Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Соттарымен атқару парағының төлнұсқасын беру туралы

Соттарымен атқару парағының төлнұсқасын беру туралы

Соттарымен атқару парағының төлнұсқасын беру туралы

Соттарымен атқару парағының төлнұсқасын беру туралы

               Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай-АПК) 242 бабына сәйкес, атқару парағының немесе сот бұйрығының 2 телнұсқасы (бұдан әрі – атқару құжаттары) жоғалған жағдайда шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот өндіріп алушының арызы немесе сот орындаушысының ұсынымы, әділет органының өтінішхаты бойынша атқару құжаттарының телнұсқаларын бере алады.

Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз атқару құжатын орындауға ұсыну үшін белгіленген мерзім өткенге дейін сотқа берілуі мүмкін.

Егер атқару құжаты орындау барысында жоғалған болса және бұл туралы өндіріп алушыға оны орындауға беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін белгілі болса, атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз атқару құжатының жоғалғаны туралы өндіріп алушыға белгілі болған күннен бастап бір ай ішінде сотқа берілуі мүмкін.

Сот атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызды ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз іске қатысатын адамдарға отырыстың өткізілетін уақыты мен орны хабарлана отырып, сот отырысында қаралады, алайда олардың келмеуі телнұсқаны беру туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызды қарау кезінде сот атқару құжатының жоғалғаны туралы дәлелдемелерді тексереді және зерттейді. Соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Іс жүргізу нормаларына сай атқару парағының телнұсқасы жоғалған жағдайда өндіріп алушының арызы бойынша беріледі. Немесе сот орындаушысының ұсынымы және әділет органының өтінішхаты бойынша егер сот орындаушысы жоғалтқан жағдайда беріледі.

Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз шығарған сотқа беріледі. Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызды қарау кезінде сот арызды қанағаттандыру немесе қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыздың мерзімі, яғни атқару құжатын орындауға ұсыну үшін белгіленген мерзім үш жыл өткенге дейін сотқа берілуі көрсетілген (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 11 бабы).

Егер атқару құжаты орындау барысында жоғалған болса және бұл туралы өндіріп алушыға оны орындауға беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін белгілі болса, атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз атқару құжатының жоғалғаны туралы өндіріп алушыға белгілі болған күннен бастап бір ай ішінде сотқа берілуі мүмкін.

Аталған мерзім іс жүргізу мерзімдері болып табылады, егерде құжаттың телнұсқасын беру туралы арыздың мерзімі өтіп кеткен жағдайда, атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызбен қоса мерзімді қалпына келтіру туралы арыз беріледі.

Егерде, сот мерзімді қалпына келтірмеген жағдайда, сот атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызды қанағаттандырусыз қалдырады.

Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш болмаған жағдайда, атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызын сот ұйғарымымен қабылдаудан бас тартылады.

Сот ұйғарымында міндетті түрде арызды қабылдаудан бас тартқанының себептерін көрсетіп, сонымен қатар арыз берушіге мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті қосып қайта жүгіну құқығын түсіндіру қажет.

Сонымен қатар, практикада атқару құжатының телнұсқасын берудің мерзімін қалпына келтіру бойынша сұрақтар туындайды.

2016 жылғы 21 қарашадағы Аксу аудандық сотының ұйғарымымен 2006 жылғы 27 қарашадағы Павлодар облысының Ақсу қалалық сотының шешімі бойынша Павлодар облысының Әділет Департаментіне құжатының телнұсқасы берілген.

Соттың ұйғарымына сай, 2006 жылғы 27 қарашадағы А. және А.-дан «Э» АҚ-ның пайдасына бережақ соманы өндіру туралы Павлодар облысының Ақсу қалалық сотының шешімінің атқарушылық іс жүргізуі сот орындаушысымен жоғалтылған.

Ол бойынша қызметтік тергеу жүргізілген. Алайда, сот ұйғарымында қызметтік тергеу қашан жүргізілгені, сотқа жүгіну мерзімде сақталғаны, өндіріп алушының және борышкердің түсініктемелері көрсетілмеген.

Атқару құжатының телнұсқасы 2006 жылғы сот шешімі бойынша, яғни шешім заңды күшіне енгеннен соң 10 жылдан кейін берілген. Атқару құжатының орындауға ұсынған соңғы уақыты тексерілмеген, неліктен өндіріп алушы 10 жыл бойы сот шешімін орындау шараларын қолданбағанын, сот анықтамаған.

Мерзімді қалпына келтіруі сотпен қаралмаған. Аталғанның негізінде, атқару құжатының телнұсқасын беруі заң талаптарына қайшы және белгілі болған мән- жайларға сәйкес емес деп санаймыз.

Тақылеттес бойынша Әділет Департаментінің келесідей арыздары қаралған:

- Н-дан «Т» ЖШС-нің пайдасына бережақ соманы өндіру туралы 2007 жылғы 19 қарашадағы шешімі бойынша атқару құжатының телнұсқасын беру ( 2016 жылғы 25 сәуірдегі сот ұйғарымы);

- Г-дан «А» АҚ-ның пайдасына заем шарты бойынша бережақ соманы өндіру туралы 2009 жылғы 19 маусымдағы сот шешімі негізінде атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыздар қаралған.

Заң талаптары бойынша, егер атқару құжаты орындау барысында жоғалған болса және оны орындауға беру мерзімі өтіп кеткен жағдайда, мұндай арызбен өндіріп алушы атқару құжатының жоғалғаны туралы белгілі болған күннен бастап бір ай ішінде сотқа жүгінуге құқылы.

Сот орындаушысы немесе әділет Департаменті қай мерзім ішінде атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызбен сотқа жүгінуге міндетті сұрағы туындайды?

Аталған материалдарды толық қарау үшін, арыздарды жалпы сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға жатады, іске қатысатын адамдарға отырыстың өткізілетін уақыты мен орны хабарлана отырып, қаралады, алайда олардың келмеуі телнұсқаны беру туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

Атқарушылық парағының телнұсқасын беру туралы арызды қанағаттандырудың негізі түпқұжаттың жойылғандығы болып табылады, алайда кейбір судьялар арызды қанағаттандырудың негізін атқарушылық парағының түпқұжатын жойылғандығын көрсетіп, сотта дәлелдемелерді тексермейді.

Сонымен қатар, сот отырысында судьялар атқарушылық парағының жойылғандығын ғана білуді емес, оны қашан және кіммен жоғалтқандығын анықтау керек.

Аталған сұрақтар бойынша, сот өзіннің қорытындысын сот отырысында тексерілген дәлелдемелермен растауы қажет.

Барлық талдауға түскен материалдар бойынша, атқарушылық парағының жоғалғандығын растайтын, сот орындаушының атқарушылық парағының орындауда жоқтығы және кірісті тіркеу жөніндегі кітапты тексеру жөніндегі анықтамалары дәлелдеме болып табылады.

Алайда, аталған анықтама әр уақытта атқарушылық парағының жоғалғандығы растайтын дәлелдеме болып табылмайды.

Себебі, ҚР АПК 241 бабына сай атқарушылық парақ өндіріп алушыға немесе оның өтініші бойынша сотпен орындауға жіберіледі.

Аталған құжатты өндіріп алушы алғанда, оны сот орындаушыға немесе өзіне қалдыруға ерікті.

Сондықтан, арызданушының атқарушылық парақты өзі алғандығын немесе істе сот орындаушыға жіберу туралы арыздың болуы, егер қолма қол алған болса, оны қайда жібергендігін анықтау кажет.

Немқұрайдылық, қысқа толтырылған, атқарушылық парағының телнұсқасын берудің негіздерін көрсетпеген сот актілері (ұйғарымдары) орын алады.

2016 жылғы 20 сәуірдегі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Павлодар облысының Әділет Департаментінің Экибастұз аумақтық бөлімі» ММ-не «У» ӨК-ден «К» РМКның пайдасына бережақ соманы өндіру туралы атқару құжатының телнұсқасы берілген.

Алайда, сот актісінен атқару құжатының телнұсқасы қай соттың шешімі (бұйрығы) негізінде берілгендігі көрсетілмеген. Сот актісін берген уақыты көрсетілмеген. Атқару құжаты қандай жағдайда жоғалғандығы анықталмаған.

Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз атқару құжатын (сот бұйрығын) берген сот түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде сот отырысында қарайды.

Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыздарына мемлекеттік баж төленеді (ҚР Салық кодексінің 535 бабының 11 тармағы).

Арызданушы атқару құжатының жоғалғандығының жағдайларын және атқару құжатының жоғалғандығы туралы және орындалмағандығы туралы дәлелдемелерді сотқа ұсыну міндетті.

 Сот орындаушысын, және атқарушылық іс жүргізудің тұлғаларын сот отырысына шақыртып, атқару құжаттың орындалғандығы және қандай көлемде орындалғандығын білуге сот құқылы.

Егерде, орындау ішінара орындалғандығы анықталса, ол туралы сот ұйғарымында міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Бірақ осының негізінде өндіруге жататын соманын өзгертуге болмайды, телнұсқада жоғалған атқару құжаты толық қайталанады. Ішінара орындалған сот шешімі сот орындаушысымыен әрі қарай орындалған кезде есептеледі.

Егерде, жоғалған атқару құжаты толық орындалғандығы анықталса, сот телнұсқаны беруге құқылы емес.

Атқару құжатының телнұсқасы жоғалған атқару құжатының заң күшімен иеленеді. Мазмұны бойынша атқару құжатымен ұқсас болуы тиіс.

Айырмашылдығы тек «Төлнұсқасы» деген белгіде. Егерде жоғалған атқару құжаты табылған жағдайда, ол өзінің күшін телнұсқаны берген кезде жоғалтады.

Соттың ұйғарымына апелляцилық сот алқасына АПК 429 бабына сай шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

 Нормативтік құқықтық база:

 - 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ЗРК Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы;

- (қорытындылау жүргізген уақытта қолданылған, содан кейін 2017 жылғы 31 наурызда күші жойылған) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 6 «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» Нормативтік қаулысы.

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» Нормативтік қаулысы.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы