Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Салық заңнамаларының бұзылуы туралы даулар бойынша

Салық заңнамаларының бұзылуы туралы даулар бойынша

Салық заңнамаларының бұзылуы туралы даулар бойынша

Салық заңнамаларының бұзылуы туралы даулар бойынша

Салық қызмет органдарының жеке тұлғадан салық және басқа да міндетті төлемдер өндіру бойынша

Кері қайтарылған талап арыздардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай – АІЖК) 154-бабы 1-бөлігінің 2 тармақшасына сәйкес, яғни іс осы соттың соттауына жатпауына байланысты және 154-бабы 1-бөлігінің 4 тармақшасына сәйкес, яғни арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойуына байланысты кері қайтарылған.

Сонымен қатар, талап арыздар АІЖК-нің 153-бабы 1-бөлігіне сәйкес, яғни арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпауына байланысты қабылдаудан бас тартылған. АІЖК-нің 247-бабы 3-бөлігіне сәйкес, талап қоюшының талабынан бас тартуына байланысты азаматтық іс өндірістен қысқартылған.

Сондай-ақ азаматтық істер бойынша қараусыз қалдырылған істердің басым көпшілігі АІЖК-нің 249-бабы 3,6,9 бөліктеріне сәйкес, яғни арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болуына, здерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмеуіне және алап арызды қайтару туралы арыз берілуіне байланысты қараусыз қалдырылған.

Талап арыздарды қабылдаудан бас тарту, кері қайтару, азаматтық істерді қысқарту және қараусыз қалдыру туралы соттардың ұйғарымын зерделеу кезінде, аталған мәселені шешкен кезде соттармен процессуалдық заң талаптары сақаталатыны көрінеді, сот актілерінде қабылданған шешімнің себептері мен сілтемелері анық жазылған.

АК-тің 8-бабына башылыққа алатын болсақ, мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

Аталған даулар, АІЖК-нің 31 тарауында көзделген соттылық талаптарын сақтай отырып, жалпы юрисдикциялы соттар қараған. АІЖК-нің 31 бабына сәйкес, талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылады. Сот актілерін зерделеу барысында, соттардың талап арызды қабылдаған кезде осы талапты сақтай отырып, қабылдайтындығы анықталды.

Талап арыз АІЖК-нің 150, 151-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келу керек.

Талап арызға, міндетті түрде салық қызмет органдарының өз талабын негіздеп тұрған дәлелді құжаттарды тіркеу қажет. Талап арызды қабылдаудан бас тарту тек АІЖК-нің 153-бабы 2- бөлігінде көзделген негіздермен жүргізілу керек.

АІЖК-нің 154-бабы 1-бөлігінің 2,7 тармақтарында көзделген негіздермен талап арыз талап қоюшыға қайтарылуы мүмкін. Талап арызды сот өндірісіне қабылдаудағы сот тәжірибесі АІЖК-нің 150,151-баптарына сәйкес келеді, және дұрыс қабылданған.

Салық кодексінің 19-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында салық қызметі органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талаптар қоюға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талаптар қоюға құқығы белгіленген.

Салық кодексінің 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасынан салық қызметі органдарының негізгі міндеті салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету болып табылатындығы туындайды.

Салық кодексінің 26-бабының 1-бөлігіне сай салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады.

Оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті Салық кодексінің 405-бабының 1-бөлігіне, 403- бабының 1,2,3- тармағына, 373, 365-баптарына сәйкес жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі мүліктерді, жерді, транспортты пайдалану күнінен бастап (бұдан әрі – пайдалану кезінен бастап) мүлік салығын салу объектісі болып табылады.

Жеке тұлғаның мүлік салығын салу объектісі мүлік салығын салу объектісі Қазақстан Республикасының аумағында болу қажет.

Салық кодексінің 409-бабының 7-бөлігінде бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері: құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері; пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізілетіні көзделген.

Салық кодексінің 391-бабының 3-бөлігіне сай жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

Салық міндеттемелері ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейін туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектісіне меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Салық кодексінің 622-бабында жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе оның мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінетіндігі белгіленген.

Салық кодексінің 12-бабы 1-тармағының 32) тармақшасында салық берешегі бересі сомасы, сондай-ақ төленбеген өсімпұл мен айыппұлдар сомасы ретінде айқындалғанын ескеру керек.

Есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы бересі болып табылады (Салық кодексінің көрсетілген нормасының 5) тармақшасы).

Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері Салық кодексінің 55- бабында белгіленген. Егер салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын салық төлеушінің өзі салық декларациясында не салық органы немесе уәкілетті мемлекеттік орган Салық кодексінің нормаларына сәйкес есептесе немесе салық органы заңдық күші бар салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада есептеп жазған жағдайда ғана салық органының талабын судья немесе сот қанағаттандыра алады.

Салық кодексінің 607-бабында салық қызмет органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады.

Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді. Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге (салық агентіне) мынадай мерзiмдерде: осы Кодекстің 32-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салық сомалары туралы – есептеу күнінен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жіберіледі.

Хабарлама салық төлеушiге (салық агентіне) өзiнің қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс. Бұл ретте, төменде тізбеленген тәсілдердің біреуімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда: - почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде – салық төлеушінің (салық агентінің) почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап; - электрондық тәсілмен жіберілгенде – веб-қосымшада хабарламаны салық органы жіберген күннен бастап хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылды деп есептеледі.

Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады. Хабарламаны алғаннан кейін жеке тұлға хабарламада көзделген салықты өздігінен дер кезінде төлеу қажет. Егер өз беттерімен белгіленген мерзімде төлемесе онда салық қызметі органдары салықты және басқа да міндетті төлемдерді өндіру туралы сотқа талаппен жүгінеді. Салық қызметі органдарының жеке тұлғалалардан салық және басқа да міндетті төлемдерді өндіру туралы азаматтық істер қарау барысында қиындық тудырмайтын, күрделі емес санаттағы істерге жатады.

Республика соттары аталған санаттағы істерді қараған кезде салық қызметі органдарының арыздары Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу кодексінің талаптарына сай берілген бе, салық қызметі органдарымен барлық дерлік дәлдемелік құжаттарды тапсырылған ба, жеке тұлғаның мүліктік, жер, көлік құралдары салығы және басқа да міндетті төлемдер заң талабына сәйкес дұрыс есептелген бе, салық қызметі органының хабарламасы жеке тұлғаға дер кезінде тапсырылған ба, жеке тұлғаның салық қызметі органының хабарламасын алғаны жөнінде деректер бар ма осы фактілерді жетік тексерген.

Соттар аталған фактілер толық болған жағдайда ғана істі негізінен шешу мәселесін қараған. Салық Кодексінің 405-бабына, 403-бабының 1-бөлігіне, 373-бабы 1- бөлігінің 1,2,3, 365-бабының 1-бөлігіне сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап (бұдан әрі – пайдалану кезінен бастап) мүлік салығын салу объектісі болып табылады Салық Кодексінің 409-бабы 7-бөлігіне сәйкес, бюджетке салық төлеу пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі. Жеке меншiк құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы, бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

Салық Кодексінің 391-бабы 3-бөлігіне сәйкес егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасын негiзге ала отырып, ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жүргiзедi.

Мысалы, «Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің (әрі қарай – мемлекеттік кірістер басқармасы) жауапкер А.В.Ремишевскийге талап арызбен жүгінген. Талап арызда жауапкердің атағына жеке меншік тіркелгендігін, алайда 2014 жылға аталған мүлік бойынша салық төлемдерін төлемегендігін, сол себептен 293 тенге көлемінде салық берешегі пайда болғандығын көрсеткен, яғни мүлік салығы 251тенге, өсімпұл 20 тенге, жер салығы бойынша 12 тенге, өсімпұл 10 тенге. 2014 жылғы 14 желтоқсандағы №09000171306 Қазақстан Республикасы Салық заңнамасында көрсетілген кемшіліктерді жөндеу туралы хабарламаға сәйкес, жауапкер салық төлемдері және мемлекет кірісіне өзге де міндетті төлемдер бойынша пайда болған берешек анықталғандығы туралы және оны төлеу қажет екені жөнінде хабарланғандығы сотпен анықталды. Яғни, млік салығы (КБК 104102) бойынша 251 тенге көлемінде, өсімпұл 20 тенге, жер салығы (КБК 104302) бойынша 12 тенге, өсімпұл 10 тенге.

Аталған хабарлама салық төлеуші – жауапкерге табысталған. Хабарламада көрсетілген уақыт ішінде жауапкер салық төлемдері бойынша берешегін төлемеген. Салық Кодексінің 610-бабына сәйкес, өсiмпұл салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгi күннен бастап, мерзімі өткен әрбiр күн үшiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күндi қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есепке жазылады. Сотқа келіп түскен берекшекті есептеу туралы хабарламаға сәйкес, берешек уақыты Салық қызмет органымен жауапкердің атына мүлік тіркелген уақыттан бастап есептелген.

 Аталған хабалама жауапкермен дауланбаған. Әр төленбеген күнін есептегенде, 2014 жылдың 1 қазанынан бастап өсімпұл сомасы мүлік салығы бойынша 20 тенге, жер салығы бойынша 10 тенгені құрады. Яғни, бірінші саты сотының шешіміне сәйкес Салық қызмет органының салық берешегін және өсімпұлды өндіру туралы талап арызы орынды қанағаттандырылған.

Салық кодексінің 26-бабына сәйкес, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.

Мемлекеттің салық органы арқылы салық төлеушіден (салық агентінен) оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 610-бабының 3-тармағына сәйкес өсiмпұл салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгi күннен бастап, мерзімі өткен әрбiр күн үшiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күндi қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есепке жазылады.

Жоғарыдағылардың негізінде, сот салық қызметі органының талап арызын орынды қанағаттандырған.

Салық кодексінің 14-бабы 1-бөлігінің 1-тармағын басшылыққа алсақ салық төлеуші осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті.

 Салық кодексінің 373-бабы 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, жеке меншiк құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

Салық кодексінің 391-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

Салық кодексінің 388-бабының 4-бабын басшылыққа алсақ, бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiлетіндігі анықталады.

Салық кодексінің 12-бабы 1-бөлігінің 32-тармағын басшылыққа алатын болсақ, салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы, ал осы бөліктің 5-тармағын алатын болсақ, бересі - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде көрсетілген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомасы болып танылады.

 Жауапкерге 13.05.2014 жылы салық міндеттері бойынша кемшіліктерді жөндеу жөнінде хабарлама жолданғаны сотта анықталды.

Салық қызметі органының хабарламасы мен есептеріне сәйкес, жауапкердің талап қоюшы алдында жер салығы бойынша жалпы берешек сомасы 20 788 911 тенгені құрайды, оның ішінде жалпы салық сомасы 9 643 005 тенгені, өсімпұл сомасы – 11 145 906 тенгені құрайды.

Жауапкер қазіргі уақытқа дейін жер салығын төлеу бойынша салық міндеттерін орындамағандығы сотта анықталып, іс материалдарымен дәлелденді. Яғни жауапкермен Салық кодексінің 26 бабының 1 бөлігінде көзделген міндеттері бұзылған.

Салық кодексінің 610-бабының 3-бөлігіне сәйкес өсiмпұл салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгi күннен бастап, мерзімі өткен әрбiр күн үшiн, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күндi қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есепке жазылады.

«Ақтобе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ-нің жауапкер Б.У.Байжомартовқа салық сомасын және өсімпұлды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген, талап арызында 13.08.2013 жылғы №449 және №448 шарт негізінде алынған жер участкесін пайдалану бойынша жауапкермен 10 966 092 тенге көлемінде 105315 коды «Жер участкесін пайдалану бойынша төлем» бойынша салық төлемдерінің және 1 294 000 тенге көлемінде өсімпұл бойынша кемшіліктері жіберілгендігін көрсеткен.

Соттан жауапкерден аталған берешек сомасын және өсімпұл сомасын өндіруді сұраған.

Салық декларациясында табыс сомасы салық төлеушінің өзімен есептелсе немесе салық тексерулері барысында салық қызмет органымен анықталған жағдайда ғана, жеке тұлғалардан салық төлемдері бойынша берешекті салық қызмет органының талабы бойынша өндіретіндігі сотпен анықталған.

 Яғни «Ақтобе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ-мен Б.У.Байжомаровтың Салық кодексінің 14 бабы 1 бөлігінің 1 тармағының талаптарын бұзғандығы, яғни 13.08.2013 жылғы №449 және №448 шарт негізінде алынған жер участкесін пайдалану бойынша жауапкермен 10 966 092 тенге көлемінде 105315 коды «Жер участкесін пайдалану бойынша төлем» бойынша салық төлемдерінің және 1 294 000 тенге көлемінде өсімпұл төленбеген.

Құжаттардан анықталғандай, жауапкер 25.11.2012, 25.02.2013, 25.02.2014 жылға дейінге мерзімге дейін жер участкесін пайдалану бойынша төлемді төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағандығы анықталды. (код 105315) 21.02.2014 жылғы №07000021266 камералдық бақылау негізінде салық төлеушіге забарлама табысталғандығы анықталды.

 Іс материалдарынан көрінгендей, «Ақтобе қалалық жер қатынастар басқармасы» ММ мен Б.У.Байжомартовтың арасында 06.08.2012 жылғы №2292 Ақтобе қаласы әкімінің қаулысы негізінде, «Восток» пионерлік лагерін орналастыру үшін 06.06.2022 жылға дейін жарады жер участкесін жалға алу туралы келесі үлігілі шарттар жасақталған:

-13.08.2012 жылғы №449 – жер участкесінің көлемі 93216 кв.м. құрайды; -13.08.2012 жылғы №448– – жер участкесінің көлемі 357537 кв.м құрайды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабы 2-бөлігіне сәйкес, Мемлекет уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) берген жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын есептеу және бюджеттiң кiрiсiне төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

 Салық кодексінің 477-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi – төлемақы) мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергенi үшiн алынады.

Салық кодексінің 478-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 481-бабының 6-бөлігіне сәйкес, дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есептi салық кезеңiнiң 25 ақпанынан кешiктiрмей төлейдi.

Салық кодексінің 26-бабына сәйкес, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.

Осы кодекстің 31-бабының 1,2 тармақтарына сәйкес, Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:

1) салық органында тіркелу есебіне тұрады;

2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;

Сондай-ақ АК-тің 118-бабына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады.

Жер кодексінің 43-бабының 9-бөлігіне сәйкес, Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар беретін мынадай құжаттар:

 жер учаскесi жеке меншiкте болған кезде - жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актici;

тұрақты жер пайдалану кезiнде - тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) кезiнде – уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;

уақытша өтеусiз жер пайдалану кезiнде - уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсi жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттары болып табылады.

Б.Байжомартовта жер участкесіне құқық айқындайтын құжаттары бар, яғни сол құжаттарға сәйкес азаматтарда жер участкесіне деген белгілі бір құқықтары пайда болады. (10 жыл уақытқа жер участкесін уақытша пайдалану құқығы).

Жер участкесіне құқық куәландыратын құжаттар болып, жер қатынастары бойынша тиісті мемлекеттік органымен жер пайдаланушылар және жер участкесінің иелеріне құқықтық құжаттар негізінде берілетін жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжатты айтады.

Жер участкесіне құқықтық куәландыратын құжаттарға жеке меншiк құқығы актici, тұрақты жер пайдалану құқығы актiсi, уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсі жатады.

 Аталған құжаттар тек жер қатынастары бойынша тиісті мемлекеттік органымен беріледі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шеілдедегі №6 «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы нормативтік қаулысының 7-тармағына АК 118-бабына сәйкес, жылжымайтын заттарға меншiк құқығы және басқа да заттық құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы міндетті мемлекеттiк тiркелуге жатады.

Жеке меншiк құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге жерді пайдалану құқығы, жер учаскесін кепiлге беру немесе жер пайдалану, сервитуттар және жер учаскесіне басқа да заттық құқықтар мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады. Яғни, Б.Байжомартовтың атына шарттар тиісті органдарда тіркелмеуі осы заңнамалардың талаптары бұзылуына әкеп соқты.

Сондықтан талап алдын-ала ұсынылған. Бұл ретте, «Ақтобе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ-нің жауапкер Б.У.Байжомартовқа салық сомасын және өсімпұлды өндіру туралы талап арызы негізсіз және қанағаттандыруға жатпайды деген қорытындыға орынды келді.

Республика соттарымен Салық кодексінің 403-бабы 2-бөлігі 3 тармағының талаптары орынды қолданылады.

Мысалы, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкер Р.И.Шаймерденовке салық төлемдері бойынша берешекті өндіру туралы талап арызбен жүгініп, Р.И.Шаймерденовтың меншігінде жер участкесі бола тұра, 2014 жылға арналған салық төлемдерін төлемеуі себебінен 320 тенге көлемінде салық берешегі пайда болғандығын, жер салығы бойынша 26 тенге берешек пайда болғандығын көрсетті.

Салық кодексінің 403-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектері жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды. 11 қараша 1982 жылғы № 221740 анықтамадан, Р.И.Шаймерденов 1 топ мүгедегі ретінде танылатындығы көрінеді. Жауапкер 1 топ мүгедегі болып келеді және 1982 жылдан бастап мүгедектігі бойынша зейнетақы алушылар қатарында. Талап қоюшымен ұсынылған берешек сомасы, айлық көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегiнен аспайды.

Бұл ретте, Салық кодексінің 403-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, жауапкер мүлік салығын төлеуші болып саналмайды, яғни Степногоск қалалық сотының шешімімен талап арзды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі заңды қабылданған.

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады. 2013 жылғы 5 желтоқсандағы көлік құралдарына қатысты салық заңнамасына сәйкес негізгі қосымшалар Салық кодексінің 365 және 367 баптарына енізілген.

Сот актілерін зерделеу барысында, аталған санаттағы істерді қарау бойынша соттарда ортақ тәжірибе қалыптасқаны байқалады. Мысалы, «Алматы қаласы бойынша салық басқармасы» ММ-нің жауапкер С.Болдыреваға жеке тұлғалардан көлік құралдарына қатысты салық төлемдерін өндіру туралы талап арызы қаралған.

Салық кодексінің 367-бабына сәйкес, Салық комитетімен С.Болдыреваға 2013 жыл бойынша көлік құралдарын пайдалану бойынша 1457 тенге көлемінде, 2014 жыл бойынша 3024 тенге көлемінде салық есептелгендігі анықталды. Аталған салықты жауапкер салық кезеңінің 1 қазанына дейін төлеу қажет еді.

Алайда, жауапкер аталған берешекті өз еркімен уақытыл төлемеген. Жауапкердің, 2011 жылы автокөлікті өзге тұлғаға жекешелендіргені және осы уақыттан бері көлікке қатысты мүлік құқығы тоқтатылғандығы туралы сөздері, сотпен заңды негізге алынбаған. Азаматтық кодекстің 235, 238, 239-баптарына сәйкес, шарт бойынша мүлiк алушының меншiк құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берiлген кезден бастап пайда болады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылдғы 12 қазандағы №343 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің Ережелерінде көлік құралдарын иеліктен айыру бойынша негізгі міндеттемелер айқындалған. Аталған міндеттерге сәйкес, көлік құралын тіркеу есебінен шығаруды және көлік құралына берілген төлқұжатты, мемлекеттік нөмірді тапысурды білдіреді.

Жауапкер С.Болодырева аталған көлік құралының өзінің атына тіркелгеніне қарамастан, автокөліктің сатылғандығы туралы өзінің сөздеріне дәлел келтіре алмады. ІІБ Жол полициясының анықтамасына сәйкес, автокөлік жауапкердің атына тіркелген. Аталған мәселені жауапкердің өзі де мойындаған.

Осы негізде, жауапкер автокөліктің иесі бола тұра, көлік құралдарына салық төлеуші болып табылады. Бұл ретте, түскен талап арыз сотпен орынды қанағаттандырылған.

Басқа істің мән-жайына қарасақ, салық төлеуші көлік құралын сатқан, алайда Жол көлік полициясының тіркеу есебнен уақытылы алынбаған. Көлік құралы, яғни салық салу нысанасының болмауына байланысты салық төлеуші көлік салығынан босатылдым деп түсінген.

Алайда, Салық қызметі органдары осы көліктің тіркеу есебінде болғандығына сілтеме жасап, салық төлемдерін есептеген. Осы мәселе бойынша соттарда ортақ пікір қалыптасқан.

 Соттар, Салық кодексінің 366, 367, 368 және 369-баптарына сәйкес, салық салу нысанасы туралы ақпарат, Жол көлік полициясының тіркеу есебінде орналасқан көлік құралдары туралы мәліметтерге сәйкес анықталған. Яғни, тиісті тіркеу есебінен алынған уақытқа дейін автокөлік салық салу нысанасы болып табылады. Жоғарыдағы негіз дұрыс болып есептеледі, себебі көлік құралдарын кәдеге жарату салық төлемдерін төлеу бойынша міндеттерді тоқтатуға қажетті негіз болып саналмайды.

Соттармен Салық кодексінің 365-бабы 3-бөлігінің 5-тармағы орынды қолданылады. Салық кодексінің 365-бабы 3-бөлігінің 5-тармағына сәйкес, салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.

Жауапкерлердің мүгедектігі зейнетақы құжатымен дәлелденеді, яғни сол құжатқа сәйкес жауапкерлер өздерінің мүгедектігіне байланысты зейнетақы алушылар болып есептеледі. Жоғарыдағыдардың негізінде, Салық кодексінің 365-бабы 3-бөлігінің 5- тармағына сай, жауапкерлер көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.

Осы орайда, сотпен талап арызы қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім орынды қабылданған. Салық төлеушінің салық міндеттемесін салық заңнамасымен көрсетілген мерзімде төлеуі салық міндеттемесін ойдағыдай орындаудың жеткілікті және қажетті шарты болып табылады. Салық міндеттемесінің мақсаты орындалып, салық міндеттемесі тараптарының бір-біріне қатысты құқықтары мен міндеттемелері орындалуына байланысты салық төлеу міндеті тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық төлеушінің (салық агенті) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін (Салық кодексінің 609 бабы) қолдану үшін аталған міндеттеменің көрсетілген мерзімде орындалмауы ғана негіз болады. Міндеттеменің мерзімінде орындалмауы салық төлеушіге (салық агентіне) аталған тәсілдерді қолдануға себеп болады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 18 бабының 1 тармағына сәйкес салық қызметінің органдарына салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету жүктелген.

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелерін мерзімінде орындауды қаматамасыз ету тәсілдері және салық міндеттемелерін мәжбүрлеп орындату шаралары Салық кодексінің 85-86 баптарында көзделген, ал қазынаға төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер аталған кодекстің 55 бабында көрсетілген. Қолданыстағы салық заңнамасымен қарастырылған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану тәртібі оның қолданылу аясы мен қолданылатын субъектілерге қатысты салық заңнамасындағы бірқатар түсініспеушілік пен қайшылықтарды жойды.

Салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері жария-құқықтық сипатқа ие, тікелей салық кодексінде қарастырылған және салық органының біржақты актімен жүзеге асырылады. Қажетті негіз болған жағдайда, яғни салық төлеуші (салық агенті) салық міндеттемесінің орындау мерзімін бұзғанда, салық қызметі органы салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға міндетті.

Салық міндеттемесін мерзімінде орындамаған жағдайда салық төлеушіге қатысты қолданылатын орындауды қаматамасыз ету тәсілдері орындалмаған салық міндеттемесі мен басқа да төлемдерге қатысты есептелетін өсімпұлды қоспағанда, Салық кодексінің 611-613 баптарында көрсетілген мерзімде қолданылуы қажет.

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану Салық кодексінің 609 бабының және сонымен байланысты салық заңнамасының ұстанымдары мен қағидалары сақтала отырып, аталған кодекстің 611-613 баптарымен байланыста жүзеге асырылуы тиіс. Жоғарыда аталған орындауды қаматамасыз ету тәсілдерін қолдану алдында салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама жолданады.

Қазақстан Республикасының салық кодексінің 607-бабының 1-бөліміне сәйкес, салық органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

 Салық органдарымен жолданған өзге де құжаттар хабарлама ретінде танылмайды, яғни ондай құжаттарды орындамау аталған баппен белгіленген салдарға соқтырмайды. Салық органының хабарламасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдыру арқылы немесе тапсырылғанын қуаттайтын өзге жолмен табысталуы тиіс.

Хабарламаны алған соң салық төлеуші оны салық заңнамасында көрсетілген мерзімде өз еркімен орындауы тиіс. Егер келіскен жағдайда, салық төлеуші хабарламада көрсетілген қаржыны онда белгіленген мерзімде қазынаға төлеуге міндетті.

Салық төлеуші хабарламаны орындамаған жағдайда салық органы аталған міндеттемені оның еркінен тыс, мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға немесе салық міндеттемесін орындауға байланысты талаппен сотқа жолдану құқы туындайды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 20-бабының 1-тармағының 25-тармақшасында көзделгендей, салық органы салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық берешегін осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға міндетті. Аталған мәжбүрлеп өндіру шаралары осы Кодекстің 614-бабының 1-бөлімінде көрсетілген, жеке тұлғалардан басқа салық төлеушілерге қатысты қолданылады.

Заңды тұлғаларға қатысты сот бұйрығын шығару Қазақстан Республикасының Салық кодексінің қағидаларына қайшы келеді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 27 ақпандағы №1 «Салық заңнамасын қолданудың сот тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысының 13-тармағына сәйкес, салық кодексінің нормаларымен көрсетілген салық төлеушілерден соттан тыс тәртіппен салық берешегін өндіріп алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Сондықтан салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдар бойынша бересіні осы адамдардан өндіру туралы салық қызметі органдарының талап арыздары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6бабы 3тармағын ескеріп, заңды тұлғалардан салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіру туралы сот бұйрығын шығаруға қатысты АІЖК-нің 139бабы 1бөлігінің және 140бабының 5) тармақшасының ережелері қолданылмайды.

Бұл ереже салық қызметі органдарының салық берешегін мәжбүрлеп өндіру жөніндегі өкілеттігін көздейтін Салық кодексінің жоғарыда келтірілген нормаларына қайшы келеді. Осы себепті АІЖК-дан кейін қолданысқа енгізілген Салық кодексінің нормалары қолданылуға жатады.

Алайда, Қазақстан Республикасы аумағында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместің салық берешегін өтеуі үшін мүлкі болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда салық органдары көрсетілген берешекті резидент еместен өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы арызбен немесе талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл ретте Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімнің (Киев, 20 наурыз 1992 жыл) 4-бабының 1-тармағын және АІЖК-нің 32-бабының 3-бөлігін негізге алу қажет.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 02 шілдедегі қаулысымен қуатталған (ратификацияланған) «Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы келісімнің» (Киев, 20 наурыз 1992 жыл) 4-бабының 1-тармағына сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттің өкілетті соты аталған Келісімнің 1 тармағында көзделген дауларды қарауға құқылы, егер аталған мемлекеттің аумағында:

а) талап қойылған мерзімге(күнге) жауапкердің тұрақты тұрғылықты мекен-жайы болса немесе заңды тұлғаның орналасқан жері болса.  Егер әртүрлі қатысушы-мемлекет аумағында тұратын бірнеше жауапкер іске қатысатын болса, дау талап қоюшының қалауы бойынша кез-келген жауапкердің орналасқан жері бойынша қаралады,

б) жауапкер мекеменің (филиалдың) сауда, өнеркәсіп немесе өзге шаруашылық қызметі жүзеге асырылады,

в) даудың мәні болып отырған шарттан туындайтын міндеттемелер орындалған болса немесе толық немесе ішінара орындалса,

г) келтірілген залалды өндіру туралы талап қоюға негіз болған әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған болса,

д) іскерлік беделін қорғау туралы талап бойынша талап қоюшы тұрақты тұрғылықты тұрса немесе орналасса,

е) шарт жасау, өзгерту немесе бұзу туралы дау бойынша контрагент-тауар беруші, мердігер немесе қызмет көрсетуші (жұмыс атқарушы) орналасқан жағдайда. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағына сәйкес тиісті жолмен қуатталған (ратификацияланған) халықаралық шарттардың ұлттық заңнамаға қарағанда заңдық күші басым болады. Қазақстан Республикасы жоғарыда аталған халықаралық Келісімнің(Киев) қатысушысы болғандықтан салық органдары заңды тұлғаларға – резидент еместерге қатысты талап қою құқымен сотқа жолдана алады.

Мүлікті тоқтамнан, тиым салудан босату мәселесі жеке тұлғалардың салық органдарына қатысты дауларына қатысты істерді қарау барысында туындайтын мәселелердің бірі. Сондықтан сот тәжірибесінің бірыңғай дұрыс жасақталуы үшін жеке тұлғалардың салық органдарына қатысты даулары бойынша қаралған азаматтық істерді қорыту кезінде, мүлікті тоқтамнан босату мәселесіне жете көңіл бөлу қажет. Аталған тәжірибе салық берешегі бар салық төлеушілерге қатысты.

Салық органымен мерзімінде орындамаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, салық төлеушінің мүлкіне шектеу қойып ол туралы шешім шығарылады. Аукцион арқылы мүлікті сатып алған дербес сатып алушы сатып алынған мүлікті өзінің жеке меншігіне салық органдарымен салынған шектеу себебінен меншік құқығы ретінде тіркей алмайды.

Сот тәжірибесіне келсек, сатып алушылар өзінің құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексінің 27 тарауы негізінде сотқа арызбен жүгінеді, немесе иеленген мүлікті арнайы тізілімнен шығаруды сұрап сотқа талап арызбен жүгінеді. Аталған санаттағы даулар талап арыз ретінде сотта қаралады.

Мүлік тізімдемесі актісінің күші ҚР Салық Кодексінің 613-бабының 10- бабында көрсетілген негіздерге сәйкес күші жойылады. Көрсетілген негіздер бойынша сәйкес келмеген, салық төлеушімен салық берешегі өтелмеген, мүлік салық төлеушінің атына тіркелген, сондықтан салық органдарымен мүлікке билікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жоюға негіз болмайды.

Сонымен қатар, салық төлеушімен салық органының шешіміне шағым келтірілмеген, сондықтан Салық органының мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімі заңды болып есептелінеді.

ҚР Салық Кодексінде шешімнің күшін жоюға басқа негіздер көрсетілмеген. Мүлікті тоқтамнан босату, басқа да тиым салулардан алу атқару өндірісімен шектелмейді Және ҚР Азаматтық Кодексінің 264, 265-баптарына қарама-қайшы. Қорыту кезінде анықталғандай, соттармен істі қарау барысында материалды нормалар дұрыс сақталынады.

Мысалы, В.А. Рычков Солтүстік Қазақстан облысының М. Жумабаев ауылының мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесіне, «Нива Шевроле» автокөлігін тиым салудан босатуды сұрап сотқа талап арызбен жүгінді. В.А. Рычков талап арызында, 16.05.2015 жылы мемлекеттік нөмері Т 518 ВО, 2008 жылғы «Шевроле Нива» автокөлігін сату туралы электронды аукционға қатысқандығын, өткізілген аукцион нәтижесінде жеңімпаз атанғандығын көрсетті. 27.05.2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысының М. Жумабаев ауылының мемлекеттік кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесімен автокөлікті сатып алу туралы келісім шартқа отырған.

Автоматты түрде сұратылған электронды есепке сәйкес, кіріс басқармасымен мүлікті пайдаланбау туралы шектеу қойылған. Сондықтан талап қоюшымен автокөлікті өзінің меншігі ретінде заңға сәйкес тіркеу мүмкін еместігін көрсеткен.

Сот Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 188,260 баптарын басшылыққа алып, талап қоюшы заң талаптарына сәйкес өзінің меншік құқығына сай мүлігін өз қалауынша иелене алады және оған билік ету құқығына ие деген тұжырымы негізді, талап қоюшының мүлікті босатуды сұраған талабы заңды деп санап, 11.09.2015 жылғы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды, мүлік тоқтамнан босатылды.

Сонымен қатар,салық органдарынан залалдың құнын өтеу туралы азаматтық істерге де тоқталған жөн. Е.В. Демин Маңғыстау облысының Ақтау қаласының кірістер басқармасы мемлекеттік мекемесінің іс-әрекетін заңсыз деп тануды және келтірілген залал құны 104 781,74 теңге, моралдық залал 50 000 теңге өндіруді сұрап сотқа талап арызбен жүгінді. Талап қоюшы талап арызында, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп тұрғанда салық органдарымен камералды тексеріс жүргізілгенін, тексерістен кейін өзінің жеке кәсіпкерлігінің қысқаруына байланысты есептен шығаруды сұрап жүгінгені көрсетті.

Алайда, салық басқармасымен жеке кәсіпкер Е.В. Демин заңда көрсетілген мерзім ішінде жеке кәсіпкер ретінде есептен алынбаған және 28.06.2013 жылы 26.03.2014 жылы салық басқармасымен Е.В. Деминнің «Темірбанк» акционерлік қоғамындағы депозиттік шотының шығыс операцияларын тоқтату туралы өкім шығарылған, сондықтан оған 104 781, 41 теңге материалдық залал келтірілген. ҚР АІЖК-ның 282-бабының 1-тармағына сай, сот арызды орынды деп танып, тиісті мемлекет органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің азаматтың және заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға жол берілген бұрмалаушылықты толық көлемінде жоюға міндеттілігі туралы шешім шығарады.

Сот отырысында анықталғандай, жауапкердің өкімімен талап қоюшының «Темірбанк» акционерлік қоғамындағы шығыс операциялар екі рет тоқтатылған, яғни №19403 санды 28.06.2013 жылғы, №49337 санды 26.03.2014 жылғы. Жауапкер талап қоюшы Е.В. Деминаның салықтық есебін ұсынбағаннан кейін өкім шығарылғанын растап отыр. Маңғыстау облысының Ақтау қаласының №2 қалалық сотымен Е.В. Деминнің талабы ішінара қанағаттандырылды. «Темірбанк» акционерлік қоғамындағы депозиттік шотының шығыс операцияларын тоқтату туралы жауапкердің іс-әрекеті заңсыз деп танылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 104 781,41 теңге және мемлекеттік баж 1974 теңге өндірілген.

Талап қоюшының жауапкерден 50 000 теңге моральдық залалды өңдіру туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылды. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бірақ арнайы режимді қолдану туралы салық органына арыз бермегендіктен әлеуметтік салық берешегі жалпылама түрде есептелінген даулар санатына да тоқталып кеткен жөн.

Бұл жағдайларда жеке кәсіпкермен салық органына қызметін тоқтату туралы арыз берілмеген. Көрсетілген санататтағы азаматтық істерді қарау барысында қадағалау сот алқасымен жеке кәсіпкер кірісіне қарамай әлеуметтік салықты төлеуге міндетті, себебі салық төлеуші өзінің қызметін тоқтатқан жоқ, есептен шығарылмаған, сондықтан ол әлеуметтік салық төлеуші болып қала береді деген тұжырымға келді.

Аталған сот тәжірибесі салық саясатының тұрақтылығын реттеу және салық төлеушіні тәртіпке келтіру үшін қажет. Салықтық құқықтық қатынасты реттеу үшін Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салықтық міндеттемелерді қамтитын бірнеше баптардан тұрады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 26 бабына сай, «Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді, есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.

Мемлекеттің салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден, салық агентінен оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар. Сондықтан, салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай ісәрекетттер жасайды;

  1. Салық органында тіркелу есебіне тұрады:
  2. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;
  3. Салық салу объектілерін және салық салуғаи байланысты объектілерді, салық базасы мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептейді;
  4. Салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;
  5. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді. Салық салу объектісі және салық салуға байланысты объект мүлік пен ісәрекеттер салық салу объектісі және салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.

Жеке тұлғалардың салық органдарына қатысты дауларына қатысты азаматтық істерді қорыту кезінде анықталғандай, жауапкер өз кезегінде жеке тұлғаны қате салық төлеушілердің тізіліміне енгізіп, олардың мемлекет алд қалыптасады. Жеке тұлға бұнымен келіспей сотқа талап арызбен жүгінеді. Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Б.С.Жанаеваның Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауылының мемлекеттік кірістер басқармасына «Байтерек» шаруа қожалығы есебінде тұрған салық төлеушілердің тізілімінен алып тастауды сұраған талап арызы, жауапкердің талап қоюшының қатысуымен шаруа қожалығы тіркелгенін дәлелді себептерін дәлелдеген жоқ деген себептермен қанағаттандырылды.

Аталған санаттағы азаматтық істерді қарау барысында жеке тұлғаның салық органына берешек сомманы қайта есептетуге міндеттеу туралы істер де сот тәжірибесінде кездеседі. Н.Н. Зоринаның Алматы қаласының Түркісіб ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына берген талабы төмендегі негіздер бойынша қанағаттандырусыз қалдырылды.

Әділет Департаментімен жылжымайтын мүлік пәтер талап қоюшының атына тіркелген, кейін сатып алу сату келісім шарты негізінде иеліктен шығарылған. Аталған санаттағы азаматтық істерді қарау кезіндегі сот тәжірибесі дұрыс бағытқа қойылған. Талап қоюшыға жауапкермен салық берешегін төлеу туралы хабарлама жіберілген, талап қоюшымен хабарлама шағымдалмаған.

Сонымен қатар, сот тәжірибесінде жеке тұлғалардың салық органдарына автокөлік құралына салынған берешек салығын алып тыстауды міндеттеу туралы азаматтық істер де бар.

Мысалы, Мысалы, Б.С. Садвакасова Алматы қаласының Бостандық ауданының салық басқармасының шешімін заңсыз деп танып, автокөлік құралына салынған берешек салық міндеттемелерін алып тастауды міндеттеуді сұрап сотқа талап арызбен жүгінген. Талап қоюшы өз негіздемесінде, 2005 жылы өзіне тиесілі 1993 жылғы «Ford Explorer» маркалы, мемлекеттік тіркеу нөмері А 422 TZM автокөлігін А.С. Бектургановқа иелік жасағанын, сондықтан оған үш жылға №А0500961 санды сенімхат бергендігін, алайда ол сенімхатттың мерзімі өткеннен кейін автокөлік кері аударылмағандығын көрсеткен.

Сатып алынған автокөлікті М.С. Бектурганов тіркеуден шығармаған және Алматы қаласының Ішкі департаментінің Жол басқармасына тіркеуге қоймаған. Алматы қаласының Қарасай аудандық сотының 29.07.2014 жылғы шешімімен талап қоюшының А.С. Бектургановқа мәмілені жасалды деп тануды сұраған талабы қанағаттандырылып, автокөлікті ауыстыру туралы мәміле жарамды деп танылған. Сол кезден бастап автокөлік иесі А.С. Бектурғанов болып есептелген. Шешім заңды күшіне енгеннен кейін, талап қоюшы жоғарыдағы автокөлік құралына салынған берешек салық міндеттемелерін өзінен алып тастауды сұрап Алматы қаласының Бостандық ауданының Салық басқармасына арызбен жүгінген. Алайда, арызы қанағаттандырылмаған.

Сол себепті, Алматы қаласының Бостандық ауданының салық басқармасының шешімін заңсыз деп танып, автокөлік құралына салынған берешек салық міндеттемелерін алып тастауды міндеттеуді сұрап сотқа талап арызбен жүгінген. Сотпен талап қоюшының талабы төмендегі негіздермен қанағаттандырудан бас тартылған, Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексінің 155-бабының 1-бөліміне сай, Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Ал, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 366 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.

Сот талап қоюшының әлі күнге дейін көлік құралының иесі болғандықтан, көлік құралына салынған салық заңды деп есептеп, Алматы қаласының Бостандық ауданының Салық басқармасының іс әрекеті өзінің құзыреті шегінде әрекет еткендігін көрсетіп, «АІЖК-ның 27 тарауын соттармен қолданудағы кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Нормативтік Қаулысының 26 бөлімін басшылыққа алып, талап арызды қанағаттандырудан бас тартқан. Республика соттарында, салық заңнамаларының бұзылуы туралы даулар, яғни заңды тұлғалардың жауапкер салық қызмет органдарына берген талаптары бойынша қаралады.

БААТЖ бағдарламасында 102 санды жол орналасқан, ерекше талап арызбен іс жүргізу - заңды тұлғалардың жауапкер салық қызмет органдарының шешімдерін (әрекетін немесе әрекетсіздігін) даулау. Салық кодексінің 666, 668-баптарына сәйкес, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.

Өкілетті тұлғалардың, соның ішінде салықтық тексеру кезіндегі ісәрекетін (әрекетсіздігін) даулау негіздері Салық кодексінің 95 тарауымен реттеледі. Салық кодексінің 686-бабында көзделген, даулау құқығы Салық төлеушiнің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық органына немесе сотқа салық органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға құқығын, өзінің құқықтары мен міндеттерін қорғауды білдіреді. Өкілетті тұлғалардың іс-әрекетін (әрекетсіздігін) және салықтық тексеру нәтижелерін даулауды сотта қарау тәртібіАІЖК-нің 27-тарауымен реттеледі.

Себебі, сол ретте салық органдарының шешімдері дауланады, соның нәтижесімен заңды тұлғаларға тиісті міндеттер белгіленеді.

АІЖК-нің 279-бабына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сотта дау айтылатын шешімдеріне, әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) нәтижесінде:

1) азаматтың және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылған;

2) азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн жүзеге асыруына кедергі жасалған;

3) азаматқа немесе заңды тұлғаға әлдебiр мiндет заңсыз жүктелген немесе олар заңсыз жауапқа тартылған алқалық және жеке-дара шешiмдер мен әрекеттер (әрекетсiздiк) жатады.

АІЖК-нің 27-тарауы негізінде берілген арыздар бойынша азаматтық істер, қоғамдық қарым-қатынастан туындайды және ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады, тек талап арызбен іс жүргізу тәртібімен қаралуға жататын заттық жіне міндеттемелік қатынастан туындайтын даулардан басқа. Ерекше талап арызбен іс жүргізу, талап арызбен іс жүргізудің бір түрі болаып табылады. Ерекше талап арызбен іс жүргізудің ерекшеліктері:

1) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқытары мен міндеттерін қорғау үшін АІЖК-нің 278-бабының 1-бөлігінде аталып өткен тұлғалардың әрекеті (әрекетсіздігіне) дау айту арқылы шешіледі;

2) сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды;

3) іс бітімгершілік келісіммен қысқартуға жатпайды.;

4) аталған санатты азаматтық істер бойынша қысқартылған талап қою мерзімі мен қарау мерзімі айқындалған.

Заттық жіне міндеттемелік қатынастан туындайтын даулар туындаған жағдайда, сот АІЖК-нің 290-бабына сәйкес, талап арызбен іс жүргізу тәртібі бойынша қарау туралы ұйғарым шығарады. Сондықтан, АІЖК-нің 27-тарауы бойынша қаралған, заңды тұлғалардың салық органдарының шешімдерін, іс әрекеті(әрекетсіздігін) даулау жөніндегі азаматтық істер қорыту жүргізіліп жатырған істердің санатына, яғни 147 санды жолға жатпайды.

Сонымен қатар, салық қызметі органдарының іс-әрекетін (әрекетсіздігін) даулау, соның ішінде, салықтық тексеру нәтижелерін даулау бойынша сот тәжірибесін қорыту жіктеуіш жүйесі бойынша Маңғыстау облыстық сотына бөлінген.

Салық заңнамаларының бұзылуы туралы даулар бойынша сот пратикасына (заңды тұлғалардың жауапкер салық қызмет органдарына берген талаптары бойынша 147 санды жол) қорыту заңды тұлғаларадың салық қызметі органына арызымен емес (27 тарау), талап арызы бойынша, яғни талап арызбен қарауға жататын істер бойынша жүргізілуге жатады.

Статистикалық мәліметтерді анықтаған кезде, Жіктеуіш жүйесінің 147 санды жолына 19 сот актісі құйылған, оның біреуі осы санаттағы істерге жатпайды. БААТЖ бағдарламасынан анықталғандай, осы санаттағы істер бойынша статистикалық есептер жүргізілмейді. Талап арыз АІЖК-нің 150, 151-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келу керек. Талап арызды өндіріске қабылдаған кезде, салық төлеушінің құқықтық дәрежесін анықтау маңызды мәселе болып таылады.

Салық дауларының барлық санаты бойынша, экономикалық сотқа талап арызбен жүгіну үшін салық төлеуші заңды тұлға болуы қажет. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, аталған дәрежені дәлелдейтін құжат, бұл мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болып табылады.

АІЖК-нің 150-бабының 2-бөлігіне сәйкес, талап арызда: арыз берілетін соттың атауы, талап қоюшының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, сәйкестендiру нөмiрi мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер, жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса, алап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні, талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер, егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Талап арызды қабылдаудан бас тарту тек АІЖК-нің 153-бабы 2- бөлігінде көзделген негіздермен жүргізілу керек.

АІЖК-нің 154-бабы 1-бөлігінің 2,7-тармақтарында көзделген негіздермен талап арыз талап қоюшыға қайтарылуы мүмкін.

 Істі сота қарауға әзірлеу тиісті түрде жүргізіледі. Талап арызды өндіріске қабылдағаннан кейін, сот АІЖК-нің 168-бабына сәйкес істі сотта қарауға әзірлеу жөнінде ұйғарым шығарады. Бұл әзірліктің бас мақсаты, дау қатынасының, істі дұрыс қарау үшін тиісті мән-жайлардың түрі, сонымен қатар тараптарға дәлелдемелер алдыртуға қолдама көрсету болып табылады.

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жанжақты және объективті түрде зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады.

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу жүргізу кезінде судьяларға АІЖК-нің талаптарымен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» нормативтік қаулысын басшылыққа алу қажет.

АІЖК-нің 168-бабына сәйкес судья әр іс бойынша, оның ішінде соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен істер бойынша да істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығаруы тиіс. Ұйғарымда, даудың санатын ескере отырып, оның сот отырысында уақытылы және дұрыс шешілуіне қажет болып табылатын нақты әрекеттер көрсетілуі керек.

Судьялар азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеген кезде АІЖКнің 47-бабында көрсетілген процессуалдық құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде мәлімдеген талаптарын негіздейтін дәлелдемелер немесе оларға келтірілген қарсылықтарын ұсынуға міндетті және процессуалдық міндеттерді орындамаудың құқықтық салдары туралы талапкерлер мен жауапкерлерге түсіндіруі тиіс. Егер талапкер өз арызында жауапкердің уәждерін көрсетпесе немесе талап арызға қоса тіркелген материалдарда жауапкердің талап арызға қарсы келтірген дәлелдемелері назар аударарлық болса, онда оларды анықтау үшін істі соттың қарауына әзірлеу барысында жауапкерді сотқа міндетті түрде шақыру қажет болады. Жауапкермен әңгімелесу барысында оның қарсылықтарының мәнін түсініп, іс үшін маңызы бар мән-жағдайлар мен дәлелдемелерді анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ жауапкердің өтініші бойынша өз бетімен сотқа ұсына алмайтын дәлелдерді басқа заңды тұлғалардан немесе азаматтардан сұратып алуға жәрдем беруге жағдай жасайды.

Даудың сипатын неғұрлым нақтылау және істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар басқа мәселелерді анықтау үшін, егер судья оны қажет деп тапса, талапкер мен жауапкер судьяға бір мезгілде шақырылуы мүмкін.

АІЖК-нің 170-бабының 13-бөлігі, аталған процессуалдық әрекеттердің тізімі шектеулі емес екендігін білдіреді, яғни қосымша процессуалдық әрекеттердің таңдауында заңмен судьяға тәуелсіздік берілген. Аталған нормативтік қаулының 19-бөлігінің талаптарына сәйкес, АІЖК-нің 167-бабында көрсетілген алименттерді өндіру туралы, жәбірленушілерге мертігуден немесе денсаулығына өзге де зақымнан келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша және еңбек қатынастарынан туындайтын барлық талаптар бойынша істерді соттың қарауына әзірлеу мерзімдері ұзартылуға жатпайды.

 Істердің басқа санаттары бойынша судья ерекше жағдайларда күрделі істер бойынша ғана мерзімді бір айға дейін ұзарта алады. Судьяның істі соттың қарауына әзірлеу әрекеттерін жеті күн мерзім ішінде немесе кейбір санаттары үшін заң актілерінде көрсетілген мерзім ішінде бітіруі мүмкін болмағанда, ол ерекше жағдай деп танылады. АІЖК-нің 218-бабына сәйкес сот шешімі заңды және негізді болуы қажет. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылатын, яғни азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын ала отырып шығарылған және Қазақстан Республикасы Конституциясының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтап, әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шығарылған шешім заңды және негізді болып есептеледі. (АІЖК-нің 5 және 6 бабы).

Сот актілері Азаматтық іс жүргізу колексінің ережелерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысының талаптарын сақтай отырып жасалуы қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2010 жылғы 17 наурыздағы өкімімен бектіліген Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін дайындау туралы методикалық ұсыныстарын басшылыққ алады. АІЖК-нің 221-бабына сәйкес шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.

Ал, сол баптың 3-бөлігіне сәйкес, шешімнің кіріспе бөлігінде шешімнің шығарылған күні мен орны; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі. Сот актілерінің сапасы АІЖК-нің 217,218-баптарына сәйкес келеді. Шығарылған сот шешімдерінің мазмұны анық көрсетілген, сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері, сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар анық көрсетілген.

Сот шешімдеріндегі сот қорытындысы, заң талаптары мен іс материалдарына сәйкес келеді. Тараптармен ұсынылған дәлелдеме құжаттар толық әрі жан-жақты зерттеледі. Істерді қарау тәжірибесін зерделеу кезінде, республика соттарымен 2015 жылы бір іс қаралғандығы анықталды. Электронды сот құжаттарының базасына салынған сот актісіне сәйкес, «Арыстан холдинг» ЖШСКостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жауапкер «Қостанай облысының мемлекеттік кірістер департаменті» ММ-не хабарламаны даулау, іскерлік беделін сақтау және 1 000 000 тенге көлеміндегі өтемақыны өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Салық қызмет органымен бірнеше рет салық кодының, жүк тасушы жүргізушілердің қолдарының жарамсыздығы туралы айтылған, аталған шындыққа сәйкес емес ақпараттар «Арыстан холдинг» ЖШС-нің және оның қызметкерлерінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретіндігін, оысының салдарынан мекеменің имиджіне нұқсан келетіндігін көрсеткен.Тадап қоюшы, салық кодының растығын дәлелдеу үшін көлік қызметін көрсеткен заңды және жеке тұлғаларды іздеу жүргізгендігін, олардын түсініктеме алуға тура келгендігін, сотқа куәлар мен үшінші тұлғалардың келуін қамтамасыз етуге мәжбүр болғандығын, осының салдарынан қосымша шығындарға ұшырағандығын көрсетті.

 Сонымен қатар, дәлелдемелер жинау кезінде талап қоюшының қызметкерлерінің жұмыс уақыты қосымша жұмсалған, жүк тасушыларға баруға және олардың ұялы телефондарына қоңырау шалуға туралы келген. Жоғарыдағылардың салдарынан, 1 000 000 теңге көлемінде талап қоюшының іскерлік беделіне нұқсан келген.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған. Сотпен анықталғаны: санды салық тексерістері нәтижесімен 3 қазан 2014 жылғы № 537 хабарламаны заңсыз деп танып, күші жойылған, «Қостанай облысының мемлекеттік кірістер департаменті» ММ-ін күші жойылған салық сомалараы бойынша өсімпұлдардың қайта есептеу жүргізілген,«Арыстан-Холдинг» ЖШС-нің 196050 тенге көлемінде төлеген баж салығын өндіру құқығын тану туралы шешім шығарылған. Алайда, талап арыздың іскерлік беделін сақтау және 1 000 000 тенге көлеміндегі өтемақыны өндіру туралы бөлігі сот шешімімен қанағаттандырудан бас тартылған. Бірінші саты сотының талап арыздың іскерлік беделін сақтау және 1 000 000тенге көлеміндегі өтемақыны өндіру туралы бөлігі қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешімі, келесі мән-жайлар негізінде шығарылған:

«Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың арнамысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына сәйкес, қоғам немесе жеке азаматтардың заңдарды сақтау, моральдық принциптерді орындау туралы көзқарастары бойынша ұйымдар мен азаматтар жөніндегі шындыққа жатпайтын мәліметтер олардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтер деп есептелінеді (мәселен, арамдық істерді, семьяда, еңбек ұжымында тәртіпсіздік жасады деген, мекеме жөнінде өндіріс-шаруашылық жұмысын жаманатты ететін мәліметтер).

Сонымен қатар тұрмыста, ұжымда, қоғам орнында, жұмыста болған көпшіліктер туралы айтылған сын мәліметтер шындыққа жатса талап коюшының ондай мәліметтерді теріске шығару туралы қойылған талабын негізді деп есептеуге болмайды. Алайда, шешімнің дәлелдеу-сипатттама бөлімінде белгілі ақпаратты теріске шығару жөнінде берілген талап арыздағы ақпараттың таратылғандығы туралы, осы ақпараттардың ЖШС-нің беделне нұқсан келтіретіндігі туралы немес олардың шындыққа сәйкестігі туралы ешқандай мәлімет тексерілмеген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы №5 «Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысының 11 тармағына сәйкес аталған қаулыда талқыланып отырған санат істері сырттай өндірісте қаралмайды.

Сондықтан қорытылып отырған санат істері бойынша сырттай шешім шығару да дұрыс емес деп санаймыз. Бұл туралы 2014 жыл қорытындысымен жасалған қорытуда көрсетілген болатын. Алайда соттар әлі де осы істер бойынша сырттай шешім алу практикасын жалғастыруда.

Мысалы Маңғыстау облысының МАЭС 2015 жылғы 15 қаңтарда салық органының «Көмек-Ш» қоғамдық қорын мәжбүрлеп тартау туралы сырттай шешім алынған.

Аталған санат істерін қарау барысында республика соттары жалпы алғанда заңды дұрыс қолданып, талапты қанағаттандыру немесе бас тарту туралы дұрыс шешім алған. Негізінен соттарда іс қарау барысында біркелкі тәжірибе қалыптасқан. Алматыоблысының МАЭС салық органының «қалалық медициналық айықтырғыш» мәжбүрлеп тарату туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралып, заңда көзделген шарттарға сәйкес келгендіктен аталған мекемені мәжбүрлеп тарату туралы талап дұрыс қанағаттандырылған.

Талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы сот шешімдері де арнайы заң талаптары дұрыс қолданыла отырып қабылданғаны көрінеді. Жамбыл облысының МАЭС салық органының ЖК «Бекпенбетов Ж.С» мәжбүрлеп қызметін тоқтату туралы талап арызы бойынша жеке кәсіпкерліктің әрекет етуші тұлға екенін, банктік несие шартына сәйкес борышын өндіру туралы сот шешімі шығарылғанын ескеріп, сот талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы заңды шешім алған.

Өйткені жауапкер арнайы заңның 2 тармағында көзделген талаптарға сай емес. Қорыту барысында анықталғанындай, орыс тіліндегі сот шешімдерінің қарар бөлігі соттармен әртүрлі жазылады. Барлық соттармен таратылуға жататын субьектке қарамастан, сот шешімінде мәжбүрлеп тарату туралы көрсетілген.

Қостанай, БҚО, ШҚО соттарымен заңды тұлғаларды мәжбүрлеп тарату, дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы дұрыс шешімдер алынған. Кейбір сот шешімдерінде мәжбүрлеп тарату қай органға жүктелетіні жазылмайды, ал кейбір шешімдерде мәжбүлеп таратылып отырған субьектіні есептен шығару, сот шешімдерін орындау үшін салық немесе әділет органына жолдау туралы көрсетілген.

Қазақстан Республикасында салық заңнамаларының бұзылу санатындағы істерді қарау мәселелеріне қатысты негізгі нормативтікқұқықтық актілер базасы:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы

2.Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)

3.Халықаралық шарттар

  1. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңы.
  2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Салық заңдарын қолданудың сот практикасы туралы» №1 от 27 ақпан 2013 жылғы қаулысы.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу