Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Еңбекақы төлеу туралы еңбек даулары

Еңбекақы төлеу туралы еңбек даулары

Еңбекақы төлеу туралы еңбек даулары

Еңбекақы төлеу туралы еңбек даулары

Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінен, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, еңбек шартының талаптарын, жұмыс берушінің актілерін орындау мәселелері бойынша келіспеушілік, әдетте, сотқа дейінгі тәртіпте реттелмейді және дау деректері соттағы қараудың нысаны болады.

Бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптармен бірге моральдық зиянды өтеу туралы талаптар жиі түрде қойылады, мәселен, еңбекақы төлемінің кешіктіруімен келтірілген және т.б. Бұл жағдайларда, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды шеше отырып, соттар жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерінен басқа, ҚР АК-нің 141, 951, 952-б., Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы №7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулыны басшылыққа алады.

Еңбекақыны төлеу бойынша талапты істер, әдетте, қанағаттандырылады және заңнаманы қолдануда ерекше қиыншылықтарды тудырмайды. Негізінен аталған санаттағы істер бойынша сот актілері шешімдер нысанында қабылданады, олардың мазмұны ҚР АПК-нің 226-б. шешімнің құрылымы мен мазмұны туралы талаптарға сай келеді.

ҚР ЕК-нің 33, 34-б. талаптарын бұзуда, еңбек шарты жасалмайды, жұмысқа қабылдау туралы құжаттардың ресімделуі жоқ. Қызметкерлердің жұмыстан шығарылуы еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтарымен жүзеге асырылады, жәрдемақы мен пайдаланбаған демалыс үшін төлем туралы айтпағанда, еңбек кітапшасын беру мен еңбекақыны төлеу кешіктіріледі. Аталған мән-жайлар істің қаралуын қиындатады, қысқарған мерзімдерге қарамастан, талқылаудың кешіктірілуіне әкеледі.

Атап өтетін жайт, сотқа жүгінген кезде бұзылған құқықтар (әдетте, қызметкердің) көп жағдайларда қалпына келтіріледі. Қызметкерлерге еңбекақыны төлемеудің кең таралған себебі қызметкердің қаржылық тұрақсыздығы болып табылады, оған сәйкес талаптар бұқаралық сипатқа ие болады.

Сонымен бірге, осы санаттағы істерді қараған кезде процестік және материалдық құқық нормаларының қолданылуында жекелеген қателер жіберіледі. Судьялар шығарған еңбекақыны өндіріп алу туралы сырттай шешімдердің бірқатары бойынша істің фабуласы, сондай-ақ уәждеу бөлігі тым қысқаша баяндалған, нақты дәлелдемелерге және материалдық құқық нормаларына сілтеме жасамаған, ал олардың негізінде сот талапты қанағаттандырған.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.