Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Лизинг шарты бойынша шарт міндеттемелерін орындаумен байланысты даулар

Лизинг шарты бойынша шарт міндеттемелерін орындаумен байланысты даулар

Лизинг шарты бойынша шарт міндеттемелерін орындаумен байланысты даулар

  Лизинг шарты бойынша шарт міндеттемелерін орындаумен байланысты даулар  

      ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 2 б. сәйкес заң нормаларында бекітілгендей қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi.

Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi (ҚР АК 565 б.).

Лизинг шартының жалдаудың басқа түрлерімен ортақ жағы, ол мүлік жалға берушіге уақытша ақылы иеленуге және қолдануға беріледі.

Сонымен бірге, оны жалдау шартының жеке түрі ретінде айқындайтын ерекше сипаттамалары бар.

Біріншіден, лизинг шарты бойынша лизинг беруші және лизинг алушымен бірге, міндетті тұлға ретінде, лизинг шартында тарап болып қатыспайтын мүлік иесі мүлік сатушысы қатысады.

Екіншіден, лизинг беруші, жалдау туралы жалпы ережелерден басқа, лизингке берілетін мүліктің титулдық иесі не меншік иесі болып табылмайды. Одан басқа, лизинг берушіге басқа тұлғаға (сатушыға) тиісті бұл мүлікті жеке меншікке алу міндеті жүктеледі.

Лизинг берушінің бұл міндеті лизинг шартынан туындайтын міндеттеме мазмұнынымен қамтылады. Мүлікті лизинг алушыға арнап алу кезінде лизинг беруші сатушыны бұл мүліктің жалға беруге арналғаны туралы хабарлауы керек.

Үшіншіден, жалгерлік қатынастарға тән емес белсенді роль лизинг шарттарында лизинг алушыда болады. Тек лизинг алушы ғана сатушыны анықтап және кейіннен жалға берілетін мүлікті лизинг алушы өзі алуы керек. Әрине, лизинг беруші зат пен сатушыны таңдағаны үшін қандай да бір жауапкершіліктен босатылады.

Лизинг шартында сатушы мен алынатын мүлікті лизинг берушінің таңдау мүмкіндігі қарастырылған.

Төртіншіден, лизинг шарты бойынша жалға берілген мүліктерді лизинг алушыға лизинг беруші емес, сатушы арқылы берілетіні туралы АК дизпозитивті норма түрінде баяндалған ережесі жалдау туралы жалпы ережелермен салыстырғанда ерекше болып саналады.

Соған қарамастан, лизинг беруші жауап беретін міндеттемелер бойынша мерзімін өткізіп алса, онда бұл міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік лизинг берушіге жүктеледі.

ҚР АК 572 б. талаптары бойынша сатушымен болатын қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi бiрлескен кредит берушi болады.

Бұл жағдайда лизинг алушы лизинг берушіден шартты бұзу мен шығындарды өтеуді талап етуге құқығы бар. Сатушының лизинг алушыға шартта көрсетілген лизинг мүлігін өткізген сәттен бастап лизинг алушыға жалға берілетін мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бұзылу тәуекелі ауысады.

Лизинг шартының нысанасы болып кез келген тұтынылмаған заттар болуы мүмкін, соның ішінде, өндірістер және басқа мүліктік комплекстер, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, транспорттық құралдар және кәсіпкерлік іс-әрекеттерде қолдануға болатын басқа жылжитын және жылдымайтын мүліктер.

Жер учаскелері және басқа табиғи объектілер, сол сияқты, еркін айналымға түсуге федералдық заңдармен тыйым салынған және ерекше ұстау тәртібі бекітілген заттар лизинг нысанасы бола алмайды.

Лизинг нысанасын иелену және қолдану құқығы лизинг алушыға толығымен ауысады, бірақ, лизинг шартымен басқаша бекітілуі мүмкін.

Осы жағдайда, лизинг алушыға уақытша иелену мен қолдануға берілген лизинг нысанасы лизинг берушінің меншігі болып табылады.

Лизинг берушінің лизинг нысанасына билік құқығы лизинг нысанасын лизинг алушының иелігі мен қолдануынан алу құқығын қамтиды, ҚР Заңдары мен лизинг шартында қарастырылған тәртіп пен жағдайларда. Кез келген шарушылық шарты жасалды деп есептеледі, егер тараптар барлық негізгі мәселелері бойынша келісімге келсе.

Лизинг шарты үшін заңда көрсетілген міндетті ереже- тек лизинг нысанасы болып табылады. Лизинг алушыға өткізілетін лизинг нысанасы болатын мүлікті анықтайтын мәліметтердің болмауы лизинг шартын жасалмаған деп есептейді.

Лизинг шарты мерзімінен тәуелсіз жазбаша түрде жасалады. Нысанасы осы мүлік болып саналатын лизинг шарты бойынша табысталатын мүлікке құқық мемлекеттік тіркелуге жатады. Мысалы, бір жылға жетпейтін мерзімге жасалған жылжымайтын мүліктің лизинг шарты.

Бұл жағдайда, лизинг шарты «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және олармен келісім туралы» ҚР заңына сәйкес лизинг берушінің меншік құқығына ауыртпалық салу ретінде тіркеледі. Лизинг берушіге тиісті лизинг нысанасын лизинг алушының иелену және қолдану құқығы ауыртпалық болып табылады.

Лизинг шарты бойынша өздерінің міндеттемелерін орындау үшін лизинг субъектілері міндетті және жанама шарттар жасасады, ол лизинг шартының маңызды ерекшелігі болып табылады. Сатып алу-сату шарты міндетті шарттарға жатады.

Сатып алу-сату шартының ережелеріне сәйкес, қаржылық жалға алу шартының затын құрайтын мүлікті сатушы, оны жалға берушіге емес, тікелей жалға алушыға оның орналасқан жерінде табыстайды, егер қаржылық лизинг шартында басқаша қарастырылмаса. Жанама шарттарға қаржы тарту шарты, кепіл шарты, кепілдік шарты, кепілгерлік шарты және басқалар жатады.

"Қаржы лизингі туралы" Заңының 15-бабының талаптарына сай лизинг шарты мынадай елеулi талаптардан тұруы керек:

1) шарттың нысанасы;

2) сатушыны және лизинг нысанасын кiмнiң таңдап алғаны көрсетiлген лизинг нысанасын сатушының атауы;

3) лизинг нысанасын лизинг алушыға берудiң шарттары мен мерзiмi;

4) лизинг төлемдерiнiң мөлшерi мен кезеңдiлiгi;

5) лизинг нысанасының құны;

6) шарттың қолданылу мерзiмi;

7) егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары;

8) лизинг нысанасының сипаттамасы. Осы талаптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған болып саналады.

Тараптардың келiсiмi бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгiзiлуi мүмкiн. Лизинг шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс. Лизинг шартының жазбаша түрде жасалуын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Лизинг шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында (ҚР АК 24 тарау) немесе лизинг шартында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады "Қаржы лизингі туралы" Заңының 20 б. талаптарына сай лизинг нысанасының сақталуы үшiн, сондай-ақ оны техникалық құжаттамада көзделген көлемде пайдалануға болмайтын жағдайға әкеп соқтырған оның жойылуына, жоғалуына, бүлiнуiне, мерзiмiнен бұрын қирауына, ұрлануына және лизинг нысанасын монтаждау, жинау немесе пайдалану кезiнде жiберiлген ағаттықтарға байланысты тәуекелдер және лизинг нысанасын нақты қабылдау кезiндегi басқа да мүлiктiк тәуекелдер үшiн жауапкершiлiктi, егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг алушы мойнына алады.

Сол сияқты, лизинг шартында лизинг берушiнiң немесе лизинг алушының лизинг нысанасын сақтандыру жөнiндегi мiндетi көзделуi мүмкiн. Егер лизинг нысанасын сақтандыруға мiндеттi тарап лизинг шартының талаптарына сәйкес сақтандыруды жүзеге асырмаған болса, басқа тарап лизинг нысанасын сақтандырып, мiндеттi тараптан сақтандыру төлемi түрiндегi шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.

Лизинг нысанасының жойылуы, жоғалуы, бүлiнуi, ұрлануы немесе лизинг нысанасының өз функцияларын жоғалтуы немесе егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты мүлiк пайдалануға жарамсыз күйде болса, лизинг алушыны лизинг шарты бойынша мiндеттемелерден босатпайды және, егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушының талабы бойынша лизинг шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға негiз болып табылмайды Лизинг шартының мазмұнын тараптардың құқықтары мен міндеттері құрайды. ҚР АК 565 б. 1 т. сай лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.

Осы баптың 2 т. сәйкес лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүзеге асырады деп көзделуi мүмкiн.

Осы нормада Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен лизинг шартының жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi белгiлену мүмкiндігі қарастырылған.

Атап айтқанда, 09.01.2012 ж. № 534-IV "Индустриялық – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" ҚР Заңының 14 б. сәйкес қарастырылған:

  1. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландыруды, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн орта және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге арналған лизингтiк қаржыландыруды Қазақстан Даму Банкi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
  2. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн жүзеге асырылады.
  3. Лизингтiк қаржыландыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне он жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландырудың, лизингтiк қаржыландырудың шарттары мен тетiктерiн "Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландырудың, индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерін лизингтік қаржыландырудың шарттары мен тетіктерін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 745 Қаулысында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Лизинг шартының негізінде лизинг беруші лизинг алушыға лизинг нысанасы ретінде белгілі бір шарттармен, белгілі бір уақытқа, белгілі бір ақыға табыстау үшін белгілі бір мүлікті белгілі бір сатушыдан меншігіне алуды міндеттенеді. Өз кезегінде, лизинг алушы лизинг нысанасын аталған лизинг шартында көрсетілген тәртіпте қабылдауға, лизинг берушіге лизингтік төлемдерді лизинг шартында қарастырылған мерзімдер мен тәртіпте төлеуге, лизинг шартының мерзімінің аяқталуына байланысты лизинг нысанасын қайтаруға, егер аталған лизинг шартымен басқа ждағдайлар қарастырылмаса, немесе сатып алу шарты негізінде лизинг нысанасын меншігіне алуға, лизинг шартының мазмұнынан туындайтын басқа міндеттемелерді орындауға міндеттенеді.

ҚР АК 566 б. ережелеріне сай лизинг нысанасы болып үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар бола алады. Кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүлік лизинг нысанасы бола алады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

Сонымен бірге,"Қаржы лизингі туралы" Заңының 4 б. талаптарына 3 т. сай заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.

Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, оны лизинг беруші басқа лизинг алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.

Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.

Қаржы лизингі шартының ерекшелігі болып лизинг алушының нысанасын құрайтын мүліктің сапасы мен жиынтықтылығы, жеткізу мерзімі, сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын басқа талаптарды тікелей мүлікті сатушыға қоя алады.

Лизинг төлемдерi ретінде, "Қаржы лизингі туралы" Заңының 21 б. талаптарына сай- лизинг шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн ескере отырып, есептелуге тиiс және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты бойынша төлемдердiң жалпы сомасын бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:

1) лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;

2) лизинг бойынша сыйақы.

ҚР АК 570 б. талаптарына сай лизинг шартына сәйкес төленуге тиiстi мерзiмдiлiк төлемдерi мүлiктiк шарт жасасқан кездегi баға бойынша құнының барлық немесе елеулi бөлiгiнiң амортизациясы ескерiле отырып есептелуі мүмкін.

Лизинг шартының субъектілік құрамы мен спецификасы даудың осы санатындағы ведомстволық бағыныстылығының ерекшеліктерін анықтайды.

ҚР АК 566-б. ережелеріне сай, кез келген тұтынылмайтын заттар қаржылық жалдың «лизингтің» нысанасы бола алады.

Осыған байланысты, лизинг шартының субъектілері ретінде лизинг беруші (жалға беруші) тароапынан және лизинг алушы (жалға алушы) тарапынан коммерциялық ұйым (заңды тұлға) және жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азамат бола алады.

Сонымен, ҚР АК 30-б. талаптарына сәйкес мынандай қорытынды жасауға болады: лизинг шартынан туындайтын даулар тек мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың құзырына жатады. Қаржы лизинг шартынан туындайтын ең көп таралған сот дауларының қатарына жатқызуға болады:

  1. лизингтік төлемдер бойынша қарыздарды өтеу туралы лизинг берушінің талаптары;
  2. лизинг берушінің қаржылық жалға беру шартын бұзу туралы және лизинг шарты бойынша табысталған мүлікті қайтаруға лизинг алушыны міндеттеу;
  3. лизинг алушының қаржылық жалға беру шартын бұзу және шығынды өтеу туралы талаптары.

Ескерілуі қажет: негізгі қарыз ретінде мәлімделген қаржы қаражатын өндіру туралы талаптар АК 351 б. сай есептелген бөтен ақша қаражатын қолданғаны үшін пайызын немесе шарт айыпақысын өндіріп алу туралы талаптарымен толықтырылуы мүмкін.

Талап қою талаптарының тақырыптарының әртүрлілігін ескере отырып, даудың әр қатегориясы бойынша дәлелдеу ерекшеліктерін атауға болады.

Сонымен бірге, талаптың барлық санаттары үшін құрылған шарттың құқықтық сипаттамасын орнату міндетті болып табылады, егер шартты құру кезінде төмендегі нақты жағдайлар зерттелсе:

1) тараптардың еркін білдіруі қандай құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған;

2) шарт өз сипаты бойынша қаржы лизинг шартына жата ма;

3) шын мәнінде құрылған шарт оның ережелеріне қатысты заң талаптарына сай ма.

Берілген талаптың сипатынан тәуелсіз сотқа ұсынуға жататын міндетті дәлеледемелердің қатарына лизинг алушының лизинг нысанасын алу фактісін куәландыратын дәлеледемелерді жатқызуға болады (лизинг алушыға мүлікті табыстау бойынша міндеттемелерді бұзуға негізделген талаптардан басқа).

Сонымен бірге, егер лизинг шартының нысанасы жылжымайтын мүлік болса немесе лизингке табысталған мүліктің құрамына енсе, онда ондай шарттың мемлекеттік тіркелуі туралы куәландыратын дәлеледемелерді ұсыну міндетті болып табылады.

Қаржы лизинг шартынан туындаған істер бойынша

Дәлелдеу тақырыбына дәлелдеу кіреді:

1) қаржылық жалгерлік шартына тікелей негізделген шарттық құқықтық қатынастардың болуы;

2) шарттың ережелеріне сапасы мен жиынтықтылығы мақсатқа сай міндеті бойынша сай келетін мүлікті лизинг берушіден лизинг алушыға беру фактісінің;

3) лизинг алушымен қаржылық жалгерлік шартында анықталған төлемдердің мерзімділігін, өлшемін, әдісін, нысанасын анықтайтын шарт бойынша қабылданған міндеттемелердің бұзылуы және соның салдары ретінде лизингтік төлемдер бойынша берешектің жалпы мөлшері;

4) лизингтік төлемдердің мерзімін ұзартудың болуы (болмауы).

Дәлелдеу затын анықтау кезінде шарттың ережелерінің қорытудын жүргізу лизингтік төлемдердің құрамына қандай сомалар кіретінін анықтауға мүмкіндік береді.

Лизинг берушінің талап бөлімінде лизингтік төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу бойынша лизинг туралы Заңның 21-бабында бекітілген ерекшеліктерді ескеру қажет, атап айтқанда:

1) лизингтік төлемдердің мөлшері, іске асырылу әдісі, мерзімділігі тікелей лизинг шартында анықталады.

2) Лизингтік төлемдердің мерзімін ұзарту шарт ережелерінде қарастырылуы мүмкін.

3) Лизинг нысанасын нақты табыстау керек (шартта басқа жағдайлар қарастырылмаса).

Дәллелдеу ауыртпалығына қатысты лизинг беруші лизинг алушының шартта қабылданған міндеттемелерді бұзуы туралы мәлімделген жағдайлардың болуын дәлелдеуге міндетті. Қажетті дәлелдемелердің қатарына шартта анықталған төлемдердің мерзімділігіне, өлшеміне, әдісіне, нысанасына қатысты нақты міндеттемелерді бекітуге бағытталған дәлелдемелерді жатқызуға болады.

Осыған байланысты, соттың лизинг шартын ұсынуы және зерделеуі міндетті болып табылады.

Лизингтік төлемдерді төлеу туралы мәліметтерден тұратын шарт ережелеріне сәйкес келетін қаржылық құжаттар мәлімделген жағдайларды растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдемелер болып табылады.

Егер лизингтік төлемдерді төлеу лизинг берушінің төлем құжаттарын ұсыну негізінде жүргізілген жағдайда, сотқа олардың лизинг алушыға бағытталғанын растайтын дәлеледемелерді сәйкес қаржы құжаттарына тіркеп беру керек.

Лизинг нысанасына қатысты қолдану және иелену құқығы және соған сәйкес, лизинг алушының лизингтік төлемдер бойынша міндеттемелері осы мүлікті оған табыстаған сәттен басталады (шартпен анықталған басқа жағдай болмаған жағдайда).

Осы себепті лизинг алушының лизинг нысанасын өткізу және қабылдау (қабылдау және өткізу актісі) фактісін растайтын дәлелдемелерді зерттеу міндетті болып табылады.

"Қаржы лизингі туралы" ҚР Заңың 23 б. талабы бойынша лизинг алушы лизинг нысанасын қайтаруға тиiс, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу құқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алу құқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бұрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда.

Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу құқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген құқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бұрын тоқтатылса, сондай-ақ, лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс.

Қайтарылатын лизинг нысанасының жай-күйi осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн болса, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушiге келтiрiлген залалды өтейдi.

Егер лизинг нысанасы лизинг алушының дұрыс пайдаланбауы салдарынан оның техникалық сипаттамаларында ескертiлген мерзiмнен бұрын қалыпты жұмыс жағдайынан шығып қалып, лизинг берушiге қайтарып берiлсе, онда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг алушы лизинг берушiге залалды өтеуге мiндеттi. Егер лизинг алушы лизинг нысанасын қайтаруға мiндеттi болғанымен, оны қайтармаса, не дер кезiнде қайтармаса, лизинг берушiнiң бүкiл кешiктiрiлген кезең үшiн лизинг төлемдерiн төлеудi талап етуге құқығы бар.

Егер лизинг төлемдерi лизинг берушiге келтiрiлген залалдың орнын толтырмайтын болса, оның осы залалды өтеудi талап етуге құқығы бар.

 Мұндай талаптарда дәлелдеу нысанасына лизинг берушінің жолсыздықтарды растауы мен лизинг алушының шарт бойынша міндеттемелері кіреді. Қаралып отырған дау санатты бойынша дәлелдемелердің қатарына шартта тараптармен ескертілген даусыз және айқын бұзылатын міндеттемелердің бар екенін куәландыратын дәлелдемелерді жатқызуға болады (мысалы, лизинг алушының лизингтік төлемдерді төлеуі туралы міндеттемелерді бұзуы).

"Қаржы лизингі туралы" ҚР Заңың 24 б. талабы бойыншализинг берушi лизинг нысанасын мына жағдайларда даусыз талап етуге құқығы бар.

1) егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе;

2) егер лизинг алушы лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн шектесе;

3) егер лизинг алушы белгiленген көлемдегi лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн шартта көзделген мерзiмде қатарынан екi немесе одан көп рет төлемесе даусыз талап етуге құқығы бар.

Сол сияқты, қаржы лизингі шарттарында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, талапкердің лизинг нысанасын даусыз талап ету құқығы қарастырылған.

Лизинг нысанасын даусыз талап ету Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес бұйрық iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүзеге асырылады. Сот бұйрығын шығару үшiн лизинг берушi:

1) өтiнiш;

2) лизинг шартын;

3) өтiнiш берерден кемiнде бiр ай бұрын лизинг алушыға жiберiлген лизинг нысанасын ықтимал талап ету туралы жазбаша ескертудi;

4) лизинг алушының лизинг төлемдерiн нақты төлегенiн растайтын құжаттарды тапсырады. Лизинг алушы сот бұйрығының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде лизинг нысанасын талап ету туралы мәлiмделген талапқа бiлдiрген қарсылығын кез келген байланыс құралдарын пайдалана отырып, бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы.

Жоғарыда аталған өзгешеліктердің ішінен сапасы тиісті емес лизинг нысанасын табыстау кезінде түсірілген шығындарды өтеу туралы лизинг алушының лизинг нысанасын беруші мен сатушыға арналған лизинг шартының талаптарымен байланысты талаптарды атап өтуге болады.

Дәлелдеу заттары мен сотқа ұсынылатын дәлеледемелерді анықтау кезінде шығындарды өтеу туралы талаптарға ұсынылатын жалпы талаптардан басқа лизингтік құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін ескеру керек.

Сонымен, лизинг туралы Заңның 3 б. сай сатушының лизинг нысанасын сатып алу-сату шартына байланысты міндеттерін орындамау тәуекелі мен осыған байланысты шығындарды өтеуге сатушыны таңдаған лизинг шартының тарабы жауапты, лизинг шартында басқаша көзделмесе ҚР АК 572 б. 2 т сай егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн жауап бермейдi.

Сатушыны лизинг берушi таңдайтын жағдайда, лизинг алушы сатып алусату шартынан туындайтын талаптарды тiкелей өз қалауы бойынша бiрдей жауап беретiн мүлiктi сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы.

Жоғарыда айтылғандай, жалға берушінің лизинг нысанасын сатушыны таңдау үшін жауапкершілігі туралы шарттардың болуына қатысты соттардың лизинг шартын зерттеуі міндетті болып табылады. Сатушының жауапкершілігіне байланысты сатушының міндеттерін бекітетін ҚР АК 422 б. 1 т.сай сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi.

Дәлелдеу затының міндетті компоненттеріне міндеттемелерді орындамау немесе тиісті емес дәрежеде орындау, шығындардың болуы және оның мөлшері, олардың арасындағы себептік байланыс, сол сияқты міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамаған тұлғалардың кінәсі жатады.

Аталған жағдайлар мына дәлелдемелерді қолдану арқылы бекітіліуі мүмкін:

1) Қаржы лизингі шарты;

2) Мәлімделген өтелетін шығын мөлшерін растайтын қаржылық құжаттар;

3) Лизинг нысанасын өткізу-қабылдау актілері;

4) Лизинг алушыға табысталған лизинг нысанасының сапасының шарт ережелеріне сай емес екендігін растайтын дәлелдемелер.

 Сотқа жүгінудің негізі болып лизингтік төлемдерді өз кезегінде жүргізбеу және лизинг нысанасын қайтарудан бас тарту болып табылады.

ҚР АК 565 б. 1 т. сай лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi. "Қаржы лизингі туралы" ҚР Заңының 24 б. 2 т. сәйкес лизинг берушiнiң лизинг нысанасын мына жағдайларда даусыз талап ету құқығы бар:

1) егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе;

2) егер лизинг алушы лизинг берушiнiң лизинг нысанасын а қол жеткiзуiн шектесе;

3)егер лизинг алушы белгiленген көлемдегi лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн шартта көзделген мерзiмде қатарынан екi немесе одан көп рет төлемесе даусыз талап етуге құқығы бар.

Ислам лизингісін исламдық қаржыландыру қағидаттары

"Қаржы лизингі туралы" ҚР Заңы 27.04.2015 № 311-V Қазақстан Республикасының Заңымен 24-1; 24-2; 24-3; 24-4 баптарынан тұратын ислам лизингісін іске асыру туралы 2-1 тарауымен толықтырылды.

24-1-бабына сай ислам лизингісін іске асырудың талаптары анықталған, мұнда ислам лизингі бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалар исламдық қаржыландыру қағидаттарын, сондай-ақ осы бапта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті екені көрсетілген. 2 тармақа сай исламдық қаржыландыру қағидаттары болып табылады:

  1. лизинг берушінің темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруына тыйым салу;
  2. лизинг берушінің ислам лизингіне жататын ақшаны инвестициялаудан түскен пайыздар түрінде сыйақы алуына тыйым салу болып табылады. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі сыртқы тәуелсіз сарапшы (бұдан әрі – сыртқы тәуелсіз сарапшылар) лизинг беруші мен лизинг алушының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқ құқылы.
  3. Лизинг алушының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін лизинг нысанасын пайдалануына немесе оны қосалқы лизингке беруіне жол берілмейді.
  4. Лизинг нысанасына меншік құқығы лизинг алушыға ислам лизингі шарты бойынша лизинг берушінің алдындағы міндеттемелерді ол орындағаннан кейін жеке келісім негізінде өтеді.
  5. Лизинг нысанасы лизинг алушыға берілгеннен кейін лизинг алушы лизинг төлемдерін төлеуді жүргізеді.
  6. Лизинг алушының міндеттемелерді ішінара немесе толық көлемде орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасын лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың шешімі бойынша қайырымдылық көмекке жіберуі мүмкін.
  7. Ислам банкі болып табылмайтын лизинг беруші өзге де қызмет бойынша кірістер мен шығыстардан ислам лизингі бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізеді.

24-2-бабының талаптарымен Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қызметі айқындалған, ислам лизингі мәмілелерінің сәйкестігін айқындау үшін лизинг беруші міндетті түрде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құратыны айтылған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда, лизинг беруші исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті құрмай, ислам лизингі мәмілелерінің исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

Сыртқы тәуелсіз сарапшыларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынымы бойынша лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды лизинг берушінің директорлар кеңесі айқындайды.

Лизинг берушінің ислам лизингін реттейтін ішкі нормативтік құжаттары исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылардың оң қорытындысы болған кезде лизинг берушінің директорлар кеңесінің бекітуіне жатады.

Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және оның мүшелеріне қойылатын талаптар лизинг беруші акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен ережеде айқындалады.

Сыртқы тәуелсіз сарапшылардың міндеттері, функциялары, өкілеттіктері және оларға қойылатын талаптар лизинг берушінің директорлар кеңесі бекіткен ережеде айқындалады. 24-2-бабының талаптарына сәйкес . Ислам лизингі шартында мынадай елеулі талаптар қамтылуға тиіс:

1) шарт нысанасы;

2) лизинг нысанасын пайдалану мақсатын және исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес лизинг нысанасын лизинг алушының нысаналы пайдалануын сақтау міндеттемесін көрсету;

3) лизинг нысанасын лизинг алушыға беру шарттары мен мерзімі;

4) лизинг төлемдерінің тіркелген мөлшері мен мерзімділігі;

5) лизинг нысанасының тіркелген құны;

6) лизинг нысанасының берілуіне байланысты лизинг алушы өтеуге жататын лизинг беруші шығыстарының толық тізбесі мен мөлшері;

7) шарттың қолданылу мерзімі.Ислам лизингі шартында лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне өтуі көзделмейді.

Лизинг нысанасына меншік құқығы жеке келісім негізінде лизинг алушыға өтуі мүмкін.

Лизинг берушінің меншігінде емес лизинг нысанасына ислам лизингі шарты жасалған жағдайда, ислам лизингі шартында сол уақыт ішінде лизинг берушіге лизинг нысанасын құру немесе оны меншігіне сатып алу құқығы берілетін мерзім көзделеді.

Лизинг беруші ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келмейтін мүлікті берген жағдайда, лизинг алушының ислам лизингі шартын орындаудан бас тартуға немесе ислам лизингі шартының талаптарына сәйкес келетін мүлікті лизингке беруді талап етуге құқығы бар.

Ислам лизингі шарты бойынша лизинг төлемдеріне тараптардың өзара келісуі бойынша лизинг берушінің сақтандыруға, күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстары және өзге де шығыстар қосылуы мүмкін.

Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды, сондай-ақ ислам лизингі нысанасын монтаждау және жинау кезінде жол берілген жаңсақтықтарға байланысты мерзімінен бұрын қирау жағдайын қоспағанда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы осы Заңның 20-бабының 1- тармағында көрсетілген мүліктер мен тәуекелдердің сақталуына жауапты болады.

Лизинг нысанасы жойылған, жоғалған, бүлінген, ұрланған немесе лизинг алушы жауап бермейтін мән-жайларға орай лизинг нысанасы өзінің функцияларын жоғалтқан жағдайда, ислам лизингі шарты бойынша лизинг алушы міндеттемелерден босатылады және оның ислам лизингі шартын бұзуға құқығы бар. 24-4-бабының талаптарына сәйкес исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасалмайды және орындалмайды.

Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.

Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес немесе сыртқы тәуелсіз сарапшылар орындалған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 24-1-бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміле бойынша кіріс қайырымдылыққа жіберілуге тиіс "Қаржы лизингі туралы" ҚР Заңына толықтырулардан анықталғаны, лизинг берушінің темекі, алкоголь өнімінің өндірілуіне және (немесе) саудасына, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге, ойын бизнесіне байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруына тыйым салу негізгі маңызды және негіз болып табылады.

Шартты (мәмілені) жасау, өзгерту, бұзумен және лизинг шарты міндеттемелерінің орындалуымен байланысты, республика соттарының істерді қарау бойынша тәжірибесін қорытындылау, сол сияқты ҚР заң актілеріне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету соттардың осы санатындағы істерді қарау кезінде негізінен ҚР заңдарын дұрыс пайдаланады.

Осы санаттағы істерді қорытындылау барысында аталаған санаттағы істер бойынша лизинг алушыларға қаржы жалы (лизинг) шартын бұзу және лизинг алушыны шарт бойынша берілген мүлікті қайтаруды міндеттеу туралы барлық талап арыздарды лизинг берушілер ұсынатыны анықталды.

«Қаржы лизингі туралы» ҚР заңының 12-бабының 7-т. лизинг алушының құқықтары нақты көрсетілген, егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулi түрде нашарлап кетсе, лизинг сомалары мен лизинг төлемдерiн тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы Сол сияқты, лизинг шартын бұзу (мысалы, лизинг алушының оның ережелерін орындамауы себепті) лизинг нысанасын лизинг берушіге қайтару кезінде лизинг алушы өз кезегінде Заңның 12-б. 4-т. сәйкес егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг берушi лизинг шартын бiржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретiнде төлеген лизинг төлемдерiн керi қайтаруды талап етуге құқылы. «Қаржы лизингі туралы» ҚР заңының 12-бабының талаптарына сай лизинг алушы құқылы:

1) лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және пайдалануға;

2) лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткiзу мерзiмiне қатысты және сатушы мен лизинг берушi арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға;

3) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулi түрде бұзған жағдайда лизинг берушi лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз мiндеттемелерiн орындағанға дейiн төленуге тиiстi лизинг төлемдерiн тоқтата тұруға;

4) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг берушi лизинг шартын бiржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретiнде төлеген лизинг төлемдерiн керi қайтаруды талап етуге;

5) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг нысанасы жеткiзiп берiлмеген, мерзiмi едәуiр өткiзiлiп жеткiзiлiп берiлген немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтiретiн кемшiлiктерi жойылмай жеткiзiп берiлген жағдайларда, лизинг алушының сатушыны және лизинг нысанасын таңдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап етуге, лизинг шартын бұзуға;

6) лизинг берушi лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиiстi дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге;

7) егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, егер лизинг алушы жауап бермейтiн жағдаяттарға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулi түрде нашарлап кетсе, лизинг сомалары мен лизинг төлемдерiн тиiсiнше азайтуды талап етуге құқылы.

Сомаларды қайтару немесе шығынды өтеу талаптары ҚР АК 401 б. қаралған, мұнда шартты бұзу мен өзгертудің негіздері бекітілген және ҚР АК 403 б. мұнда шартты бұзу мен өзгертудің салдарлары бекітілген. Сол сияқты, ҚР АК 401 б. 2-б. 2-т. сай тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

Сол сияқты, ҚР АК 403-б. 4-б. сай егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ.

«Қаржы лизингі туралы» ҚР заңының 1, 2-бабының 7-т. лизинг алушының құқықтары нақты көрсетілген, егер лизинг шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг берушi лизинг шартын бiржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретiнде төлеген лизинг төлемдерiн керi қайтаруды талап етуге құқылы.

Сол себепті, осы санаттағы істерді қараған кезде қаржы шартын жасасудың барлық жағдайларын жан-жақты тексеру қажет.

Қазақстандық соттардың істерін қарау практикасы осындай істердің санының аздығына байланысты осы тақырыпты толық көлемде қорытындылауға және істердің санаттары бойынша бағыт беруге мүмкіндік бермейді, бірақ осындай істерді россиялық соттардың қарауы практикада барлық жағдайларда лизинг шарты лизинг алушыда лизинг берушіге сатып алу бағасын төлеу міндетін туындатпайды, құйылған инвестицияны толық көлемде қайтара алмағандықтан, лизинг берушілер шығынға отырады, тәжірибеде қайтарылған лизинг нысанасын әруақытта тез және пайдалы түрде іс жүзіне асырылмайды.

Ресейлік соттар сот істерін қарау кезінде ең басына лизингтік жалгерлік сипаты қойылады және қаржы лизингі мәмілесінің экономикалық мәні есепке алынбайды, лизинг нысанасының сатып алу құнының есебі әртүрлі- лизинг затының нарықтық бағасын тәуелсіз бағалаушының есебі жолымен, бухгалтерлік есеп ережелері негізінде жүргізіледі.

Сол сияқты, россиялық соттар көптеген жағдайда лизингтік компаниялардың қаржы лизинг шарттарының мазмұныында шарт мерзімі біткенде барлық лизингтік төлемдері өтелген жағдайларда, лизинг нысанасына меншік құқығы лизинг алушыға ауысатыны көрсетіледі.

Мұндай тәжірибе адал емес лизинг алушылар лизинг нысанасын лизинг берушіге ұзақ уақыт қолданғаннан кейін қайтарып және лизинг берушіден лизинг нысанасының «сатып алу құнын» қайтаруды талап ететін жағдайларға әкеледі. Тәжірибеде россиялық соттар, көп жағдайларда, сатып алу құны ретінде бухгалтерлік есеп бойынша қалдық құнын қабылдайды.

Бұл лизингтік компания алынған лизигтік төлемдердің 70%-90% қайтару керек екеніне әкеліп соғады. Бұл лизинг алушы жағының негізсіз баюына әкеледі (ол лизинг нысанасын қолдану және оның құнынан пайда табады) және лизинг беруші жағын залалдарға соқтырады (лизинг нысанасын алу шығыны, кепіл міндеттемелері бойынша банкке пайыздар төлеу, сақтандыру, сақтау және ары қарай іске асыру залалдары). Көбінесе, тәжірибеде лизинг сатудан түскен табыс лизингтік компанияның барлық шығындарын жаппайды және оның қызметін тиімсіз етеді.

Лизингтік іс-әркет-мүлікті (лизинг нысанасын ) иелену және және оны лизингке табыстау бойынша инвестициялық іс-әрекет түрі: лизинг беруші қаржы қаражаттары (соның ішінде бюджеттік) көмегімен лизинг алушыға финастық қызмет көрсетеді.

Сатып алу бағасын өндіріп алу жағдайларында, егер лизинг алушы лизинг берушіге лизинг нысанасын иеленуге кеткен шығын сомасы мен басқа шығындар өтелмесе, түсім немесе егер сатып алу бағасы сомасын өндіру нәтижесінде мұндай шығындар өтелмесе, ал түсім алынбаса, міндетті түрде мұндай финанстық іс-әрекеттің экономикалық тиімділігі туралы сұрақ туындайды.

Россиялық практика көрсеткендей, соттар көрсетілген істерден істерді қарастырғанда, лизинг берушіден сатып алу құнын және лизинг алушылардан шығынды біруақытта өндіреді, б. а. бір заңды фактіден біруақытта бір жағынан негізсіз баю, ал басқа жағынан –шығындар туындайды.

Аталған санаттағы істерді қазақстандық соттарда қарау практикасы бойынша лизинг берушілер, керісінше, лизинг алушы ұзақ уақыт лизинг төлемдерiн адал төлеп, лизинг шартының қолданылу мерзiмi өткенде лизинг нысанасы лизинг алушының меншігіне ауысуы керек болса да, көбінесе лизинг шартын бұзып, лизинг нысанасын қайтаруды талап еткенін көрсетеді.

Лизинг инвестициялық қызмет қана емес, қаржылық қызмет болғандықтан, онда оның бағасына біздің еліміздің қаржылық бірқалыптылығы ғана емес әлемдегі экономикалық жағдай толығымен, әсер етеді.

Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздерін құрайды:

- Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ары қарай- ҚР АК);

- 05.07.2000 ж., № 78 «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңы 27.04.2015 ж.№311-V.өзгерістері және толықтырулармен;

- 08.01.2003, №373 «Инвестиция туралы» ҚР Заңы;

- Кеден кодексі;

- Салық кодексі; - 07.03.2014 ж. "Оңалту және банкроттық туралы"ҚР Заңы;

- 09.01.2012 ж. № 534-IV "Индустриялық – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" ҚР Заңы;

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу