Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сот бұйрығының күшін жою

Сот бұйрығының күшін жою

Сот бұйрығының күшін жою

Сот бұйрығының күшін жою

Бұйрық арқылы іс жүргізудің уақытты және ақша қаражаттарын үнемдеу тарапынан артықшылықтарға ие, бұл берешекті өндіріп алған кезде үлкен мәнге ие, алайда, өкінішке орай, сот бұйрығының күшін жою мүмкіндігі ретінде кемшіліктерге де ие.

Сонымен қатар Павлодар облысының соттарында ҚР АПК-нің 142-б. 1- б. нормаларын қолдану бойынша қайшылықтар бар, оған сәйкес егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.

               Осылайша, 2015 жылғы 26 қаңтардағы ұйғарыммен «Банк Центр Кредит» АҚ-ның арызы негізінде Павлодар қалалық сотының 2013 жылғы 14 ақпандағы «Центр оконных технологий» ЖШС-нен А.А.Плотниковтың пайдасына төленбеген еңбекақыны өндіріп алу туралы сот бұйрығының күші жойылған болатын. Бұйрықтың күшін жоя отырып, сот Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 «Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 16-т. сәйкес қарсылықтың мазмұнына тәуелсіз, судья сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарым шығаруға міндетті.

            Дәл осы соттың басқа судьясы Павлодар қалалық сотының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі В.А.Филипповичтан И.А.Уайсованың пайдасына еңбекақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жою туралы «Банк Центр Кредит» АҚ-ның арызын қанағаттандырудан бас тартқан болатын.

Сот бұйрығының күшін жоюдан бас тартуды судья арыз беруші борышкердің жоқтығы туралы құжаттамалық дәлелдемелер ұсынбағанымен, арыз берушінің пікірі бойынша оның заңды мүдделері қозғалатын сот бұйрығының күшін жою туралы арызбен сотқа жүгінудің заңды құқығы бар екені туралы нақты, негізді дәлелдер келтірілмегенімен уәждеді.

 

 Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.