ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ.
Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 ӘҚБК-нің 45-бабында көрсетілген белгілі бір әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін қолданылатын әкімшілік жазаның бір түрі болып табылады. 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 ӘҚБтК –нің 53-бабына сәйкес дара кәсіпкер мен заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген түрлерін тоқтату немесе оған тыйым салу әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) арызы бойынша тек сот тәртібінде жүргізілетін.
Арыз сотпен он күн мерзімде қаралды. Сонымен қатар, аталған баппен дара кәсіпкер мен заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген түрлерін тоқтату немесе оған тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза тек сотпен кемшіліктерді жою үшін белгіленген мерзімде тиісті әрекеттерді (шараларды) жүргізу барысында жойыла алатын кемшіліктер болған кезде ғана қолданылатындығы қарастырылған. Әдетте, қызметті тоқтата тұру жөніндегі талапты қоютек заңды тұлға мен дара кәсіпкер қолданыстағы заңнаманы бұзған жағдайда ғана мемлекеттік органның өз міндеттерін жүзеге асыруының немесе аталған міндеттерін іске асыру мүмкіндігінің салдары болып табылады. Қорыту көрсеткеніндей, 2014 жылдан қалған істерді шешкен кезде соттармен материалдық және іс жүргізу заңнамасының жоғарыда аталған нормасы дұрыс қолданылған.
Алайда, сот актілерін зерделеу арқылы 2015 жылы түскен қызметті тоқтату туралы істер республика соттарымен әр түрлі қаралып, шешілетіні, біркелкі сот практикасының осы уақытқа дейін қалыптаспағаны анықталды.
Жоғарыда аталып өткендей,2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап аталған санаттағы азаматтық істер жаңа 2014 жылғы 05 шілдедегі ӘҚБК-де көзделген тәртіппен қаралады. Бұл жөнінде жаңа ӘҚБК-нің дара кәсіпкер мен заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген түрлерін тоқтату немесе оған тыйым салу әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) материалдары негізінде, егер әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін қызметті тоқтату немесе оған тыйым салу түріндегі жазаны қолдану мүмкін болған жағдайда, тек сот практикасында жүргізілетіндігі тікелей көзделген 48-бабының 2-тармағында көрсетілген.
Мұндай істерді қарау сотпен он тәулік мерзім ішінде жүзеге асырылады. Шығыс Қазақстан облысының МАЭС-ның 06 ақпан 2015 жылғы ұйғарымымен Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар бойынша Департаментінің «Черемшанское лесное хозяйство» КММ-не үй-жайды пайдалануды тоқтата тұру туралы талап арызы іс сол соттың соттауына жатпауына байланысты кері қайтарылған.
Талап арызды қайтарған кезде сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің (әрі қарай – АІЖК) 154бабының 1 тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алған. Сот ұйғарымында талап қоюшының заңның санкциясында тоқтату көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан әкімшілік сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдармен жүгінуі қажет екені дұрыс көрсетілген. Қызметті, оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу жаңа ӘҚБК-нің 48, 801, 804 баптарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс аясында реттеледі.
Алайда, кейбір соттармен аталған санаттағы істердің, 2014 жылғы 05 шілдедегі №235 жаңа ӘҚБтК-тің 48-бабының талабына сәйкес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің қызметі мен оның жекелеген түрлерін тоқтату әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қаралуына байланысты аталған санаттағы істер 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралмайтыны туралы нақты көрсетілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасының қорытындысымен мақұлданған қызметті тоқтату туралы істер бойынша сот практикасына жасалған шолудың болуына қарамастан, бүгінгі күнге дейін азаматтық іс жүргізу тәртібінде қаралғандығы анықталды.
Мысалы, 2015 жылғы 01 қазандағы Алматы облыстық МАЭС-мен Алматы облысы бойынша экология Департаментінің «КазПрофБетон» ЖШС-не қызметті тоқтата тұру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралып, экология саласындағы заңды бұзғаны үшін жауапкердің қызметін екі ай мерзімге тоқтату жөнінде шешім шығарылған.
Солтүстік Қазақстан облыстық МАЭС-мен 2015 жылғы 23 қазанда «Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қызметті тоқтату туралы талабыы бойынша азаматтық іс қаралып, өрт қауіпсіздігі нормаларының бұзушылығы жойылғанға дейін қызметті тоқтату туралы шешім шығарылған.
Сот шешімінің мәтінінде Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 04 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жауапкердің әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған қызметті 10 күн мерзімге тоқтата отырып 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынғандығы, алайда бұзушылықтардың толық көлемде жойылмағандығы көрсетілген.
Оңтүстік – Қазақстан облысының МАЭС –мен 2015 жылғы 28 тамызда Бәйдібек ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің «Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына өрт қауіпсіздігі нормаларын бұзғаны үшін қызметін екі айға тоқтату туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралған. Осы тектес заң талаптарын бұзушылықтарға Қостанай облысы бойынша МАЭС-мен 2015 жылғы 03 қыркүйекте Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша департаментінің Қостанай қаласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының «С-Норд» ЖШС-не қызметті тоқтату жөнінде, Солтүстік Қазақстан облыстық МАЭС-мен 2015 жылғы 28 қазанда Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бойынша бөлімінің «Киров негізгі мектебі» КММ-не қызметті тоқтату жөнінде, Жамбыл облыстық МАЭС-мен 2015 жылғы 28 қазанда Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің «Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі» мекемесіне қызметтің тұрмыстық жылыту құралдарын пайдалану бөлігінде қоршаған ортаға эмиссия үшін рұқсат алғанға дейін тоқтату жөнінде, Қарағанды облыстық МАЭС-мен2015 жылғы 27 шілдедеЭкологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің «Балхаш - Су» КМК-не қызметті тоқтату туралы талап арыздарын қабылдап, қараған кезде жол берілген.
АІЖК-нің 364-бабының 1-бөлігінің 4-тармағына сәйкес материалдық немесе іс жүргізу құқығының нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау апелляциялық тәртіпте сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылады. Сонымен қатар, сот актілерін зерделеу апелляциялық сатыдағы соттардың аталған заң бұзушылықтарға үнемі тиісті назар аудара бермейтінін көрсетті.
Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің мұнайгаз кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциясы Комитетінің «Таза Табиғат - АН» ЖШС-нің қызметін тоқтату туралы талабы бойынша Ақтөбе облысының МАЭС-ның 2015 жылғы 16 шілдедегі шешіміне жауапкердің апелляциялық шағымы негізінде келіп түскен азаматтық істі қарау нәтижесінде Ақтөбе облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасымен 2015 жылғы 16 қыркүйекте бірінші сатыдағы сотпен материалдық құқық нормаларының, атап айтқанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның, дұрыс қолданылмауына байланысты бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы апелляциялық шешім шығарылған.
Ақтөбе облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасымен сот шешімінің күші заңды негізде жойылған, алайда арыз азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралып, шешілуге жатпайтын болғандықтан іс қысқартылуы тиіс еді.
Келесі іс бойынша МАЭС – ның шешімі апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған. Павлодар облысы бойынша экология Департаменті «Гелиос» ЖШС-не өз ұйғарымының толықтай орындалған уақытына дейін мұнай базасы қызметін тоқтату туралы талап арызбен сотқа жүгініп, өз талабын 2014 жылғы 11 тамызда жүргізілген №150-07 тексеру нәтижесінде жауапкерге экология саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілгенімен және оны жауапкердің орындамағанымен негіздеген.
Павлодар облысының МАЭС –ның 2015 жылғы 10 маусымдағы шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылған.
Павлодар облысының сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 2015 жылғы 20 тамызда аталған істі талап қоюшының апелляциялық шағымы негізінде қарап, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып, шағымда келтірілген уәждерге қарамастан, АІЖК –нің 364-бабында көзделген сот шешімінің күшін жоюға әкеп соқтыратын іс жүргізу заңнамасы нормаларын бұзушылыққа назар аудармай, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған.
Сондай – ақ, Солтүстік Қазақстан облысының МАЭС –нің 2015 жылғы 23 шілдедегі жауапкер «Завод быстровозводимых зданий и сооружений» ЖШС-нің «Азаматтық қорғау туралы» Заңының және 2014 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының даму және инвестиция бойынша Министрінің №359 бұйрығымен бекітілген жүк көтергіш механизмдерді пайдалануда өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Ережесінің талаптарынбұзғаны үшін онымен көпірлі крандарды пайдалануды тоқтату туралы шешімі 02 қазан 2015 жылғы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған.
Бұдан бөлек, Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасымен Жамбыл облысының МАЭСның 2015 жылғы 10 наурыздағы «Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар бойынша Департаментінің» «Тараз қаласы әкімияты білім бөлімінің №53 орта мектебі» КММ-не, «Тараз қаласы әкімияты білім бөлімінің №36 орта мектебі» КММ-не, «Тараз қаласы әкімияты білім бөлімінің №50 орта мектебі» КММ-не, «Тараз қаласы әкімияты білім бөлімінің №34 орта мектебі» КММ-не, «Тараз қаласы әкімияты білім бөлімінің №48 орта мектебі» КММ-не аумақ пен ғимаратты пайдалануды тоқтату туралы талап арыздарын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымдарының күштері жойылған.
Жамбыл облыстық МАЭС-ның аталған талап арыздардың азаматтық іс жүргізу тәртібінде қаралып, шешілуге жатпайтындығы туралы қорытындысы құқыққа сыйымды деп санаймыз. Оңтүстік Қазақстан облысының МАЭС-ы 2015 жылғы 26 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаментініңШымкент қаласы бойынша Еңбекші аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының жауапкерлер «Шарталь» ЖК А.Ш.Утюбаеваға, «MeyramGroup» ЖШС-не «Тандыр», «Макарони», «Гараж» мейрамханаларының қызметін тоқтату туралы талабы бойынша азаматтық істі қарап, жаңа ӘҚБтК-нің 48 – бабының 2- тармағына және АІЖК –нің 247- бабының 1- тармағына сілтеме жасай отырып, іс жүргізуді қысқартқан.
Алайда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2015 жылғы 03 тамыздағы қаулысымен аталған іс бойынша бірінші сатыдағы соттың ұйғарымында сот қорытындысының уәждері мен негіздемелері болмауына байланысты оның күші жойылып, іс мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жолданған. Алқа қаулысында ӘҚБК-тің 48-бабының 2-бөлімінде істі сот тәртібінде қараудың мүмкіндігі тікелей көзделгендігі көрсетілген.
Апелляциялық инстанция сотының бұл тұжырымын қате, себебі заң шығарушы ӘҚБК-нің аталған бабында сот ретінде азаматтық істерді қарайтын МАЭС-ін емес, мамандандырылған әкімшілік соттарды қатерге алған деп есептейміз.
Осыған байланысты АІЖК-мен және өзге де іс жүргізу заңдарымен қатар, азаматтық іс жүргізу тәртібімен емес, өзге іс жүргізу ережелерімен қаралуға жататын іс санаттары қарастырылғанын назар алған жөн.
Азаматтық іс жүргізу тәртібінде қызметті тоқтату туралы істер бойынша аталған сот шешімдерін шығарған кезде соттар талап қоюшы –мемлекеттік органдар сілтеме жасаған заңдармен қызметті тоқтату туралы мәселені ӘҚБтК-тің аясында шешу туралы ереже қарастырылғанына назар аудармаған.
Мысалы, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21-бабының 13-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер ӘҚБтК-не сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы қаулы шығарады.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60- бабының 1-1 тармағына сәйкес объектілерді және олардың кешендерін бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салған (кеңейткен, жаңғыртқан, техникалық қайта жарақтандырған, реконструкциялаған, қалпына келтірген, күрделi жөндеуден өткізген) жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тоқтатыла тұрады. Бұрын, 2015 жылға дейін қызметті тоқтата тұру туралы істер,егер 2001 жылғы ӘҚБтК-нің 53 бабының және «егер ӘҚБтК-нің ерекше бөлім баптарының санкциясы көрсетілген жазалау шарасын көздемесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы мәселе соттың істі талап қою өндірісінің тәртібімен қарауына жатады» деп көрсетілген «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы №18 нормативтік қаулысының 3 тармағының негізінде қаралған.
Алайда, Жоғарғы Соттың аталған Нормативтік қаулысының күші 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №3 Жоғарғы Соттың Нормативтік қаулысымен жойылған, қазіргі кезде жаңа ӘҚБтК қолданылады, қызметті тоқтата тұру туралы істерді азаматтық іс жүргізу тәртібін қарау көзделген басқа нормативтік құқықтық актілер жоқ.
Қызметті тоқтата тұру, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса және ол адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін тікелей төніп тұрған қауіптің, індеттің, эпизоотияның туындауын, карантин объектілерінің карантиннен қорғалатын объектілерге жұғу қаупінің, радиациялық немесе техногендік апаттардың алдын алу үшін, олардың қоршаған ортаның сапасы мен жағдайына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін болғңан жағдайда, басқа әдістермен аталған мән-жайлардың алдын алу мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылылуы мүмкін.
ӘҚБК-нің 42-бабының 2-тармағына және 41-бабының 1-тармағының 6- тармақшасына сәйкес қызметті тоқтата тұру әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жаза ретінде қолданылуы мүмкін болатын әкімшілік жазаның түрі болып табылады.
ӘҚБК-тің 48-бабына сәйкес қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметін уақытша тоқтатуды немесе қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салуды, сондай-ақ агрегаттарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға, қызметтің (жұмыстардың), қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды уақытша тоқтатуды немесе тыйым салуды қамтиды.
Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) материалдарының негізінде сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi.
Мұндай істерді қарауды сот он тәулік ішінде жүзеге асырады. Сонымен, аталған мән-жайлар қызметті тоқтата тұру туралы істердің азаматтық іс жүргізу өндірісінде қаралуға жатпайтынын көрсетеді.
Азаматтық істер қарауға құзыретті соттарға аталған арыздар түскен кезде оларды АІЖК-нің 153-бабының 1-бөлігінің 1-тармағы негізінде қабылдаудан бас тартылуға, егер олар соттың өндірісіне қабылданып және азаматтық іс қозғалып қойған жағдайда, әрі қарай іс жүргізу АІЖК-нің 247- бабының 1-тармағына сәйкес қысқартылуға жатады деп пайымдаймыз.
Сонымен, осы қорыту нәтижесі заңды тұлғалар мен заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтардың қызметтерін тоқтата тұру туралы арыздар түскенде сот актілерін шығарудың біркелкі практикасын құру қажеттілігі туындағаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндікк береді.
Атырау облысы үшін енгізілген ӘҚБтК-нің 281,282 және 283- баптарынан басқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің Жіктегіште болмауына байланысты әкімшілік іс жүргізу тәртібінде қаралған қызметті тоқтата тұру туралы республика соттарымен қаралған істер бойынша қорыту жасау мүмкін болмады.
Осыған байланысты қорыту жасау барысында 2015 жылдың басынан бастап Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен (әрі қарай – МӘС) қаралған істер пайдаланылды. ӘҚБК-нің 683-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді судья қарайды.
Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру тәртібі ӘҚБК-нің 801бабында белгіленген, оған сәйкес қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды не оларға тыйым салуды әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағаны үшін қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін, ол туралы хаттама жасауға осы Кодекстің 804-бабына сәйкес уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жүзеге асырады.
Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруға не оларға тыйым салуға үш тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Көрсетілген мерзімде орган (лауазымды адам) сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды жіберуге міндетті. Қызметті тоқтата тұру агрегаттарды, ғимараттарды пайдалану, қызметтің (жұмыстың) жекелеген түрлерін жүзеге асыру, қызмет көрсетуге қатысты жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, соның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне, өндірістік учаскелерге қолданылады.
Осы тұрғыдан алғанда қызметті әкімшілік тәртіпте тоқтата тұру мен тиісті қызметке азаматтық – құқықтық тұрғыда тыйым салу арасында айтарлықтай айырмашылықтар барын ескерген жөн. Әкімшілік тәртіпте қызметті тоқтата тұру, әдетте, нормативтік – құқықтық ұйғарымдар, ережелер мен нормалар бұзылған жағдайда жүргізіледі. Тиісті қызметті жүзеге асыруға азаматтық-құқықтық тыйым салу болашақта зиян келтіру мүмкіндігін талап қоюшы дәлелдеген жағдайда мүмкін болады.
ӘҚБК-те санкциясында қызметті тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың жиырмадан астам құрамы қарастырылған. 2015 жылғы 15 қазандағы Атырау қалалық МӘС-ның қаулысымен ЖК «Жексенова Б.Е.» ӘҚБ К-тің 462-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салына отырып, жеті күнге қызметі тоқтатылған.
Сотпен анықталғаны, 2015 жылғы 25 қыркүйекте Атырау облысы тұтынушылардық құқықтарын қорғау департаментінің санитарлықэпидемиологиялық қызметімен Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заң талаптарын бұзушылығын жою жөнінде ұйғарым шығарылған, ұйғарымға сәйкес ЖК «Жексенова Б.Е.» ұйғарыммен көзделген мерзімде Қазақстан Республикасының «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Заңының, химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұзушылықты жоюға бағытталған іс – шараларды жасауға тиіс.
Алайдаұйғарымда көрсетілген талаптардың тиісті түрде орындалмауына байланысты Департаментпен ЖК «Жексенова Б.Е.» қатысты ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлімімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталған.
Сот қаулысының мазмұнында қызмет тоқтатылатын мерзімді белгілеу сотпен негізделмеген.
Соттың қызметті тоқтату туралы қаулысында құқықбұзушы бұзған заң талаптарын жоюы үшін жеткілікті болатын мерзім белгілеуі, қызметті тоқтату үшін нақты бір мерзімді белгілеудің себептері көрсетілуі тиіс.
Сонымен бірге, құқық бұзушының анықталған бұзушылықтарды жоюға кірісуінің нақты мүмкіндігін, қызметті тоқтатуды қолдануға әкеп соғатын мән-жайларды жою мүмкін болатын уақыт аралығын, құралдары мен қаражатының барын ескеруі, сондай – ақ, нақты бір мерзім белгілеген кезде сот өз шешімінде нақты сол мерзімнің қандай себеппен белгіленгендігін көрсетуі тиіс.
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмнiң де құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге болмайды деп көрсетілген Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-бөлігінің талаптарын ескерсек, соттар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның барлық қызметін емес, жауаптылыққа тартылатын тұлғалардың қорғалатын қоғамдық құқықтық қатынастарға қауіп төндіретін нақты қызметтерін тоқтатуы тиіс.
Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгiн шектеудiң заң құжаттарында белгiленген шарттары мен тәртiбiнiң немесе олардың кәсiпкерлiк не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиiстi шектеудi белгiлеген мемлекеттiк немесе өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға әкелiп соқтырады.
Сонымен, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қаупі жеке кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттардан, агрегаттардан, оларды пайдаланудың заңмен белгіленген ережесін бұзу салдарынан туындаса, азаматтың кәсіпкерлік қызметі немесе бүкіл кәсіпорынның қызметі емес, олардың аталған ғимараттар мен агрегаттарды пайдалану бойынша қызметі тоқтатылуы тиіс.
Осыған байланысты сот қаулысында қызметті әкімшілік тоқтату әкімшілік жаза ретінде өзіне қатысты қолданылған қызмет түрі, нақты ғимарат, нақты агрегат көрсетілуі тиіс. 2015 жылғы 17маусымдағы Атырау қалалық МӘС-ның қаулысымен «Идеал Маркет» ЖШС-і ӘҚБК-тің 462 бабының 3бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салына отырып, жеті күнге қызметі тоқтатылған.
Сотпен Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі Атырау қалалық басқармасымен жоспардан тыс жүргізілген тексеру нәтижесімен 2015 жылғы 04 мамырдағы Қазақстан Республикасының халықтың санитарлықэпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заң талаптарын бұзушылықты жою жөнінде 2015 жылғы 04 мамырдағы №56 ұйғарым шығарылғаны анықталған.
Алайда, 2015 жылғы 19 мамырда ұйғарымның тиісті дәрежеде орындалмағаны, атап айтқанда, ішек таяқшалары тобының бактерияларымен ластанған Беларусь Республикасы «Савушкин продукт» ААҚ-ның өнімдері «Прованские травы», «Савушкин» сүзбелерінің микробиологиялық ластануының себептері анықталмағаны белгілі болды. 2015 жылғы 04 мамырға дейінгі жағдай бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің қалдығы анықталмаған, оны анықтау жөнінде акт жасалмаған, аталған өнім халыққа шектеусіз өткізілген.
Сүт өнімдерін тұтыну қаптамасына өлшеп-орау үшін барлық өлшеп-орау бөлмелерінде тоңазытқыш, желдеткіш, жарықтандырылу және жуу раковиналары үздіксіз жұмыс жасап тұруы тиіс. Өлшеп-орау ҚазақстанРеспубликасыҰлттық экономика министрінің2015 жылғы 19 наурыздағы №230 бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілерінеқойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидаларының 75тармағын бұза отырып, таңбаланбағанбөлек бөлшектеу тақтайшалары мен пышақтармен жасалған.
Апелляциялық алқа, істі құқықбұзушының шағымы бойынша қарап, сот қаулысын өзгертіп, «Идеал Маркет» ЖШС-нің республиканың басқа да қалаларында және Атырау қаласының өзінде бірнеше дүкендері болғандықтан, «Идеал Маркет» ЖШС-нің Атырау қаласы, Сатпаев көшесі, 37, «Тамаша» СОО –ның бірінші қатарында орналасқан «Лидер» дүкенінің сауда залынан бөлек орналасқан тек қана «Фасовочная» бөлімі мен сүт өнімдері бөлімінің жұмысын жеті күнге тоқтатқан.
Қызметті әкімшілік тоқтату қорғалатын қоғамдық-құқықтық қатынастарға зиян келтіру қаупі бар және іс жүзінде зиян келтіруі мүмкін және құқыққа қайшы қызметтің жолын кесудің мәжбүрлі шарасы әрі қауіпті объектілерді пайдалануды жалғастыруға әкеп соғатын болғандықтан, аталған санаттағы істерді қарау мерзімін бұзуға жол берілмейді.
Нормативтік құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін,
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (әрі қарай - АІЖК),
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексін,
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін,
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»,
«Өрт қауіпсіздігі туралы» (күшін жойған) Қазақстан Республикасының заңдарын,
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы (күшін жойған) және санитарлық – құрылыс нормалары мен ережелері, техникалық регламенттері белгіленген басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
О ПРИОСТАНОВЛЕНИИ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ЮРИДИЧЕСКИХ ЛИЦ И ИНДИВИДУАЛЬНЫХ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ
33 рет жүктеп алынды -
Соттардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын азаматтық істер бойынша қолдануының кейбір
34 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах применения судами экологического законодательства Республики Казахстан по гражданским делам
33 рет жүктеп алынды -
Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір
36 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах недействительности сделок и применении от 07.07.2016 №6
34 рет жүктеп алынды