Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сот орындаушылардың азаматтарды республика аумағынан шығуын уақытша шектеу

Сот орындаушылардың азаматтарды республика аумағынан шығуын уақытша шектеу

Сот орындаушылардың азаматтарды республика аумағынан шығуын уақытша шектеу

Сот орындаушылардың азаматтарды республика аумағынан шығуын уақытша шектеу

    Жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін қабылдау жүргізіліп жатырған сот – құқықтық реформасының талаптарына жауап беретін, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарын жүзеге асыруда азаматтық істерді қарау сот процесінің ашықтағын, сот билігінің бейтараптығын қалыптастырып, іске қатысушы тараптардың құқықтарын қорғауға кепілдік беретін және біркелкі сот практикасын қалыптастыруға оң ықпал етуге бағытталған.

Азаматтық процестік заңнамасының жаңғыртылуы азаматтардың және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуын қамтемесіз етеді.

2015 жылы сот орындаушылардың борышкердің мүлкіне тоқтам салу жөніндегі ұсыныстары 13 шілде 1999 жылғы редакциядағы ҚР АІЖК-нің 240-7- бабы және осы Кодекстің 18 тарауының талаптарына сәйкес реттелген болатын.

31 қазан 2015 жылы жаңа АПК қолданысқа енгізілуіне байланысты аталған санаттағы жадығаттар ҚР АПК-нің 19 тарауының 252 бабымен қаралады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 76 бабының 3 тармағы және АПК-нің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері оларға қатысты барлық мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары азаматтар мен заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті.

Сот актілерінің тиісті түрде орындалуы азаматтық іс жүргізудің қорытынды сатысы болып табылады және мемлекетте сот төрелігі атқарылуының маңыздылығын айқындайды.

Атқару өндірісінің мақсаты бұзылған немесе даулы құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін іс жүзінде қорғау болып табылады.

Сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау. Қазақстан Республикасының Конституциясының 76-бабының 3 тармағы және АПК-нің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері оларға қатысты барлық мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары азаматтар мен заңды тұлғалар үшін орындауға міндетті.

Сот актілерінің тиісті түрде орындалуы азаматтық іс жүргізудің қорытынды сатысы болып табылады және мемлекетте сот төрелігі атқарылуының маңыздылығын айқындайды.

Атқару өндірісінің мақсаты бұзылған немесе даулы құқықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді іс жүзінде қорғау болып табылады. 2015 жылы сот орындаушының қаулысын санкциялау ҚР АІЖК-нің 240- 7-бабы және осы Кодекстің 18 тарауының ережелеріне сәйкес реттелген (ескі редакцияда) болатын.

 Жаңа АПК қабылдануына байланысты сот орындаушының қаулысын санкциялау АПК-нің 252 бабымен және осы Кодекстің 19 тарауымен реттеледі. Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 33 бабының 1 бөлігіне сәйкес, борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.

Яғни, заң талабы бойынша республика аумағынан шығуын уақытша шектеу субъектілері: сот актісін орындамаған борышкер жеке тұлға және заңды тұлғаның басшысы (міндетін атқарушы) болып саналатын лауазымды тұлғасына қолданылуы мүмкін Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету материалдыққұқықтық талаптарға сай келуге тиіс, борышкердің әрекеті арқылы сот актісін орындауды мүмкін етпейтін немесе қиындататын жағдайдың жолын кесіп, үшінші тараптың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзбауға тиіс.

АПК-нің 252 бабының 2 бөлігіне сай, соттың санкциялауына жататын қаулыны сот орындаушысы сотқа ұсынады.

Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.

АПК-нің 252 бабының 3 бөлігіне сәйкес, сот орындаушысының қаулысын сот материалдар сотқа түскен күні қарауға тиіс.

Аталған баптың 4 бөлігінің талабы бойынша сот орындаушысының қаулысын және оған қоса берілген атқарушылық іс жүргізу материалдарын қарап, сот атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады.

Санкция беру сот орындаушысының қаулысына судьяның қолымен расталатын "Санкциялаймын" деген сот мөртаңбасын қою арқылы жүзеге асырылады.

Санкция беруден бас тартқан жағдайда судья атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Электрондық құжат нысанында берілген сот орындаушысының қаулысына санкция беруді сот судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы жүзеге асырады.

Санкция беруден бас тарқан жағдайда судья санкция беруден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында уәжді ұйғарым шығарады. Яғни, аталған процестік талаптар бойынша сот орындаушы заңда белгіленген тәртіпте соттың санкциялауына жататын қаулы шығаруға міндетті.

Сот сот орындаушысының қаулысын және оған қоса берілген атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеріп, сот атқарушылық әрекеттерді жасауға санкция береді немесе санкция беруден бас тартады. Егер сот орындаушының қаулысы АПК-нің 252 бабының 1-2 бөлігінің талаптарына сай келмесе және объективті себептермен санкциялау қажет емес екенін анықтаса сот санкция беруден бас тартады.

АПК-нің 252 бабының 5 бөлігінде сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы сот санкциялаған қаулысына осы Кодекстің 250- бабында көзделген қағидалар бойынша шағым жасалуы мүмкін. Қаулыға шағым келтіру тәртібі бұрын қолданыста болған шағым беру тәртібінен айырмашылығы бар.

31 қазан 2015 жылғы АПК редакциясында атқару өндірісінің тараптары сот орындаушының қаулысымен келіспеген жағдайда, бұрынғыдай қаулыға шағым келтірмейді, сот орындаушының әрекетіне ҚР АПК-нің 250 бабына сәйкес шағым беруге құқылы.

Атап айтқанда, қаулыға шағым беру тәртібі бұрынғы шағым беру тәртібінен ерекше айрықшаланады. Көрсетілген жағдайлар бойынша егер атқарушылық өндірісінің қатысушылары (өндіріп алушы, борышкер) бұрын сот санкциялаған сот орындаушының қаулысымен келіспеген жағдайда қаулыға шағым берсе, енді 31 қазан 2015 жылы қабылданған АПК-нің талабы бойынша Кодекстің 250- бабында көзделген тәртіпте сот орындаушының әрекетіне шағым береді.

Яғни, өндіріп алушы және борышкер өз құқықтарын қорғау мақсатында сот орындаушының сот актісін орындаудан бас тарту немесе заңсыз әрекеттерін (әрекетсіздігі) сотқа шағым беру арқылы жүзеге асыра алады.

Назар аударатын жағдай, сот орындаушының қаулысын санкциялаған сот сот орындаушының әрекетіне берілген шағымды қарау тәртібі сот бұйрығын, оңайлатылған іс жүргізу, сырттай іс жүргізу тәрбінде қабылданған сот актілерін бұзу туралы істерді қарауға ұқсас тәртіпте жүргізіледі.

Аталған баптың 5 бөлігінде атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына шағым берудің бұрынғы тәртібі сақталады. АПК-нің 252 бабының 5 бөлігіне сәйкес, сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы сот санкциялаған қаулысына осы Кодекстің 250-бабында көзделген қағидалар бойынша шағым жасалуы мүмкін.

АПК-нің 250 бабының талабы бойынша өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзу процесіндегi атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі, оның ішінде сауда-саттықты даулау жөніндегі әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не осындай әрекеттерді жасаудан бас тартуына шағым беруі мүмкiн.

Сот орындаушылардың борышкерді Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына шектеу қою туралы ұсыныстарын санкциялау туралы сот практикасын талдау нәтижесі негізінен республика соттарымен аталған санаттар бойынша жадығаттар қарау барысында қолданыстағы заңнамалардың дұрыс қолданатыны анықталады.

Сот орындаушылардың азаматтарды Қазақстан Республикасы аумағынан шығуын уақытша шектеу жөніндегі қаулыларын санкциялау.

Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 33 бабының бережақ сома және сот актісін орындамау мерзімі бойынша ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен өзгеріс енгізілді.

Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 33 бабының 1 бөлігіне сәйкес, борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады.

Зерттелген сот практикасы соттармен аталған санаттағы жадығаттар заң талабына қаралып жатырғанын айқындайды.

Яғни, Қызылорда облысы, СҚО, ШҚО Ақтөбе, Жамбыл облыстарының сот практикасын зерттеу нәтижесі бойынша атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушылар борышкерді Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына шектеу қою туралы қаулылар шығаратындары қуатталады.

Сонымен қатар, кейбір соттар қараған материалдар бойынша сот орындаушылардың борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына шектеу қою туралы қаулысы заңға енгізілген өзгеріс ескерілмей санкциялағаны анықталады.

Мысалы, Ақтөбе қалалық соты 20 қаңтар 2016 жылы борышкер С. республика аумағынан шығуын уақытша шектеу туралы жеке сот орындаушының қаулысын санкциялаған.

 Сот орындаушы Ақтөбе қалалық сотының шешімімен борышкер С. 27 961 тенге бережақ өндірілгенін және борышкер атқару құжатының талабын орындамай отырғанын көрсетіп, соттан қаулысын санкциялауды сұраған.

Сот орындаушының қаулысын санкциялау барысында сот борышкердің бережақ сомасы 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтынын ескермеген. Мұндай жағдайда сот Атқарушылық өндіріс туралы Заңына енгізілген өзгерісті негізге алып, сот орындаушының ұсынысын қанағаттандырудан бас тартуы тиіс болатын. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облыстық әділет департаменті Шу ауданы аумақтық бөлімі» РММ-нің мемлекеттік сот орындаушысының борышкер К. қатысты 2 желтоқсан 2016 жылғы қаулысын сот сол күні санкциялаған.

Қаулы мазмұны бойынша сот орындаушы қаулының анықтау бөлімінде тек сот шешімін, Атқарушылық өндіріс туралы Заңының 10 бабының 1 тармағы, 33 бабының 1 бөлігі, 126 бабының 1 тармағының 1 тармақшасын көрсетумен шектелген. Қаулыда басқа мәліметтер жоқ.

Аталған кемшіліктер Жамбыл облысы Тараз қаласы атқару округінің сот орындаушысының қаулысын санкциялау кезінде жол берілген.

Заң талабы бойынша сот орындаушының қаулылары толық көлемде негізделуі тиіс, яғни сот орындаушысы не себепті борышкерге осы мәжбүрлеу шараны қолдану қажет екенін, атқару құжаттары бойынша борышкерге мұндай шара қолданбаған жағдайда сот актісін орындау мүмкін еместігін дәлелдейтін қажеттіктер көрсетілмей, санкциялау жеткіліксіз болып табылады.

Борышкерді республика аумағынан шығуына уақытша шектеу қою арқылы, азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағынан шығу конституциялық құқығының шектелетініне байланысты, сот актісін мәжбүрлеп орындау шарасы болып танылады.

Соған байланысты сот қаулыны санкциялау алдында сот орындаушыдан борышкердің сот актісін дәлелді себепсіз орындамай отырғанын қуаттайтын құжаттар талап етуі тиіс. Яғни, борышкердің тек сот шешімін орындамай отырғаны оның Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шектеу қоюға негіз болмайды. Сотқа борышкердің сот актісін дәлелді себепсіз орындамай отырғанын қуаттайтын бұлтартпас дәлелдемелер ұсынылуы қажет.

Қорыту жүргізу барысында сот орындаушылар борышкерлерді Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шектеу түрінде шара қолдануды сұрағанда оның себептерін негіздемейтіндері анықталады.

Қаулыда сот шешіміне, Атқарушылық өндіріс туралы Заңының баптарының нормаларына сілтеме жасаумен және борышкердің сот орындаушының талаптарын орындамай отырғанын көрсетумен шектеледі. Қаулыда борышкер кімнің пайдасына, қанша сома өндіру тиіс екені және мұндай шара қолдану кімнің бастамасымен жасалып отырғанын (өндіріп алушы, сот орындаушы) туралы мәліметтер көрсетілмейді.

 Мұндай жағдайда төменде келтіріліп отырған мысалдар бойынша соттардың санкция беруден бас тарту туралы тұжырымдары заңды және негізді болып табылады.

Мысалы, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облыстық әділет департаменті Жамбыл ауданы аумақтық бөлімі» РММ-нің мемлекеттік сот орындаушысы борышкер Б. кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу міндеттемесін орындамай отырғанына байланысты оны Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шектеу қою туралы қаулыны санкциялау туралы сотқа ұсыныс жолдаған.

Жамбыл облыс Жамбыл аудандық соты санкция беруден бас тарту туралы ұйғарымында қаулыда санкция беру қажеттілігі жөнінде дәлелдер мен негіздер көрсетілмегенін, сонымен қатар атқару өндірісінде санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызатын дәлелдер мен негіздер жазылмағанын ескерген.

Бұл жағдайда сот орындаушысының борышкерді республика аумағынан шығуға шектеу қою қаулысын санкциялау туралы ұсынысы атқару құжаттарында оны қуаттайтын дәлелдер мен негіздер болмағандықтан дұрыс қағаттандырусыз қалдырылған.

 АІЖК-нің (ескі редакция) 240-7 бабының 1 бөлігіне сәйкес, заңмен белгіленген жағдайларда сот орындаушысы соттың санкциялауына жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулы шығарады. Қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған дәлелдер мен негіздер жазылуға тиіс. Аталған процестік талап 31 қазан 2015 жылы қабылданған АПК-нің 252 бабында көрсетілген.

 Мұндай жағдайда, бұрынғы және 2016 жылғы заң талабы бойынша, егер қаулыда санкцияланатын әрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған дәлелдер мен негіздер көрсетілмесе, судьялар борышкерлерді Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шектеу қою туралы қаулыға санкция беруден бас тартулары қажет. Жадығаттарды оқу нәтижесі бойынша оларды соттылығы бойынша қарау жөнінде мәселе туындамаған.

Сот қаулысын санкциялау туралы ұсыныстар атқарушылық өндіріс жүргізілетін жері бойынша соттармен қарау практикасы қалыптасқан.

Атқарушылық өндірісі туралы Заңының 33-бабының 3-тармағына сәйкес, борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұрылуы мүмкін.

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді тоқтата тұру мерзімі көрсетілген тоқтата тұру туралы сот орындаушысының қаулысын сот Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен санкциялауға тиіс.

Яғни, аталған заң талабында жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу жүргізу қажет болған жағдайларда тоқтатыла тұрылуы мүмкіндігі қарастырылған.

Мұндай жадығаттар қарау кезінде соттар әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс деген АПК-нің 72 бабының 1 тармағын басшылыққа алулары тиіс. Яғни, борышкердің шетелге шығуына уақытша шектеуді тоқтата тұру туралы өтініш қанағаттандырудан бас тарту туралы сот орындаушының әрекетіне берген шағымын қарау кезінде борышкер Қазақстан Республикасынан тыс жерде ем алу қажеттілігі туралы дәлелдеме ұсынуға міндетті.

Сот орындаушының борышкерді Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығуын уақытша шектеу туралы қаулысын санкциялау кезінде соттар істің мән-жайын ескерулері қажет.

Сонымен қатар, борышкерді Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шектеу қою, азаматтың Қазақстан Республикасы аумағынан шығу бойынша конституциялық құқығын шектеумен байланысты мәжбүрлеп орындау шарасы болып танылатынын ескеру қажет.

Соған байланысты қаулыны сакциялау алдында соттар сот орындаушыдан борышкердің сот актісін дәлелді себептерсіз орындамағанын қуаттайтын дәлелдемелер талап етулері тиіс. Өйткені, борышкердің тек сот шешімін орындамау фактісі оны Қазақстан Республикасы аумағынан шығуын уақытша шектеуге бұлтартпас негіз болып табылмайды, сотқа оның сот актісін дәлелді себептерсіз орындаудан бас тартқаны туралы нақты дәлелдемелер тапсырылуы қажет.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу