МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДАУЛАР
Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру, мұрадан бас тарту үшін мерзімді ұзарту.
Мұрагерлік даулары бойынша азаматтық істердің ең жиі қаралатыны мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және мұрагер мұраны қабылдады деп тану туралы істер.
Соттармен бұндай және де басқа дауларды шешуде мұра ашылған уақытындағы қолданыстағы заңнама басшылыққа алынуы тиіс. Азаматтық кодекске, оның ішінде «Мұрагерлік құқығына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, мұра ашылған күніне қолданыста болған заңнамаға назар аударылуы қажет. 28 желтоқсан 1963 жылы Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР АК-нің 542-бабына сәйкес мұрагер мұраны ашылған күнiнен бастап алты ай iшiнде қабылдауы тиіс.
Аталған заң нормасы 1 шілде 1999 жылы Қазақстан Республика Заңымен енгізілген Казақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі) қабылданғанға дейін қолданыста болды.
ҚР АК-нің 1072-бабының талаптарына сәйкес мұрагер мұрадан бас тартпаса, мұрагерлік құқығынан айырылмаса және оны мұрагерлік етіп тағайындау туралы өсиеттік өкімді жарамсыз деп танудың салдарынан мұрагерлік құқығын жоғалтпаса, ол мұраға немесе оның бір бөлігіне (үлесіне) құқық алады.
Заң мәтінінен алты айлық мерзім алынып тасталғандығы көрініп тұр. Қазақстан Республикасының 12 қаңтар 2007 жылғы № 225 «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы және Ерекше бөлiмдер) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңымен мұрагерлікті қабылдауға алты айлық шектеу мерзімі қайта енгізілді.
Осы санаттағы істердің 2014 жыл бойынша жүргізілген қорытуда көрсетілгендей, мұрагерлер мұраны қабылдауға немесе мұраға құқық туралы куәлікті алуға заңмен бекітілген алты ай мерзімінде нотариусқа арыз бермей, мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алу жағдайлары жиі орын алатындығы байқалады.
Өз кезегінде нотариустар мұраның іс жүзінде қабылданғандығы сияқты маңызды мән-жайларды анықтамай, мұраны қабылдау туралы талап арызбен сотқа жүгіну керек екендігін түсіндіреді. Нәтижесінде мұраны іс жүзінде қабылдағандар сотқа жүгініп, сот өндірісіндегі істер санын арттырады. Сот тәжірибесінде, талап арызды сот өндірісіне қабылдау сатысында судьялар, 1 шілде 1999 жылғы Казақстан Республикасының Азаматтық кодексі қолданыста болған кезеңде ашылған мұраның қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы арыздар қабылдаудан бас тартуға жатады, деп табатын жағдайлар жиі орын алады.
Осыған орай 2014 жыл бойынша жүргізілген қорытуда бірқатар мысалдар келтірілген болатын. 2015 жыл бойынша аталған саннаттағы істерді зерделеу барысында, АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес мұндай талап арыз азаматтық сот өндірісі тәртібімен қаралып шешілмейді деген негізбен, арызданушының талап арызын қабылдаудан бас тарту жағдайының орын алғандығы қайта анықталды.
Павлодар қалалық соты судьясының 26.01.2015 жылғы ұйғарымымен А.Д.Николаенконың мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызы мұраның 03.05.2005 жылы, яғни мұраны қабылдау презумпциясы қолданылу кезеңінде ашылуына байланысты қабылданудан бас тартылған. Алайда, бұл жағдай 2014 жыл бойынша жүргізілген қорытудан бұрын орын алғандығы және оқшау екендігінің ескерілуі қажет.
2014 жыл бойынша жүргізілген қорытуда көрсетілгендей, бұл сот тәжірибесі дұрыс болып табылмайды, себебі, жалпы заң бойынша мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арыздар қаралуға жатады. Бұл талап арыз сот өндірісіне қабылданып, талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешіммен қаралуға жатады.
ҚР АК-нің 1072-3-бабының диспозициясына сәйкес егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады. Көбіне мұрагерлер талап арызында дәлелді себеп ретінде заңды білмегендігін көрсетеді.
Алайда заңды білмеушілік дәлелді себепке жатпайтындығы барлығына мәлім. Қабылданған заңдар бұқаралық ақпарат құралдарында басылады, сондықтан барлық азаматтарға қолжетімді. Судьялардың назарына, мұраның іс жүзінде қабылдануы дәлелденіп, мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алу себебі дәлелсіз болып табылған жағдайда, соттардың талапкерлерге мұраның қабылдану фактісінің анықталуын талап ету керектігін түсіндіруі тиіс екендігінің қайта салынуы қажет.
Мұраны қабылдау мерзімі жоғарыда айтылғандай тек дәлелді себептер болған жағдайда ғана қалпына келтіріледі. Алайда арызданушының талаптарын қанағаттандыра отырып, кей соттар мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алу себептерін анықтамайды және бұл себептердің дәлелділігін негіздемейді.
Осылайша, Қарағанды қаласының №2 Қазыбек би аудандық сотымен 19 мамыр 2015 жылы қаралған №2-9456/2015 азаматтық іс бойынша С.Далабаеваның «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызы қанағаттандырылған.
Дау мән-жайларынан арызданушының мұраны қабылдау мерзімін заң білместіктен өткізіп алғандығы көрінеді. Ал мұндай себеп жоғарыда көрсетілгендердің негізінде дәлелді деуге келмейді. Сондай-ақ сот мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіруін негіздемеген. Бұған қоса, талап арыздың талаптары жауапкер «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на жолданған.
Бұл қате болып табылады, себебі аталған талаптар басқа мұрагерлерге, ал олар болмаған жағдайда жергілікті атқару органына қойылуы тиіс. Осы іс бойынша талап арызды зерттеу барысында мұраны қабылдау мерзімінің өткізілуі арызданушы мен мұра қалдырушының азаматтық хал актілері жазуларында жіберілген кемшіліктерге байланысты орын алғандығы анықталды, сот болса шешімінде заң білместікке сілтеме жасаған.
Сонымен қатар, арызда дәлелді себептердің пайда болу уақыты жөніндегі мәлеметтер және аталған себептердің қашан жойылғандығы туралы сілтемелер көрсетілмеген. Бұл жағдайда талапкер мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызында дәлелді себептерді, олардың қай уақытта пайда болып қай уақытта жойылғанын көрсетуі тиіс екендігін қайта атап өту қажет.
Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 150-бабының 2-бөлігі 5-тармақшасының талаптарына сәйкес жоғарыда көрсетілгендер міндетті түрде талап арызда көрсетілуге жататын мән-жайлар болып табылады. Кейбір арызданушылар аталған мән-жайларды дәлелдемелерге жатқызады, ал соттар бұл мәнжайларға қажетті мән бермейді.
Мұндай позиция қате болып табылады, өйткені Заңнамаға сәйкес АК-тің 1072-3-бабының ережелерінде егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса және мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагер бұл мерзiмдi өткiзу себептерi жойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады делінген.
Ұқсас кемшіліктер Астана қаласының Алматы аудандық сотымен 2015 жылы 20 қазанда қаралған №2-12212/15 іс бойынша да жіберілген. АК-тің 1072-3-бабына сәйкес мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады. Осыған байланысты мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтірген жағдайда міндетті түрде мұрагер мұраны қабылдады деп көрсетілуі тиіс.
Нормативтік дерекқор
Соттармен аталған санаттағы азаматтық істерді қарау барысында келесі құқық нормалары басшылыққа алынған:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы;
-01.07.1999 жылғы Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлімі), 12.01.2007 жылы енгізіліп, 2007 жылдың 3 ақпанынан қолданыстағы өзгерістері мен толықтыруларымен;
-13 маусым 1999 жылғы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі;
-ҚР салық кодексі; -Қазақстан Республикасының 14.07.1997 жылғы «Нотариат туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 29 маусым 2009 жылғы №5 «Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер туралы» және 28 маусым 2002 жылғы «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік Қаулылары;
2007 жылы 3 ақпанда қолданысқа 12.01.2007 жылғы ҚР «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы және Ерекше бөлiмдер) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы енгізілгеннен бері мұрагерлікке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілген ҚР АК нормаларының қолданылатындығы ескерілуі қажет.
Аталған нормативтік-құқықтық актілерінде мұрагерліктің маңызды мәселелерін егжей-тегжейлі реттейтін мұрагерлік туралы жалпы ережелерге, өсиет бойынша мұрагерлікке, заң бойынша мұрагерлікке және мұра алуға қатысты нормалар айқындалған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
НП ВС РК от 29 июня 2009 года №5 каз
27 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 29 июня 2009 года №5 рус
28 рет жүктеп алынды