Бюджеттік заңнаманы бұзумен байланысты даулар
Кодекстің 3 бабы 11 тармағына сәйкес, бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды жоспарлауға және пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының ережелерін бұзуға әкеп соққан әрекет (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік);
Аталған баптың келесідей тармақтарымен мынадай түсініктер қарастырылған:
12) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
12-1) бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
12-2) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;
12-3) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
12-4) бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiктi, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;
21) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
24) грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;
46) мемлекет активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар;
47) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз - инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;
48) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш - мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыз сомаларының сомасы;
51) мемлекет кепілдік берген қарыз - мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз;
57) мемлекеттік қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары; Бұдан шығатыны, бюджет заңнамасын бұзушылықпен байланысты дауларға - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды жоспарлауға және пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының ережелерін бұзуға әкеп соққан әрекеттер жатады. ҚР Бюджет Кодексінің 96 бабына сәйкес мемлекеттік мекемелердің келесідей міндеттері көрсетілген:
- Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасумен және оларсыз шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды. Мемлекеттік мекеме міндеттемелер қабылдаудың заңдылығын, азаматтық-құқықтық мәмілелерде көрсетілген ақпарат пен деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекеме осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің
2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелерді Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сәйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін қабылдамайды.
- Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбастан, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәміле жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және оларды сақтамағаны үшін жауапты болады.
- Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарт немесе байланысты грант туралы келісім шеңберіндегі мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың немесе байланысты грант туралы келісімнің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде олар міндетті түрде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші қаржы жылдарының базалық шығыстары шегінде олардың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде:
1) іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына;
2) технологиялық дайындау мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) беруді негіздейтін активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан астам мерзіммен қызметтер көрсетуге;
4) аяқталу мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылы (қаржы жылдары) басталатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбастан жүзеге асырылатын қызметтер көрсетуге;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен бір қаржы жылынан астам іске асырылу мерзімінде іс-шаралар өткізуге байланысты тіркелуге жатады.
Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтыққұқықтық мәмілелер қайта тіркелуге жатады. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерден басқа, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жүргізіледі. Осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің
2-1) 5 тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153-бабының 7-тармағына сәйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеме осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің
2-1) тармақшасында көрсетілген тізбеге енгізілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеу бойынша міндеттемелерді Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 154-бабының 2- тармағына сәйкес құжаттама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылғанға дейін қабылдамайды.
- Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тіркеу күнгі нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша жүргізіледі.
- Шартты тіркеу туралы хабарлама азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн тiркеуге жол берiлмейдi.
- Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Сот актілерін зерттеу көрсеткендей, соттар аталған категорияға физикалық тұлғалардан мемлекет пайдасына бюджет қаражатын өндіру туралы істерді жатқызады.
Мысалы, Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы шешімімен «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» мемлекеттің мекемесінің Худайбергенов Тимур Садуллаевичке қатысты белгілі соманы өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды, қаулы етілді: Худайбергенов Тимур Садуллаевичтен бюджет пайдасына салықтық емес төлемдер 206106 кодына «Республикалық бюджеттен бұрын бөлінген пайдаланылмаған қаражатты» 1091013 теңге және жергілікті бюджеттің пайдасына 32730 теңге сомасында мемлекеттік баж салығын өндіру.
Сот анықтағандай, жауапкер Баримбек Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институты оқу мекемесіне 2004 жылы 27 шілдеде 6 оқуға қабылданды. 2005 жылдың 17 қыркүйегінен жауапкермен Ресей Федерациясының ІІМ Волгоград академиясына 2005 жылдың қазан айынан 2010 жылдың тамызына дейін жіберіп шетелде оқу туралы келісімшарт жасалған болатын.
ҚР Үкіметінің 1996 жылдың 27 желтоқсанындағы №1644 қаулысымен бекітілген Ішкі істер органының қатардағы және басқарушы құрамының тұлғаларымен қызметін өтеу туралы ереженің 91 тармағы и) тармақшасына сәйкес бұйрығымен 2007 жылдың 09 тамызындағы №493 бұйрығымен жауапкер әскери тәртіпті қатаң бұзғаны үшін оқудан шығарылды. ҚР Құқық қорғау қызметі туралы Заңының 9 бабы 6 тармағына сәйкес, қызметкердің құқық қорғау органының білім беру мекемесін аяқтаған соң құқық қорғау органында ары қарай қызмет етуге бас тартқан немесе келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда ол мемлекетке шәкіртақысын, тамақтануы, оқу кезіндегі киген киім-кешектеріне шығындалған бюджеттік қаржыны қайтаруы тиіс.
Сомасы толық қызмет етілмеген әрбір айы мен келісімшарттың аяқталу мерзіміне дейін тең үлеспен есептеледі.
ҚР ІІМ қаржылық қамтамасыз ету департаментінің анықтамасына сәйкес, жауапкердің РФ Волгоград академиясында 2005- 2006 жж. оқығаны үшін 174712 ресейлік рубль аударылған болатын және 2006-2007 жж. алты ай алты күн үшін 75719 ресейлік рубль аударылды. Жалпы сомасы-250431 ресейлік рубль.
Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2014 жылғы 22 желтоқсанындағы шешімімен «Екібастұз қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Балгабаева Меиз Бериковнаға сомасын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды, қаулы етілді: Балгабаева Меиз Бериковнадан сәйкесінше бюджеттің пайдасына 90720 тенге, жергілікті бюджеттің пайдасына мемлекеттік баж салығын 2721 тенге өндіру.
Сотпен анықталғандай, тараптар арасында 2009 жылы 04 желтоқсанда ауылдық қоныстану пунктілеріне жұмыс істеу және тұрақты тұру мақсатында келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасалған.
Талапкер бағдарлама әкімгері ретінде 90720 тенге көшу жәрдемақысын төлеу міндетін қабылданған болатын, жауапкер Қоянды ауылының Қоянды ауылдық аймағында орналасқан «Екібастұз қаласы әкімшілігінің білім беру мекемесінің №14 ОБМ» ММ бес жылдан кем емес мерзім жұмыс істеуге міндеттенді.
Талапкер келісімшарт бойынша өз міндетін орындады, ол жауапкер тарапынан дауланбайды. Жауапкер сондай-ақ өзінің келісімшарт бойынша міндетін жұмыстан бес жыл мерзімге толмай кетумен бұзғанын да дауламайды.
Алматы облысының соттары осыған ұқсас дау бойынша 5 іс қараған, ШҚО үш іс бойынша, Қызылорда облысы жеті іс бойынша, Астана қаласы екі іс бойынша қараған. Мұнда сот ҚР АК 272, 273 басшылыққа алған, яғни, жауапкерлердің әрекеттері өз міндетін дұрыс орындамау ретінде бағаланған.
Алматы облысының Іле аудандық сотының 2014 жылғы 26 наурызындағы шешімімен аудан прокуроры М.О.Куленовке материалдық шығын өндіру талап арызы қанағаттандырылған, қаулы етілді: Куленов Максуткан Оразгалиевичтен мемлекет пайдасына 51667 тенге сомасында шығын өндірілді.
Сотпен анықталғандай, жауапкер сот үкімі бойынша ҚР ҚК 103 бабымен сотталған. 2013 жылдың 18 наурызында жәбірленуші О.Ж.Байгозов Орталық аудандық ауруханада мемлекет есебінен стационарлы ем алған, емдеу құны 51 667 тенге.
Сот мұндай ҚР АК 917 бабын басшылыққа алған. Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 24 желтоқсанындағы қысқаша шешімімен «Гарант» тұтынушылар құқығын қорғау бойынша БҰ Қарағанды қаласы әкімшілігінің әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға тарифты бекітпеуіне байланысты әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы, әкімнің орынбасары К.Бегімовтың жазбаша жауабын заңсыз деп тану, кетірген кемшілігін жоюға міндеттеу туралы арызы жартылай қанағаттандырылды, Қарағанды қаласы әкімшілігінің әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға тарифты бекітпеуіне байланысты әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы қаулы етілді.
Кетірген кемшілігін жою міндеттелді. Талап етілген арыздың қалған бөлігі қанағаттандырылмады. Мұнда сот шешімінің анықтау бөлігінде келесісі көрсетілген (толық нұсқа): ««Гарант» тұтынушылар құқығын қорғау бойынша БҰ Қарағанды қаласы әкімшілігінің әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға тарифты бекітпеуіне байланысты әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы, әкімнің орынбасары К.Бегімовтың жазбаша жауабын заңсыз деп тану, кетірген кемшілігін жоюға міндеттеу туралы арыз жазды. ҚР АІЖК 77 бабына сәйкес, сот жинақталған дәлелдер жиынтығын азаматтық іс бойынша шешілуге жеткілікті деп санайды.
Со шешім шығару кезінде ҚР АІЖК 15 бабын басшылыққа алады, ол бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.
Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға тәуелсiз таңдайды.
Сот істің нақты мәнжайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған». Мұндай жағдайда берілген дау қай категорияға жататының анықтау мүмкін емес. 8 ҚР СО БААТЖ мәліметтер базасында Алматы қаласы бойынша аталған категория бойынша мыналар бойынша сот актілер енгізілген:
- Тлегенов Қорлан Сялмбековнаның Каменск ауылдық аймақ әкімі Шарипова Айгүл Аюповнаға жер учаскесін беру, өзбетімен салынған құрылысты бұзу туралы шешімін жарамсыз деп тану туралы арызы бойынша, Шарипова Уйгүл Аюповнаның Тлегенова Қорлан Слямбековнаға қарсы арызы, Абитбеков Житиген Шыныбековичке, Таусамал ауылдық аймағының әкімшілігіне, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімшілігіне, Алматы қаласының Әділет Департаментіне, Туякбаев Сарсенгазы Тайбуриевичке, нотариус М.А. Абинаға, «Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы» ММ, Алматы қаласы прокуратурасы Камен ауылдық аймағы әкімінің 1997 жылғы 31 желтоқсанындағы №-870\12 шешімін, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімшілігінің 1999 жылғы 18 қазанындағы №-13\215с шешімін, 1999 жылғы 29 қазанындағы №-0098658 мемлекеттік актісін кадастрлік номер 20-312-936-023 Керейбаева Бигаип атына заңсыз деп тану туралы, жерге тіркеу актісінің күшін жою туралы, Керейбаева Бигаиптың арызын жарамсыз деп тану, Тлегенова Корлан Слямбековнаның атына берілген жер учаскесінің 2011 жылғы 19 қыркүйегіндегі №-0024702 мемлекеттік актісін жарамсыз деп тану, жер учаскесін сату-сатып алу келісімшартын жарамсыз деп тану туралы, Шарипова Айгүл Аюповнаның жер учаскесіне жеке меншіктік құқығын мойындау туралы, міндеттерді жүктеу туралы арыздары бойынша;
-Трофимова Людмила Петровнаның Исенов Алмаз Савлебаевичке және и Исенова Ботагоз Булатовнаға, нотариус Жумадилова Дана Антаевнаға пәтерді сату-сатып алу келісімшартын заңсыз деп тану туралы арызы бойынша, по встречному иску Исенов Алмаза Савлебаевичтің Трофимова Людмила Петровнаға көшіру туралы қарсы арызы бойынша;
- Сулейманов Рустам Ханалиевичтің Алиева Эльмира Алипашшаевнаға әкелігін анықтау туралы талап арызы бойынша. Аталған істер бюджеттік заңнаманы бұзумен байланысты дауларға жатпайды.
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағау аудандық сотының шешімімен «Налоговое управление по Бескарагайскому району Налогового департамента по Восточно-Казахстанской области» мемлекеттік мекемесінің Искаков Амангельды Кусмановичке мемлекет пайдасына көлік құралының салығы бойынша 54315 тенге қарызын, 18401 тенге көлемінде өсімін өндіру туралы арызы қанағаттандырылды.
Анықталды, уәкілетті орган-Семей қаласы ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімінің мәліметтері бойынша жауапкердің атына 1990 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі F 265 WNM «Камаз 53208» маркалы автокөлігі тіркелген, жүргізілген камералық бақылау негізінде, жауапкер берілген көлік құралы үшін 2009, 2010, 2012 және 2013 жылға салығын төлемегені анықталды, жауапкердің көлік құралы үшін төлемеген салық сомасы 2009, 2010, 2012 және 2013 жылдар бойынша қарызы «Бюджетке төленетін салық пен өзге де төлемдер туралы» Кодексінің 367 бабына сәйкес 54315 теңгені құрайды, көлік құралына төлемін уақытында төлемегені үшін өсім сомасы «Бюджетке төленетін салық пен өзге де төлемдер туралы» Кодексінің 610 бабына сәйкес 18401 теңгені құрайды.
Нормативті құқықтық база
Қазақстан Республикасында бюджеттік заңнаманы бұзумен байланысты дауларды қарастыру кезінде ҚР АК және Бюджет Кодексінің нормаларын, салық заңнамасын, ҚР «Мемлекеттік сатыпалулар туралы» заңын қолдану қажет деп санаймыз.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, қағидаларын және тетіктерін белгілейді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Споры с нарушением бюджетного законодательства
35 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах недействительности сделок и применении от 07.07.2016 №7
32 рет жүктеп алынды -
Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы 2016 жылғы 7 шілде №6
31 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от29 июня 2017 №4 каз
31 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от29 июня 2017 №4 рус
32 рет жүктеп алынды -
Решение суда
34 рет жүктеп алынды -
Решение суда
36 рет жүктеп алынды