Шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты даулар
АК-нің 378- бабына сәйкес екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.
Азаматтық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болып АК-нің 2 - бабында бекітілген шарт еркіндігі қағидасы танылады, азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.
Азаматтық кодекстің шарт жасау еркіндігі туралы негізгі ережелері шартты өзгерту және бұзу бойынша құқықтық қатынастарға қолданылады.
Бұл шарттың- елеулі мәні болып табылады. Шарттың елеулі мәні оның негізгі мазмұнынын анықтайды, сондықтан ол бойынша міндетті түрде келісімге қол жеткізу қажет.
АК-нің 393- бабында шартың елеулі мәнінің тізімі берілмеген, тек жалпы тәртіппен оның белгілері ғана аталады. Елеулі болып табылатын шарттың екі тобын анықтауға болады:
1) Шарттың мәнітуралы шарттар. шарттың пәнін анықталмаса бірде бір шарт жасалды деп танылмайды.
2) Заңда елеулі деп танылған, шарттар.
Мұндай шарттар Азаматтық кодекспен анықталады.
Мысалы, сатып алусату шартының елеулі мәні болып тауардың аты және саны (АК-нің 407- бабы) танылады, ал кепіл туралы шартта пәнінен басқа оның бағасы, мәні, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемені орындау мөлшері және мерзімі (АК-нің 307- бабы) көрсетілуі қажет.
Сонымен бірге елеулі мән рента шартында да көзделген (АК-нің 521 –бабы), сақтандыру шарты (АК-нің 826- бабы), мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты (АК-нің 886- бабы). Елеулі мәндерінің болмауы немесе осы шарттары бойынша келісімге жетпеуінен шартты жасалмаған деп тану мәмілені жарамсыз деп танудағы салдарға әкеліп соқтырады.
Сонымен бірге Азаматтық кодексте шарт жасауға үміттенуді куәлендіретін конклюденттік әрекеттер де қарастырылған. Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау жөнiнде жасаған әрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиiстi соманы төлеу және т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi (АК 396 бабының 3-тармағы).
Шарт жасасу кезінде тараптардың арасында туындайтын даулар шарт жасасу алдындағы даулар деп аталады. Шарт жасасу алдындағы дауларды қарау ерекшеліктері АК-нің 400 –бабында анықталған, Азаматтық Кодекстiң 399-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген реттерде, сондай-ақ шарт жасасу кезiнде туындаған келiспеушiлiктер тараптардың келiсуiмен соттың қарауына берiлген болса, шарттың тараптар келiспеген ережелерi сот шешiмiне сәйкес белгiленедi.
Азаматтық Кодекстің 390- бабының 1- тармағына сәйкес алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi.
Осы баптың 4- тармағына сәйкес алдын ала жасалатын шартта тараптар негiзгi шартты жасасуға мiндеттенетiн мерзiм көрсетiледi. Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс.
Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасасуда ерікті
Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi.
Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.
Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi (АК-нің 382- бабы).
Осы баяндалғандар, егер осы Кодекске немесе өзге де заң құжаттарына сәйкес шарт жасасуға мiндеттi тарап оны жасасудан жалтарса, екiншi тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы екенін білдіреді (АК-нің 399- бабының 4- тармағы).
Басқа жағдайларда шарт жасауға мәжбүр етуге байланысты даулар сотта қарауға жатпайды.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 153- бабының 1- тармағының 1- тармақшасының негізінде өндірісті қысқартумен, сол сияқты талап арыз дәлелденбегендіктен талапты қанағаттандырудан бас тартумен де аяқталады.
Талапты қанағаттандырудан бас тарту дұрыс нысқасы болып табылады, бұл конституциялық құқықтағы сот арқылы қорғаумен сәйкес келеді, ал келісім шарт жасауға міндеттеуді көздейтін құқықтық қатынасты орнату үрдісі, талап арызды қабылдау туралы мәселені шешу сатысында болжалдық 5 күндік мерзімге қарағанда даудың мәні бойынша сотта істі қарауға сәйкес келеді.
Міндетті шарттар арасында жария шарттардың алатын орны
Жария шарт азаматтық құқық диспозитивінің жалпы принципінен және шарт еркіндігі принципінен ерекше болып табылады, бұл оның құқықтық регламентацияларының, қорытынды тәртібі мен шарттарының, оның қатысушыларының бұзылған құқықтарын сотпен қорғау ерекшеліктерін ескертеді.
Коммерциялық ұйым мен тұтынушы жария шарт тараптары болып табылады.
Жария шарттарды белгілеудің тәжірибелік мәні, оларға шарт құқықтарының жалпы нормаларынан ерекше ережелер қолданылады. Жария шарттарға қолданылатын арнайы ережелерге төмендегілер жатады:
- тұтынушыға тиiстi тауарлар, қызметтер ұсыну, ол үшін тиісті жұмыстарды орындау мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық ұйымның жария шарт жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.
- коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негізсіз бас тартқан жағдайда екінші тарап шарт жасасу кезінде қолданылатын ережелерге сәйкес онымен осы шартты міндетті түрде жасасуды сот бойынша талап етуге құқықты.
- коммерциялық ұйымның егер заңда немесе басқа да құқықтық актілерде тұтынушылардың жекелеген санаттарына жеңілдік беруіне жол беру жағдайлары көзделмесе жария шарт жасасуға қатысты бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.
АК 395 бабының 1 тармағына сәйкес, шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткілікті дәрежеде айқыі болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзін сонымен байланысты деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулі ережелері немесе оларды анықтау тәртібі көрсетілсе, ол жеткілікті дәрежеде айқың деп табылады.
АК 399 бабына сәйкес, осы Кодексте немесе өзге де заң құжаттарына сәйкес шарт жасасу тараптардың бірі үшін міндетті болған реттерде, бұл тарап екінші тарапқа акцепт туралы, не акцепттен бас тартаның туралы немесе офертаға (шарт жобасына) өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы (шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы), егер заңдарда өзге мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса, офертаны алған күннен бастап отыз күннің ішінде хабар жіберуі тиіс.
Кәсіпкерлік туралы Кодекстің 174 бабының 5 тармағына сәйкес, өтініш жасалған кезде тиісті тауарды өндіру немесе өткізу мүмкіндігі болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негізсіз бас тарту не осындай шарт жасасу туралы ұсынысқа күнтізбелік отыз күннен асатын мерзімде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару сияқты әрекеттерге тыйым салынады.
Кәсіпкерлік туралы Кодекстің 199 бабының 1 тармағына сәйкес, осы кодекстің 174 бабының 1 тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, нарық субхъектісінің әректтерінде жосықсыз бәсекелестік белгілері, сондай ақ үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері болған кезде монополияға қарсы орган нарық субъектісінің әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындаңы заңнамасының талаптары бойынша монополиялық және үстем жағдайды бұзу қамтылғаны туралы хабарламаны тергеп-тексеру жүргізбестен жібереді.
Аталған баптың 2 тармағында көзделгендей, хабарламада көрсетілген әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) он жұмыс күні ішінде тоқтатпаған нарық субъектісіне қатысты тексеру туралы монополияға қарсы орган шешім шығарады.
Шарттарды бұзу және өзгерту
Азаматтық кодекстің 401- бабының 1- тармағында жалпы ережені белгілейді, мұнда шарт еркіндігінің жалпы принципі – егер осы Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн болып көрінеді.
Егер тараптар шартты өзгерту немесе бұзу қажеттігі кезінде келісімге келе алмаса, онда шарттан бір жақты бас тарту қарастырылмаған, мұндай жағдайлар Азаматтық кодекстің 402 -бабында көзделген тараптардың тәртіпті міндетті түрде сақтаулары кезінде сот шешімі бойынша орын алуы мүмкін.
Көрсетілген нормаға сәйкес шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.
Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады
Осылайша, шартты өзгерту (бұзу) туралы дауларды қарау кезінде тараптардың сотқа дейінгі жоғарыда баяндалған міндетті тәртіпті сақтауларын тексеру қажет.
Заңмен белгіленген алдын ала сотқа дейінгі даулардың шешілуін сақтау
Судья талап арызды қабылдай отырып, арыз беруші тұлғаның сот қорғауына сотқа арыз беруге құқығының болуын және арыз берудің процессуалдық тәртіпте жүзеге асырылуын тексеруге тиіс. Заңға сәйкес арыз беруге құқық шарттарының бірі, яғни процесті қозғауға құқық: бұл арыз берушінің істердің осы санаты үшін заңмен белгіленген дауларды алдын ала сотқа дейін шешу тәртібін сақтау және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігін жоғалтпау болып табылады.
Судьялар арызды сот өндірісіне қабылдау туралы мәселені шешу кезінде мұқият болуға тиіс. Екінші жақ тарап шарт шарттарын айтарлықтай бұзуына байланысты шарттарды бұзу туралы арыздарды қарау кезінде соттар қолданылу мүмкіндігі жоғалмаған даудың сотқа дейін реттелу тәртібін тексерулері қажет.
АПК-нің 154 -бабының 1 -тармағының 1- тармақшасында судья талап арызды, егер: талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса қайтаратындығы айтылған.
АК-тің 272, 273 баптарына сәйкес мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс. Мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмеуi№
АК-нің 178- бабының 2- тармағында талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заңқұжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулымерзiмдерiбелгiленуi мүмкiн.
Сонымен, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11- бабында тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің Мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ол туралы мәліметті уәкілетті органға жолдауға және сотқа мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арыз беруге міндетті.
Келісімшартты өзгерту
Азаматтық кодекстің 401- бабына сәйкес шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн. Шарттың жағдайын өзгерту, сондай – ақ тараптардың ортақ ұстанымдарын көрсетуі туралы сотқа берілген шағымдар аз, сонымен қатар шарттарды өзгерткен жағдайда өздігінен даулы мәселелерді реттеуде.
Азаматтық құқық саласында жаңару туралы бір мағыналы ұғым және оның шартты өзгертуге қатысы туралы қалыптасқан түсінік жоқ. Айта кететіні, ара жігін ажырату проблемасы маңызды тәжірибелі мағынаға ие:
1) шартты өзгерту келесі тараптың тілегінен тыс жүргізілуі мүмкін, ал жаңарту – тек келісім бойынша;
2) өзгерту кезінде шарт жасасу сәтінде қолданысқа ие заңнамаға сәйкес болуы тиіс, ал жаңартуда – жаңарту жүргізу сәті бойынша;
3) шартты өзгерту шарттың нақты талаптарын өзгертуге әкеп соғады, ал жаңарту қосымша міндеттемелердің автоматты түрде тоқтатылуына әкеп соғады.
Біздің ойымызша міндеттемелерді орындаудың әдісі немесе нысана туралы шарттың кез келген өзгерісі жаңару болмайды. Жаңару туралы келісімді келесідей түсіну қажет
1) бірінші міндеттемені екінші міндеттемемен ауыстыруды
2) шарттың түрі мен сипатын өзгертеді (сату-сатып алу міндеттемелері заем міндеттемелерімен ауысқан).
Басқа жағдайларда жаңарту туралы нормалар пайдаланылмайды, ал жағдай шартқа өзгеріс енгізу ретінде қарастырылады. Шартқа өзгеріс енгізу кезінде қандай заңнаманы басшылыққа алу туралы сұрағы қиындық туғызады.
Пайымдауымызша, егер екі жақ тарап шартқа тек өзгеріс енгізсе, өзгеріс енгізілетін шарт жасасу сәтінде қолданыстағы нормалар қолданылады. Егер жаңарту жүзеге асырылса, жаңарту сәтінде қолданыстағы нормаларды пайдалану қажет, себебі бірінші шарт тоқтатылды деп танылады.
Шартты өзгерту мен бұзу негіздемелері – бұл шарттың өзгеруі мен тоқтатылуына әкеп соғатын салдарлардың туындауы
Құқықтық қатынастардың өзгеруіне немене тоқтауына екі тараптың қажеттілігіне әкеп соғатын өмірлік себептерді материалдық негіздемелер деп тану қажет. Бірақ шартты өзгерту немесе бұзу үшін екі жақ тараптың шартты өзгертуге немесе бұзуға деген тілектерін жүзеге асыруға рұқсат беретін заңды негіздердің болуы шарт.
Заңгерлік негіздемелер екеу болуы керек: матриалдық-заңгерлік (аталған жағдайда екі жаққа келісім-шартты өзгертуге немесе бұзуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты заңмен немесе шартпен қарастырылған материалдық негіздеме) және формалды-заңгерлік (келісім-шарттың өзгеруіне немесе бұзылуына әкеп соғатын уәкілетті органдардың ерікті іс-әрекеттері: екі жақтың келісуі, бір жақтың талабы бойынша шығарылған соттың шешімі, бір жақты бас тарту). Екінші тараптың келісімінсіз шарттың өзгертілуі немесе бұзылуы тек нақты жағдайларда ғана болады.
АК (Азаматтық кодекс) сот және соттан тыс тәртіптерді көздейді. Бұл ретте бірінші жағдайға қарағанда екінші жағдай өзгешелік болады. Біздің ойымызша бұл басымдылықты дәлелденген деп айтуға болмайды. Шарттың өзгеруі мен бұзылуының материалды-заңгерлік негіздемесіне басты мән берілуі қажет. Материалдық-заңгерлік негіздеме болған жағдайда шарттың екі тарабы кез келген уақытта шарттың өзгеруі немесе бұзылуы бойынша рәсімдер басталу ықтималдылығы туралы біледі немесе білулері қажет. Контрагенттің хабарлама берген кезінен бастап, шартты бұзуға немесе өзгертуге материалдық құқығы бар тарап өз құқығын жүзеге асырды деп есептелінеді. Ал заң жүзінде, жалпы тәртіп бойынша, шартты сот тәртібімен өзгертуді немесе бұзуды талап етеді. Бұл ретте шарт сот шешімі заңдық күшіне енген сәттен бастап өзгерген немесе бұзылған деп есептелінеді, ал бұған дейінгі жасалғандар кері қайтарылмайды.
Шартты бұзу бойынша келесі тараптан шығындардың орнын толтыруды талап етуге болады, мысалы шартты едәуір бұзған тарап. Бірақ дәл осы адал тарапқа шығындардың көлемі мен мөлшерін дәлелдеу, сондай-ақ сот шешімін орындау ауыртпалығы жүктеледі. Ойымызша, шартты орындаудан бір жақты тараптан бас тарту тәсілі басым болуы тиіс. Бұл ең қолайлысы, себебі сыртқы салдарларға тез әрі сай жауап қатуға мүмкіндік береді, тараптар сот жүйесіне көп тәуелді болмайды, олардың қарым-қатынастары көбінесе динамикалық және икемді болады. АК жеке шарттарды реттеу кезінде шарттарды өзгерту мен бұзудың осындай ретіне сүйенеді.
Шартты бұзу
АК-нің 22-24 тарауларында көрсетілген шарт жасасудың ұғымы мен талаптарын, шарт жасасу, өзгерту және бұзу тәртібін анықтайтын, азаматтық заңнаманың жалпы нормалары болып табылады, сондай-ақ АК тарауларына міндеттемелердің жеке түрлері бойынша енгізілген шарттардың жеке түрлері бойынша тараптардық құқықтық қарым-қатынастарын реттейтін арнайы нормалар, сонымен қатар өзге де заңнамалық-құқықтық актілер осындай дауларды шешудің құқықтық негізі болып табылады.
Азаматтық кодексте: «шартты бұзу» және «шартты орындаудан бір жақты тараптан бас тарту(шарттан бас тарту)» сияқты екі ұғым беріледі. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға) Азаматтық Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларда жол берiледi (АК-нің 401-бабы).
Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:
1) екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде;
2) осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады (АК 401-бабының 2-тармағы).
Негізінен бұл екінші жақ тараптың едәуір шарт талаптарын бұзуына байланысты шарттарды бұзу туралы, азаматтық заңнамамен немесе шартта көзделген өзге арыздар.
Зерделенген істердің негізінде келесідей қорытынды шығаруға болады: контрагентпен шарт талаптары едәуір бұзылған жағдайда шартты бұзудың негізі болып табылады, егер:
а) шартты бұзу фактісі,
б) контрагент кінәсі,
в) шартты бұзуға бастама жасаған тұлғаға едәуір шығын келтірілсе,
г) себеп-салдар байланысы:
талаптардың бұзылуы тұлғаға едәуір шығын келтірсе.
Нақты айтар болсақ, осы төрт элементтің барлығы бір мезетте жүзеге асырылуы тиіс. Олардың біреуін болса да болмауы немесе дәлелденбеуі шартты бұзуға мүмкін болмайды.
Шартты өзгерту және бұзу салдарлары
АК 403-бабының 1-тармағына сәйкес шартты бұзған кезде тараптардың міндеттемелері тоқтатылады. Міндеттемелердің тоқтатылуы, субъектілерінің міндеттемелік құқықтық қарым-қатынасты құрайтын субъективті құқықтар мен міндеттерді міндеттемелердің тоқтатылуы салдарынан құқықтық байланысы үзілетіндігін білдіреді.
Осыған байланысты шарт тоқтатылған кезде міндеттемелер де тоқтатылады, және осыдан туындаған құқықтар мен міндеттер қатысушыларды байланыстырмайды. Бұл, несие беруші қарыз төлеушіге кандай да бір талаптар қоя алмайтындығын білдіреді.
Құқықтық теорияның отандық доктринасы аталған заң қайшылықтарын келесідей шешуді ұсынады: шартты бұзған кезде туындаған салдарлар, болашақтағы уақытта болады және міндетті құқықтардың жалпы 36 нормаларына сәйкес шартты бұзғанға дейін алынған тауардың ақысын төлеу міндеттемелерінен қарыз берушіні босатпайды.
АК 401-бабының 1-тармағы азаматтық кодекстің арнайы нормаларымен қалай келісетінін қарастырайық, мысалы АК 561-бабының 3-тармағына сәйкес, егер жалға алушы жалға алған мүлікті қайтармаса немесе қажетті уақытына қайшы қайтарса, жалға беруші уақытынан кешіктірген кезде мүлікті пайдалану үшін ақысын төлеуді талап ету құқығы бар. Бұл жағдайда – шарт бұзылған, бірақ келесі тарап шартты бұзғаннан кейін пайда болған жалға алу ақысын өндіріп алуға құқылы. АК 403-бабының 2-тармағына сәйкес шарт өзгерген кезде тараптардың міндеттемелері өзгертiлген түрiнде қолданыла бередi.
Шарт талаптарын өзгерту туралы арыздарды қанағаттандырудың материалдық негіздері АК 401-бабында көрсетілген. Кодесте қарастырылған шартты бұзу және өзгертуге мүмкіншілік жағдайына сілтеме жасаумен қатар, қарастырылып отырған заңда АК 401-бабында көрсетілген «шартты екінші жақ тараппен едәуір бұзылуы» жағдайы ерекше белгіленген.
Сот тәжірибесінде АК 403-бабының 4-тармағының қолданылуы қиыншылық туғызды, бұған сәйкес, егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ. Себебі шартты өзгерткенге немесе тоқтатқанға дейін соңғысы тараптармен белгілі бір бөлігінде орындалуы мүмкін, сондықтан шартты өзгерткенге немесе бұзғанға дейін орындалған талаптардың тағдыры туралы сұрақ туындайды.
Егер шартты бұзуға бір жақ тараптың шарт міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау себеп болса, онда бұл жағдайда азаматтық кодекстің және жеке заңдардың нормалары келесі жақ тараптың шарт бойынша орындаған міндеттемелерін қайтаруды талап ету құқығын қарастырады, мысалы АК-нің 440-бабынығ 3-тармағы, АК 451-бабының 3- тармағы, АК-нің 428-бабының 1-тармағы.
Бірақ өкінішке орай аталған нормалар шарт міндеттемелерінің барлдық институттарында көрсетілмеген.
Азаматтық айналымның мүдделерін қорғау ұстанымынан осындай шешім қалыптасқан жағдайдан шығу жолын ұсынады. Бірақ, аталған тәсілдеме заңды тұрғыдан құқықты деп танылмайды. Біріншіден, негізсіз пайда көруден туындаған міндеттеме, келісім жасасу немесе құқықтық акт негізінде мүлікті тапсыру жағдайында пайда болмайды (АК-нің 953-бабы). Екіншіден, егер сот тәжірибесіне, заңға берілген түсініктерге, кодекс құрастырушылардың жұмыстарына қарасақ, АК-нің 954-бабының 3-тармағы тараптар шарт талаптарына сәйкес міндеттемелерде көрсетілгеннен көп мөлшерде орындауды жүзеге асырған жағдайда қолданылады.
Сонымен қатар, шартқа сәйкес міндеттемелер туралы ережелерді қолдану, орындалғанды қайтару туралы заңда тікелей нұсқау болмаған жағдайда, шартты бұзу салдарымен байланысты мәселелерді қарастыру кезінде болуы мүмкін.
Шарт міндеттемелерін орындау
Қалыптасқан шарттық құқықтық қарым-қатынастың динамикасы оның жекелеген сатылары ретінде шарттың орындалуын енгізеді. АК шарттарды орындау туралы жалпы нормалар жоқ. Тиісті жағдайларда реттеу «Міндеттемелерді орындау» ауқымды тарауымен жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, дәл шарт міндеттемелерін орындауға арнайы нормалардың негізгі бөлігі арналған, олар шарттардың кейбір түрлері туралы тарауларда орналасқан.
Шарттың орындалуы оның мәнін құрайтын іс-әрекет жасаудан немесе жасаудан бас тартумен көрсетіледі.Орындауды бағалау кезінде іс-әрекет жүзеге асырылғандығы есепке алынады, алынса – қалайша.
Бірінші жағдайда оның орындалуы туралы айтылса, екінші жағдайда – оның лайықсыз сипаты туралы. Сәйкесінше заң шығарушы орындамау (1) және лайықсыз орындау (2) арасында шектеу қояды. Орындау туралы сөз еткен кезде, іс жүзінде іс-әрекеттің орындалғандығын (іс-әрекеттен ұстанып қалуды) айтады, басқаша айтқанда – іс жүзінде орындалуы.
Тиісінше лайықсыз орындау талаптар кешенін сақтауды көздейді, ол кімнің кімге орындау жүргізу керектігін, ол қашан, қайда және қандай тәсілмен жүзеге асырылу керектігі көрсетіледі.
Істердің көпшілігі ақшалай міндеттемелерді орындамаумен байланысты. Бұл ретте, тараптар міндеттемелердің орындалуын (жеткізу, мердігер, коммуналдық төлемдер, заем, жалға алу және т.б.) шартпен немесе жазбаша қолхатпен (азаматтар арасындағы заем шарты) негіздейді.
Негізінен бұл берешекті өндіру туралы арыздар (көптеген істер бойынша негізгі қарызбен қоса өсімпұлдарды, шығындарды, өкілдік шығындарды және т.б.) басым жағдайларда осындай арыздар негізді болып есептелініп, соттармен қанағаттандырылады.
АК-нің 282-бабына сәйкес ақшалай мiндеттемеге байланысты бiр адам (борышкер) екiншi адамға (кредиторға) ақша төлеуге мiндеттi, ал кредитордың борышкерден ақша төлеу жөнiндегi мiндеттерiн (ақша қарызы және басқа да мiндеттемелер) орындауын талап етуге құқығы бар.
Тараптардың міндеттемелері жазбаша шарттан ғана емес, сонымен қатар ауызша келісімнен туындауы мүмкін.
Бұл ретте, сонымен қатар, АК-нің 272-бабының талаптарын назарға алған жөн, оған сәйкес, тараптар арасында тиісті шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
Жалпы алғанда жазбаша қолхаттар негізіндегі қарызды өндіруге байланысты, кепілпұлді өндіру туралы дауларды қарастыру жөніндегі тәжірибе тұрақты, себебі сот шешім шығарған кезде істі қарастыру барысында анықталған дәделдерді басшылыққа алады, жоғарыда аталған санаттағы істерді қарастыру бойынша материалдық құқық нормаларын қолдану проблемалары жоқ.
Бірақ марериалдық және процессуалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбау орын алады.
Шарттық құқықтық қарым-қатынастан туындайтын міндеттемелерді тиісті түрде орындамау нәтижесінен келтірілген зиянды өндіру
Зияндарды дәлелдеу – азаматтық құқықтық қарым-қатынас саласында ең күрделі процестерінің бірі болып табылады.
Осы саладағы сот тәжірибесі теориялық, соның ішінде заңнамалық материал көлемінің тапшылығынан қиындықтарды бастан кешіреді.
Осыған байланысты, «зиян» тақырыбы бойынша аталған жұмыста түсіндіруге, сот тәжірибесіндегі осы ұғымды дәлелдеу құралдарына ден қоя отырып, әртүрлі теориялық дереккөздер пайдаланылған.
Азаматтық құқықта зиян ұғымы бойынша азаматтық құқықтық қарымқатынаста оның басқа бір мүшесімен мүшенің мүліктік саласында туындайтын теріс салдарларды айтуға болады.
Заң терминологиясы бойынша зиян дегеніміз, бұл - заңға қайшы, әдетте кінәлі әрекеттермен, келтірілген шығындар, олар құқықтық үйғарымға сәйкес өтелуі тиіс.
Зиян дегеніміз бір тұлғаның екінші бір тұлғаның заңға қайшы әрекетінің нәтижесінде мүліктік жағынан тартқан жағымсыз салдары, мүліктік залалдың ақшалай бағасы болып табылады.
Зиян түсінігі екі түрге бөлінеді: нақты шығын және жоғалтылған пайда.
Нақты шығын дегеніміз:
а) өндірістік шығындар немесе өндірілуге тиісті шығындар;
б) мүліктің жоғалуы немесе зақымдануы.
Талапкерде ол шығындар әлі болмауы мүмкін, бірақ өз құқықтарын қалпына келтіру үшін ол шығындарды шығаруы тиіс болады.
Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау нәтижесінде келтірілген нақты шығын төленген ақша сомасынан көрініс табуы мүмкін.
Жоғалтылған пайда:
а) табылмаған табыс;
б) құқықты бұзған контрагент тапқан табыс.
Барлық жағдайда да міндеттемені бұзу салдарынан туындаған зиянды өтеуге қажетті негіз - іс-әрекеттің заңға қайшылығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында зиянды өтеуге негіз боларлық шартты бұзу мәселесі АК-нің 350 -бабының 1- тармағында қамтылған.
Аталған тармақта борышкер кредиторға міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс орындамау салдарынан келтірілген зиянды өтеу керектігі белгіленген.
Шарт міндеттемелерін орындамау немесе дұрыс орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіру
Тұрақсыздық айыбы – міндеттемелерді дұрыс орындауды қамтамасыз ету мен азаматтық құқықты қорғаудың тәсілі, Азаматтық кодексте ол айыппұл мен өсімпұлдар ретінде қарастырылған.
Тұрақсыздық айыбы түріндегі айыппұл – міндеттемелерді орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін борышкердің кредиторға төлеуі тиіс заңмен немесе шартпен айқындалған ақша сомасы.
Өсімпұлдан айырмашылығы айыппұл бір рет өндірілетін сома болып табылады.
Өсімпұл – еселеніп көбейіп үздіксіз есептелетін, міндеттемені бұзған тарап төлейтін, заңмен немесе шартпен айқындалған ақша сомасы.
Тұрақсыздық айыбы шарттық немесе заңдық (яғни қандай да бір заңмен тікелей қарастырылған) болады.
Егер заңдық тұрақсыздық айыбының көлемі тараптардың келісімі бойынша артса немесе азайса, онда ол заңдық түрден шарттық түрге ауысады. Азаматтық заңнамада шарттық тұрақсыздық айыбы туралы келісімді жазбаша түрде жасау қарастырылған.
Қарапайым жазбаша түрді сақтамау тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады (АКнің 294- б). Жалпы ережелер бойынша міндеттеме бұзылған күнде борышкердің болжалынған кінәсі болған жағдайда міндеттемелерді бұзғандығы үшін жауаптылық орын алады және кінәсіздігін дәлелдеудің ауыртпалығы борышкерге түседі.
АК-нің295-бабының 1-тармағында тараптардың өзара келісімінде оны төлеу міндеті қарастырылған-қарастырылмағанына қарамастан, кредитор заңмен айқындалған тұрақсыздық айыбын (заңдық тұрақсыздық айыбын) төлеуді талап етуге құқылы делінген. Келтірілген қағиданың бұл түзетуі іс жүзінде қайшылық туғызады, өйткені оның мазмұны заңдық тұрақсыздық айып пен шарттық тұрақсыздық айыбын қатар өндіру мүмкін екендігін көрсетеді, бұл белгілі бір мағынада міндеттеме бұзғандығы үшін қос шара қолдануды білдіреді.
Кредитордың заңдық немесе шарттық тұрақсыздық айыбын өндіру құқығы бірдей ме деген сұрақ туындайды.
Заңнамада негізгі қарызбен салыстырғандағы тұрақсыздық айыбының мөлшеріне қатысты тікелей шектеулер қарастырылмаған.
АК-нің 297-бабында соттың борышкердің міндеттемелерді орындау деңгейі мен борышкер мен кредитордың назар аударуға тұрарлық мүдделерін ескере отырып, кредитор зиянымен салыстырғанда шектен тыс көп болса, тұрақсыздық айыбының мөлшерін азайту құқығы қарастырылған.
Айтылып отырған қағиданың мазмұны тұрақсыздық айыбын азайтуға негіз болатын критерия оның зиянмен салыстырғандағы шектен тыс үлкендігі болып табылатындығын көрсетеді.
Оған қоса осы қағиданың құрылымы борышкердің міндеттемелерді орындау деңгейіне және борышкер мен кредитордың назар аударуға тұрарлық мүдделеріне қатысты мән-жайлар ескерілу керектігін көрсетеді.
Сонымен, осы қағидада қарастырылған тұрақсыздық айыбын азайтуға негіз болатын критериялар жиынтығын мойындау керек:
- зиянмен салыстырғанда тұрақсыздық айыбының шектен тыс үлкендігі; - борышкердің міндеттемелерді орындау деңгейі;
- борышкер мен кредитордың назар аударуға тұрарлық мүдделері.
Борышкердің міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілігі мен борышкердің сот шешімін орындамаудағы жауапкершілігін айыра білу
Құқықтық мәні әртүрлі бұл ұғымдардың араласуы, жауаптылық негізі сипатында мәжбүрлі түрде өндіру үрдісі – сот қателігіне әкеліп соқтырады.
Азаматтық іс жүргізу кодексінде сот мүдделі адамның арызы бойынша сот актісімен төлеттірілген ақшалай сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот актісі орындалған күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып, тиісті индекстеу жүргізе алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеу ережесі бойынша АК-нің 353- бабы бойынша тұрақсыздық айыпақы анықталады.
Алайда тұрақтылық айыбын өндіру туралы несие берушінің құқығын сот арқылы қорғау талап қою тәртібімен жүргізіледі, оның индексациядан айырмашылығы осы.
Қарызды өндіру туралы соттың шешімі шыққаннан және осы шешімді орындамағаннан кейін соттың шешімін орындамағандық үшін мүліктік жауапкершілік процессуалдық заңнама ережелері бойынша басталады және индексация деп аталады. Бұл жағдайда тұрақтылық айыбы мен индексация ҚР Ұлттық Банкі қайта қаржыландыруының ресми ставкасы бойынша есептеледі.
Осыған байланысты индексация ақысын өндіру туралы талап арыздар түскен кезде соттар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 1- тармақшасында көзделген ережелер бойынша азаматтық іс жүргізу тәртімен қаралмайтындықтан немесе индексация туралы талап азаматық істі қозғаудың негізі болып табылмайтындықтан іс бойынша өндірісті тоқтатулары қажет.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 234- бабының 1- тармағына сәйкес сот мүдделі адамның арызы бойынша сот актісімен төлеттірілген ақшалай сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот актісі орындалған күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйене отырып, тиісті индекстеу жүргізе алады.
Осы талап арыз бойынша азаматтық іс жеке қозғалмайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот шешімі туралы» 11.07.2003 жылғы №5 нормативтвік қаулысына сәйкес индексациялау туралы өтініш бойынша материалдар азаматтық іс материалдарына қосылады..
Кей жағдайларда АК-нің 353- бабы бойынша тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арыздар бірыңғай ұғыммен қабылданбайды.
Кейбір жағдайда сот тұрақсыздық айыбын қанағттандыра бермейді немесе Азаматтық іс жүргізу кодексінің 234- бабының ережелеріне сәйкес индексация мағынасын жоғалтады. Басқа жағынан алып қарасақ, тұрақсыздық айыбын есептеу кезеңі сот шешімін шығарғанға дейінгі кезеңге келетіндіктен, тұрақсыздық айыбын өндіру және индексацияны есептеу ережелері азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасының талаптарына қайшы келмейді, қарызды өндіру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы осы талапты өндіруге кедергі келтірмейді.
Осы келтірілген мәселе талқылауды және ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысымен түсіндіру арқылы сот тәжірибесін бірыңғай қалыптастыру тәртібімен заңнамалық деңгейде реттеуді қажет етеді.
Шарт міндеттемелерін орындау бөлігіндегі даулардың негізгі құрамын жекетұлғалардың қатысумен несиелік қатынастардан туындайтын даулар құрайды. Несиелік даулар бойынша азаматтық істердің елеулі бөлігін қарыз алушылар мен тапсырма берушілерден – жеке тұлғалардан берешекті өндіру туралы, мүлікті өндіруге кірісу туралы, несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету үшін кепілге салынған мүлікті өндіру туралы, несиені мерзімінен бұрын өтеу туралы талап арыздар бойынша істер құрайды.
Мұндай талап арыздарды несие мекемелері береді. Негізінен, жеке тұлғалар несиелік шарттардың кейбір талаптарын жарамсыз деп тану туралы, осыған байланысты шығындарды өтеу туралы, кепілді немесе тапсырманы тоқтату туралы талап арыз бен сотқа жүгінеді.
Алдағы жүргізген талдауларда мәмілелерде «кемсітілген және дауланатын» түсініктемелерін регламентациялау қажетттілігі туралы сұрақтар туындаған болатын. Біздің осы ұсыныстарымыз Азаматтық кодекске (жалпы бөлім) өзгерту енгізілгенге бағытталған 27 ақпан 2017 жылғы № 49- VI санды «Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік және кәсіпкерлік қызметтері бойынша заңнамаларды жетілдіру үшін кейбір заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында қамтылған.
Құқықтық база
Бұл дауларды шешу үшін құқықтық база ретінде, шарт түсінігі мен шарттары, жасау, өзгерту және бұзу тәртібін анықтайтын Азаматтық кодекстің (бұдан әрі АК) 22-24 тарауларында мазмұндалған азаматтық заңнаманың жалпы нормалары, сонымен қатар келісім шарттардың жеке түрлері және АК-нің тарауларына енгізілген міндеттемелердің жеке түрлері бойынша тараптардың құқықтық қатынастарын реттейтін арнайы нормалар, сонымен бірге басқа да заңнамалық – құқықтық актілер, мысалы:
Жер кодексі,
Су кодексі,
Орман кодексі,
Салық кодексі және Қазақстан Республикасының:
Жер қойнау және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы,
Мемлекеттік мүлік туралы 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңы,
Концессиялар туралы 2006 жылғы 07 шілдедегі Заңы, Қаржы лизингі туралы 2000 жылғы 05 шілдедегі Заңы,
ҚР банктер және банк қызметі туралы 2008 жылғы 31 тамыздағы Заңы қолданылды.
Сонымен бірге,
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тапсырыс туралы» Заңы,
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының:
2001 жылғы 13 желтоқсандағы №21 «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы»;
2003 жылғы 20 наурыздағы №2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы»;
2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Сот шешімі туралы»;
2012 жылғы 14 желтоқсандағы №5 «Соттардың мемлекеттік тапсырыс туралы заңнамасын қолдану туралы» нормативтік қаулылары қолданылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
__()~1
43 рет жүктеп алынды -
201676~1
39 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах недействительности сделок и применении от 07.07.2016 №6
39 рет жүктеп алынды -
Решение суда связанные с заключением изменением расторжением договора (1)
43 рет жүктеп алынды