⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сенімхаттардың әрекетімен байланысты даулар бойынша азаматтық істер

Сенімхаттардың әрекетімен байланысты даулар бойынша азаматтық істер

Сенімхаттардың әрекетімен байланысты даулар бойынша азаматтық істер

 Сенімхаттардың әрекетімен байланысты даулар бойынша азаматтық істер

               Азаматтық кодекстің 167-бабына сәйкес, сенімхат ретінде бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi танылады.

              Мысалы: Атап айтқанда, Атырау облысының ауданаралық экономикалық сотымен жеке кәсіпкер Г.Утепбергенованың12 қараша 2013 жылғы №9882 сенімхатты жарамсыз деп тану туралы «Aktau Shipping»ЖШС-не, Атырау облыстық Кеден Департаментіне қатысты талап арызы ҚР АІЖКнің 150бабының тәртіптерін орындамағандықтан ҚР АІЖК-нің 155 бабымен талапкерге қайтарылған.

              Дәл сондай негіздермен Алматы облысының Талғар аудандық сотымен А. Мейрбекованың сенімхатты жарамсыз деп тануды сұраған А.Т. Айтжановқа, нотариус Н.Юнусоваға қатысты талап арызы, Шымкент қаласының Абай аудандық сотымен Р.Ермановтың автокөлікті жүргізуге және сатуға берілген сенімхатты заңсыз деп танып, моралдық залады өндіруді сұраған Н. Унгарбаевқа, жеке нотариус Т. Баймухамедовқа қатысты талап арызы қайтарылған.

              Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының ұйғарымымен А.Ф.Цой, Л.В.Цойдың сенімхаттарды заңсыз деп тануды сұраған нотариустар Г. Сатбаева, А. Чиркоға қатысты талап арызы ҚР АШЖК-нің 249бабының 9тармағы негізінде талапкерлердің өкілінің сұрауы бойынша қайтарылған.

              Сондай негіздермен Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотымен С. Сарыпбекованың сенімхатты негізсіз деп танып мемлекеттік актінібұзуды сұраған нотариус Б. Картбай және Х. Анарқұловқа қатысты талап арызы қайтарылған.

Бұл талаптарды қараусыз қалдырудың негіздері бірдей – талапкерлердің талап етулері бойынша, бұл ретте соттар заңды түрде ҚР АІЖК-нің 249-бабының 9-тармағын басшылыққа алған.

Осылайша, Алматы қ. Түрксіб аудандық сотымен О. Маренкованың сенімхатпен сатып-алу туралы мәмілені заңсыз деп тану туралы А.Маренковқа,Е. Калимбетоваға, нотариус М. Алтаеваға қатысты талапарызы қаралған.

Талап арызында О.Маренкова әкесі В. Маренковтың оның 01 ақпан 1990 жылы қайтыс болған әкесі А.Маренковтан қалған Алматы қаласында Некрасов көшесі 38-ші үйімен жер телімінің 3/4бөлігіне мұрагер болғандығын, ол туралы 06 маусым 2006жылы куәлік берілгендігін мәлімдеген. Өзі екінші топтағы мүгедек болғандықтан және психикалық днесаулық орталығында есепте тұрғандықтан В.Маренков пен жылжымайтын мүліктің ¼ бөлігінің иесі Ю.Маренков 2006жылдың 23 мамыр күні Е. Калимбетованың атына үй мен жер телімін сатып-алуға сенімхат берген. Сол сенімхаттың негізінде 02 шілде 2007 жылы Калимбетова аталған үй мен жер телімін В.Маренков пен Ю.Маренковтың туған ағасы А. Маренковқа сатып жіберген.

Виктор мен Юрий Маренковтардың жылжымайтын мүлікті сатуға ешбір мақсаттары болмаған деп көрсетіп, талапкер сенімхатты және сатыпалу мәмілесін заңсыз деп тануды соттан сұраған.

Сот талапты қанағаттандырудан бас тартқан, себебі сот істі қарау барысында В.Маренков пен Ю.Маренковтардың өздерінің денсаулықтарына байланысты меншіктеріндегі үй мен жер телімін күтуге мүмкіншіліктері болмағандықтан өз еріктерімен туған ағасы А.Маренковқа сатқандықтары анықталған.

Алматы қаласының Медеу аудандық сотымен Х. Асимованың сенімхатты негізсіз деп тауып сыйға тарту туралы мәмілені заңсыз деп тану туралы Р.Мекероваға, С.Колдыбаеваға, нотариус А. Балабиеваға қатысты талап арыз бойынша азаматтық іс қаралған.

Талап арызында және сот мәжілісінде талапкер Асимова өзінің марқұм болған Х.Тамбиевпен 1994 жылдан бері Алматы қаласы Ахтанов көшесіндегі 26 үйде некені тіркемей бірге тұрғандығын,одан 1998 жылы Руслан атты баласы дүниеге келгендігін, Тамбиевпен бірге тұрған уақытта Алматы қаласынан Ахтанов көшесіндегі 26/8 үйді және Жібек жолы көшесіндегі 59 үйдің 51 пәтерін сатып алғандықтарын, сондықтан олар екеуінің ортақ мүлігі болатындығын көрсеткен.

Жолдасының қайтыс боларында 11 күн қалғанда С.Калдыбаеваның атына берілген сенім хат арқылы Р.Мекероваға Жібек Жолы көшесіндегі 59үйдің 51 пәтерін сыйға тартқандығы туралы мәмілені заңсыз деп таынп, сонымен бірге сенімхатты да негізсіз деп тануды сұраған.

Сот іс материалдарын зерттеп, осы дау бойынша қозғалаған қылмыстық іс барысында өткізілген сараптамалардың қортындыларының негізінде сыйға тарту мәмілесін және 2011жылдың17 шілдесіндегі 1-2776 санды Х. Тамбиевтың Колдыбаеваның атына берілген сенімхатты негізсіз деп тапқан. Іс материалдарындағы сараптамалардың қортындысы бойынша Х.Тамбиевтің атынан басқа адам қол қойғандығы анықталған.

Ал жауапкерлердің осы талап арызы бойынша азаматтық іс қысқартылуға жататындығы туралы уәждерін сот қабылдамаған, себебі талап арыздың негіздері бұрын қаралған азаматтық істен айырықша болған. Сот шешім шығарарда ҚР АК-нің 9, 147, 157,165,188 бабтырын басшылыққа алып, талапкердің құқықтарының бұзылғандығын анықтаған. 

       Сенімхаттарды жарамсыз (жарамды) деп тану мен тоқтату бойынша құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер болып

Қазақстан Республикасының Конституциясы,

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (одан әрі АК)

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (одан әрі АІЖК),

«Нотариат туралы» ҚР Заңы (14.07.1997ж.), 2007ж.

26-шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңы т.б. танылады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу