Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Интернет-ресурстарға қатысты дау-дамайлар жөніндегі істер

Интернет-ресурстарға қатысты дау-дамайлар жөніндегі істер

Интернет-ресурстарға қатысты дау-дамайлар жөніндегі істер

Интернет-ресурстарға қатысты дау-дамайлар жөніндегі істер

 Интернет-ресурс, егер электрондық ақпараттық ресурс ақпараттықкоммуникациялық желіде қызмет ететін технологияларды пайдалана отырып автордың еңбегімен жасалған болса және өз жағынан ақпараттық өзара әрекетті қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым болып табылса, азаматтық құқықтық қарым-қатынастың нысаны ретінде бұқаралық ақпарат құралдарына ғана қатысты болмай, сондай-ақ интеллектуалды шығармашылық қызмет нәтижесіне де қатысты болады.

1.Интернет-ресурс азаматтық құқықтық қарым қатынастың нысаны болып табылады және оған Азаматтық кодекстің мүліктік құқық пен игілікке арналған меншіктік құқықты реттейтін ережелері жатады. Интернет-ресурс еркін түрде оқшаулана алады және бір тұлғадан екіншісіне әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібінде немесе сатып алусату, сыйлау, айырбас және басқаларын қоса алғандағы өзге де әдістермен беріле алады.

Егер интернет-ресурстің меншік иесі жеке тұлға болып табылса және оған талап арыз қойылған болса, онда бұндай дау-дамайлар ортақ юрисдикция соттарында қарауға жатады.

Осылайша, Шығыс Қазақстан обылысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 18 сәуірдегі ұйғарымымен «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің «Желілік ақпараттың Қазақстандық орталығы» Мекемесіне (KazNIC) қарсыБалов Евгений Алексеевичке www.akimataktobe.kzдоменін тіркеуді жою туралы талапарызы, жауапкердің бірі Балов Евгений Алексеевич жеке тұлға болып табылғандықтан, домендік атауда akimat деген сөзді пайдалануға тыйым салынғаны, осыған байланысты талап арыз мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қарауына берілмей, Өскемен қалалық сотына берілуі тиіс деп қайтарылды

  1. Заңмен көзделген авторлық және сабақтас құқықтарды бұзған үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес артылады. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:

1) құқықтарды тану;

2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;

3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;

4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;

5) құқық бұзушы авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;

6) соттың қарап шешуі бойынша айқындалатын бір жүз айлық есептік көрсеткіштен он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада немесе туынды даналары құнының екі еселенген мөлшерінде немесе салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте туындыны құқыққа сыйымды түрде пайдаланғаны үшін алынатын бағаға негізделе отырып айқындалатын, туындыны пайдалану құқығы құнының екі еселенген мөлшерінде өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылады. Залалды өтеудің немесе кірісті өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот айқындайды;

7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.

Мәлімделген талаптар есебімен жасалған авторлық интернетресурстарға қатысты авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша талап арыздарды өз өндірісіне қабылдау кезінде соттар талапкерлерденқұқықтары және заңды мүдделерінің бұзылуын, бұзылған құқығын қорғау тәсілдерін көрсетумен талаптарын нақтылаумен интернетресурстарға авторлығын және құқықтарын, жауапкермен арызданушының растайтын дәлелдемелер ұсынуды талап етуге міндетті.

Шығындарды өндіру, табыстарды өндіру және өтемақыларды төлеу туралы талаптар мүліктік болып табылады, сондықтанда АІЖК-нің 102- бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеуге жатады.

Істі сот талқылауына дайындау барысында сот жауапкерден талас тудырған ресурсқа меншік құқығын болуын және қоса интернет-ресурсті пайдалану бойынша әрекеттердің бар екендігін және заңдылығын растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.

  1. Істі қарауға дейін талап арызды қамтамасыз ету бойынша шара ретінде судья жауапкерге сот таласын тудырған интернет-ресурсті пайдалануға тыйым салу туралы ұйғарым шығаруға құқылы..
  2. Интернет-ресурстер көбіне бұқаралық ақпарат құралдарын тарату үшін құрал ретінде пайдаланылады. Интернет-ресурстің меншік иегері зияткерлік меншікке авторлық, сабақтас және басқа құқықтарды қоса пайдаланылатын зияткерлік меншік құқығының объектілеріне құқықтарын сақтауға міндетті.

Азаматтың немесе ұйымның (мемлекеттік органның, қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, діни немесе басқа азаматтық және заңдытұлғалардың ар-намысын және қадыр-қасиетін бұзатын шындыққа сәйкес емес деректерді тарату интернет-ресурстердің меншік иегеріне Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жауаптылыққа жетелейді.

Ар-намысты және қадыр-қасиеті қорғау туралы, сонымен бірге авторлық құқықтық қорғау бойынша талап арыздар бойынша, үшінші тұлғаның құқығын бұзуға жол берген кінәлі тұлғамен қатар азаматтыққұқықтық жауаптылыққа «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңның 26 бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, интернет-ресурстердің меншік иегерлеріне де жауаптылық артылады.

Интернет-ресурсте таралған ақпараттың авторы анықталмаған жағдайда зиянды өтеу туралы талап ету интернет-ресурстің меншік иегеріне тағылуы мүмкін, ол негізсіз деректерді жариялауға жол берумен сәйкес пайдалануды қамтамасыз етпеген.

  1. Меншік иегеріне немесе интернет-ресурстің авторы азаматтардың немесе ұйымдардың (мемлекеттік органның, азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, діни не өзге де бiрлестiгiнiң және заңды тұлғалардың) ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтін мәлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал жасау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Интернет-ресурстің меншік иегері ретінде, егерде сот отырысында интернет-ресурстің басқа тұлғаға тиесілігінің фактісі толық және шынайы анықталмаған болса, сәйкес интернет-ресурсті құрған және авторы болып табылатын тұлға танылады. 6. Интернет ресурстің меншік иегеріне немесе авторына өнімнің жеке түрлерін:

 1) этил спирті және алкоголь өнімдері;

2) омырау сүтін алмастырушы;

3)міндетті сертификациялауға жататын бірақҚазақстан Республикасында сертификациялаудан өтпеген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді);

4) темекі және темекі өнімдерін;

5) алкоголь өнімдерін, темекі және темекі өнімдеріне сұранысты және қызығушылықты арттыруға бағытталған әртүрлі шараларды ұйымдастыру түрінде сыйлықтарды, лотореялары;

6) қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметі тарату туралы хабарламалар және ақпараттар таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілерімен анықталған жауаптылық артылады.

Сонымен бірге интернет-ресурстегі жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын зорлықпен өзгертуге, бүтіндігін бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне бұзуға, әлеуметтік, расалық, ұлттық, діни, рулық қақтығыстарды, зорлық және қатыгездік, порнографияны насихаттау және үгітте сонымен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын және заңмен қорғалатын құпияларынан тұратын деректерді тарату үшін пайдаланылмауы тиіс. Қоғамда дүрбелең тудыру, жеке тұлғаларды агрессияға тартатын, сонымен бірге басқа да заңға қайшы әрекеттерге (әрекетсіздікке) жетелеу.

 Соттармен заңсыз жарнаманың мұндай фактілерін анықтаған кезде интернет-ресурстердің меншік иегерлерін заңмен анықталған жауаптылыққа тарту туралы жеке ұйғарым шығару үшін уәкілетті органдарға жіберу туралы сұрақты қарастыру қажет.

  1. Интернет-ресурстің авторы сотқа заңсыз және шынайы емес ақпараттарды, хабарларды және материалдарды жариялағанының дәлелдемесі ұсынылғанжағдайда, оның интернет-ресурске меншік құқығының болуына қарамастан басқа адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын және мүдделерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілерімен анықталған жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
  2. Интернет-ресурстерді пайдаланумен байланысты даулар бөлігі ұсынылған рұқсат және интернетті пайдалану үшін төлем бойынша берешекті өндіруге жатады.

Аталған санаттағы істерді қарау кезінде желіге қосылу арқылы қамтамасыз ету бойынша интернет байланыс қызметтеріне қатысты егерде басқа жағдайлар заңмен, келісіммен анықталмаған болса немесе міндеттілік мәнінен туындамаса, Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің «Энергожабдықтау» параграфы ережесі қолданылады (АК-ның 492- бабының 2-тармағы).

Қызметті алушымен интернетке рұқсатқа уақытылы төлем төлеу бойынша міндеттілігін орындамаған (сәйкес жолмен орындамаған) жағдайда қызмет ұсынушы қарызды және заңды айыппұлды өндіруді талап етуге құқылы (АК-ның 295-бабының 1-тармағы).

  1. Бөлме меншік иегерлеріне интернет байланыс қызметін ұсыну бойынша шарт бекіту кезінде пайдаланушымен қызметті заңмен анықталған тәртіпте бөлмені адалау көрсетілген қызметтерге төлеу бойынша құқықтар және міндеттіліктер бөлмені қосылған желілерімен бірге сатып алған жаңа меншік иегеріне өтеді және көрсетілген қызметтерді пайдалануды жалғастырған жағдайда, оларды қолданғаны үшін бұрынғы меншік иегерімен анықталған шарт негізінде төлеуге міндетті.

 Нормативті - құқықтық база

 Соттар бұл санатындағы істері мен материалдарын қарау кезінде

Қазақстан Республикасының Конституциясын,

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (бұдан әрі - АІЖК),

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңын (бұдан әрі - «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң),

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы  Авторлыққұқықжәнесабақтасқұқықтар туралы» Заңын (бұдан әрі - «Авторлыққұқықжәнесабақтасқұқықтар туралы» Заң),

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Соттардың авторлыққұқықжәнесабақтасқұқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заң нормаларынқолдануы туралы» нормативтік қаулыларынбасшылыққа алады.

« Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 1-бабының 4- тармақшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;

«Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңының 2-бабының 14-1- тармағына сәйкес интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;

АК-ның 961-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес - интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері жатады

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу