Интеллектуалдық меншікпен байланысты даулар
ҚР АК 961-бабына сәйкес
- Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:
1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
- Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:
1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;
4) селекциялық жетiстiктер;
5) интегралдық микросызба топологиялары;
6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
7) осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады.
- Азаматтық айналымға қатысушыларды, (тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына:
1) фирмалық атаулар;
2) тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi);
3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);
4) осы Кодексте және заң актiлерiнде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң басқа да дараландыру құралдары жатады.
Қорыту тақырыбын қарау барысында дереу туындайтын мәселенің бірі «интеллектуалдық меншік құқығы» және «авторлық құқық» түсініктерінің арақатынасы туралы мәселе болып табылады.
Сөздіктерге сәйкес «авторлық құқық – бұл азаматтық құқықтың ғылым, әдебиет және мәдениет шығармаларын жасаумен және қолданумен байланысты қарым-қатынастарды реттейтін бөлімі», ал «интеллектуалдық меншік – авторлық құқықтар мен өндірістік меншіктің әр түрімен байланысты құқықтар кіретін шартты жинақтаушы термин.
Сондай-ақ бұл түсініктерді Азаматтық кодекс (Ерекше бөлім) қарастырады.
ҚР АК 5-бөлімі «Интеллектуалдық меншік құқығы» деп аталады және 49-дан 56-ға дейінгі тараулардан тұрады.
Авторлық құқық
ҚР АК 972-б. 1-т. сәйкес
- Авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлiк туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар;
6) аудио-бейне туындылар, радио туындылар;
7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары; фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар;
10) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;
11) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
12) өзге де туындылар. АК 976-бабына сәйкес айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен: қоршауға алынған латынша "С" әрпiнен; айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан); туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.
АК 971-бабына сәйкес Авторлық құқық автордың интеллектуалды шығармашылық еңбегін және қызмет нәтижесi болып табылатын олардың түрлері АК 972-б., ҚР 10.06.1996ж.
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы 7-б. көрсетілген ғылым, әдебиет және өнер туындыларының обьективті формасын жасау фактінің нәтижесінде туындайды.
Мысалы: Осылай, Олег Анатольевич Чубенко авторлық құқық объекті - «Зерек» логотиптері, бумалары және кітаптан тұратын суреттерге ерекше құқықтарға ие екенін көрсетіп, Бауржан Калашевич Сейтеновке, дербес талап қоймайтын Ақтөбе облысы Әділет министрлігі ММ үшінші тұлғаға суретті пайдалануды заңсыз деп тану, суреттерді қолдануды тоқтатуға міндеттеу және авторлық құқықты бұзғаны үшін өтемақы өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінді.
Талапкердің ойынша өзінің авторлық жұмысына ол жалпы табыстан 10% көлеміндегі сыйақы алуы тиіс еді. Талапкер 2011 жылдың қазанынан 2013 жылдың қазанына дейінгі кезеңде 2 жыл бойы «Зерек» дамытушы ойын жинағын, БАҚ жарнамалық материалдарын жасауға жұмыс істеген.
Алайда талапкерге мәлім болғандай, жауапкер уәдесінде тұрмай 2012 жылы «ZEREKLTD» ЖШС құрылтайшылар құрамына талапкерді қоспаған, сонымен бірге, талапкер бұған қарамастан жауапкер тарапынан авторлық сыйақы төленеді деген үмітпен кітаптармен жұмыс істеуді жалғастырған және жұмыс істеп тұрған сайтты техникалық қолдаумен айналысқан.
Алайда жауапкер құқыққа ие адамның келісімінсіз көрсетілген суреттерді қолданған және «Зерек» дамытушы ойын жинағы өнімінің 1 000 жинағын балалар тауарлары дүкендер желісіне алған. Ақтөбе облысы Ақтөбе қ. сотының 03.02.2014ж. шешімімен талапты қанағаттандырудан келесі негіздер бойынша бас тартылды.
ҚР 10.06.1996 ж. № 6-1 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы 9-б. 1-т. сәйкес анықталған, ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды.
Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi. Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады: қоршауға алынған латынша "С" әрпi; айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); туындының алғаш жарияланған жылы.
Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тiзiлiмінде тiркеуге құқылы. Тiркеудi осы Заңда белгіленген тәртiппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Сотта «ZEREK LTD» ЖШС 12.04.2012ж. құрылғаны, ол мем.тіркеу туралы куәлігімен расталатыны анықталды. Іс материалынан шығатыны, жауапкер Б.Сейтенов хабарландыру бойынша талапкер О.Чубенконы әрлеуші ретінде жұмысқа қабылдаған, жауапкер талапкерге ай сайын 50 000 теңге, және кейін 70 000 теңге сомасында сыйақы төлеп тұрған, бұны талапкер жоққа шығарған жоқ. Талапкер жұмысты үй жағдайларында істеген.
«Зерек» жинағын жасау және құру барысында жауапкер «Алакай» театрінің актерлерін, сценаришіні, лингвистті, «Темірқазық» дыбыс жазушы компанияны тартқан, бұл куәлар А.М.Кадырбаевтың, 6 С.М.Айтжановтың және Г.Н.Калденаның түсініктерімен расталады. Сотта көрсетілген «ЗЕРЕК» балалар кітабында «ZEREK» логотипінің және авторлық құқықты қорғау белгісі қоршауға алынған латынша (С) әрпiнің бар екендігі көрінеді, сондай-ақ «ZEREKLTD» ЖШС-не тиесілі ерекше авторлық құқық иесінің атауы көрсетілген.
Тауарлық белгіге №42366 куәлікке сәйкес «ZEREK» логотипі оның құрылтайшысы және директоры Б.Сейтенов болып табылатын «ZEREK LTD» ЖШС-не тиесілі.
Көрсетілген белгілердің кітапта болғандығы ҚР «Тауарлық белгілер…туралы» Заңының 14-б. талаптарына сәйкес келеді, сәйкесінше Көрсетілген Заңның 4-б. 4-т. сәйкес тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады.
Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды
АК 965-б. 1-т., «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның 31-б.1,2-тарм. сәйкес егер осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншiк объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.
Айрықша құқықтарды беру авторлық және басқа мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс. Шарттың ондай құқықтарды беру не шектеу туралы шарты жарамсыз. авторлық шарт бойынша.
Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық
АК 991-бабына сәйкес:
- Өнертабысқа құқықтар - инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады.
- Жаңа, өнертапқыштық деңгейi бар және өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешiм құқықтық қорғау берiлетiн өнертабыс болып танылады.
- Жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болатын өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындау құқықтық қорғау берiлетiн пайдалы модель болып танылады.
- Бұйымның сыртқы түрiн белгiлейтiн, жаңа, түпнұсқалық және өнеркәсiпте қолдануға болатын көркемдiк-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады.
- Инновациялық патент және патент алу құқығы туындайтын өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге қойылатын талаптар, мемлекеттiк уәкiлеттi органның (бұдан әрi - патенттiк органның (ұйымның) оларды беру тәртiбi заң актiсiмен белгiленедi.
- Патентке қабiлетi жоқ техникалық шешiмдердiң, өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындаулардың, бұйымдардың көркемдiк-конструкторлық шешiмдерiнiң тiзбесi заң актiлерiмен белгiленедi.
Патент Заңының 15-б. сәйкес патент иесі Заңның 15-б. 2-т. көрсетілген тәсілдермен өзінің айрықша құқықтарын қорғауды талап етуге құқылы. Заңның 33-б. сәйкес, патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн пайдалануға айрықша құқығын және басқа да мүлiктiк құқықтарын бұзушылық туралы даулар сот тәртібiмен қаралуға тиiс.
Қорғалатын өнеркәсiптік меншiк объектiсiн заңға қайшы пайдаланатын кез келген тұлға патент иеленушiнiң айрықша құқығын бұзушы (қорғалатын құжатты бұзушы) болып табылады. Сонымен бірге патент иеленушiнiң айрықша құқығын бұзумен (қорғалатын құжатты бұзумен) қорғалатын тәсілді санкциясыз қолдану танылады.
Осылай, Мурат Николаевич Тлеугалиев «Способ отбойки блоков природного камня» өндірістік меншік объектісінің құқық иеленушісі М.Н.Тлеугалиев және Э.А.Иноятов болып табылатынын көрсетіп, «Энергия Плюс» ЖШС-не бұзылған интеллектуалдық меншікке айрықша құқықты қорғау туралы талаппен сотқа жүгінді.
Көрсетілген тәсіл №26097 өнертабысқа патентпен қорғалады. №26097 өнертабысқа инновациялық патент беру туралы мәліметтер 14.09.2012ж. №9 бюллетенде жарияланған. Өнертабыс кесек тастар шығару тәсілдеріне жатады және тас шығаратын және тас өңдейтін кәсіпорындарда пайдаланылуы мүмкін. Жауапкер «Энергия Плюс» ЖШС Қарағанды облысы Абай ауданы аумағында орналасқан Аршалы әрлеу монцодиориттері кен орнында 28.12.2000ж. №006 мәміленің негізінде, қаптау тастарын шығаруды жүзеге асырады.
Көрсетілген мәмілені орындау барысында жауапкер кесек тастарды алу кезінде табиғи жоғарыда көрсетілген инновациялық патентпен қорғалатын тастар кесегін қопару тәсілі қолданылады, сондайақ тікелей қорғалатын тәсілмен алынған өнім (тас) пайдаланылады.
Тасты алудың сына-бұрғылық тәсілінің жұмыс жобасы мен паспортында көрсетілген сипаттамаға қарағанда, онда инновациялық патент формуласының тәуелсіз тармағында келтірілген өнертабыстың әр белгісі немесе соған баламалы белгі пайдаланылады.
Яғни жауапкер пайдаланатын тәсіл №26097 өнертабысқа инновациялық патентпен қорғалатын тәсіл болып табылады. Бірақ сонымен бірге, талапкер көрсетілген тәсілді қолдануға жауапкерге ешқандай рұқсат бермеген. Осылайша, талапкер жауапкер талапкердің айрықша құқықтарын өрескел бұзды деп есептейді.
Қарағанды қ. Октябрь аудандық сотының 24.04.2014ж. шешімімен М.Н.Тлеугалиевтің талап арызы қанағаттандырылды. Сот қорытындыларын келесімен дәлелдейді. М.Н.Тлеугалиев және Э.А.Иноятов «Способ отбойки блоков природного камня» өндірістік меншік объектісінің патент иеленушісі болып табылады. Көрсетілген тәсіл №26097 өнертабысқа патентпен қорғалады. ҚР Патент заңының 11-бабына сәйкес патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығы болады.
Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап осы қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады. №26097 өнертабысқа инновациялық патент беру туралы мәліметтер 14.09.2012ж. №9 бюллетенде жарияланған.
Патентпен қорғалатын өнертабыс формуласы: оған белгіленген кесек сынығы сызығы бойынша теспелер бұрғылау, теспелерге сыналар орналастыру, сыналарды ұрып отырып кіргізіп кесекті қопару кіретін, бір кезеңде кесектің белгіленген бөлігіндегі сызықтардың бойымен сыналарды ұрып кіргізетіндігімен, ал сыналардың әрбір алдыңғысын және кейінгісін салудың арасындағы уақыт 0,1-2,0 сағатты құрайтындығымен ерекшеленетін, табиғи тастар кесектерін қопару тәсілінен тұрады.
Тәсіл келесідегідей іске асырылады: тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттеріне және басқа ерекшеліктеріне, беріктігіне қарай сілемнен жарылатын кесекті ұзын не қысқа теспелермен сұлбалайды: әр теспе тесігіне «сына-бет» жүйесін орналастырады сосын сыналарды бәрін бір уақытта немесе жұмысшының теспеден теспеге ауысуына қажет интервалмен қағады: 0,1-2,0 сағат ұстағаннан кейін сыналарды ұрып кіргізу циклі қайталанады.
Заңның 15-бабынан шығатындай қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн осы Заңға қайшы пайдаланушы кез келген адам патент 40 иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушы (қорғау құжатын бұзушы) болып есептеледi. Сонымен бірге патент иеленушiнiң айрықша құқығын бұзумен (қорғалатын құжатты бұзумен) қорғалатын тәсілді санкциясыз қолдану танылады.
Заңның 11-бабы қарастырады, егер өнiмде оны пайдалану басталған күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстардың әрбiр белгiсi немесе соған барабар белгi болып, ол қорғалатын әдiс пайдаланылса, өнiм қорғалатын өнертабысы бар деп танылады, ал қорғалатын әдiс қолдануға болады деп табылады.
Жауапкер «Энергия Плюс» ЖШС Қарағанды облысы Абай ауданы аумағында орналасқан Аршалы әрлеу монцодиориттері кен орнында 28.12.2000ж. №006 мәміленің негізінде, қаптау тастарын шығаруды жүзеге асырады. Көрсетілген мәмілені орындау барысында жауапкер кесек тастарды алу кезінде табиғи жоғарыда көрсетілген инновациялық патентпен қорғалатын тастар кесегін қопару тәсілі қолданылады.
Сондай-ақ тікелей қорғалатын тәсілмен алынған өнім (тас) пайдаланылады. Тасты алудың сына-бұрғылық тәсілінің жұмыс жобасы мен паспортында көрсетілген сипаттамаға қарағанда, онда инновациялық патент формуласының тәуелсіз тармағында келтірілген өнертабыстың әр белгісі немесе соған баламалы белгі пайдаланылады. Яғни жауапкер пайдаланатын тәсіл №26097 өнертабысқа инновациялық патентпен қорғалатын тәсіл болып табылады. Бірақ сонымен бірге, талапкер көрсетілген тәсілді қолдануға жауапкерге ешқандай рұқсат бермеген.
Осылайша, талапкер жауапкер талапкердің айрықша құқықтарын өрескел бұзды деп есептейді. «Строительство карьера для добычи облицовочного камня на Аршалинском месторождении» жұмыс жобасында Аршалы кен орнындағы карьерінде сілемеден монолит кесектерді бөлу үшін бернеше технологиялық схемалар мен әдістерді: сынабұрғылық, термосынабұрғылық, жарылатын қирататын құралдарды қолданумен бұрғы жарылыстық пайдалану жоспарланады деп көрсетілген. Жауапкердің бірінші басшымен бекітілген тас өңдеуді жүргізу паспорты қазіргі кезде тасты өңдеу, жауапкердің сынабұрғылық тәсілімен жүзеге асырып жатқанын растайды.
Тасты алудың сына-бұрғылық тәсілінің жұмыс жобасы мен паспортында көрсетілген сипаттамаға қарағанда, онда инновациялық патент формуласының тәуелсіз тармағында келтірілген өнертабыстың әр белгісі немесе соған баламалы белгі пайдаланылады. Жауапкер пайдаланатын тәсіл №26097 өнертабысқа инновациялық патентпен қорғалатын тәсіл болып табылады.
Сот отырысында сарапшы - «Научно-инженерный центр «ГеоМарк» ЖШС директордың ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, техникалық ғылымдар кандидаты Р.И.Габайдуллин түсіндірді, ҚР Патент заңының 11- б. (2-т.) ережелері қарастырады «егер өнiмде оны пайдалану басталған күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң әрбiр белгiсi немесе соған барабар белгi болып, ол қорғалатын әдiс пайдаланылса, өнiм қорғалатын өнертабысы немесе пайдалы моделі бар деп танылады, ал қорғалатын әдiс қолдануға болады деп табылады».
Іс материалдары талапкердің инновациялық патентінің барлық белгілері «Энергия–Плюс» ЖШС тасты сына-бұрғылық тәсілмен өңдеу кезінде пайдаланылғаны туралы объективті куәлік етеді. «Тас өңдеудің сынабұрғылық тәсілін» қолдану патент иеленушілер Э.А.Иноятовтың және Н.Тлеугалиевтің патенттік құқықтарын, «Способ отбойки блоков природного камня» өнертабысқа инновациялық патентті бұзады. ҚР Патент заңының 6-бабына сәйкес егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiледi. Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа болып табылады.
Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады. Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды. Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техникалық деңгейi туралы мәлiметтерге бұрынырақтағы басымдықтары болған жағдайларда өнертабыстар мен пайдалы модельдерге (қайтып алынғандардан басқасы) Қазақстан Республикасында берiлген өтiнiмдер және Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер кiредi.
Өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады.
Сот «Тас өңдеудің сына-бұрғылық тәсілін» қолдану патент иеленушілер Э.А.Иноятовтың және Н.Тлеугалиевтің патенттік құқықтарын, «Способ отбойки блоков природного камня» өнертабысқа инновациялық патентті бұзатындығын анықтағандықтан, сот соңғылардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырды.
Тауарлық таңба
АК 1024-б.сәйкес:
- Тауар белгiсiн құқықтық қорғау оны тiркеудiң негiзiнде не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде тiркеусiз берiледi.
Тiркелген не халықаралық шартқа орай тiркеусiз қорғалатын сөзбен жазылған, бейнеленген, көлемдiк белгiлер немесе бiр тұлғаның тауарларын немесе көрсететiн қызметтерiн екiншi тұлғаның бiртектес тауарлары мен қызметтерiнен ерекшелеу үшiн қолданылатын басқа да белгiлер тауар белгiсi (қызмет көрсету белгiсi) деп танылады.
- Тауар белгiсi ретiнде тiркеуге жол берiлмейтiн белгiлер, тауар белгiлерiн тiркеу, олардың қолданылуын тоқтату және тiркелуі жарамсыз деп тану тәртiбi, сондай-ақ тiркелмеген тауар белгiлерiн құқықтық қорғауға жол берiлуi мүмкiн болатын жағдайлар тауар белгiлерi туралы заң актiлерiмен белгiленедi. 3. Тауар белгiсiне құқық куәлiкпен куәландырылады.
Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» (ары қарай– ТТтЗ) Заңының 43-б. 2-т. сәйкес тауар таңбасын заңсыз пайдаланған адам азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Тауар таңбасын заңсыз пайдаланған үшін азаматтыққұқықтық жауаптылық ең алдымен ҚР АК 1032-б. және ТТтЗ 12- тарауымен реттеледі.
Контрафактілік (қолдан жасалған) өнімді (қызмет көрсетулерді) азаматтық айналымға енгізу нәтижесінде тауарлық таңбалар (қызмет көрсету таңбалары) құқық иеленушілерінің құқықтары мен мүдделері бұзылады, мемлекетке және тұтынушыларға зиян келтіріледі,
Тауарлық таңбаларға өтінім беру және тіркеу шарттары Кеңестің әр елінде оның ұлттық заңнамасымен анықталады. Одақтың қандай да бір елінде тиісті түрде тіркелген таңба, шыққан елін қосқанда, Одақтың басқа елдерінде тіркелген таңбалардан тәуелсіз ретінде қарастырылады. Париж конвенциясының 6-quinquies (D) 6-бабына сәйкес, егер қорғау сұралып отырған таңба шыққан елінде тіркелмеген болса, онда бұл баптың ережелерін ешкім қолдана алмайды.
Осылай, «Евразийский Совет Сертифицированных Бухгалтеров и Аудиторов» ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары Апелляциялық кеңестің 24.12.2013ж. 09.08.2005ж. №№ 18756 және 18757 куәліктер бойынша 01.04.2005ж. басымдықпен ТҚХК 16, 35, 36 және 41 сыныптарға қатысты «CIPA» құрамдас және сөздік тауарлық таңбаларды «Евразийский совет сертифицированных бухгалтеров и аудиторов»-қа тіркеудің күшін жою туралы шешімінің күшін жою және заңсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінді. Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 28.07.2014ж. шешімімен арыздың бір бөлігі қанағаттандырылды.
Апелляциялық кеңестің 24.12.2013ж. 01.04.2005ж. басымдықпен «CIPA» құрамдас және сөздік тауарлық таңбаларды талапкерге тіркеудің күшін жою туралы шешімі заңсыз деп танылды және күшін жойды.
Іс материалдарымен анықталды, 05.12.2001ж. «Международный совет сертифицированных бухгалтеров и аудиторов» (СБАХК) Ассоциация формасында заңды тұлғалар бірлестігі құрылды, онда бухгалтерлік және аудиторлық қызметпен айналысатын Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның заңды тұлғаларының бірқатары кірді.
Ассоциацияны құрудың және қызметінің негізгі мақсаты жарғы бойынша (2.1-т.) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (ХБФ) мен Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша Комитет жасаған халықаралық кәсіби стандарттар мен кәсіби әдептерді енгізу және пайдалану бухгалтердің және аудитордың мамандық дәрежесінің артуына және дамуына көмектесу болып табылады.
01.04.2005г. өтініш беруші «Национальный институт интеллектуальной собственности» бухгалтерлік және аудиторлық қызметпен байланысты, қызметтер тізімін (қызмет түрін) қарастыратын Тауарлар мен қызмет көрсетулерді халықаралық сыныптаудың 16, 35, 36 және 41 сыныптарына қатысты «CIPA» құрамдас және сөздік тауарлық таңбаларды Ассоциацияға тіркеуге №30672 және №30673 өтінімдерді берді.
09.08.2005ж. өтініш берушіге көрсетілген «CIPA» тауарлық таңбалар тіркелді. 22.07.2013ж. «Certified International Professional Accountants Examination Network, Inc» (US) Компаниясы Апелляциялық кеңеске көрсетілген «CIPA» құрамдас және сөздік тауарлық таңбаларды өтініш берушіге тіркеуге қарсы наразылық берді. 24.12.2013ж.
Апелляциялық кеңес көрсетілген ұжымдық тауарлық таңбаларды тіркеудің күшін жою туралы шешім шығарды. 6-septies Париж конвенциясына сәйкес таңба иесі тармақта қарастырылған шарттарда егер ол ондай пайдалануға келісім бермеген болса, таңбаны агенттің немесе өкілдің пайдалануына кедергі келтіруге құқылы.
Баяндалғанның негізінде Апелляциялық кеңес қорғалатын тауарлық таңбалар әрекеттеріне қарсы берілген наразылықтарды қанағаттандыру туралы қорытындыға келді. Париж конвенциясының 6-бабы былай дейді, тауарлық таңбаларға өтінім беру және тіркеу шарттары Кеңестің әр елінде оның ұлттық заңнамасымен анықталады.
Сот тауарлық таңбаларды өтініш берушіге тіркеу кезінде сол кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылмағандығы туралы қорытындыға келді. Уәкілетті органның таласып отырған шешімдерінде көрсетілген, үшінші тұлға Ассоциацияға «CIPA» тауарлық таңбасын Қазақстанда Ассоциация атына тіркеуге рұқсат бермеген, сонда Апелляциялық кеңес 20.03.1883ж.
Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясының 6-septies бабына сүйенді, онда былай делінген, таңбаның иесі тармақта қарастырылған шарттарда егер ол ондай пайдалануға келісім бермеген болса, таңбаны агенттің немесе өкілдің пайдалануына кедергі келтіруге құқылы.
Сонымен бірге сот отырысында анықталды, үшінші тұлға 2002 ж. наурызында құрылған өтініш берушіға рұқсат беруі мүмкін емес, өйткені өзі Ассоциациядан әлдеқайда кешірек, нақты, 2002ж. маусымында тіркелді. Сондай-ақ, үшінші тұлғаның тарапынан рұқсат беруі мүмкін болған жоқ, өйткені таласты тауарлық белгілердің Қазақстанда тіркелуі кезінде (09.08.2005ж.), шетелдегі (АҚШ-та)өз тауарлық таңбаларының құқық иесі болып табылған жоқ.
Ары қарай, 2005ж. қазанында үшінші тұлға «CIPA» құрамдас тауарлық таңбаға халықаралық тіркеу рәсімдеді. Ассоциация таласты тауарлық таңбалардың Қазақстандағы құқық иесі неғұрлым ертерек – 2005ж. тамызында болды, яғни көрсетілген тауарлық таңбаларды Қазақстанда тіркеу кезіне АҚШ-та қандай да бір өзге бір атаулы белгілеу болмағандығына куәлік етеді. Осылайша, сот анықтады, басымдылық құқы бойынша тауарлық таңбаларды ұлттық та, халықаралық та тіркеу бойынша үшінші тұлға «Certified International Professional Accountants Examination Network, Inc.» компаниясымен салыстырғанда Ассоциация бірінші болып табылады.
Туындаған таласта үшінші тұлға Америка құрама штаттары аумағында АҚШ патенттік органымен тіркелген «CIPA» сауда маркасын көрсетеді, алайда ұлттық заңнамаға сәйкес американдық құқық иесінің құқықтарын қорғау және сақтау тек АҚШ аумағында жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, өтініш беруші үшінші тұлғаның АҚШ-тағы құқықтарын бұзбайтынын, өйткені өзінің тауарлық белгілерін АҚШ-та қолданбайтынын және берілген мемлекеттің азаматтық айналымына кірмейтіндігін ескерген жөн.
Париж конвенциясының 6-quinquies (D) -бабына сәйкес, егер қорғау сұралып отырған таңба шыққан елінде тіркелген болмаса, берілген баптың ережелерін ешкім пайдалана алмайды.
Заңдар мен нормативтік актілер
- ҚР АК-ның 49-дан 56-шы тараулар кіретін 5-бөлімі «Интеллектуалдық меншік құқығы».
- 10.06.1996 ж. ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы, кейінгі өзгертулермен.
- Қазақстан Республикасының Кеден кодексі, 411-414-б.б. - Азаматтық іс жүргізу кодексі, 3 және 27 тараулар.
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі, 145-б.
- Қазақстан Республикасы 26.07.1999ж. «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауардың шығу орнының атаулары туралы» Заңы
- Женева қ. қол қойылған 06.09.1952ж. Авторлық құқық туралы Әлемдік Конвенция, КСР 1973 жылы қосылды, Қазақстан құқықтық мирасқорлық тәртібінде конвенция мүшесі болып табылады.
- 14.07.1967ж. Әлемдік Интеллектуалдық Меншік Ұйымын құрушы конвенция (WIPO-ВОИС), 02.10.1979ж. өзгертулермен, Стокгольм қ. қол қойылған, Қазақстан 1992 жылдан ӘИМҰ-ның құрамында.
- Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенциясы, 1996 жылы қол қойылған, ҚР 1998 жылдың қарашасындағы берілген конвенцияға қосылу туралы заңы.
- Фонограмма өндірушілердің мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз өндіруден қорғау туралы 29.10.1971ж., Женева қ., Қазақстан ҚР 07.06.2000ж. Заңның негізінде қосылды
- Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадридтік келісім (1967 жылғы Стокгольм акті, 1979 жылғы толықтырумен).
- 20.03.1883ж. Өндірістік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясы, Қазақстан 16.02.1993ж. қосылды.
- «Қарсылықтарды беру және апелляциялық кеңесте қарау ережелері».
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 23.04.2010ж. №81 бұйрығымен бекітілген «Апелляциялық кеңес туралы ереже».
- 20.03.1883ж. Өндірістік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясы, (02.10.1979ж. өзгертулермен). - Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадридтік келісімге 01.04.1992ж. нұсқаулық.
- 14.04.1891ж. Өнімдердің шығу тегін жалған және қате белгілеуге санкциялар туралы Мадридтік Келісім - Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді халықаралық классификациялау туралы Ницк келісімі, 15.06.1957ж.
- Тауарлық белгілер бойынша заңдар туралы шарт, 27.10.1994ж. - Жалған тауарлық белгілер және географиялық көрсетулерді пайдаланудың алдын алу және жою бойынша шаралар туралы келісім, 04.06.1999ж.
- Жалған тауарлық белгілер және географиялық көрсетулерді пайдаланудың алдын алу және жою бойынша шаралар туралы Минск келісімі, 04.06.1999ж.
- ҚР «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Заңы.
- ҚР Жоғарғы Сотының 25.12.2007ж. №11 «Соттардың авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларын қолдануы туралы» Нормативтік қаулысы.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Споры связанные с интеллектуальной собственностью ( о товарных знаках )
33 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 20.04.2018 №7 о защите авторского права каз
44 рет жүктеп алынды -
Решение суда (1)
45 рет жүктеп алынды -
Решение суда (1)
35 рет жүктеп алынды -
Решение суда (2)
36 рет жүктеп алынды -
Решение суда (2)
35 рет жүктеп алынды -
Решение суда (3)
35 рет жүктеп алынды