Төрелік шешімнің атқару парағын (төлнұсқасын) беру туралы
Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы арызбен сотқа жүгінудің негізі:
егер төрелік шешiм онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда.
Жүгіну құқығының иеленуші тұлға:
өз пайдасына төрелік шешім шығарылған төрелік талқылау тарапы (өндiрiп алушы) Соттылық:
-төреші дауды қараған жерi бойынша,
- борышкердің тұрғылықты жері,
- заңды тұлғаның органы орналасқан жері,
- егер тұрғылықты жері немесе орналасқан жері белгісіз болса, онда борышкердің мүлкі орналасқан жері бойынша.
Арыздың қосымшасы:
1) төрелік шешімнің төлнұсқасы немесе көшiрмесi.
*тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік шешiмiнiң көшiрмесiн осы төреліктің басшысы растайды,
* төрелік шешімнің көшiрмесi нақты дауды шешу үшiн нотариатта куәландырылуға тиiс;
2) заңда белгiленген тәртiппен жасалған төрелік келiсiмнiң төлнұсқасы немесе нотариат растаған көшiрмесi.
Жүгіну мерзімі:
Атқару парағын беру туралы арыз төрелік шешімді ерiктi түрде орындауға арналған мерзiм аяқталған күннен бастап үш жылдан кешiктiрмей берiлуi мүмкiн.
Арызды кері қайтарудың негізі:
*Белгiленген мерзiмді өткiзіп берілген, мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат және растаушы құжаттар қоса берілмеген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай керi қайтарады;
*Кері қатару туралы ұйғарым шығарылады.
*Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
Мерзiм қалпына келтіріледі:
-сот аталған мерзiмдi өткiзiп алу себептерiн дәлелдi деп тапса.
Атқару парағын беру туралы арызды қараудың тәртібі:
-Судья арызды жеке-дара қарайды.
-Сот өндiрiп алушының төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы түскен арызы, сондай-ақ оны сот отырысында қарау орны мен уақыты туралы борышкерге және өндіріп алушыға хабардар етеді.
- Егер борышкерден сот отырысына келе алмауының дәлелдi себептерi көрсетiлiп, арызды қарауды кейiнге қалдыру туралы өтінішхат түспесе, борышкердiң немесе өндiрiп алушының сот отырысына келмей қалуы арызды қарауға кедергi болмайды. Қарау мерзімі:
- сотқа түскен күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде.
Ерекшелігі: Сот төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызды қараған кезде төрелік шешімді мәнi бойынша қайта қарауға құқылы емес.
Арызды қараудың нәтижесі бойынша шығарылатын сот актісі:
Сот арызды қараудың нәтижелерi бойынша атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Соттың атқару парағын беру туралы ұйғарымы дереу орындалуға жатады.
Сот, атқару парағын беруден бас тартады, егер:
1) өзiне қарсы төрелік шешім қабылданған тарап сотқа:
*төрелік келiсiмнің – тараптар оны көндірген мемлекеттің заңдары бойынша, ал мұндай нұқсау болмаған кезде – Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жарамсыз болып табылатынына;
*төрелік шешім төрелік келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылғандығының не төрелік келiсiмнiң шегінен шығатын мәселелер бойынша қаулылардан тұратынының, сондай-ақ даудың төреліктің ведомстволығына жатпайтыны салдарының;
*төрелік келісім тараптарының біреуін соттың әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танығанының;
*өзiне қарсы шешiм шығарылған тарап төрешінің тағайындалуы туралы немесе төрелік талқылау туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегенінің немесе төрелікке сот дәлелді деп таныған басқа да себептермен өз түсiніктерiн бере алмағанының;
* сол бір тараптардың арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша шығарылған, заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе төрелік шешім не талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты iс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы соттың немесе төреліктің ұйғарымы болғанының;
*заңды күшіне енген сот үкiмiмен анықталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудың нәтижесiнде төрелік шешімнің шығарылуы мүмкiн болғанының;
*төреліктің құрамы немесе төрелік талқылау рәсімі заңның талаптарына сәйкес келмегенінің;
*шешімнің әлі тараптар үшін міндетті болмағанының немесе оның күші жойылғанының немесе оның орындалуын заңына сәйкес ол шығарылған елдің соты тоқтата тұрғанының дәлелдемелерін ұсынса;
2) сот осы төрелік шешімді орындауға келтіру Қазақстан Республикасының жария тәртібіне қайшы келетінін немесе өзі бойынша төрелік шешім шығарылған дау заңға сәйкес төрелік талқылау нысанасы бола 4 алмайтынын анықтаса, төрелік шешiмді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Егер төрелік келісімде қамтылатын мәселелер бойынша төрелік шешімді осындай келісімде қамтылмайтын мәселелер бойынша шешімдерден бөліп алу мүмкін болса, онда төрелік шешімнің төрелік келісімде қамтылған бөлігін мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тартылмайды.
Сот төрелік шешімді орындауға келтіру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарады, оған осы Кодекске сәйкес шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Сот тәжірибесі.
Сот төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызды қараған кезде төрелік шешімді мәнi бойынша қайта қарауға құқылы емес.
Егер төрелік шешiм онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, өз пайдасына төрелік шешім шығарылған төрелік талқылау тарапы (өндiрiп алушы) төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы. 2016 жылғы 18 шілдедегі «Әділет» аралық сотының шешімімен «P» ЖШС-нің Б-ке қойған талап арызы қанағаттандырылған.
Б-нан «P» ЖШСнің пайдасына банктік заем шарты бойынша 341 073,97 теңге бережақ сомасы өндірілген.
«P» ЖШС-гі жоғарыда көрсетілген шешімін мәжбүрлеп орындауға арналған атқару парағын беру туралы арызбен сотқа жүгінді. АПК 253 бабының 7 тармағына сәйкес іс борышкердің қатысуынсыз қаралған.
2016 жылғы 3 тамыздағы Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының ұйғарымымен арыз келісі себептермен қанағаттандырылған. 2016 жылғы 18 шілдедегі «Әділет» төрелік сотының шешімі заңды күшіне енген, шешiмді ерiктi түрде орындағаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған, шешімді мәжбүрлеп орындау туралы арыз төреші дауды қараған жерi бойынша берілген.
Егер өзiне қарсы шешiм шығарылған тарап төрешінің тағайындалуы туралы немесе төрелік талқылау туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегені туралы сотқа дәлелдемелер ұсынса, сот, төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
2016 жылғы 29 шілдедегі Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Е» ЖШС-нің 2016 жылғы 21 маусымдағы Сібір аралық сотының шешімін мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Іс материалына сай арызданушы борышкердің қарсы шешiм шығарылған тарап төрешінің тағайындалуы туралы немесе төрелік талқылау туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегені туралы уәждерін теріске шығара алмады.
Арызданушы борышкерді хабардар етілгені туралы және аралық сотының ұйғарымын алғаны туралы дәлелдемеделерді сотқа ұсынбаған.
Басқа іс бойынша, қарсы шешiм шығарылған тарапты тиісті түрде хабардар етілмегені себептерімен атқару парағын беру туралы арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шығыс Қазақстан облысының №2 Зыряновск аудандық сотының ұйғарымымен «С» ЖШС-нің 2015 жылғы 28 тамыздағы «F» аралық сотының У.-дан «С» ЖШС-нің пайдасына бережақ сомасын өндіру туралы шешіміне атқару парағын беру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Борышкерге сот отырысының күні, уақыты және орны туралы Семей қаласы Привокзальная көшесі 3-1 мекенжайы бойынша хабарланған, алайда келісімге сай борышкер тұрғылықты пунктсіз Привокзальная көшесі 3-1 мекен жайда тұратыны анықталған.
Электрондық сұрау салу есебі бойынша борышкер Бухтарма станциясында тіркелген.
Сот, борышкерге қараудың күні, уақыты және орны туралы тиісті хабардар етілмеген деп таныған. Басқа мысал: 2016 жылғы 20 қазандағы Алматы қаласы №2Алмалы аудандық сотының ұйғарымымен «М» ЖШС-нің 2016 жылғы 06 қыркүйектегі «Әділет» Төрелік сотының жеке кәсіпкер С. «S» ЖШС-нің пайдасына өндіру туралы шешімін мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Қанағаттандырусыз қалдырудың себептері, төрелік сотта сот процесі жөнінде борышкерді тиісті түрде хабарлаудың мәліметтері ұсынылмаған, сонымен қатар жалдау шартында және соттың шешімінде төрелік талқылау өткізілген төрелік адресі көрсетілмегені, арызданушы құрылтай құжаттарды ұсынбағандығы болып табылған.
Жадығаттарды қарау барысында соттар, шешімнің тараптар үшін міндетті болмағаның, оның күші жойылғаның немесе оның орындалуын заңына сәйкес ол шығарылған елдің соты тоқтата тұрғаның анықтау керек.
АПК 253 бабының 1 тармағына сай егер төрелік шешiм онда белгiленген мерзiмде ерiктi түрде орындалмаған жағдайда, өз пайдасына төрелік шешім шығарылған төрелік талқылау тарапы (өндiрiп алушы) төрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
2016 жылғы 8 қыркүйекте «Щ» ЖШС-гі сотқа арыз беріп, онда 2016 жылғы 6 қыркүйектегі «Д» ЖШС-нен «Щ» ЖШС-нің пайдасына 13602680 тенге бережақ сомасын, 13500000 теңге айыппұлды және 135514 теңге төрелік салымды өндіру туралы «К» ЖШС-нің шешімін мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беруді сұраған. Алайда, 2016 жылғы 6 қыркүйектегі «К» ЖШС-гі сотының төрелік шешімінде оны ерікті түрде орындаудың мерзімі көрсетілмеген.
«Төрелік туралы» Заңының 47 бабының 2 тармағы 10 тармақшасына сай төрелік шешімде: төрелікте дауды шешуге байланысты шығыстардың сомасы, көрсетілген шығыстардың тараптар арасында бөлiнуi және қажет болған жағдайда қабылданған шешiмдi орындаудың мерзiмi мен тәртiбi көрсетiлуге тиiс.
Заңының 55 бабына сәйкес егер төрелік шешім ондағы белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаса, онда ол мәжбүрлеп орындатуға жатады.
2016 жылғы 26 қыркүйектегі Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен АПК 268,269,503 баптарына сүйеніп арыз қайтарылған. Алайда, төрелік шешімін орындаудың сұрақтары АПК 20 тармағымен (253,254,255 баптары) қарастырылған. АПК-нің 255 бабы 1 тармағы сай төрелік шешімін орындауға атқару парағын беруден бас тартады, егер сот шешімі бұзылған жағдайда.
Жадығаттарды талдауы, соттардың төрелік шешімнің тараптар үшін міндетті болғаның анықтамайтындығын көрсетті. 2016 жылғы 26 мамырда «Е» ҰҚБ-гі сотқа арыз беріп, онда РФ Свердловск облысының Төрелік сотының шешімін мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беруді сұраған. 2016 жылғы 18 наурыздағы Свердловск облысының Төрелік сотының шешімімен «А» ЖШС-нен айппұл өнідірілгенін көрсеткен.
Сотқа 2016 жылғы 24 наурыздағы Төрелік сотының шешімін және атқару парағын дәледеме ретінде ұсынған. 2016 жылғы 8 маусымдағы Қызылжар аудандық сотының ұйғарымымен «Е» ҰҚБ-ң арызы қанағаттандырылған.
Сот алқасы, аталған ұйғарымды бұзып келесіні көрсеткен. Шаруашылық дауларының сот актілерін орындау сұрақтары Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарымен, соның ішінде 1992 жылғы 20 наурыздағы Шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға байланысты дауларды шешудiң тәртiбi туралы Келісімімен және 1998 жылғы 06 наурыздағы Достыққа қатысушы мемлекеттердің аумақтарында төрелік, шаруашылық және экономикалық соттардың шешімдерін өзара атқарудың тәртібі туралы келісімдерімен көзделеді.
Алайда, 2016 жылғы 24 наурыздағы Свердловск облысының Төрелік сотының шешіміне «А» ЖШС-нен апелляциялық шағым түсіп, апелляциялық сатыдағы сотымен 2016 жылғы 25 шілдеге дейін апелляциялық шағым қозғалыссыз қалдырылған, яғни «Е» ҰҚБ –гі сотқа арыз берген кезде сот шешімі заң күшіне енбеген.
АПК-нің 505 бабы 3 тармағына сай аралық соттардың төрелік туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған шешімдерінің осы Кодекстің 56-тарауында көзделген тәртіппен күші жойылуы мүмкін және олар бойынша атқарушылық парақтар осы Кодекстің 20-тарауында көзделген тәртіппен жазылып берілуі мүмкін.
2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңымен өзгертулер енгізілді, АПК-нің 505 бабының 3 тармағы жаңа редакцияда көрсетілген «аралық соттардың төрелік туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған шешімдерінің осы Кодекстің 56-тарауында көзделген тәртіппен күші жойылуы мүмкін және олар бойынша атқарушылық парақтар осы Кодекстің 20-тарауында көзделген тәртіппен жазылып берілуі мүмкін».
2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңы 2016 жылғы 9 сәуірде «"Егемен Қазақстан" ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алайда, аталған заңға енгізілген өзгертулері соттармен зерделенбегендігі, процессуалдық нормаларды бұзуына соқтырады. 2016 жылғы 20 шілдедегі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының ұйғарымымен «С» ЖШС-нің 2016 жылғы 24 наурыздағы «F» аралық сотының шешімін мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Арызды қанағаттандырусыз қалдырған кезде, сот АПК 505 бабының 3 тармағы өзгертілгенін ескермеген.
Жаңа редакцияда аталған бап аралық соттардың төрелік туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған шешімдерінің осы Кодекстің 56-тарауында көзделген тәртіппен күші жойылуы мүмкін және олар бойынша атқарушылық парақтар осы Кодекстің 20-тарауында көзделген тәртіппен жазылып берілуі мүмкіндігін анықталған.
АПК 253 бабына сай атқару парағын беру туралы сұрақтары бірінші сатыдағы соттың қарауына жатады. Осыған байланысты, «С» ЖШС-нің арызы бойынша жадығат Медеу аудандық сотына қайта қарауға жіберілген.
Төрелік сотының шешімдерін орындаудың сұрақтары қолданыстағы АПК-мен нақты түрде көзделген, алайда, процессуалдық нормаларды қолданудың қателіктеріне жол берілетін мысалдар да кездеседі.
2016 жылғы 29 сәуірде арызданушы Д. сотқа арыз беріп, онда«К» ЖШС-не қатысты 2016 жылғы 22 сәуірдегі аралық сотының шешімін орындауға атқару парағын беруді сұраған.
2016 жылғы 1 маусымдағы Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен 2016 жылғы 22 сәуірдегі аралық сотының шешімі бұзылған.
2016 жылғы 13 шілдедегі Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымымен 2016 жылғы 1 маусымдағы Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымы күшінде қалдырылған.
2016 жылғы 25 тамыздағы Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен Д. атқару парағын беру туралы арыздың іс жүргізуі АПКнің 277 бабының 1 тармағына сәйкес қысқартылған.
Алайда, төрелік сотының шешімінің бұзылуы төрелік шешімін мәжбүрлеп орындауға атқару парағын берудің қанағаттандырусыз қалдырудың негізі болып табылады.
АПК 254 бабына сай сот төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде атқару парағы осы Кодекстiң 241-бабының қағидалары бойынша берiледi.
АПК 241 бабының 4 тармағына сәйкес атқару құжатында: шешім шығарған соттың атауы; iстiң нөмiрi және шешiм шығарылған күн; шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз); шешiмнiң заңды күшiне енген күні; атқару құжаты берiлген күн; өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күнi, оның тұрғылықты немесе орналасқан жері, оның тұрғылықты жері бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер және жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жерi, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi көрсетіледі.
Атқарушылық құжатқа сот актісінің көшірмесі немесе сотпен бекітілген актіден үзінді көшірмесін сот қоса жалғайды. Атқару құжатының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi әділет органы бекiтедi.
Сот актілерді талдау кезінде соттардың аталған заңының талаптары сақталмайтыны көрінеді. 2016 жылғы 1 ақпандағы Өскемен қалалық сотының ұйғарымымен өндіріп алушы «С» ЖШС-нің төрелік сотының шешімін мәжбүрлеп орындауға атқару парағын беру туралы арызы қанағаттандырылған.
Сот ұйғарымда келесіні көрсеткен: 2015 жылғы 28 тамыздағы «С» ЖШС-нің С.-тан банктік шарты бойынша бережақ соманы өндіру, төрелік және тіркеу алымдары және қосымша шығыстарды өндіру туралы «F» аралық сотының шешімін мәжбүрлеп орындауға атқару парағы берілсін.
АПК-не сай атқарушылық құжатта ұйғарымның қарар бөлігі көрсетіледі делінген, атқарушылық құжатқа төрелік сотының шешімі емес, сот актісі қоса жалғанады деп көрсетілген.
Нормативтік құқықтық базасы.
- 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ЗРК Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексі;
- 1999 жылғы 13 шілдедегі №411 (күші жойылған) Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексі;
- 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 «Сот шешiмi туралы» нормативтік қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 10 «Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысы.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Выдача исполнительных листов (дубликатов) по решениям арбитража
19 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 31.03.2017 №1 каз
19 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 31.03.2017 №1 рус
19 рет жүктеп алынды -
2819_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
19 рет жүктеп алынды -
2819_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_ЗКО
19 рет жүктеп алынды -
2819_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Жамбылская область
19 рет жүктеп алынды -
2819_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_г.Астана
20 рет жүктеп алынды -
2819_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Алматинская область
19 рет жүктеп алынды