сусындар мен есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарын шектен тыс қолданатын тұлға өз отбасын қиын материалдық жағдайға қоятынын негізінде шығарылған.
Азаматты қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім: өмірін қиындатып және жақындарының көмегін талап ететін сырқаты бар, қабілеттілігін шектеуге негіз болып табылмайтын, алкогольді сусындар мен есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарын шектен тыс қолданатын тұлға өз отбасын қиын материалдық жағдайға қоятынын негізінде шығарылған.
Мұндай шешім 2016 жылдың 6 маусымында Қостанай облысының Рудный қалалық сотының И.И.-дің И.М.-ді шектеулі қабілетсіз деп тану туралы арызы бойынша №2-5298/16 ісі бойынша шығарылған. Көрсетілген жағдайда арыз қарауға, азаматтық сотөндірісі тәртібінде шешуге жатпаған және оны қабылдаудан бас тарту керек еді АПК-тің 151 бабы, 1 тармағы, 1 тармақшасы, немесе іс бойынша өндірісті тоқтату АПКтің 277 бабы, 1 тармақшасы, себебі И.И-дің арызынан И.М-нің алкогольді сусындар мен есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарын шектен тыс қолданатыны туралы көрсетілмеген. Батыс-Қазақстан обылысы Орал қаласының № 2 соты №2/759/2016 ісі бойынша 2016 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен П.Л-дің П.Н-ді қабілеті шектеулі деп тану туралы арызын қанағаттандырудан бас тартқан.
Себебі 2 деңгейдегі созылмалы алкогольді аурудан азап шегетін азаматты қабілеті шектеулі деп тану жеткіліксіз; П.Н-да жылжымалы және жылжымайтын мүлігі жоқ, ол ешқайда жұмыс істемейді және жалақы да алмайды, балалары балалар үйінде тәрбиеленіп мемлекет қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, Батыс-Қазақстан обылысы Орал қаласының № 2 соты №2-18255/16 ісі бойынша 2016 жылғы 2 ақпандағы Н-ді қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы И-дің арызын қанағаттандыру туралы шешімінде Н меншігінде екі бірдей тіркелген пәтері барын, ішімдік ішіп қиянат жасау нәтижесінде мүлкінен айырылып, Н өзін және туыстарын қиын материалдық жағдайға қояды деп оны әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған.
Соттың көрсетілген жорамалы өзін және туыстарын қиын материалдық жағдайға қоюы АК-тің 27 бабының 1 тармағында көрсетілгендей, спирттік ішімдіктер ішіп қиянат жасаған азаматты әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тануға міндетті шарт болып табылмайды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Соттың шешімі туралы» №5 нормативтік қаулысының 11 тармақшасына сәйкес, шешім істің жағдайын жорамалдау бойынша негізделмеу керек.
Осы іс бойынша шешім шығарған кезде Н-нің өз отбасын қиын материалдық жағдайға қалдырғаны туралы фактісі орын алмаған.
Сондықтан арызды қанағаттандыруға негіз болмаған. Павлодар облысының Павлодар қалалық сотының № 5510-16-00-2/1028 ісі бойынша 2016 жылғы 25 ақпандағы шешімімен Х-ны әрекетке қабілеттілігін шектеулі деп тану туралы Г-ның арызын қанағаттандырудан дұрыс бас тартқан.
Сот шешімде, Х-ның «Павлодарлық облыстық наркологиялық диспансері» ШЖҚ МКК-де «психикалық және апиындарды қабылдау салдарынан мінез-құлқының бұзылуы, тәуелділік синдромы» диагнозымен диспансерлік есепте тұрғанын, Сонымен қатар, Х-ң, мүдделі тұлға зайыбы Х.И-дің түсініктемелерінен Х. арызданушының отбасының мүшесі емес, оны қиын материалдық жағдайға қоймайды, қазіргі уақытта спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдаланып қиянат жасамайтыны анықталған.
Сондай-ақ арызданушының өкілі кері дәлелдер келтірмеген. Сонымен қатар, соттар, азаматтық процессуалдық заңнаманы дұрыс қолдануды қамтамасыз ете отырып, істі қараған кезде дәлелдерді толық көлемде зерттемейді.
Жамбыл облысының Тараз қалалық сотының № 3110-16-00-2/4650 ісі бойынша 2016 жылғы 5 шілдедегі Т.Т.Т-ны әрекетке қабілеттілігін шектеулі деп тану туралы Т.М.Т., Т.Б.Т-ның арызын қанағаттандыру туралы шешімі тек жалғыз дәлелдеме - наркологиялық сараптаманың қорытындысына негізделген.
Ал ол қандай сұрақ болса да шешім шығару үшін жеткіліксіз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Соттың шешімі туралы» №5 нормативтік қаулысының 12 тармақшасына сәйкес, сараптама қорытындысының басқа дәлелдерге қарағанда басымдылығы жоқ және сот үшін міндетті болып табылмайды.
Ол басқа дәлелдер жиынтығымен бірге бағалануы тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Соттың шешімі туралы» №5 нормативтік қаулысының 9 тармақшасына, АПК-тің 226, 269 бабтарына, Әдістемелік ұсыныстарымен белгіленген сот актілерін дайындау, мазмұндау талаптары әрқашан сақтала бермейді.
Істі сот талқылауына дайындау туралы анықтамасында дауды татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен ретеу туралы келісім немесе дауды шешу үшін арбитражға жүгіну құқықтарын түсіндіру туралы мазмұны болмау керек.
Ресми өкіл - азаматты іс-әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану ісі бойынша қорғаушы тағайындалмайды.
Судьяның анықтамасымен іс бойынша өндірісті қайта қарау және тоқтату заңнамамен сот сараптамасын тағайындау қарастырылмаған.
Шағым және наразылық түсіруге жатпайды деп көрсетіп сот сараптамасын тағайындау туралы сотпен жеке анықтамасын шығару керек (судьямен емес!) және шағым және наразылық жасауға жататынын көрсетіп, іс бойынша өндірісті тоқтату туралы жеке анықтама шығару керек.
Іс бойынша өндірісті тоқтату туралы анықтамада, сот сараптамасын тағайындауға байланысты іс бойынша өндірісті тоқтатудың мерзімін заңға сәйкес – сотқа сараптаманың қорытындысын ұсынғанға дейін көрсету керек.
Азаматты іс-әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы істі қараған кезде азаматты іс-әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану үшін түскен арызға негіз болған жағдайлардың барлығын жанжақты, толық анықтау қажет.
АК-тің 27 бабының 1 тармағына сәйкес, азаматты іс-әрекетке қабілеттілігіне шектеу қою үшін екі тығыз байлаланыстағы жағдай қажет:
1) спирттік сусындар мен есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарын шектен тыс қолданған жағдайда,
2) өз отбасын қиын материалдық жағдайға қалдыру. Сонымен бірге, отбасының басқа мүшесінің жалақсының және басқа да табыс көздерінің болуы өз алды арыздың талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға негіз бола алмайды.
Азаматтың спирттік сусындар мен есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарын шектен тыс қолдану фактісі сотта сәйкес дәлелдемелермен анықталуы тиіс.
Оларға мыналар жатады: спирттік сусындар мен есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарын шектен тыс қолдануына байланысты медициналық көмек көрсету туралы немесе медициналық айықтыруға жатқызу туралы анықтама, алкоголь, есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарына тәуелділікті анықтауды куәләндыратын актілер, сот-наркологиялық немесе сотпсихиаторлық сараптама актілері, құқыққорғау органдарының қоғамдық тәртіпті бұзу туралы құжаттары, отбасында жанжал туғызу жағдайлары және тағы да басқа алкоголь, есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарына тұлғаның тәуелділігін анықтайтын дәлелдемелер.
Іс-әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану үшін азаматтың созылмалы ішкіш немесе наркоман болуы талап емес.
Өз отбасын қиын материалдық жағдайға қалдырдыма деген сұрақты шешу барысында, соттың іс-әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танығалы жатқан азаматтың отбасы мүшелерін қаншалықты қамтамасыз ететіндегіне, күнделікті тұрмыс жағдайымен қамтамасыз ету бойынша шығындарды көтеру, коммуналдық қызметтерді төлеу, және де үй-шарушылығымен айналысуға кететін шығындар, уйді (пәтерді) тиісті санитарлық жағдайда ұстау тағы да басқаларға назар аударғаны қажет.
Сот, сонымен қатар, спирттік сусындар мен есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарын қолдану арқылы қиянат жасаушыға жұмсалатын отбасының шығындарын санайды.
Егер де сот, азаматтың отбасының шығындарын көтеруінде атсалыспау себебі оның спирттік сусындар мен есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарын қолдану сал(-+****/85рынан емес, тұрақты жалақымен табыс көзінің болмауына, түсінерлік жағдайлар (сырқатына, жұмысқа орналасуға мүмкіншіліктің болмауына байланысты) болған кеде ол ісәрекетке қабілетсіз деп танылмайды.
Егер сотқа түскен арыздан, берілген арызға қатысы бар тұлғаның спирттік сусындар мен есірткі, психотроптық заттар немесе олардың аналогтарын қолданып қиянат жасайтыны немесе бұл тұлғаның өз отбасын қиын материалдық жағдайға қалдыратыны көрсетілмеген болса, онда (АПКнің 153 бабының 1 бөлігінің 1 тармақшасына) ол арызды қабылдаудан бас тартылады немесе осындай арыз бойыонша қабылданған іс бойынша өндіріс тоқтатылады (АПК-нің 247 бабының 1 тармақшасы).
АПК-нің 326 бабына сәйкес азаматты іс-әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы іс егер денсаулығының жағдайына байланысты мүмкіншілік болса азаматтың өзінің, прокурордың және қорғаушы және қамқоршылық етуші орган өкілінің қатысуымен қаралады.
Сонымен қатар, қорғаушы және қамқаршылық етуші орган өкілі қаралып жатқан іс бойынша қорытынды береді.
Нормативтік құқықтық база.
Қорыту санатындағы істерді қарау
- Қазақстан Республикасының Конституциясымен,
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен,
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексімен,
- Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексімен,
- Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексімен,
- Қазақстан Республикасының «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-IV Заңымен,
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен,
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулысымен,
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы №13 нормативтік қаулысымен,
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысымен,
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2010 жылғы 01 сәуірдегі өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін ресімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдармен реттеледі.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
НП ВС РК от 28 июня 2002 года №13 каз
26 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 28 июня 2002 года №13 рус
26 рет жүктеп алынды -
2503_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЮКО
25 рет жүктеп алынды -
2503_РЕШЕНИЕ_ГПК_Павлодарская область
28 рет жүктеп алынды -
2503_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЗКО
27 рет жүктеп алынды -
2503_РЕШЕНИЕ_ГПК_Жамбылская область
27 рет жүктеп алынды -
2503_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Алматы
28 рет жүктеп алынды -
Дела об ограничении дееспособности гражданина
26 рет жүктеп алынды