Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Квазимемлекеттік сектордың қатысуымен келісім-шарт міндеттемелерін орындауға байланысты даулар

Квазимемлекеттік сектордың қатысуымен келісім-шарт міндеттемелерін орындауға байланысты даулар

Квазимемлекеттік сектордың қатысуымен келісім-шарт міндеттемелерін орындауға байланысты даулар

Квазимемлекеттік сектордың қатысуымен келісім-шарт міндеттемелерін орындауға байланысты даулар

      Қазақстан экономикасының маңызды бөлігін квазимемекеттік сектор алып отыр. Квазимемлекеттік сектор бұл – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы (акционер) болып табылатын үлестес өзге де заңды тұлғалар; (Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 3- бабының- 1 тармағының 31) -тармақшасы).

Квазимемлекеттік сектордың қатысуымен шарттық қатынастарға қатысты мәселелер бойынша дауларды реттейтін негізгі нормативтікқұқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы (әрі қарай – Конституция),

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (әрі қарай – АК),

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі,

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы,

Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 Заңы,

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы,

Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV Заңы,

Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373 Заңы,

Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкерлігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220 Заңы,

Қазақстан Республикасының 2 «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Заңы,

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 22 шілдедегі N 303-III Заңы,

Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы,

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы «Қорға қамту туралы» Заңы және т.б.

Сонымен қоса, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда аталған Заңдарда көзделмеген басқа талаптар қарастырылса, онда халықаралық шарттардың талаптары қолданылады.

Сонымен қоса, соттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкерлігі бар серіктестіктер туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 10 шілдедегі №2, «Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңаманы қолдану тәжірибесі туралы» 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №16, «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 және т.б. нормативті қаулыларын басшылыққа алады.

Бірақ аталған нормативтік актілер болғанмен, квазимемлекеттік сектордың субъектілерімен байланысты көптеген құқықтық қатынастар қолданыстағы заңнамада анық және нақты реттелмеген.Осы заңды тұлғалардың іс-әрекетін қажетті құқықтық реттелмеуі мемлекеттік мүлікті (дауыс беруші акциялар мен қатысу үлесі) қолданудың нәтижелері тиімді болмауына әкеп соғады. Бұл мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану принципіне қайшы келеді, «Мемлекеттік мұлік туралы» Заңның 6 бабының 4)- тармақшасы.

2015 жылдың 15 қазанында Қазақстан Парламентінің Сенат депутаттары МЖӘ шартының құрылымы мен оның субъектілерінің арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін «Мемлекеттік-жекешілік әріптестік туралы» Заңды қабылдады.

Заңның мақсаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету және қоғамдық маңызы бар міндеттерді жүзеге асыру үшін олардң ресурстарын біріктіру арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және жекешешілік әріптестердің тиімді өзара ісқимыл жасауы үшін жағдай жасау болып табылады.

Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешілік әріптестіктің қатысущылары бір жағынан мемлекет, квазимемлекеттік сектордың субъектілері мен екінші жағынан кәсіпкерлік және осы жобалардың қаржыландырылуын қамтамасыз ететін қаржылық ұйымдар болады.

Сонымен қоса, заңда әлеуетті-жекешілік әріптес конкурсқа қатысуы үшін оның біліктілік талаптары және МЖӘ шартын жасасу тәртібі анықталған. Бұл ретте, конкурс типтік конкурстық құжаттаманы және әлеуметтік-жекешілік әріптестіктің типтік шартымен (негізінен жергілікті жобалар үшін) жеңілдетілген тәртіппен өткізілуі мүмкін. Сонымен қоса, конкурста екі кезеңлік рәсімдер қолданыла алады, мұнда мемлекеттікжекешілік әріптестік объектісі бірегей және техникалық күрделі.

Мемлекеттік-жекешілік әріптестікті жүзеге асыру тізімін Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын әлеуметтік-жекешілік жобалары сатуға берілмейтін объектілерден басқа экономиканың барлық салаларында қарастырылған. Бұл инвестицияларды тарту бойынша стратегиялық міндеттермен байланысты (мысалы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары және басқалары).

Қазіргі уақытта әлеуметтік-жекешілік әріптестік Қазастан Республикасы экономикасының және жекеше инвестицияларды тартудың басым бағыттарының бірі болып табылады, сондықтан, МЖӘ-ке ерекше көңіл бөлініп отыр. Табысты жүзеге асырған жағдайда бұл құрал мемлекетке, бизнеске және республиканың әр азаматына пайда алуға мүмкіндік береді.

Заң қабылданғануына байланысты өмірлік циклді келісім-шарттар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырмалы жұмыстарға (инновациялардағы МЖӘ) келісім-шарттар, сервисті келісім-шарттар мен лизингілі механизмдер енгізілуі есебінен МЖӘ-нің келісім-шартты формалары едәуір кеңейді.

Сонымен қоса, жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік және жекешілік әріптестердің арасында бірлескен кәсіпорын құруды болжайтын институционалдық МЖӘ-ні жүзеге асыру механизмдері анықталған.

Институционалдық МЖӘ квазимемлекеттік секторлардың субъектілері арқылы мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі болып табылатын елу немесе одан да көп дауыс беруші акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тарту арқылы тікелей инвестицияларды тартуға бағытталған.

Сонымен қоса, қолданылатын бір немесе екі кезеңдік конкурстармен қатар, тікелей сөйлесу мен МЖӘ шағын формалары бойынша жеңілдетілген процедуралармен конкурс өткізу арқылы МЖӘ шартын жасасу секілді жекешілік әріптесті анықтаудың жаңа механизмдерін енгізу ұсынылады. Жекешілік әріптесте МЖӘ жобасының негізінде жүзеге асыру үшін дайын объекті болған жағдайда тікелей сөйлесу арқылы МЖӘ шартын жасасуға болады. Жекешілік әріптес мемлекетпен сөйлесу үрдісін өздігінен бастауға және тиісті шарт жасауға құқылы.

МЖӘ негізінде жүзеге асырылатын барлық жобалар үшін мемлекеттік қолдау шаралары да қарастырылған. Олар: субсидиялар; инвестициялық шығындар өтемі; операциялық шығындар өтемі; басқару үшін сыйақы; қолжетімділік үшін төлемақы; инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілдігі; қарыздар бойынша мемлекет кепілдемесі; зияткерлік меншік объектілеріне ерекше құқықтарды беру; заттай гранттар беру;

МЖӘ жобаларын ортақ қаржыландыру; мемлекеттің тұтыну кепілі. МЖӘ туралы заңды қабылдау бюджеттік шығындар мен экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін арттырмай, мемлекеттік міндеттемелерді тиімді орындауға мүмкіндік береді.

Заңды қабылдау мақсаттары мен міндеттері бойынша МЖӘ институты экономиканың барлық салаларында неғұрлым кеңінен қолданылуына мүмкіндік береді. Бұл сот даулары туындауына әкеп соғады, тиісінше, бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру қажет.

Сонымен қатар, сенаторлар Азаматтық, Жер, Бюджет кодекстеріне және 14 Заңға өзгерістер енгізген «Мемлекеттік-жекешілік әріптестік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң жобасын екі оқылымда мақұлдады.

Бұл өзгерістерді құқық қолдану тәжірибесінде қолдану қажет.

Азаматтық-құқықтық шарт – бұл жекешілік-мемлекеттік әріптестіктің мемлекеттік-жекешілік әріптестік қатысушылары арасында келісімшарттық негізде орта мерзімді және ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынас орнатқан кезде екі тараптың мүдделерін неғұрлым көбірек ескеруге мүмкіндік береді.

Жалпы және арнайы МЖӘ үшін арнайы әзірленген МЖӘ-ні әр түрлі құқықтық құрылымдар арқылы құқықтық ресімдеуге болады. Атап айтқанда:

-концессиялық келісімдер;

-өнімді бөлу туралы келісім;

-жасалатын объектілер құқығы айқындалатын инвестициялық шарттар;

- инвестициялық міндеттемелері бар жалдау шарттары;

-бірлескен қызмет туралы шарттар;

-әр түрлі аралас шарттар.

     Заңды тұлғалардың, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың арасында квазимемлекеттік сектордың қатысуымен шарт жасау, оны өзгерту және бұзумен, сонымен бірге осы санаттағы істер бойынша келісім-шарт міндеттемелерін орындауға байланысты даулар Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген соттылығына сәйкес мамандандырылған ауданаралық экономикалы соттарда қаралады.

АІЖК-нің 31 бабына сәйкес талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылады. Заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады. Сонымен қоса, қорыту жасалып отырған санаттағы істер бойынша АІЖК-нің 32- бабына сәйкес талап арызды талап қоюшының таңдауы бойынша беруге болады.

Атап айтқанда, заңды тұлғаға да талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін.

Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

Орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін.

Қорыту мәліметтері республика соттарында АІЖК-нің аталған нормаларын сақтайтынын көрсетті.

Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, негізінен мемлекеттің, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың, олармен аффиирленген заңды тұлғалардың қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен және міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін азаматтық заңнамамен реттелетін бақылау пакетін, тауарлар мен қызметтерді сатып алу үрдісінде туындайтын даулар бойынша істер қаралады.

Егер қосымша жұмыстарды орындау қажет болса және тапсырыс беруші бұл туралы уақытылы хабардар етілсе, онда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 654-бабының талаптары орындалса, онда мердігер бюджеттік заңнамада көзделген рәсімдерді сақтай отырып, бюджеттен бөлінген және мемлекеттік сатып алу шартында айқындалған соманың шегінде оның ақысын талап етуге құқылы.

Мысалы: «ПСК ӨСКЕМЕН-ҚҰРЫЛЫС» ЖШС (әрі қарай – Серіктестік) сотқа «Шығыс Қазақстан облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы» ММ-не (әрі қарай – Құрылыс басқармасы) Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында 320 орындық мектеп пен 100 орындық интернат құрылысы және жобалық-сметалық құжаттаманы жасау бойынша 2012 жылғы 4 шілдедегі № 92 шартта көзделген өз міндеттемелерін толығымен орындағанын көрсетіп, 35 927 867 теңгені өндіру туралы талап арыз берген. 2012 жылы Серіктестік жұмыстың 83,4 %-ын нақты орындаған. Ал жобалық-сметалық құжаттамада 2012 жылғы нарықтық коэффициентте жұмыстың 41%-ын орындау көзделген болатын. Осының нәтижесінде қаржы үнемделуі пайда болған. Бұл ретте, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеген кезде жобаға қосылмаған жұмыстарды орындаған. Қосымша жұмыстар істелмесе, объект пайдалануға берілмес еді. 35 927 867 теңгеге жұмыстың орындалғаны толығымен расталған, бірақ Құрылыс басқармасы ақысын төлемеген.

Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған. Құрылыс басқармасынан Серіктестіктің пайдасына 35 683 067 қарыз өндірілген, 1 070 492 теңге мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығындары өтелген. Талап арыздың 244 800 теңге өндіру туралы қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.

 Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2014 жылғы 26 мамырдағы қаулысымен апелляциялық алқаның қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.

Істі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы және Құрылыс басқармасының өтініші бойынша қадағалау тәртібімен қараған кезде қадағалау сот алқасы Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай – АІЖК) 387 бабының 3 тармағының талаптары бұзылғанын байқамаған.

Іс материалдары бойынша 2012 жылдың 1 шілдесінде Құрылыс басқармасы (тапсырыс беруші) мен Серіктестіктің (мердігер) арасында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында 320 орындық мектеп пен 100 орындық интернат құрылысы және жобалық-сметалық құжаттаманы жасау бойынша № 92 шарт жасалған. Шарттың талаптары бойынша мердігер объекті құрылысы бойынша мердігерлік жұмыстарды толық, дайындап орындауға міндеттенген.

Шарттың бағасы 1 187 504 204 теңгені құраған. Қосымша келісімшарттарды ескере отырып, шарттың әрекет ету мерзімі 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.

Соттар 2012 жылы Серіктестік 990 486 000 теңгенің жұмысын, ал 2013 жылы 127 668 464 теңгенің жұмысын орындағанын, ал Құрылыс басқармасы оны қабылдағанын анықтаған және бұл іс материалдарымен бекітілген. Тапсырыс беруші осы ақшаны толығымен төлеген.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының 2013 жылғы 4 қазандағы салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы Актісіне сәйкес объекті пайдалануға қабылданған. Серіктестік 35 927 867 теңгеге көшеден мектепинтернатқа дейін асфальт төсеп, кіру топтарын, подъезд жолдарын, ерітілген суды шығару үшін құбырларды орнату түріндегі қосымша жұмыстарды орындаған, 111 матрас, штор-жалюзилер сатып алынған және қоршалып, жасанды жабын төселген футбол алаңы салынған.

Құрылыс басқармасы осы қосымша жұмыстардың орындалғанын, аталған мүлік сатып алынғанын дауламайды. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы бұл жұмыстарды қабылдаған.

Бірінші сатыдағы сот талап арызды ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарған кезде қосымша жұмыстарды орындау қажет болғанын және тапсырыс беруші бұл туралы ескертілгенін, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (әрі қарай - ҚР АК) 654-бабының талаптары сақталғанын негізге алған.

Сонымен қоса, қосымша жұмыстар орындалғанда ЖСҚ бойынша жұмыстардың жобалық құны артылмағаны, сметалық есеп айырысуды жобалаушы «Семстройпроект» ПИИ ЖШС тексергені және бағалауды қолдану дұрыстығы бекітілгені ескерілген. Сонымен қоса, сот орындалған жұмыстардың ақысын төлеу мәселесі жергілікті атқару билігінің әр түрлі деңгейінде шешілгенін бекітетін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының және Шемонаиха ауданы әкімінің хаттарын зерттеп, оларға құқықты баға берген.

Апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар бірінші сатыдағы соттың қорытындысымен келіскен.

Қадағалау сот алқасы дауланып отырған сот актілерін өзгертуге немесе олардың күшін жоюға негіз болатын құқықтық негіздер жоқ деп есептеген.

Серіктестіктің қосымша жұмыстарды орындағанын тапсырыс беруші білген және бұл жұмыстарды орындау фактісі нақты анықталған, құжаттармен бекітілген. Орындалған жұмыстардың жалпы құны мемлекеттік сатып алу шартында белгіленген сома мөлшерінен және бюджеттік 9 заңнамада көзделген рәсімдерді сақтай отырып, бюджеттен бөлінген сома мөлшерінен аспайды. Қосымша жұмыстар тапсырыс берушінің келісімінсіз жүргізілгені, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптары бұзылғаны туралы дәйектер жерглікті соттарда зерттеліп, оларға тиісті баға берілген. Мердігер балалардың мүддесі үшін қосымша жұмыстарды орындау және объектіні толық дайындап беру қажеттігін анықтап, мұндай жұмыстардың құны үшін сметалық есеп айырысқан. Техникалық қадағалау органы бұны тексеріп, мақұлдаған және тапсырыс беруші оған қол қойған. Одан кейін жұмыстар толығымен орындалып, Мемлекеттік бақылау комиссиясы оны қабылдаған.

Осылайша, келтірілген мән-жайлар бойынша жергілікті соттардың Серіктестіктің талабын ішінара қанағаттандыру туралы қорытындысы дұрыс.

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

Құжатты жүктеп алу