Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы тұтынушылар мен дайындаушылар, орындаушылар, импорт тасымалдаушылары, сатушылар арасындағы тауар сату (жұмыстар орындау, қызмет көрсету) арасында туындаған қатынастарын реттейді, тұтынушылардың тиісті сапасы бар, тұтынушылардың мүлкі мен қоршаған ортаға, өмірге және денсаулыққа қауіпсіз тауарды (жұмысты, қызметті) алу, тауар, (жұмыс, қызмет), дайындаушылар (орындаушылар, сатушылар) туралы мәліметтерді алу құқығын орнатады, аұпарат беру, олардың мүдделерінің мемлекеттік және қоғамдық қорғалуын және осы құқықтардың іске асу механизмін анықтайды.
Тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасы бір жағынан, кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты емес тек жеке, отбасылық, үй және басқа қажеттерге тапсырыс беру немесе алу ойы бар, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) тапсырыс берген, алған немесе қолданған азаматтармен және екінші жағынан, тұтынушылардың қолдануына арналған тауарларды өндіретін, тұтынушыларға тауарды сатып алу-сату шарты бойынша іске асыратын, ақылы шарт бойынша жұмыстар орындап, қызметтер көрсететін мекеме немесе жеке кәсіпкер арасындағы қатынастарды реттейді.
«Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыспен, көрсетілетін қызметпен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды анықтайды және тұтынушылар – жеке тұлғалар, яғни жеке тұрмыстық қажеттіліктері үшін тауарларды сатып алатын және пайдаланатын, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беретін не осындай ниеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12- бабы (бұдан әрі – АК) және тауарларды сатушылардың не оларды өндірушілердің, сондай-ақ меншік түрі мен заңды тұлғаның құрылу нысанына қарамастан қызметтер мен жұмыстарды атқарушылардың, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің арасындағы қатынасты реттейді (АК-нің 19- бабы) және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын немесе жасалатын құқықтық қатынастарға қолданылады (АК-нің 4, 383-баптары).
Тұтынушылардың қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және көрсетілетін өзге де қызмет салаларындағы құқықтары, сондай-ақ оларды қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді (Заңның 2-бабының 2-тармағы).
Тұтынушылар қатысқан қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері, осы құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау тәртібі, сондай-ақ сатушылардың, дайындаушылардың, жұмыстар мен қызметтерді орындаушылардың құқықтары мен міндеттері Заңнан басқа Азаматтық кодекспен және оған қайшы келмейтін заңдық және нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ заңда көзделген немесе оған қайшы келмейтін шарттар мен басқа да мәмілелермен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері Конституция, АК және Заң белгілегендермен салыстырғанда тұтынушылар құқықтарын шектемейді және оларды қорғау кепілдігін төмендете алмайды.
Соттар, орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінде сатушылардың, дайындаушылардың және орындаушылардың басымдылықты (монополиялы) жағдайды пайдаланатын, немесе тұтынушылар құқын қорғау туралы заңға қайшы келетін ереже болса, оларды алдырып, зерттеуі тиіс, мұндай актілер олар қабылдаған сәттен жарамсыз екендігін және қолдануға жатпайтындығын ескерулері керек (АК 3-бабының 5-тармағы). Мәслихаттар мен әкімдер шешімдері заң актілеріне қайшы келген жағдайда сот дауды заң актілері негізінде шешуі тиіс.
Жалпы ережеге сәйкес (АІЖК-нің 31-бабы) талаптар жеке тұлғаларға олардың тұрғылықты жері бойынша және заңды тұлғаларға – олардың тұрған жері бойынша қойылады. Сонымен қатар, талап қоюшының таңдауы бойынша (АІЖК-нің 32-бабының 9-бөлігі) тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері не шарттың жасалған немесе орындалған орны бойынша қойылуы мүмкін, сондықтан талап арызды қабылдаған кезде соттар талапкердің істі қарау орнын таңдау құқығын ескеруге тиіс.
Заңның 42-бабымен тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының талаптарын шешудің алдын ала соттан тыс тәртібі белгіленген. Егер аталған ұйымдар істі реттеудің тәртібін сақтамаса және мұндай мүмкіндік болса, судья арызды АІЖК-нің 154-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес кері қайтарады.
Заңмен тұтынушы үшін талаптарды шешудің соттан тыс тәртібі көзделмеген.
Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке міндетті басқа да төлемдер туралы» Заңының 541 бабының 10 тармағының және ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңының 42 бабының талаптарына сәйкес тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары, ассоциациялары (одақтары) тұтынушылардың мүдделері үшін сотта қаралуы тиісті жіберген талаптардан мемлекеттік баж алынбайды.
Сонымен бірге, олардың құқықтарының бұзылуына байланысты талаптар, олар өз бетінше сотқа жүгінген жағдайда, мемлекеттік баждан босатылмайды.
Бұл жағдайларда мемлекет пен тараптарға сот шығындарын өтеу және оларды тараптар арасында бөлу ҚР АІЖК 110, 115, 116 баптарына сай жүргізіледі.
Қорытындылау кезіндегі зерделенген шешімдерді талдау судьялардың мемлекеттік баждың өлшемін дұрыс анықтайды деп қорытуға мүмкіндік береді.
Жасалған қорытынды, осы категориядағы істердің соттармен, негізінен, материалдық және процессуалдық нормалардың талаптарына сай жүргізілгенін, дегенмен, сот тәжірибесінде біртекті қолданатын мәселелердің бар екенін көрсетеді.
Істерді соттың қарауына дайындау
ҚР АІЖК 166 бабына сәйкес істі сот талқылауына дайындау кезінде талапкер немесе оның өкілі жауапкерге талап арыздың нақты жағдайларына негізделетін дәлелдемелердің көшірмесін жібереді, ал жауапкер талапкерге, не оның өкіліне және сотқа талап арыз талаптарына сәйкес жазбаша түрде қарсылық береді, талапкерге не оның өкіліне және сотқа талапқа байланысты қарсылықты негіздейтін дәлелдемелерін жібереді.
Бұл мына жағдайларға негізделеді, егер федералды заңмен басқа жағдайлар қарастырылмаса., ҚР АІЖК 65 б. сәйкес әр тарап өз талаптары мен қарсылықтары негізінде өзі сүйенетін жағдайларын дәлелдеуі қажет.
«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңындағы жалпы ережелер бойынша мәміндеттемелерді орындамағаны, не тиісті орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын жағдайларды дәлелдеу ауыртпалығы сатушыға жүктеледі, (дайындаушыға, орындаушыға, уәкілетті мекемеге, импорттаушыға) («Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы»ҚР Заңы, 34 б. және 19 б.).
Тиісті емес сападағы тауар сату (қызмет көрсету), дәлелдеу ауыртпалығын бөлісу тауарға (жұмысқа, қызметке) кепілді мерзім белгіленгенгенінен және тауардағы кемшіліктерді байқау мерзіміне байланысты былай ерекшеленеді:
- «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы, 17 б. 2 тармағы - сатушы (дайындаушы), уәкілетті мекеме, немесе уәкілетті жеке кәсіпкер, импорттаушы кепілді мерзімін белгілемеген тауардың кемшіліктеріне жауап береді, егер тұтынушы тауардың кемшіліктері тұтынушыға берілгенге дейін пайда болғанын немесе сол кезге дейін пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе;
- «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы, 17 б. 2 тармағы, 4 абзац - Шартта көзделген кепілді мерзім екі жылдан аз уақытты құрайтын және тұтынушы тауардағы кемшіліктерді кепілді мерзім өткеннен кейін, бірақ тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл ішінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы тауардағы кемшіліктердің тауар тұтынушыға берілгенге дейін немесе сол кезге дейін туындаған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, қолданыстағы Заңның 17-бабы бойынша талаптар қоя алады;
- «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы, 17 б. 1 тармағытауардан елеулі кемшіліктер табылған жағдайда тұтынушы дайындаушыға, (уәкілетті мекемеге, немесе уәкілетті жеке кәсіпкерге, импорттаушыға) егер тұтынушы тауардағы кемшіліктердің тауар тұтынушыға берілгенге дейін немесе сол кезге дейін туындаған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе осы кемшіліктерді өтемсіз жою туралы талап қоя алады;
- «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы, 30 б. 4 тармағытұтынушы жұмыстың (қызметтің) кемшіліктері тұтынушыға берілгенге дейін пайда болғанын немесе сол кезге дейін пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, кепілді мерзімі белгіленбеген жұмыстың (қызметтің) кемшіліктері үшін дайындаушы жауап береді;
- «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы, 30 б. 5 тармағыкепілді мерзімі бар жұмыстың (қызметтің) дайындаушы, егер кемшіліктер оларды тұтынушыға бергеннен кейін, тұтынушының жұмыстың (қызметтің) пайдалану немесе оны сақтау ережелерін бұзуы, не үшінші бір тұлғалардың іс-әрекеті немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, орындаушы олардың кемшіліктері үшін жауап береді;
- «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы, 17 б. 4 абзацышартта көзделген кепілді мерзім екі жылдан аз уақытты құрайтын және тұтынушы жұмыстың (қызметтің) кемшіліктерін кепілді мерзім өткеннен кейін, бірақ тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл ішінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы кемшіліктердің жұмыстың (қызметтің) тұтынушыға берілгенге дейін туындағанын дәлелдесе, тұтынушы осы баптың 1 т. бойынша талап қоя алады;
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы істерді қарау тәжірибесі көптеген сатушылар мен орындаушылардың «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы бойынша қарастырылған жауапкершіліктің бар екенін біліп, тұтынушының талабын ерікті түрде қанағаттандырады, ал егер іс сотқа түскен жағдайда, таласты сот істі қарардан бұрын реттеп, тұтынушымен бітімгершілік келісім құрады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы істердің ерекшелігі, тауардың кемшіліктерінің бар екенін және ол кемшіліктердің пайда болу себептерін анықтауды, іс бойынша сот экспертизасын жүргізуді талап етеді, бұл жағдайлар істің қаралу мерзімін ұзартуға әкеліп соғады. Судьялар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы істерді қарау барысында 25.07.1996 ж. ҚР Жоғарғы Сотының Пленумының ережелері мен 30.12.2011 ж. «Соттардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы істерді қарау тәжірибесі туралы» өзгерістерді басшылыққа алған.
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы істерді қараудың іс жүргізу ерекшеліктері
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заңның 22 б., Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 32 бабына сай тұтынушылардың құқығының бұзылуына байланысты талап бойынша істер жалпы юрисдикция соттарына қарайды.
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы даулар бойынша істер туралы сотқа жүгінудің субъектілері болып ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, прокурор, тұтынушылардың құқығын қорғау аясына мемлекеттік қадағалауды іс жүзіне асыруға уәкілетті атқарушы билік органы және оның аумақтық органдары, сол сияқты, заңмен бекітілген басқа да органдар (ары қарай уәкілетті органдар), жергілікті өзінөзі басқару органдары, заңды тұлға мәртебесіне ие тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (олардың ассоциациялары, одақтары) болып табылады.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес, тек жеке басы, жанұялық, үй, тұрмыстық және басқа қажеттіліктер үшін тауарларды сату (жұмыс орындау, қызметтер көрсету) кезінде сатушымен жасасқан мәмілелерді қорғау бойынша жалпы юрисдикция сотына жүгіне алады.
Азаматтың жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күшін жойған кезде, дербес жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу уақыты өтуімен немесе мемлекеттік тіркеудің күшін жоюы, тұтынушы аталған тұлғаға тауар сату (жұмыс орындау, қызмет көрсету) сияқты бұрын көрсетілген әрекетпен байланысты талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
Дайындаушыны (орындаушыны, сатушыны, уәкілетті мекемені, уәкілетті жеке кәсіпкерді, импорттаушыны) тарату туралы, жеке кәсіпкердің (уәкілетті жеке кәсіпкердің) қызметін тоқтатуы туралы өтініштер бойынша істер немесе тұтынушылардың құқығын бірнеше рет (бір календарлық жыл ішінде екі және одан да көп) немесе уәкілетті органның лауазымды тұлғасының ұсынған дөрекі (өлімге әкелген немесе жаппай ауыру, адамдардың улануы) түрде бұзылуы жалпы юрисдикцияның сотына қарайды.
Сонымен бірге, "Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1996 жылғы 25 шілде N 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 7 пунктіне сәйкес тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары заңды тұлға болып табылатын сатушының, дайындаушының (олардың өкілдерінің), орындаушының, сондай-ақ басқару органының тұтынушылардың белгісіз бір көлеміне қатысты (ұжымдық талап арыз) іс-әрекетін құқыққа жатпайды деп тану және бұл әрекеттерді тоқтату туралы өздігінен сотта талап қоюға ерікті. Осындай талаптар жөніндегі істер, АІЖК-нің 30-бабына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қарауына жатады.
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заңның 6 бабына сай Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
- жеке немесе заңды тұлғалардың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы өтініштерін қарайды
- Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушыларға жауапкершілік шараларын қолданады;
- Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Уәкілетті органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлға мәртебесіне ие тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (олардың ассоцациялары, одақтары) өздерінің жарғылық қызметін іске асыру барысында нақты тұтынушының (тұтынушы тобының) тек жазбаша түрде берілген шағымында (шағымдарында) көрсетілген сәйкес өтінішінің (өтініштерінің) болуы кезінде ғана олардың заңды мүддесі мен құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
«Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңының 17 б. 2 т. сай осы санаттағы істер бойынша өтініштер сотқа талапкердің тұрғылықты жері немесе орналасу жері немесе шарттың құрылу және орындалу жерінде, не мекеменің (оның филиалының, өкілдігінің) орналасқан жерінде, жеке кәсіпкер болып табылатын жауапкердің тұрғылықты жерінде ұсынылады.
Тұтынушылардың мүліктік емес құқығын қорғау туралы даулар бойынша істер, (мысалы, дайындаушы туралы қажетті және анық мәліметті беруден бас тартқан жағдай), бағалауға жатпайтын мүліктік сипаттағы талаптар секілді, сол сияқты, моральдық залалды өтеу туралы талаптар аудандық соттың соттылығында.
Уәкілетті органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлға мәртебесіне ие тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің (олардың ассоцациялары, одақтары) тұтынушылардың белгісіз шеңберінің құқығын қорғау туралы өтініштері, ҚР АІЖК 31 бабында қарастырылғандай, жауапкердің орналасқан жерінде сотпен соттылықтың жалпы ережелерін сақтай отырып қаралады.
Тұтынушылардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқығын қорғау бойынша жүктелген міндеттемелерді іске асыратын уәкілетті органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары іс бойынша сот шешім қабылдағанға дейін өз ықтияры немесе іске қатысатын тұлғалардың ықтияры бойынша іске қатысуына болады, сол сияқты, іс бойынша қорытынды шығару мақсатында процеске қатысатын уәкілетті органдар ретінде сотпен іске қатысу үшін тартылады. Бұл жағдайда аталған органдарды процесске үшінші жақ ретінде тартуға болмайды.
Тұтынушылардың талаптарын шешу барысында мәміндеттемелерді орындамағаны, не тиісті орындамағаны үшін, соның ішінде, залал келтіргені үшін жауапкершіліктен босататын жағдайларды дәлелдеу ауыртпалығы сатушыға жүктеледі, (орындаушыға, сатушыға, уәкілетті мекемеге, уәкілетті жеке кәсіпкерге, импорттаушыға).
Тиісті емес сападағы тауар сату (қызмет көрсету), дәлелдеу ауыртпалығын бөлісу тауарға (жұмысқа, қызметке) кепілді мерзім белгіленгенгенінен және тауардағы кемшіліктерді байқау мерзіміне байланысты жағдайлар ерекше жағдайларға жатады.
Тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің және қорғаудың тәсілдері
«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңында бекітілген тұтынушының құқығын қорғау және іске асырумен байланысты туындаған істерді қарау барысында Қазақстан Республикасының заңдарымен және шартпен дайындаушының (орындаушының, сатушының, уәкілетті мекеменің, уәкілетті жеке кәсіпкердің, импорттаушының) бұзылған міндеттемелері үшін «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңында жауапкешілік қарастырылмаған немесе жауапкершіліктің жоғарғы мөлшері қарастырылғанын ескеу керек.
Дайындаушының (орындаушының, сатушының, уәкілетті мекеменің, уәкілетті жеке кәсіпкердің, импорттаушының) және тұтынушының Заң немесе шартпен қарастырылған жауапкершіліктерінің мұндай ережелері осы тұлғаларадың арасында кейіннен туындаған дауды шешуде ескерілуі қажет.
Тұтынушының құқықтарын дайындаушының (орындаушының, сатушының, уәкілетті органның, немесе уәкілетті жеке кәсіпкердің импортшының) бұзуы заңда қарастырылған жауапкершіліктің шектелген мөлшері көрсетілген жағдайлардан басқа, толық мөлшерде өтелуі керек. Бұл жағдайда шығын заңда не шартта бекітілген айыпқыдан тыс өтелетінін, сол сияқты, тұтынушының құқық бұзған тұлғаны айыпақы мен шығынды өтеу оны тұтынушы алдындағы міндеттттемелерден босатпайтынын ескеру керек.
Шығын деп құқығы бұзылған тұтынушы, бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін шығаратын не шығарған, оның мүлкін бұзу не жоғалту (нақты шығын), сол сияқты, егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда, кәдімгі азаматтық айналымнан түсетін алынбаған түсімдер болып табылады.Тұтынушының құқықын бұзған тұлға, соның негізінде пайда алса, тұтынушы, мөлшері осы түсімнен кем болмайтын, басқа шығындарымен бірге осы жоғалтқан шығынның өтеуін талап етуге құқы бар.
Осыны ескере отырып, тиісті емес сапасы бар тауарды қайтаруға байланысты шығынды өтегенде, сот сатып алу – сату шартында көрсетілген осы тауардың бағасы мен сапасы тиісті емес тауарға төленген ақша суммасын өндіріп алу туралы талапты қанағаттандыру кезіндегі сәйкес тауар бағасының арасындағы айрымын өтеу туралы талабын қанағаттандыруға құқы бар.
Азаматтың мәмілені жарамсыз деп тану туралы ұсынысына ҚР Азаматтық Кодексінің ережелері қолданылады.
Егер сапасы тиісті емес тауарды сату кезінде сатушы оның кемшіліктері туралы ескертпеген болса, онда сатушыға қойылатын талап түрін таңдау тұтынушыға тиесілі екені сотта ескерілу керек.
Осы жағдайда тұтынушы техникалық күрделі тауарды ауыстыруға немесе сатып алу –сату шартын орындаудан бас тартып, тауардың сапасына қойылған талаптардың қаншалықты алшақ болғанына қармастан, егер тұтынушыға берілген күннен бастап он бес күн күннің ішінде мұндай талаптар қойылса, тауарға төленген ақша суммасын қайтарып беруді талап ете алады.
Азаматтардың күрделі техникалық тауарда қолданылатын программалық жабдықтардың (мысалы, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін операциялық жүйелер) сапасына талабы оның тұтыну касиеттерін ескере отырып тауардың толық сапасына қойылады деп есептеу керек.
Соттың тұтынушыға моральдық зиянды өтеу мәселелерін шешкен кезде тұтынушының құқығының бұзылу фактісі талапты қанағаттандырудың жеткілікті шарты болып табылады.
Моральдық зиянды өтеу мөлшері мүліктік залалды өтеу мөлшеріне байланыссыз шешіледі, сол себепті моральдық залалды өтейтін қаржы өтемінің мөлшері тауардың (жұмыстың, қызметтің) бағасына немесе өтемақы төлемі суммасына сәйкестікке қойылмауы керек.Тұтынушыға берілетін моральдық залал өтемін сот әр нақты жағдайда әділеттілік және ақылға қонымдылық қағидаларына сай және тұтынушының тартқан физикалық және адамгершілік күйзелістерін ескеріп анықтайды.
Тұтынушының құқығын қорғау Заңында бекітілген тұтынушының бұзылған құқықтарының бұзылуына байланысты талаптарын сот қанағаттандырған жағдайда, егер дайындаушы (орындаушы, сатушы, уәкілетті орган, немесе уәкілетті жеке кәсіпкер, импортшы) ерікті түрде қанағаттандырмаса, сот жауапкерден, сотқа мұндай талап қойылмаса да, жауапкерден тұтынушының мүддесіне өтемақы өндіреді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап арыздар бойынша істерді шешкенде, жалпы ереже бойынша дайындаушы (орындаушы, сатушы, уәкілетті орган, немесе уәкілетті жеке кәсіпкер, импорттаушы) үшінші жақтың тұтынушыларымен (агенттер) мәмілелелер бойынша қатынастарға қатысуына байланыссыз жауапкершілік субъектілері болып табылады.
«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңының 21 б. күшіне сәйкес тұтынушыға дайындаушының, (орындаушының, сатушының, уәкілетті мекеменің, уәкілетті жеке кәсіпкердің импорттаушының) онымен құрылған шартты бұзуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиян, Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерде көзделген құқықтары зиян келтірушінің кінәсі болған кезде сот айқындайтын мөлшерде өтеуге жатады.
Моральдық зиян соттармен мүліктік зиянның өтеу мөлшеріне байланыссыз анықталатын болғандықтан, моральдық зиянды өтеуге алынатын ақшалай өтемнің мөлшері тауардың (жұмыстың, қызметтің) құнына немесе айыпақы алынатын суммадан тәуелсіз болып, әрбір нақты жағдайда тұтынушыға келтірілген моральдық не физикалық зардаптардың мөлшері мен сипатына негізделуі керек.
Тұтынушының келтірілген моральдық зиянның ақшалай өтемін айыпқы алу туралы талабын шешу кезінде соттар таласты дұрыс шешу жағдайларын ескеріп, талапкерге келтірілген зардаптың түрін және әр нақты жағдайда мәнін анықтап, ескерген.
Сапасы тиісті емес сападағы өнімнен келтірілген зиян үшін мүліктік жауапкершілік мәселелерін шешу барысында Заңның 16 б. сәйкес азаматтың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне сындарлы, өндірістік, рецептуралық және басқа кемшіліктер салдарынан келтірілген зиян ҚР АК 47 тарауының ережелеріне сәйкес толық көлемде өтеуге жатады.
Келтірілген зиян сатушымен (дайындаушымен, орындаушымен, уәкілетті мекемемен, уәкілетті жеке кәсіпкермен, импорттаушымен) заңның 31 бабының 1 тармағына сай, оның кінәсінен тәуелсіз және оның тұтынушымен шарттық қатынастарда тұрған, тұрмағанына байланыссыз өтелуге тиіс.
Мысал: 2014 жылдың 23 қаңтарында Солтүстік Қазақстандық қоғамдық бірлестігі «Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау Ассоцияциясы» Паршукованың В. А. мүддесін қорғау мақсатында 11.07.2013 ж В.А. Паршукованың ЖК Курилко Д. П. – ға жалпы сомасы 69000 тг құрайтын екі есік дайындауға тапсырыс бергені себепті жеке кәсіпкер Курилкоға Д. П. шартты бұзу туралы, 55000 тг көлеміндегі материалдық зиян мен 80000 тг моральдық зиянды, шешім қабылданған күнмен айыпақыны өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Талапкер 35000 тг көлемінде алдын-ала төлем жасады.Үш апта келісілген мерзімде есіктер дайын болмады. Паршукова В. А. есіктерді дайындау туралы жауапкерге бірнеше рет барған, бірақ жауапкер есікті дайындау мерзімін соза берді. Есіктер талапкер сотқа жүгінге дейін де дайын болған жоқ.
Жауапкердің құқыққа қайшы әрекеттері Паршукова В. А.-ға кемсітушілік, ашушаңдық, ыңғайсыздық, ашуланшақтық түрінде моральдық зиян келтірілген, жауапкер оның төленген сумманы қайтару туралы заңды талабын қанағаттандырудан бас тартты.
ҚР АК 642 бабына сай шартпен немесе басқа да нормативтік актілермен басқа жағдайлар көзделмесе, Егер заң актiлерiнде немесе шартта, оның iшiнде формулярлар ережелерiнде немесе тапсырысшы қосылатын өзге де стандартты нысандарда өзгеше көзделмесе, тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi.
ҚР АК 277 б. 2 тармағының күшіне сай егер мiндеттеме ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн жағдайлар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс.
«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңының 34 б. 1 тармағына сай, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, орындаушы жұмысты орындау (қызмет көрсету) туралы шартта белгіленген мерзімде жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) міндетті.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты талап арызды қанағаттандыру туралы дұрыс қорытынды жасалды.
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңының 7 б. 1 тармағының 12 т. сай тұтынушы моральдық зиянды өтеуге құқы бар.
ҚР АК 951 бабына сай моральдық зиян жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңының 7 б. 1 тармағының 12 т. сай тұтынушы моральдық зиянды өтеуге құқы бар.
ҚР АК 951 бабына сай моральдық зиян жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).
Осы жағдайда жоғарыда көрсетілгендей, жауапкердің құқыққа қайшы әрекеттері нәтижесінде талапкердің мүліктік емес құқықтары бұзылып, ол кемсітушілікті, ашушаңдықты, дискомфортты басынан өткізеді.
ҚР АК 952 бабында қарастырылғандай моральдық зиянның мөлшерін анықтауда сот талапкердің моральдық қайғысының, эмоционалдық күйзелістерінің субъективтік бағасын ескере отырып бағалайды.
Сот моральдық зиянның өтемінің мөлшерін анықтауда талапты қанағаттандыру үшін 15000 тг жеткілікті деп шешті.
Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы мемлекеттік баж төлеуден босатылды.
ҚР АІЖК 116 б. 1 тармағына сәйкес істі қарауға байланысты шығындар мен мемлекеттік баж төлеуден талап қоюшы босатылған, сот шығындарын төлеуден босатылмаған жауапкерден мемлекет кірісіне толық немесе талаптың қанағаттандырылған бөлігіне бара-бар мөлшерде өндіріліп алынады.
Айтылған жағдайлар негізінде, сот Солтүстік Қазақстан қоғамдық бірлестігі «Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау Ассоцияциясы» Паршукованың В. А. мүддесін қорғау мақсатындағы жеке кәсіпкерге Курилко Д.М.-ге шартты бұзу, материалдық және моральдық зиянды ішінара өтеу туралы талабын қанағаттандырды.
- 11.07.2013 жылғы Паршукова В. А. – мен ЖК Курилко Д. П. арасындағы қызмет көрсету туралы шарт бұзылды.
- ЖК Курилко Д.М.-нен Паршуков В. А. мүддесіне 55000 «елу бес мың) тг өндіріліп, 15000 (он бес мың) тг көлемінде моральдық зиян өтелді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамамен реттелетін қатынастар
- Азаматтық істерді қарау барысында соттарға ескеру қажет: тараптардың бірі болып кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты емес тек жеке, отбасылық, үй және басқа қажеттерге тапсырыс беру немесе ниеті бар, тауарларға (жұмыстар, қызметтер) тапсырыс берген, алған немесе қолданған азаматтармен және екінші жағынан, тұтынушылардың қолдануына арналған тауарларды өндіретін, тұтынушыларға тауарды сатып алу-сату шарты бойынша іске асыратын, ақылы шарт бойынша жұмыстар орындап, қызметтер көрсететін мекеме немесе жеке кәсіпкер (дайындаушы, орындаушы, сатушы импорттаушы) арасындағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен (ары қарай ҚР АК), Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңымен, басқа нормативтік актілермен, заңдармен реттелетін қатынастар болып табылады .
- Егер тұтынушылар қатысқан қатынастардың жекелеген түрлері азаматтық құқық нормаларынан тұратын Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттелген жағдайларда (мысалы, үлес құрылысындағы қатысу шарты, жеке және мүліктік қатынастардың сақтандыру шарты, банктік салым шарттары, тасымалдау шарты, энергиямен жабдықтау шарты), бұл шарттардан туындайтын қатынастарды тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заңы арнаулы заңдармен реттелмеген бөлігін реттейді.
б) тауар не тектік (сан, салмақ, өлшем) не жеке белгілермен анықталған, азаматтық айналымға ендіруге немесе сатуға арналған зат.
в) жұмыс – тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатқа ие және безвозмездной шарт негізінде тұтынушының мүддесі мен тапсырысы бойынша орындаушының орындайын қызметі;
г) қызмет деп тұтынушының үнемі белгілі бір мақсатқа жауап беретін тапсырысы немесe мүддесі үшін дайындаушының әрекеті немесе ақылы шартқа отыру кезінде тұтынушы дайындаушыны хабардар еткен мақсаттарға жауап беретін әрекеті.
Д) финанстық қызмет деп азаматтық құқықтың жеке объектісі болып табылатын ақшалай қаржыны немесе оның эквивалентін жеке тұлғаға беруді, тартуды немесе орналастыруды айтады (кредит (займ) беру, ағымдық және басқа банктік счеттарды жүргізу, банктік депозиттерді тарту, банктік карталарға қызмет көрсету, ломбардтық операциялар).
- Алдын ала жасалатын шарт тараптарының қатынастарына оның шарттары бойынша, ақылы негізде кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты емес тек жеке, отбасылық, үй және басқа қажеттерге тапсырыс беру немесе алу ниеті бар, тауарларға (жұмыстар, қызметтер) тапсырыс берген, алған немесе қолданған азаматтарға тұтынушының құқығын қорғау туралы заңнама қолданылады.
5.Тұтынушының құқығын қорғау туралы заңнама ақылы шарт бойынша , егер ол шартта баға көрсетілмесе, тауарды алу (жұмыс, қызмет) қатынастарына да қолданылады.
- Нотариуспен нотариаттық әрекеттер жасау, сол ияқты адвокаттардың кәсіптік заңи көмек көрсету қатынастарына тұтынушының құқығын қорғау туралы заңнама қолданылмайды.
- Азаматтар және тұрғын үй жеке меншік иелері серіктестіктері, тұрғын үй- құрылыс кооперативтері, тұрғын үй жинақтау кооперативтері, азаматтардың коммерциялық емес бау-бақша, сая-жай бірлестіктері арасындағы қатынастары егер бұл қатынастар азаматтардың осы ұйымдарда мүше болуы арқылы туындаса, онда бұл қатынастар тұтынушының құқығын қорғау туралы заңнама арқылы реттелмейді. Бұл ұйымдар арқылы азаматтарға, сонымен бірге олардың мүшелеріне ақылы қызмет (жұмыс) көрсететін қатынастар тұтынушының құқығын қорғау туралы заңнама арқылы реттеледі.
- Мемлекеттік әлеуметтік көмекке құқы бар және және оларды іске асыру барысында тауар немесе қызметті қолданатын азаматтардың құқықтары мен заңи мүдделері тұтынушының құқығын қорғау туралы заңнамада көрсетілген тәртіпте қорғалады. Талаптар осы тауарды дайындаушыларға (сатушылар), қызметті орындаушыларға қойылады.
- Ерікті және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде азаматтарға қызмет көрсету қатынастарына тұтынушының құқығын қорғау туралы заңнама қолданылады.
- «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35 бабының талаптарына сай орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) бойынша кемшіліктер байқалса, онда өз қалауы бойынша талап етуге құқылы:
1) орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді өтеусіз жоюды;
2) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды;
3) сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетуді);
4) тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы.
- Егер орындаушы орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса не егер жұмыста (көрсетілетін қызметте) шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы.
- Осы баптың 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптар – жұмысты (қызметті) қабылдаған кезде немесе оны орындау (көрсету) не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер ішінде пайдалану барысында кемшіліктер табылған жағдайда, ал жұмысты (көрсетілетін қызметті) қабылдаған кезде кемшіліктерді табу мүмкін болмаған жағдайда – кепілді мерзім ішінде, жасырын кемшіліктер табылған жағдайда – бір жыл ішінде, ғимараттармен және құрылыстармен байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түріне қарамастан – орындаушы қасақана жасырған кемшіліктерге қатысты жұмыстарды қабылдап алу күнінен бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.
Жұмыстың (көрсетілген қызметтің) тұтынушының өзінің және басқа да адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін кемшіліктерін өтеусіз жою туралы талапты тұтынушы немесе оның құқық мирасқоры жұмысты (көрсетілген қызметті) қабылдаған кезден бастап үш жыл ішінде қоюы мүмкін.
Мұндай талап бұл кемшіліктердің қашан табылғанына қарамастан, оның ішінде кепілді мерзімі аяқталғаннан кейін анықталған кезде де қойылуы мүмкін.
- Жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) оны орындау (көрсету) барысында табылған кемшіліктер және орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктер, егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жойылуға тиіс. Кемшіліктерді жоюдың тұтынушы тағайындаған немесе тараптармен келісілген мерзімі шартта жазылады.
- Жұмысты орындауды (қызмет көрсетуді) бастау және аяқтау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) кемшіліктерді жою мерзімдерін бұзғаны үшін орындаушы, егер шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мерзімін өткізіп алудың әрбір күні үшін жұмыс (көрсетілетін қызмет) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс.
Мысал: Талапкер ММБ«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша Талдықорған қалалық басқармасы» жауапкер ММ«Облыстық туберкулез диспансеріне» Талдықорған қ. Желтоқсан көшесі,1 адресі бойынша орналасқан ММ«Облыстық туберкулез диспансері» стационарында ашылған кемшіліктердің жойылғанына дейін іс-әрекетін тоқтату тұру туралы талап арыз ұсынды. Онда 14.01.2014 ж. Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша Талдықоған қалалық басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы Джексембаева Ф. Ш. (Талдықорған бойынша заңды мұрагер УГСЭН) Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 1 адресі бойынша орналасқан ГУЗ «Облыстық туберкулез диспансерінің» 28.01.2013ж. ұйғарымының орындалуы бойынша жоспардын тыс санитарлық-эпидемологиялық тексеру жүргізген.
Тексеру барысында аталған нұсқауының ауа-алмастыру вентиляциясы бөлігінің пункттері орындалмағаны, нақты айтқанда, стационардың ауа-- алмастыру вентиляциясы іске қосылмаған, вентиляцияның гравитация тудыратын бөлек ауа тарту жүйесі орнатылмаған.
Барлық аталған кемшіліктер ҚР Укіметінің 17.01.2012 ж.2 т. 90 тармақшасымен бекітілген №87 қаулысының «Денсаулық сақтау объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларының талаптарына сай келмейді.
Сот отырысы барысында кемшіліктерді жою 2009 ж. жүргізілмек болған, бірақ осы уақытқа дейін әртүрлі себептермен объектінің дұрыс жұмысы шешілмеген, сол себепті сот бұл жағдай ҚР заңнамасымен орнатылған саниатрлық нормалар мен ережелердің ары қарай бұзылуына және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге негіз болмайда деп есептейді. Сонымен бірге, сотта жауапкер өзінің сотқа берген қарсылығында ауа-алмастыру вентиляциясының жұмыс істемейтінін мойындап, көрсетеді, ал бұл санитарлық талаптарға сай емес.
ҚР Укіметінің 17.01.2012 ж.2 т. 90 тармақшасымен бекітілген №87 қаулысының «Денсаулық сақтау объектілеріне санитарлықэпидемиологиялық талаптар» саниатрлық ережелердің 2 бөлімінің 90,91 тармақшаларына сай ғимараттар ауа-алмастыру вентиляциясы жүйелері жасанды қозғағыштармен жабдықталады. Инфекциялық және туберкулезге қарсы стационарларда (бөлімдерде) әр палата секцияның бокстары мен жартылай бокстары гравитациялық қозғағышы бар вентиляцияның ауа тарту жүйесі орнатылады, ауаны заласыздандыратын жабдықтар мен дефлокторлармен жабдықталады. Инфекциялық бөлімдерде ауа-алмастыру вентиляциясының болмауы жағдайында, бокс және жартылайбокстар рециркуляциялық типті ауаны залалсыздандыратын табиғи вентиляция құрылғылармен жабдықталады. Операциялық бөлімнен басқа бөлімшелердің барлығы механикалық қозғағышы бар ауа-алмастыру вентиляциясынан басқа, табиғи вентиляция болуы керек.
ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық жүйелері туралы» Кодексінің 145 бабының негізінде санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер саниатрлық-эпидемиологиялық талаптарды орнатады, сонымен бірге, өндірістік, қоғамдық, тұрғын және басқа үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды ұстау мен қолдануға, объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, ремонтқа және қолдануға беруге, оларды ұстауға, сол сияқты ауаға, өндірістік, тұрғын және басқа үй-жайлар микроклиматарына саниатрлық-эпидемиологиялық талаптар қойылады.
ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылқтар туралы» (ары қарай –ҚР ӘІЖК) Кодексінің 53 б. 2 т. сай заңды тұлғаны ң іс- әрекеттерді немесе ісәрекеттердің белгілі бір түрін тоқтата тұру туралы талап арызы сотқа ҚР заң актілерінде көрсетілген негіздер мен тәртіп бойынша жіберіледі.
Сот өтінішті он күн ішінде қарастырады. 26.11.2004 ж. №18 «Соттардың әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңдарды қолдануының кейбір мәселелері» ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулысының 3 т. сай, егер КР ӘІЖК ерекше бөлімінің сәйкес бабы бойынша іс-әрекетті тоқтата тұру немесе тоқтату санкциясы қарастырылмаса, онда заңды тұлғаның іс-әрекетті тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесі сотпен талап өндірісі тәртібімен қаралады.
Осы жағдайда сәйкес орган( лауазымды тұлға) талап арызға, іс-әрекетті тоқтата тұру немесе тоқтату туралы мәселесі сотпен қаралатын тұлғаға қатысты құрылған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыны тіркейді.
Санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша ГУЗ «Облыстық туберкулез диспансері» бұрын берілген нұсқаманың орындалуын тексеру бойынша 2014 ж. 14 қаңтарында тексерілген мекеменің бірінші басшысы Сарсембаев С. С. қатысты КР ӘІЖК 356 б. 3 т бойынша нұсқаманың заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуымен байланысты №09 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама құрылған. Бұл хаттамада әкімшік іс қозғалған тұлға қол қою және түсініктеме беруден бас тартқаны туралы және ол туралы хаттама құрған тұлғаның жазбасы бар екеніне қарамастан, жауапкер Сарсембаев С. С. сот отырысында вентиляциялық жүйенің тиісті жұмыс істемейтіні туралы жолсыздықты мойындады.
- 01. 2011 ж. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» ҚР Заңының 24 б. 4 т. сай тексеру нәтижелері бойынша анықталған жолсыздықтар тексерілген субъект үш жұмыс күнінен кем емес уақытта, қарсылығы болмаған жағдайда, тексеру жүргізген мемлекеттік органның басшысымен ашылған жолсыздықты жою мерзімі келісіліп, осы жолсыздықты жою шаралары туралы ақпарат беру керек.
Жауапкер заңның көрсетілген талаптарын орындаған жоқ.
КР ӘІЖК 636 б. 1 б. негізінде сотпен қаралатын әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы снитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының оған у әкілетті лауазымды тұлғаларының құруға құқы бар.
КР ӘІЖК 356 б. 3 бөлімііс-әрекетті тоқтата тұру немесе тоқтату сияқты жаза түрін қарастырмайды. Сол себепті, талапкер негізді түрде сотқа талап ұсынды.
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты РГУ«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Талдықорған қалалық басқармасының» талабын қанағаттандырды.
Талдықорған қ. Желтоқсан көшесі,1 адресі бойынша орналасқан анықталған бұрмалаушылықтар жойылғанға дейін ГУЗ «Облыстық туберкулез диспансері» стационары өз іс-әрекетін тоқтата тұрады;
2014 ж. 29 сәуірдегі Алматы облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот коллегиясының қаулысы бойынша сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Алматы облыстық сотының кассациялық инстанциясының қаулысымен Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 03.03.2014 ж шешімі және 2014 ж. 29 сәуірдегі Алматы облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот коллегиясының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды.
Тауардың (жұмыстың, қызметтің) елеулі кемшіліктері, техникалық күрделі тауарлардың кемшіліктері
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның кіріспесі негізінде тауардың (жұмыстың, қызметтің) елеулі кемшіліктері және олардың пайда болу себебінен құқықтық салдардың туындауын былай түсіну керек:
а) тауардың (жұмыстың, қызметтің) жойылмайтын кемшіліктерішарттың жағдайларына байланысты (не олар болмаған не толық емес жағлайда-күнделікті қойылатын талаптармен, заңмен қарастырылған немесе заңмен көзделген тәртіп негізінде тауарды (жұмысты, қызметті) қойылған талаптарға сай болуы үшін үнемі қолданылатын мақсатта немесе тұтынушы шарт құру, не тауарды сату кезінде үлгі бойынша және (немесе) сипаты бойынша тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) не үлгімен және (немесе) сипатымен мақсатын білдерген, қолдануға мүмкіндік болмайтын жағдайларға әкеп соқтыратын жүргізілген шаралар арқылы жойылмайтын кемшіліктер.
б) мөлшерсіз шығынсыз жойылмайтын тауардың (жұмыстың, қызметтің) кемшілігі-кемшілікті жоюға кететін шығын мөлшері тауардың (жұмыстың, қызметтің бағасына жуық немесе бағасынан асып түсетін немесе оны тұтынушының қолдануы кезінде алатын пайдасынан асатын кемшілік.
Техникалық күрделі тауардға қатысты тауардың кемшіліктерін жоюға кететін мөлшерсіз шығындар тауардың бағасына немесе оның басқа қасиеттеріне байланысты сотпен анықталады.
в) мөлшерсіз уақыт шығынынсыз жойылмайтын тауардың (жұмыстың, қызметтің) кемшілігі- жазбаша түрде тараптардың келісімімен қойылған мерзімнен асатын және тауардың кемшілігін жоюға қажетті қырық бес күннен аспайтын, кемшілікті жоюға кететін уақыт, ал келісіммен мұндай уақыт қарастырылмаса, онда кәдімгі жағдайда осындай кемшіліктерді жоюға кететін ең аз уақыттан артатын уақыт.
г) Тауардың (жұмыстың, қызметтің) бірнеше рет анықталған кемшілігі –барлық тауардың кемшілігі бірнеше рет анықталған, олардың әрқайсысы жеке-жеке алғанда тауарды (жұмысты, қызметті) шарттың жағдайларына байланысты (не олар болмаған не толық емес жағлайда-күнделікті қойылатын талаптармен) заңмен қарастырылған немесе заңмен көзделген тәртіп негізінде тауарды (жұмысты, қызметті) қойылған талаптарға сай болуы үшін үнемі қолданылатын мақсатта немесе тұтынушы шарт құру, не тауарды сату кезінде үлгі бойынша және (немесе) сипаты бойынша тұтынушы сатушыға (дайындаушыға) не үлгімен және (немесе) сипатымен мақсатын білдерген, қолдануға мүмкіндік болмайтын жағдайларға әкеп соқтыратын жүргізілген шаралар арқылы жойылмайтын кемшіліктер.
д) жойылғаннан кейін қайта пайда болатын кемшілік – оны жою мақсатында жүргізілген шаралардан кейін қайта пайда болатын кемшілік.
Техникалық күрделі тауарға қатысты тауардың кемшілігі деп тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның талаптары бойынша кемшіліктерін жоюға кеткен барлық уақыт сол тауарды, (жұмысты, қызметті) кепілді мерзімінің әр жылы ішінде отыз күнінен аспайтын мерзімде қолдануға мүмкін болмайтын жағдайды айтады.
Мысал: 2013 ж. 8 қарашасында Солтүстік Қазақстандық қоғамдық бірлестігі «Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау ассоциациясы» Ильясова Д. М. мүддесі үшін сотқа сатып алу-сату шартын бұзу, залалды өтеу, айыпақыны, моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызын ұсынады, онда 2013 ж. мамыр айында бағасы 28000 тг болатын Nokia 6700 classic ұялы телефонын «Планета» бутигінен сатып алады, тауарда бір апта пайдаланғаннан кейін дефект пайда болады: телефон зарядының толық екеніне қарамастан өшіп қала беретіні айтылған.
Жауапкер ремонт жасап, телефонды қайтару кезінде оның қызметшілері чек пен кепілдік талонын алып қалады. Ремонттан кейін де дефект жойылған жоқ, енді талапкер жауапкерге сапасыз тауарды сапалы тауарға ауыстыруды, кемшіліктерді өтеусіз жоюға немесе ақшаны қайтаруды сұрайды, оның сұрауына жауап берілмейді. 18.10.2013 жауапкер СКОО «АЗППиП» -ға жазбаша өтініш береді, одан кейін жауапкерге 22.10.2013 ж. №1540 жазбаша кінәрат жіберіледі.
Жауапкер кінәратты алады, оны алғаны туралы қол қойылады, бірақ мәселе сотқа дейінгі тәртіпте шешілмейді. Сонымен бірге, талапкер өзіне моральдық залал келтірілгенін және адамгершілік күйзелістеріне ұшырағанын айтады. Тұтынушы мен жауапкердің арасындағы сатып алусату шартын бұзуды, жауапкерден Д. М. Ильясова мүддесіне тауарға төленген 28000 тг материалдық залалды, жауапкердің кінәрат алған күнінен 24.10.2013 бастап соттың шешімі шыққанға дейін әр мерзімінен өткен күн үшін тауардың бағасынан 1% айыпақыны және 50000 тг моральдық залал өндіріп алу туралы өтініш жасады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 7 б. 6 тармақшасына сай тұтынушылар тауардың (жұмыстың, қызметтің) тиісті сапасына құқығы бар.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 17 б. 2 т. сәйкес егер тауарға кепілді мерзім белгіленген болса, тауардағы кемшіліктер кепілді мерзім ішінде табылған жағдайда тұтынушы тауардағы кемшіліктермен байланысты талаптар қоюға құқылы. Сот отырысында анықталды, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілді мерзім тауар сатып алушыға берілген кезден бастап есептеледі.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 15 б. 1 т. тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді, тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды, тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығындарын өтеуді, соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды, сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды талап етуге құқылы Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларында көрсетілген талапты таңдауына қарамастан, келтірілген залалды өтету құқығы тұтынушыға тиесілі болады.
Сот отырысында Ильясова Д. М. –ға сапасы тиісті емес тауар сатылғаны, 20.12.2013 ж. №0395 сервис-центр берген техникалық қорытынды нәтижесі бойынша жүргізілген тест нәтижесі бойынша ылғалдың, соққының ізі жоқ екені анықталды, телефон үнемі сөніп тұратындықтан жұмыс істемейді. Суық дәнекерлеу, өндірістік дефектмодельдің жұмыс істемеуінің типтік ақауы болып табылады.
Талапкер жарамдылық мерзімі кезінде кінәрат ұсынды, бірақ жауапкер тауарға төленген сумманы қайтару туралы міндеттемені орындамады, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 15 б. 1 т. бойынша талапкер 14.05.2013 ж.жауапкермен бағасы 28000 тг болатын Nokia 6700 classic ұялы телефонын сатып алу –сату шартын бұзуды талап етуге құқылы.
ҚР АК 272 б. сәйкес, мiндеттеме шарттары заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
ҚР АК 428 б. 1т.5 тармақшасына сай шартты бұзу құқы тұтынушыда болады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30 б. 6 т. сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 7 б. 12 т. күшіне сай тұтынушы моральдық залалды өтетуге құқықы бар.
ҚР АК 951, 952 б.б сай моральдық зиян- жеке тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқықбұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уаймға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы залал шегу, қолайсыз жағдайларға қалу және т. б.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 21 б. сай Ильясова Д. М.-ге оның құқығы бұзылғандықтан, оған моральдық зиян өтелу керек. Аталған заңда көрсетілгендей тұтынушының тиісті сапалы тауарға құқы бар. Бірақ, талапкер көрсеткен өтемақы мөлшері 21.06.2001 ж. №3 «Моральдық залалды өтеу бойынша соттардың заңдарды қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулысында көрсетілген әділеттілік және жеткіліктілік приницптеріне сай емес, жауапкершілік тарапынан залал келтіру туралы қаскөйлік ниет жоқ, сол себепті сот сұралған моральдық залалдың мөлшерін азайтып, жауапкерден Ильясованың мүддесіне 10000 тг өндіруді қажет деп тапты.
Петропавловск қ. №2 сотының шешімі Солтүстік Қазақстандық қоғамдық бірлестігі «Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау ассоцациясы» Ильясова Диана Маулитовнаның мүддесіне ЖК Гаврюк Ольга Игоревнаға шартты бұзу туралы, материалдық залалды, айыпақы мен моральдық залалды өндіру талабы ішінара қанағаттандырылды:
- 14.05.2013 жылы Ильясова Д. М. және ЖК Гаврюк О. И. арасында бағасы 28000 тг болатын Nokia 6700 classic ұялы телефонын сатып алу –сату шартын бұзу.
- ЖК Гаврюк Ольга Игоревнадан Ильясова Диана Маулитовнаның мүддесіне тауарға төленген 28000 (жиырма сегіз мың) тг, 20160 мөлшерінде өтемақы (жиырма мың жүз алпыс) тг., 10000 (он мың) моральдық залал өтемі, техникалық қорытынды құруға 5000 (бес мың) тг. Барлығы 63160 (алпыс үш мың жүз алпыс) тг өтемақы төленді.
Құқықтық негіздер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ары қара ҚР АК);
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексі;
- 04.05.2010 ж. «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 29.12.2014 № 269-V енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен (01.01.2015 қолданысқа енгізілді);
- «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1996 жылғы 25 шілде N 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы, ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 нормативті қаулысымен енгізілген өзгерістерімен.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі (1)
51 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (1)
106 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (2)
45 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (2)
55 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (3)
42 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (4)
45 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (5)
42 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (6)
46 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (7)
53 рет жүктеп алынды