Жеке тұлғалар арасында жасалған қарыз несие шарттары бойынша даулар
Заем келісім шартының мән-жайлық анықтамасы АК – тің 715 бабының 1 тармағында берілген, заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал осы Кодексте немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi деп белгіленген. Көрсетілген заң талабының мағынасынан, заем келісім - шарты нақты болып табылады, сондықтан заем берушi заемшының меншiгiне ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды өзінің міндеттемелерін орындау мақсатында емес, келісім шарт жасасқан уақытта бередi. Тиісті түрде рәсімделген мәміле болған жағдайда, бұл келісім заем нысанын беру уақытында жасалды деп анықталады және өз кезегінде, біржақты міндеттеме салатын келісімнің классикалық түрі болып есептеледі, өйткені, заем берушіге тек құқықтар (мысалға, заем бойынша қарыз сомасын, оның сыйақысын талап ету құқығы), ал заемшыге тек міндеттер (қарызды, оның сыйақысын қайтару) жүктелген. Заемшының міндетінің негізі - заем берушiмен ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды беру фактісі болып табылады. Осыдан, заем келісім шарты – казуальды мәміле болып табылады. Заем келісім шартының міндеті – заемшының жеке меншігіне ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды беріп, ол соманы немесе осы сандағы сондай тектес және сападағы басқа заттарды қайтару. Заем келісім –шартының субъектілері - (заем беруші және заемшы) болып кез-келген заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ, азаматтығы жоқ тұлғалар болып саналады.
Жеке тұлғалардың арасында заем шарттарын жасау даулар бойынша
Заемның заты болып текті белгiлерiмен айқындалған ауыстырылатын заттар, оның ішінде теңге немесе басқа шет ел валютасымен білдірілген ақшалай қаражат.
АК – тің 715 бабының 1 тармағының сөзбе-сөз мағынасынан, заттай түрі жоқ азаматтық құқықтар заем келісім шартының заты бола алмайды.
Осы қарым – қатынастардың болуын қамтамасыз ететін заем келісім шартының маңызды шарты болып – заемның нысанасы табылады.
Заем келісім шартының нысанасы болып заемшының осының алдында алған заем затын қайтару болып табылады. Заем заты бойынша келісім тиісті түрде рәсімделмеген жағдайда ол жасалды деп саналмайды.
АК-тің 715 бабының қолдануын қарастыратын болсақ, іс жүзінде тәжірибеде еріксіз, заем келісім шарты төменде көрсетілген екі ерекшілік болған жағдайда жасалды деп санауға болады ма – деген сұрақ туындайды:
1) заемның заты жеткілікті түрде нақты белгіленбеген;
2) заем беруші заемшыға келісімде бекітілген тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды берген, бұл жағдай тиісті құжаттармен рәсімделген (мысалға, қолхатпен немесе кассалық ордермен).
Демек, заем келісім шартының жетпеген талабы тараптармен затты беру уақытында нақтыланған, бірақ, келісім шартта заемшы қанша тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды заем берушіге қайтару қажеттігі көрсетілмеген.
Азаматтардың арасындағы заемдық қарым –қатынастар азаматтық – құқықтық қарым – қатынастың айналымының қалыпты бір жағдайы болып қалыптасуда, бірақ, қанша қалыптасып, құқықтық базасы бола тұрса да, бұл ара – қатынастарға азаматтар немқұрайлылық танытуда.
Бұл санаттағы істер бойынша қалыптасқан сот тәжірибесі іс жүзінде қарама – қайшылықтар тудыруда.
Жекелеген соттар өздерінің шешімдерін, заем келісім шарты заемшыға қанша ақша және қанша заттар берілгенін нақты анықтау қажеттігіне негіздейді, болмашы жағдайда, мұндай келісім – шарттар жасалған болып саналмайды.
Ал, кейбір соттар осыған қарама – қайшы пікірді ұстанады. Егер де, заем келісімінің шарты заттардың саны мен сапасы туралы толық мәліметтер жоқ болған жағдайда, олар мұндай келісім – шарттарды жасалды деп санау үшін сотқа заемшыға заем мүлкінің тиісті сападағы белгілі бір заттарын беру фактісі туралы дәлелдемелердің болуы жеткілікті болып саналады.
Бірінші құқықтық ұстаным – толығымен дәйекті емес, өйткені, ол жақта «келісім шарт құқықтық қатынас ретінде» және «келісім – шарт құжат» ретіндегі ұғымдары араласқан түрде көрсетілген.
Міндеттемелік құқық біртұтас, алайда, ол тек бір құжатпен емес, бірнеше құжатпен рәсімделеді. Заем келісім шартының оның затына қатысты талабы тараптармен затты беру уақытында нақтыланған, бұл тиісті құжаттармен рәсімделген.
Осыдан, көрсетілген жағдайда, заем келісім шарты екі түрлі құжатпен рәсімделген: тараптардың «заем келісім - шарт» деп аталатын құжатымен және заемшымен белгілі бір заттарды алуды дәлелдейтін құжатпен (қолхат, кассалық ордер және т.б.).
Заем келісім-шарты нақты шарт болғандықтан, мұның алдында тараптардың араларында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткендіктен, шарт тиiстi мүлiк берiлген кезден бастап жасалды деп санау қажет (АІЖК – нің 393 бабының 1 тармағы, 394 бабының 2 тармағы).
Сот тәжірибесін қорытуы төмендегі тұжырымдар жасауға болатынын көрсетті.
- заем сомасы заемшыға тек бұл қаражатқа билік ету мүмкіндігі болған жағдайда беріледі;
- заем сомасын бөліп – бөліп беру заем келісім шарты жасалмаған немесе жарамсыз деп тануға негіз бола алмайды;
- қаражатты уақытылы бермеу заем келісім шарты жасалмаған немесе жарамсыз деп тануға негіз бола алмайды;
- заем сомасын заемшының өтініші бойынша немесе келісімнің
– шарттың ережелері бойынша үшінші тұлғаның есеп шотына аудару заем объектісін тиісті түрде берілген болып есептеледі;
- заемшының өтініші бойынша заем сомасын үшінші тұлғаның есеп шотына аудару заем объектісін тиісті түрде берілген болып есептелмейтін жағдай, ол егер заемшының хаттары, заем берушінің шоттары немесе төлем тапсырмасы бұл заем келісім – шартына сілтеме жасамаса;
- заем келісім – шарты бойынша қаражат сомасы заем берушінің талап құқығынан шегіну тәртібімен беріле алмайды. Жоғарыда заем келісім – шарты реалды деп тану қажеттігі көрсетілген, сондықтан, оны біржақты міндеттеме салатын келісім ретінде қарастырған жөн.
Сондықтан, келісім – шарт жасалғаннан кейін (демек, заемшыға ақша сомасы берілгеннен кейін) заемшының тек міндеттері туындайды.
Олар бірнеше болуы мүмкін: заем келісім – шарты бойынша заемшы АК – тің талаптары негізінде қарызды қайтаруы қажет (АК – тің 722 бабы), қарыз нысанасын пайдаланғаны үшiн қарыз алушы шартта айқындалған мөлшерде қарыз берушiге сыйақы төлейдi (АК – тің 718 бабы), заем берушiге заемның қамтамасыз етiлуiн бақылауға мүмкiндiк беруге мiндетті (АК – тің 721 бабы).
Заем келісім – шарттарын орындау міндеттемелеріне қатысты бойынша даулар бойынша істердің соттылығы
АІЖК – нің 31 бабымен соттылықтың талап арыз жауапкердің тұрғылықты мекен – жайы бойынша беріледі деген басты қағидасы белгіленген.
Жеке тұлғалардың араларында заем келісім –шарттарын жасау, оларды өзгерту, бұзу және орындау даулары бойынша қорытылып отырған даулар бойынша азаматтық істердің соттылығы соттармен жалпы аумақтық тәртібі бойынша дұрыс анықталады.
Жамбыл аудандық сотының 06.02.2014 жылғы ұйғарымымен талап қоюшы Т.К.Ташкараевттың жаапкер А.А.Коштаевқа қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс құжаттары соттылығы бойынша Алматы облысының Қарасай аудандық сотына жолданған.
Соттың мұндай тұжырым жасауына, талап арыздан жауапкер Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Железнодорожная көшесі, 2 үй, 1 пәтерде тұрғанына қарамастан, сот отырысында талап қоюшы Т.К.Ташқараевтан істі соттылығы бойынша жауапкер А.А.Қоштаевтың түрғылықты мекен – жайы бойынша Алматы облысының Қарасай аудандық сотына жолдауды сұраған өтініші негіз болған.
Мемлекеттік мекен – жай анықтамасынан берілген мәліметтерге сай, А.А.Қоштаев Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ақжар ауылы, Жабаев көшесі, 100 санды үйде тіркелген.
Бірақ, АІЖК- нің 36 бабының 1 тармағында жалпы қағидат белгіленген, ол бойынша: егер іс сотпен соттылығы сақталып қабылданған болса, ол кейіннен, басқа соттың соттылығына жататын болса да, сол сотпен қаралуға тиіс деп бекітілген.
Бұл, жалпы, соттың қарауына қабылданған іс, талап бойынша соттылыққа әсер ететін жағдайлар туындаса да, заңды мағынасы болмайтынын түсіну қажет. Істі сотта қарау кезінде, жауапкердің мекен –жайын ауыстыруы, соттылығы сақталып қабылданған істің соттылығын өзгертуге негіз бола алмайды.
Аталған санаттағы істер бойынша соттылықты анықтау кезінде тараптардың араларындағы шарттарға да назар аудару қажет, оның талабы бойынша тараптар аумақтық соттылықты ауыстырулары мүмкін (келісілген соттылық).
Азаматтық процестің диспозиция қағидасын басшылыққа ала отырып, тараптар бірнеше оттар араларындағы соттылықты анықтау құқығына ие, бұл орайда, тараптар тек АІЖК – нің 31 және 32 бабының 9 бөлігінде бекітілген соттылықты өзгерте алады. (келісімнің бекітілген немесе оны орындау жері бойынша).
Сотқа, аумақтық соттылықты өзгерту туралы келісім тараптардың араларында заңда көрсетілген тәртіпте талап арызды сотқа беруге дейін жасалатынын ескеру қажет, сонымен қатар, бұл келісімның дауланғаны және жарамсыз болып табылғаны анықталуы тиіс. АІЖК –де аумақтық соттылықты анықтау туралы 34 бабына негізделген келісім тараптарға ғана емес, сотқа да міндетті екенін ескеріп, мұндай жағдайда, соттың талап арызды қайтаруына негіз жоқ.
Талап арызды қабылдаудан бас тарту.
Талап арыз сотқа түскен сәтте, судья ең алдымен арыз берген тұлғаның мүндай талаппен сотқа жүгінуге құқығының бар-жоғы анықталады. АІЖК – нің 153 бабына сай, судья, егер: 1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса; 2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы болса; 3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша төрліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса және бұл жөнінде сотқа белгілі болса, талап арызды қабылдаудан бас тартады делінген. Талап арызды қабылдаудан бас тартудың көрсетілген негіздері шектелген. Тұлғаның талап арызды беруге құқығы бар, не жоғын анықтау барысында, судья, АІЖК – нің 8 бабының 1,2 тармақтарында, 45 бабында, 48 бабының 1-4 тармақтарында, 55 бабының 3 тармағында, 56 бабын, 153 бабының 1 тармағында көзделген заң талаптарын басшылыққа алуы қажет. Бұл орайда, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар конституциялық принципін мүлтіксіз сақтау қажет.
Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді.
Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге , сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді. АІЖК – нің 156 бабына сай, жауапкер істі міні бойынша қарау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірге қарау үшін талапкерге қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы қағидалар бойынша жүргізіледі. Судья қарсы талап қоюды қабылдау туралы ұйғарым шығарады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қабылдау талаптарына сәйкес келмейтін қарсы талап арыз қайтарылуға жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» Қазақстан Республикасы 13 желтоқсан 2001 жылғы № 21 нормативтік қаулысының 8 тармағында жауапкердің қарсы талап арызы АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, онда оның арызын талапкердің арызымен бір өндірісте қарау үшін қабылдайды.
Егер бұл арыздың мазмұны АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, онда судья АІЖК-нің 154-бабының негізінде қарсы талап арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады. Сот актілерін зерделеу, кейбір аумақтарда жауапкерлерден қарсы талап арыздар түскен кезде қате тәжірибе қалыптасуда.
Мәселен, Батыс Қазақстан облысы Семей қалалық сотының 12.11.2014 жылғы ұйғарымымен С.П.Булышкинаның В.А.Сидахметовке заем келісім – шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арызы оны қабылдауға негіз жоқ болғандықтан, қабылдаудан бас тартылған.
Қарсы талап арызды қабылдаудан бас тарту кезінде, судья, 2014 жылдың 11 қарашадағы шешімімен, В.А.Сидахметовтың С.П.Булышкинаға қарыз сомасын өндіру туралы бастапқы талап арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімге негіздеген.
Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіретіндігіне қарамастан, қарсы талап арызды қабылдаудан бас тарта отырып, бірінші сатылы сот, өзінің ұйғарымында мұндай арызбен сотқа жалпы тәртіп бойынша жүгінуге құқылы екенін түсіндірген.
Демек, сот, өзімен және талап арызды қабылдаудан бас тартудың салдарын анықтайтын процессуалдық заң талаптарымен қарама қайшылықтарға келген. Осыған тектес негіздер бойынша, Батыс – Қазақстан Республикасының Семей қалалық сотының 20 маусым 2014 жылғы ұйғарымымен Р.К.Жаналиеваның Ф.М.Фазылбековаға соманы өндіру туралы қарсы талап арызын қабылдаудан бас тартылған.
Талап арыздарды қараусыз қалдыру
Талап арыздарды қараусыз қалдыру –бұл шешім шығарусыз іс бойынша өндірістің аяқталуы, бірақ, арызды қараусыз қалдыруға негіз болған мәнжайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы.
АІЖК – нің 249 бабында талап арызды қараусыз қалдырудың шектеулі негіздері көрсетілген. Сот тәжірибесіне зерделеу кезінде, талап арыздарды қараусыз қалдыруда процессуалды заңмен бекітілген тәртіп талаптары дұрыс қолданылмайтындығы анықталды.
Мысалға алатын болсақ, Ақмола облысының Жарқайын аудандық сотының Д.В.Гайдидейдың жауапкер Е.М.Андреевке қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы АІЖК – нің 249 бабының 8) тармақшасына сай, өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамағандықтан, қараусыз қалдырылған. Сонымен бірге, сот аталған негіз бойынша арыздар тек қана сотқа басқа тұлғалардың бұзылған құқықтарын, заңды мүдделерен қорғау мақсатында берілген өкілетті органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың (қамқоршы органдардың, тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын органдардың, прокурордың, т.б.) арыздары бойынша ғана қараусыз қалдырылатыны ескерілмеген (АІЖК-нің 55,56 баптары).
Аталған жағдайда, яғни АІЖК-нің 249 бабының 8 тармақшасына сәйкес, өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаған жағдайда арыз қараусыз қалдырылады. Бұл негіз бойынша талдау жүргізгенде мысал анықталмады. Сонымен бірге, Қостанай облысы Наурзум аудандық сотының келесі ұйғарымының заңдылығы күмән туғызады.
Аталған ұйғарыммен талап қоюшы Р.Шигапованың жауапкер М.Шарапиеваға қарыз өндіру туралы талап арызы талап қоюшының арызды қайтарып беру туралы арызы бойынша АІЖК-нің 249 бабының 8 тармақшасына сәйкес судьяның атынан қайтарылған.
Алайда, бұл жерде талап арыз соттың (судьяның емес) ұйғарымы бойынша АІЖК-нің 249 бабының 9 тармақшасымен қайтарылуы тиіс еді. Қазіргі уақытта сот актілерінің сапалық мән-жайының, тілдік рәсімделуінің маңыздылығы сот шешімдерінің ақпараттық-құқылық базада, Ғаламтөрдегі соттардың ресми сайттарында жариялануына байланысты ерекше орын алып отыр.
Сонымен бірге бұл жағдай судьялардың сот актілерді рәсімдеуге байланысты жауапкершілігін ықпалдайтын фактор болып танылады. Сондықтан шешім қабылдағанда басшылыққа алынған заңның немесе басқа нормативтік актінің толық атын, бабын, бөлігін, тармағын, тармақшасын толық көрсету керек. Ал анализ жүргізгенде осындай қателер республиканың барлық соттарымен жол берілетіні анықталды.
Мысалы, Ақмола облысы Жарқаин аудандық сотының ұйғарымымен В.Н.Суркованың жауапкер В.П.Казакқа қарыз өндіру туралы талап арызы АІЖК-нің 249 бабының 9 тармағымен қараусыз қалдырылған. Бұл жерде сот аталған баптың 9) тармақшасымен деп белгілеуі қажет еді. Аталған кемшілік барлық соттардың сот актілерінде орын алған. Сонымен бірге, кейбір сот ұйғарымы бойынша АІЖК-нің 249 бабының 9) тармақшасымен сотқа ұсынылған арызды емес істі қараусыз қалдыру да анықталды.
Осындай ұйғарымның мысалы ретінде Ақтөбе облысы Қобды аудандық сотының Л.К.Балимованың жауапкер Н.В.Поляковаға қарыз өндіру туралы талап арызы қараусыз қалдырылған ұйғарымды келтіруге болады.
Іс жүргізу өндірісін қысқарту
Іс жүргізу өндірісін қысқарту сотқа арызын берушінің арыз беруге құқығы болмағаны анықталғанда немесе іс қозғалғаннан кейін тараптар дауын өзара келісіммен шешкен жағдайда, сот өндірісін шешім қабылдамай бітіруді білдіреді және осындай жағдайда тараптарға сол дауларымен сотқа екінші рет қайтарылуға жол берілмейді. Іс жүргізу өндірісін қысқартуға байланысты сот тәжірибесіне баға бергенде, соттардың аталған жағдайда тиісті деңгейде процессуалдық нормаларды сақтайтыны анықталды.
Іс жүргізу өндірісін қысқартқанда соттар тиісті нормаларға сілтеме жасап ұйғарым қабылдайды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы №2 Уральск қаласы сотының 04.04.2015 жылғы ұйғарымымен талап қоюшы В.И.Шапошникованың жауапкер А.О.Роговаға 738 000 тенге қарызын өндіру туралы талап арызы бойынша, талап қоюшының қарызы толық қайтарылуына байланысты талап арызынан бас тарту туралы арызы негізінде, іс жүргізуі қысқартылып, тараптарға іс жүргізу өндірісін қысқарту тәртібі мен салдары түсіндірілген.
Атырау қалалық сотының 22.12.2014 жылғы ұйғарымымен талап қоюшы У.А.Ерсейтованың жауапкер Е.К.Магзумовқа қарыз өндіру туралы талап арызы бойынша қабылданған бітімгершілік келісімі бекітілген. Бітімгершілік келісім бойынша жауапкер 20.01.2015 жылға дейін талап қоюшыға қарызының 1 000 000 тенге мөлшеріндегі бөлігін, қалған бөлігін 20.03.2015 жылға төлеуге міндеттеме алған; талап қоюшы өз жағынан талап арызынан бас тартқан. Медиативтік келісімнің талаптарымен тараптар өз міндетіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда жазбаша түрде берген арыздары бойынша келісімді еріксіз орындату үшін атқару парағын алуға құқылы екені белгіленген.
Тараптар өз еркімен сот медиация арқылы «Медиация туралы» Заңының талаптарына сай келісімге келуіне және қабылдаған келісімдері заңға сай, үшінші тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтірмейтін болғанын ескеріп, сот медиативтік келісімді бекітіп, іс жүргізу өндірісін қысқартып, Салық Кодексінің 548 бабының 1 тармағының 1-2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, 20 000 тенге мөлшерінде төленген мемлекеттік бажды қайтарып берген.
Сонымен бірге, талдау барысында іс өндірісін қысқартуға байланысты сот актілері қабылданған кезде қате қабылданатыны да анықталды.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысы №2 Уральск қаласы сотының ұйғарымымен талап қоюшы А.Қажгереевтың жауапкер Ф.Бедеевқа қарыз өндіру туралы талап арызы бойынша қабылданған келісім сот медиациясы талаптары бойынша бекітілген.
Бірақ, сот ұйғарымының қарар бөлігінде медиативтік келісімнің талаптары көрсетілмеген, талап қоюшыға мемлекеттік баж қайтарылғаны туралы мәліметтер жоқ.
Талап қоюды қамтамасыз ету
АІЖК-нің 158-бабының 1 бөлігінде аралық сотта немесе төрелiкте iс қарау тараптарының iсiне қатысатын адамдардың арызы бойынша соттың талап қоюды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы мүмкін екені белгіленген.
Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында да жол беріледі. Процессуалдық заңнамамен талап қоюды қамтамасыз ету тәртібі де айқындалған. АІЖК-нің 160 бабына сай талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және Аралық сотта немесе төрелiкте iс қарау тараптарының iсiне қатысатын басқа адамдарға хабарламастан ол сотқа түскен күні шешеді. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарай келіп, судья ұйғарым шығарады.
Талап арызбен бірге берілген талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз тараптарды хабарламастан істі қозғаған кезде қаралып, ұйғарым қабылданады. ҚР Жоғарғы сотының «Азаматтық істер бойынша талап қоюды қамтамасыз ету шаралары туралы» 12.01.2009 жылғы №2 нормативтік қаулысының 5 тармағында талап қоюды қамтамасыз ету арызы істің барлық кезерінде: істі қарауға дайындау кезінде, сот мәжілісінде, сот актісін қабылдағаннан кейін, бірақ АІЖК-нің 236 бабында белгілен тәртіп бойынша еріксіз орындауға жібермей тұрған кезде, берілуі мүмкін екені көрсетілген. 23.10.2014 жылы Алматы облысы Қарасай аудандық сотына талап қоюшы С.Н.Алыбаев жауапкер Э.К.Адилхановаға 35 000 АҚШ доллары, ұлттық валютада 6 370 000 тенге мөлшеріндегі қарызын өндіру туралы талап арызын берген.
Қарыз заем алушының 25.03.2014 жылғы қол хатымен дәлелденген. Талап арызымен бірге С.Н.Алыбаев сотқа талабын қамтамасыз ету мақсатында жауапкердің мүлігіне тиым салу туралы арызын берген.
Судьяның 27.10.2014 жылғы ұйғарымымен аталған талап арыз бойынша азаматтық іс қозғалған, бірақ талапты қамтамасыз ету туралы арыз туралы сұрақ қаралмаған, талапты қамтамасыз ету не қамтамасыз етуден бас тарту туралы сұрақ істі қарауға дайындау кезінде де шешілмеген.
Талапты қамтамасыз ету шаралары тек, 08.12.2014 жылы сырттай шешім шығарғанда, қабылдағанған. Процессуалдық заңнамалардың талапты қамтамасыз ету шараларын қабылдау тәртібін бұзу талап қоюшы К.Т.Жапаркулованың жауапкер Г.Рыспаеваға қарыз өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарағанда да жол берілген.
Осы іс бойынша АІЖК-нің 223 баының сот ақша сомаларын өндіріп алу туралы шешім шығарған кезде шешімнің қарар бөлігінде өндірілетін ақша сомасының мөлшерін және валюта түрін цифрмен және сөздермен көрсетеді деген талабы да бұзылған.
30.06.2014 жылы қабылданған шешімнің қарар бөлігі келесі мәтінде дайындалған: «Гульфариза Рыспаевадан Кульдара Толтебайқызы Жапаркулованың пайдасына 184 00 (жүз сексен үш мың) өндірілсін.» Шешімді өндірілген ақшаның сомасы толық есмес және грамматикалық қателерімен жазылған, цирмен жазғаны сөзбен жазған мөлшеріне сай келмейді, валютаның түрі жазылмаған.
Сондықтан осындай мәтінде қарар бөлігі дайындалған шешімнің заңдылығы күмен туғызады.
Соттардың тәжірибесінде тиісті түрінде рәсімделгенмен, қажетті мәліметтері болмауына байланысты талап арыздар қанағаттандырусыз қалдыру орын алған.
Мысалы, Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының шешімімен талап қоюшы К.П.Кабылканованың жауапкер Л.П.Андрусенкоға 134 712 тенге қарызын өндіру туралы талап арызы тиісті дәлелдемелер жеткіліксіз болуына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылған.
Талап арызының негізі ретінде талап қоюшы жауапкердің 2012 жылдан 2013 жылдар аралығында оның дүкенінен тағамдар, басқа күнделікті қажет тауарларды оның келісімі бойынша қарызға алып тұрғанын, қарызын уақытылы төлеп тұруға уәде бергенін, бірақ өзіне алған міндетін орындамағанын көрсеткен. Ал жауапкер талап арызды мойындамай, тауар алғанын, бірақ, ақшасын толық төлегенін айытқан. АІЖК-нің 65 бабына сай әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Ал аталған Кодекстің 15 бабында белгіленген тәртіп бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.
Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді, сот іс бойынша дәлелдемелер жинауға міндетті емес. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде, материалдық және іс жүргізу құқығының қолданылуға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
Жоғарыдағы талап арызды қанағаттандырусыз қалдырғанда сот заңның аталған нормаларын басшылыққа алып, талап қоюшының тараптар арасында заем шарты тиісті түрінде жасалмағанын ескеріп, дұрыс, заңды шешім қабылдаған.
Шешім қабылдағанда талап қоюшы жағынан дәлелдеме ретінде дәптерге жазылған жауапкердің алған тауарларының тізімін жол беруге болмайтын, іске тиісті емес дәлелдеме ретінде баға берген.
Алайда, кей жағдайда жауапкер жағынан заем шарты бойынша өзіне алған міндеттемелерін дұрыс орындағанын дәлелдей алмаған жағдай талап арызды қанағаттандыруға негізбола алады.
Талап қоюшы М.К.Канапьянова жауапкер Ж.С.Шәріпке 150 000 тенге қарызын өндіру туралы талап арызын берген.
Талап арызы бойынша жауапкер 12.11.2013 жылы қарызға алған ақшасын 05.12.2013 жылға дейін қайтаруға міндеттеме алып, қолхат берген., бірақ, аталған мерзімде қарызын қайтармаған. Сот отырысында жауапкер талап арызды мойындамай, ондай сомада ақша алмағаны, талап қоюшы қолхат жазуға мәжбүрлегені туралы түсініктеме берген.
Іс бойынша жағдайдарды анықтағанда, тараптар арасында заем шарты болғаны, талап қоюшы жауапкерге 150 000 тенге ақшаны қарызға бергені, ал жауапкер сол ақшаны 05.12.2013 жылғадейін қайтаруға уәде бергені өз дәлелін тапқан.
АК-нің 716 бабының талаптарына сай заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады.
Ал аталған Кодекстің 272,277 баптары бойынша мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс. Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.
Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс.
Зерделенген іс бойынша жауапкер өзіне алған міндеттеменің АК-нің 290 бабында белгіленген тәртіпте орындалғанын туралы тиісті дәлелдемелер ұсына алмаған.
Сонымен бірге, АК-нің 290 бабының 2 тармағына сай қарыз алу құжатының талап қоюшының қолында болғаны жауапкердің сол құжат бойынша міндеттемесін орындамағынына дәлел болып танылады.
Жарамсыз болып танылмаған заемды куәландыратын құжаттың талап қоюшының қолында болған жағдайды сот жауапкер АІЖК-нің 65 бабы бойынша өз қарсылығының уәждерін дәлелдейтін тиісті дәлелдеме ұсынбады деген тұжырымға келіп, қарызды толық мөлшерінде қайтару туралы шешім қабылдаған.
Бірінші сатыдағы соты талап мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мәлiмдеме бойынша заңсыз қолданған жағдайлар.
Талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуiне қарамастан бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алады. Талап мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мәлiмдеме бойынша ғана сот қолданады. Талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз болады.
Осы қағидаларды басшылыққа алып, Қарағанды қаласы №2 Қазыбек би аудандық сотының қабылдаған шешіміне баға беруге болады.
Аталған сотта талап қоюшы Ф.Зиязитдиновтың жауапкер А.Ильченкодға 7 500 000 тенге қарызын және 1 740 625 тенге мөлшеріндегі ақшасын пайдаланғаны үшін пайызын өндіру туралы талап арызы қаралған.
Талап арыздың негізі бойынша заемшы 23.07.2009 жылғы заем шарты бойынша міндеттемелерін тиісті орындамаған. Істің материалдарынан тараптар арасында 23.07.2009 жылы нотариалды куәландырылған, жалпы сомасы 7 500 000 тенге ақша туралы екі заем шарты жасалған. Заем шартының талаптары бойынша жауапкер 7 500 000 тенге ақшаны екі пәтерін кепілдікке қойып, 31.12.2009 жылға дейінгі мерзімге алған.
Талап арызы бойынша Ф.Зиязитдинов жауапкерден заем сомасын пайызымен бірге өндіруді талап еткен.
АК-нің талаптары бойынша заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады.
Заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi (АК-нің 722 бабы). Сонымен бірге, бірінші сатыдағы сот даудың нысаны бойынша шешім шығарғанша жауапкерден талап қою мерзімін қолдану туралы өтініш түскен.
Сот АК-нің 386 бабының 4 тармағына сілтеме жасап, шарттың мерзімі біткені тарапты міндеттемесін орындаудан босатпайды деген тұжырымға келіп, талап қою мерзімін қолданудан бас тартып, талап арызды ішінара қанағаттандырып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 7 500 000 тенге қарызын, 200 000 теге айыппұлын өндірген. Бірінші сатдағы соттың осындай тұжырымыен апелляциялық сот алқасы келіспей,
АК-нің 386 бабының 4 тармағының нормалары дұрыс қолданылмаған деп тапқан. Өйткені, аталған норманың мән-жайы бойынша шарттың мерзімі өткеннен кейін пайда болатын міндеттемелерірге байланысты жауапкершілік туралы айтылған ( айыппұл төлеу, келтірілген мат ериалдық зиянды өндіру және т.б.).
АК-нің 177-178 баптарына сәйкес талаптың ескiруi - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi. Талап қою мерзiмдерi және оларды есептеу тәртiбi заңмен көзделедi және оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды.
Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.
Талап қойғанға дейiн талап қою үш жылдық мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз болады. Негізгі талап бойынша талап қою мерзімі өтіп кеткені қосымша талаптарға да (айыппұл, пайыз өндіру, т.б.) қолданады.
Мерзімі белгіленген міндеттемелер бойынша талап қою мерзімі орындау мерзімі біткен күнен бастап есептелінеді. Азаматтық істің материалдары бойынша жауапкер сот шешім шығарғанша талап қою мерзімінің қолданылуын талап етіп, арых берген.
АК- 297 бабында белгіленген соттың айыппұлды азайту құқығы құқыққолдану тәжірибесінде белгілі мәселелер туғызады.
Егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышқор мен несие берушiнiң назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуға құқылы.
Соттардың айыппұлды талап қойылған айыппұлдың немесе негізгі қарыздың 1%-нан 10%-ға дейін азайтылатыны анықталды.
Сонымен бірге, айппұлды азайтқанда соттар осы тұжырымын ешқандай уәждермен сипаттамай шешім қабылдайтыны да белгілі болды.
Мысалы, Жамбыл облысы Тараз қалалық сотымен талап қоюшы М.А.Қошқарбаеваның жауапкер С.М.Бердикуловаға қарыз және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша сот айыппұлдың мөлшерін 146 554 тенгеден 73 277 тенгеге дейін азайтқанын талап қоюшының ұзақ уақыт қарыз өндіру туралы арызымен сотқа жүгінбегенін, соның салдарынан қарыздың мөлшері көбейіп кеткенін, келтірген.
Бұл істен соттың өз тұжырымын жалпы сөздермен негіздеп, айыппұлдың мөлшерін 146 554 тенгеден 73 277 тенгеге дейін азайтқаны көрінеді. Қорыту жүргізілгенде айыппұлды азайту сұрағын шешкенде біркелкі көзқарас туылмағаны, әр судья өз ойынша, өздік қарауында шешетіні, сондықтан осы сұрақ бойынша әртүрлі даулар пайда болатыны байқалады. Осындай көзқарасты дұрыс деп санауға болмайты, себебі, АІЖК-нің 16 бабының нормалары бойынша әр судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орай да ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады.
АК-нің 297-бабы бойынша егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышқор мен несие берушiнiң назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуға құқылы.
Айыппұлды азайту сұрағын сот ең бірінші өндіру үшін талап етіліп жатқан қарыздың мөлшері өндірушіге қаншама жауапкер жағынан міндеттемелерін дұрыс орындамағаннан келтірілген залалдан көп екенін анықтап, шешу қажет деп санаймыз.
Сот барысында АК-нің 293-бабы бойынша борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады деп белгіленгенін ескеріп отыру қажет. Сонымен бірге, айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес, бірақ сот оның мөлшерін анықтауға міндетті.
Егер сот талап қоюшыға жауапкердің міндеттемелерін дұрыс орындамағанынан мән беретіндей залал келтірілмегенін анықтаса, айыппұлды азайтуға құқығы жоқ. Ал, егерде талап қоюшыға келтірілген залалдың мөлшері өте көп болып жатқан жағдайда, сот қарыздар тұлғаның өзі алған міндетемелерін қай деңгейде орындағанын, дұрыс орындамағанына не себеп болғанын, анықтап, айыппұлды азайту сұрағын шешуі керек. Сонымен бірге, айыппұлды азайтқанда соттар кейде талап қоюшының уақытылы қарызды өндіру үшін сотқа жүгінбегенін, залалдың көбеймеуіне шара қолданбағанын ескеріп, айыппұлды азайтады.
Осындай тұжырымды негізді деп санауға болмайды, өйкені, заң талаптары бойынша бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну өндірушінің міндеті емес құқығы болып танылады, сондықтан осындай жағдай үшін оны кінәлі деп санауға болмайды.
АК-нің 8 бабының 1 тармағына бойынша азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады деп белгіленген.
Азаматтық істердің құжаттарына қарағанда талап қоюшылар әрекетсіз отрығанын мойындамайды, олар соттан тыс әрекеттер жасағанын, өз түсініктемелерінде келтіріп, оған дәлелдемелерін ұсынады. Құжаттар бойынша тек барлық аталған әрекеттерді жасағаннан кейін сотқа талап арыз беруге мәжбүр болады.
АІЖК-нің 16 бабына сай сот іс бойынша жиналған барлық дәлелдемелердің жиынтығына баға беріп, жан-жақты және толық қарауға негіздеп, шешім қабылдауға міндетті. Егер сот өндірушінің қарыз болмау үшін барлық қажетті әрекеттерін ( мысалы, қарызды реструктуризация жасау, заемшымен әртүрлі көздерден қарызды өндіруге көмек беру, т.б.) жасағанын, ал заемшы жағынан тек қана әрекетсіздік білдірілгенін, анықтаса, айыппұл толық мөлшерінде өндірілуі керек, өйткені, заң талабы бойынша айыппұл заем берушіге қарызды толық қайтарып алуды қамтамасыз ету үшін қабылданған шара болып танылады.
АІЖК-нің 65 бабы бойынша әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Сондықтан сот шешім қабылдағанда заем беруші мен заемшының жағынан қандай мән беретін әрекеттер жасалғанын, шаралар қолданылғанын, сол жағдайларды дәлелдеу үшін тараптар қандай дәлелдемелер ұсынғанын, ескеруі тиіс.
Заемшы жағынан шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін тиісті орындамауға қиын финанстық жағдайымен, үшінші жақтар, контрагенттерінің кесірімен, ақшасына тиым салынғанымен, ақталғаны айыппұлдың мөлерін азайтуға негіз бола алмайды.
Сот тәжірибесінде АК-нің 297 бабы бойынша айыппұлды тек азайту құқығы берілген жағдайда, соттардың айыппұлды өндіруден бас тартқаны орын алған.
Мысалы, талап қоюшы А.С.Турабаев жауапкер А.А.Бенедикске қарыз және айыппұл өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.
Талап арызы бойынга 07.10.2011 жылы тараптар арасында нотариалды куәландырылған заем шарты жасалған, шарт бойынша жауапкер талап қоюшыдан 1 000 000 тенге ақшаны 31.12.2011 жылға дейін қарызға алған. Шартта белгіленген мерзімге заемшы ақшаны қайтармаған, сондықтан Азаматтық Кодексінің 293 бабы бойынша 116 802 тенге мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.
Жауапкер А.А.Бенедикс талап арызды мойындамай заем шартын жарамсыз деп тану туралы қарама-қарсы талап арызын берген. Теміртау қалалық сотыынң шешімімен А.С.Турабаевтың талап арызы ішінара қанағаттандырылған: жауапкерден оның пайдасына 1 000 000тенге қарызы өндірілген, айыппұлды өндіруден бас тартылған. Қарама-қарсы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған. Шешімге тараптармен апелляциялық шағымдар келтірілген.
Апелляциялық сот алқасы аталған шешімді өзгертіп, талап қоюшының пайдасына қосымша 20 000 тенге мөлшерінде айыппұл өндіргенде, бірінші сатыдағы сот материалдық заңдарды дұрыс қолданбаған, іс бойынша анықталған жағдайларға дұрыс баға бермеген деп тапқан.
Өйткені, нотариалды куәландырылған заем шарты бойынша заемшы А.А.Бенедикс заем беруші А.С.Турабаевтан 1 000 000 тенге ақшаны 31.12.2011 жылға дейін қарызға алған. Шарттың 2 тармағы бойынша ақша қайтару Қарағанды қаласында орын алуы керек, ал 5 тармағына сай шартқа тараптар қол қойған кезден бастап шарт күшіне енеді. Шартқа қол қою заемшы заем берушіден ақша алғанын растайды.
АК-нің 272 бабына сай мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
Кодекстің 349 бабының талаптары бойынша мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) - тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi.
Заемшы міндеттемесін дұрыс орындамаған жағдайда орындау мерзімі өтіп кетеді, сондықтан талап қоюшы 36-53 бап бойынша тиісті айыппұлын сұраған, ал бірінші сатыдағы сот шарт бойынша айыппұл талап еткен деп баға берген.
Осындай жағдайларға баға беріп, апелляциялық сот алқасы сот айыппұлдың мөлшерін азайтуға құқығы бар, ал толық бас тартуға құқығы жоқ деген тұжырымға келіп, талап қоюшы жағынан тиісті шаралар қолданбағанына баға беріп, айппұлдың мөлшерін азайтып, 20 000 тенге мөлшерінде өндірілген ( АК-нің 297 бабы).
Сот тарапынан заем шартын жарамсыз деп тану үшін баға берілген негіздер формалдық болуына байланысты, шартты жарамсыз деп тануға болмайды
Азаматтық айналымға қатысушылардың тарапынан аз уақытта және заңсыз байып кету мақсатында өздері қол қойып жасаған мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы сотқа көп жүгінетіні белгілі. Сондықтан соттар заң талаптарын бұзуға айқындалған осындай әрекеттерге сот процедураларын пайдаланып, қарсы тұруға дайын болулары керек.
Мәміле жасау арқылы азаматтық айналымға қатысушылар өз іскерлік беделдігін дәлелдейтінін ескерсе, оның заңдылық тазалығына да мән беру қажет.
Сот тәжірибесі процессуалдық заңдардың әр әрібінен шығып, материалдық заңның рухын сақтауға ықпал етуге тиіс.
Егерде мәміле заңға қайшы жас алса немесе оның бір қағидасы заңда белгіленген ережені бұзса, ол мәміле азаматтық құқық пен міндеттеменің негізі бола алмайды, ол мәміле жарамсыз деп танылуы тиіс. Жалпы түрінде заң талаптары мен нормативтік актілерге қайшы келетін кез-келген мәміле жарамсыз болып саналады Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады.
Мысалы, Бондарь А.А. сотқа берген талап арызында жауапкер Т.И.Сергеев екеуінің арасында 2013 жылы 23 желтоқсанда жасалған мәміле бойынша ол жауапкер Т.И.Сергеевқа қайтару мерзімі 2014 жылы 23 ақпанға дейін 1 000 000 теңге қарыз бергенін.
Алайда, жауапкер қаржылық жағдайының қиындығына байланысты өз міндетін орындамады, деп жүгінген. Ал Т.И.Сергеевтің А.А.Бондарь мен жеке нотариус С.К.Сарсембековаға қатысты сотқа берген қарсы талап арызында жоғарыда аталған мәмілені АК-тің 159 бабының 9 тарамағына сәйкес жарамсыз, деп тануды сұраған. Т.И.Сергеев талабын аталған мәмілені өзіне жақын туыстарының өмірі мен денсаулығына төнген қауіп қатерден қорқып,яғни қорқыту ықпалынан жасағанын және нотариалдық мәмілені рәсімдеу кезінде оның жеке төл құжатының 2013 жылдың 02 наурызынан 2014 жылы 21 тамыз аралығында Астана қаласының Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінде болғандықтан, жеке төл құжатының көшірмесімен рәсімделген деп, негіздеген.
Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылы 09 қыркүйектегі шешімімен А.А.Бондарьдің қарызды өндіру туралы талап арызын қанағатандырудан бас тартылған, Т.И.Сергеевтің қарсы талап арызы қанағатандырылған. Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін бузып, А.А.Бондарьдің қарызды өндіру туралы талап арызын қанағатандыру жөнінде және Т.И.Сергеевтің қарсы талап арызын қанағатандырудан бас тарту туралы төмендегіше негіздеп жаңа шешім қабылдаған:
2013 жылы 23 желтоқсанда жеке нотариус С.К.Сарсембекованың А.А.Бондарь мен Т.И.Сергеевтің арасында жасалған мәміленің 1 тармағына сәйкес А.А.Бондарь Т.И.Сергеевқа қайтару мерзімі 2014 жылы 23 ақпанға дейін 1 000 000 теңге қарыз берген.
Мәміленің 8 тармағына сәйкес тараптар мәміле жасау барысында ешбір есірткі, токсикалық не алкольдік ішімдік ішу салдарынан мас болу жағдайында болмағандарын, алдау, зорлық, қорқыту ықпалы ету жағдайында емес екендерін, денсаулықтары өздерінің құқықтары мен міндеттерін дербес жасауға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр еместіктерін растаған. Тараптар аталған мәмілеге қол қойған. АК-тің 392 бабының 1 тармағына сай - сот шарт ережелерiн түсiндiрген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердiң сөзбе-сөз мәнi ескерiледi.
Мәміледе Т.И.Сергеевтің 1 000 000 теңге мөлшерінде қарыз алғандығы туралы көрсетілгендей, оның ақшаны мәмілеге қол қойғанға дейін алғандығын растайды. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау барысында жауапкер нотариалдық кеңсеге өз еркімен барып, мәмілеге жеке өзі қол қойғанын растаған.
Дегенмен, жауапкер Т.И.Сергеевтің ол шын мәнінде мәміледе көрсетілген ақшаны алмадым, ол ақшалар ортақ кәсіпке жұмсалды, бірақ мәмілеге өзіне жақын туыстарының өмірі мен денсаулығына төнген қауіп қатерден қорқып,яғни қорқыту ықпалынан қол қойдым, деген уәждеріне сот сынмен қарап, жауапкердің мәміле бойынша өз міндеттемесін орындау жауапкершілігінен жалтару мақсатындағы әрекеті деп санаған. Бұл орайда жауапкер Т.И.Сергеевтың тарапынан бірінші сатыдығы және апелляциялық сатыдағы соттарда істің қаралу барысында ортақ кәсіпкерлікті ұйымдастыру, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі, ұқалау (массаж) салонына арнайы құрал жабдықтардың сатып алуын растайтын ешбір дәлел ұсынбағанын ескерген.
Сонымен қатар, талап қоюшы А.А.Бондарьдің Т.И.Сергеевқа қатысты қорқыту ықпалын жасағаны, немесе қорқыту ықпалын жасау қауіпі туындауы жөнінде ешбір дәлел ұсынбаған. Мәміле жасауға дейін не мәмілені жасағанан кейін жауапкер Т.И.Сергеев өзіне немесе жақын туыстарының өмірі мен денсаулығына төнген қауіп қатерден қорғану, алдын алып шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына арызданбаған.
Сондықтан, сот алқасы аталған мәмілені жауапкердің қорқыту ықпалынан жасағаны жөнінде уәждерін негізсіз деп тапты, және ол уәждері АК-тің 159 бабының 9 тарамағына сәйкес мәмілені жарамсыз, деп тануға негіз болмайды, деп табылған. Онымен қоса, талап қоюшы А.А.Бондарь мен жауапкер жеке нотариус С.К.Сарсембекова даулы мәмілені нотариалдық рәсімдеу кезінде жауапкер Т.И.Сергеевтің жеке басын оның жеке төл құжаты негізінде анықтап жасалғаны туралы сотқа дәлел ұсына алмаған. Керісінше, Астана қаласының Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары Ж.Оразованың 2014 жылы 22 тамызда сотқа берген ресми жауабынан ҚР ІІМ 2012 жылы 17 қыркүйекте жауапкер Т.И.Сергеевтің атына берілген № 13711303101585 жеке куәлік 2013 жылы 02 наурызда ҚК-нің 257 бабының 2 бөлігі «а» тармағымен қозғалып, 2013 жылы 20 тамызда ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігі мен ҚІЖК-нің 37 бабының 1 бөлігі 12 тармағы негізінде қысқартылған қылмыстық іске тіркеліп, 2013 жылдың 02 наурызынан 2014 жылы 21 тамыз аралығында жауапкер Т.И.Сергеев алғанға дейін аталған істе болғаны анықталған.
Бұл жағдай жеке нотариус тарапынан даулы мәмілені нотариалдық рәсімдеу кезінде жауапкер Т.И.Сергеевтің жеке басын оның төл құжатынсыз анықтамастан рәсімдегенін және де ҚР «Нотариат туралы» заңның 42 бабының талаптары бұзылғанын дәлелдейді. ҚР «Нотариат туралы» заңның 42 бабына сәйкес - нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық iс-әрекет жасаған кезде нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың, оның өкiлiнiң немесе заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын анықтайды.
Адамның жеке басын анықтау нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың жеке куәлiгi немесе паспорты негiзiнде жүргiзiледi.
Алайда, сот алқасы аталған жағдайды тараптар арасында жасалған мәмілеге едәуір ықпал етпейді, және мәмілені жарамсыз, деп тануға негіз болмайды деп тапты.
Себебі, тараптармен мәміле жасалып, олар өздері қол қойған және де егер нотариалдық рәсімдеу болмаған жағдайда да бұл мәміле күшінде болар еді.
Сырттай іс жүргізу негіздемелерінің бастысы болып талап қоюшы бұған қарсы болмағандығы саналады.
АІЖК-нің 260 бабының 1 тармағына сәйкес отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
Аталған заңнаманың талаптарына сай негіздерінің шектеулі екенін анық. Оның бірі отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. Алайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға талап қоюшының келісімі болмаса да қаралған жағдайлар кездеседі.
Мысалы, талап қоюшы Р.Искандеров сотқа берген талап арызында жауапкер Т.Высоцкиден қолхатпен алынған 750 000 теңге көлеміндегі қарызды және 55 000 теңге көлеміндегі сот шығынын өндіруді сұраған. Тараптар сот отырысына сотқа белгісіз себептермен келмеген, бірақ бірінші сатыдағы сот істі АІЖК-нің 187 бабының 4 тармағына сілтеме жасап, тараптардың қатысуынсыз сырттай іс жүргізу тәртібімен қараған. Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 2014 жылы 24 маусымдағы шешімімен талап қоюшы Р.Искандеровтің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкер Т.Высоцкиден талап қоюшы Р.Искандеровтің пайдасына 360 000 теңге және 8 600 көлеміндегі сот шығындары өндірілген. Қалған 390 000 теңге колеміндегі қарызды өндіруден бас тартылған.
Талап арыздың ішінара қанағаттандырылуы былайша негізделген, яғни тараптардың арасындағы келісім бойынша жауапкер қарызды ай сайын 60 000 теңгеден қайтару міндеттелген, сондықтан бірінші сатыдағы сот қарызды алған кезден бастап сот шешімі шығарылған күнге дейінгі мөлшерін, яғни ағымдағы қарызды ғана өндірген.
Алматы облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылы 16 қыркүйектегі ұйғарымымен сот шешімі бұзуға талап қоюшының шешім бойынша талап арызының ішінара қанағаттандырылғанымен келіспей берген апелляциялық шағымы негіз болған.
Атап айтқанда, сырттай шешімнің бузылуына сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға талап қоюшының келісімі болмаса да қаралғаны және АІЖК-нің 187 бабының 4 тармағында сырттай іс жүргізу тәртібі көзделмегені негіз болған. Іс өндірісі апелляциялық сатыдағы соттың өндірісіне қабылданып, сот
АК-нің 722 бабының 3 тармағының талаптарын, яғни егер шартта заемды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) қайтару көзделсе, заемшы заем нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған жағдайда заем берушi заем нысанасының қалған барлық бөлiгiнiң тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқығын ескеріп, талап арызды толығымен қанағаттандырған. Жауапкер Т.Высоцкиден талап қоюшы Р.Искандеровтің пайдасына 750 000 теңге және мемлекеттік баж ретінде 7 500 теңге мен сот шығындары ретінде талап қоюшының өкіліне төлеген 50 000 теңге өндірілген. Бірақ, апелляциалық сатыдағы соттың сырттай шешімді бұзу негіздері дұрыстығында күмән тудырады.
Себебі, АІЖК-нің 260 бабының 1, 3 тармақтарына сәйкес отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды. Жоғарыда көрсетілген іс жүргізу заңнамасы отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуына талап қоюшының келісімі болуын талап етеді.
Ал егер отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына екінші рет келмей қалған жағдайда істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуына талап қоюшының келісімі болуының қажет етпейді.
Аталған істің электронды карточкасынан анықталғандай, жауапкер 2014 жылы 10, 20, 24 маусымдағы болатын отырыстардың өткізілетін орны мен уақыты жөнінде тиісті түрде хабарланған, бірақ келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған.
Демек, бірінші сатыдағы сот істі АІЖК-нің 187 бабының 4 тармағына сай жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп танып, істі сырттай іс жүргізу тәртібімен негізді қараған. Ескеретін жағдай жауапкер апелляциялық сатыдағы соттың отырысына да келмеген.
АІЖК-нің 187 бабының 4 тармағына сай сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы.
Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса не сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы.
Қарыз берушінің қарыз алушыға қарыз бергенін растайтын қолхаттың бола тура АК-нің 272, 273, 722 бабының 3 тармақтарын ескеріп, апеляциялық сот құзырында бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерту енгізуге болар еді.
Егер сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша алынғандардың бәрi отбасының мұқтажына пайдаланылғанын анықтаса, өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша ерлiзайыптылардың ортақ мүлкi өндіріп алынады.
Мысалы, А.И.Абанович қарызды өндіру туралы талап арызында жауапкерлер Н.А.Абанович пен В.П.Белобровқа 2006 жылы 16 қыркүйекте қайтару мерзімі 2012 жылы 01 шілдеге дейін 7 182 000 теңгеге тең 55 000 АҚШ доллары көлемінде қарыз бергенін. Алайда, жауапкерлер өз міндеттерін орындамады, деп жүгініп, соттан жауапкерлерден өзінінің пайдасына үлестік тәртіппен 7 182 000 теңгені өндіруді сұраған.
Жауапкер Н.А.Абанович талап арызды мойындап, қанағаттандыруды сұрады. Жауапкер В.П.Белобров талап арызды мойындамады, қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.
Сонымен қатар, А.И.Абанович пен Н.А.Абанович қатысты сотқа қарсы талап арызында қарыз еместігімен негіздеп, қарыз алу туралы қолхатты жарамсыз, деп тануды сұрады. Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының 2013 жылы 28 наурыздағы шешімімен А.И.Абановичтің қарызды өндіру туралы талап арызы мен В.П.Белобровтың қарсы талап арызын қанағатандырудан бас тартылған. Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертті, шешімнің А.И.Абановичтің қарызды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тарту бөлігі бұзып, жаңа, яғни жауапкерлер Н.А.Абанович пен В.П.Белобровтан А.И.Абановичтің пайдасына үлестік тәртіппен 7 182 000 теңге және сот шығындары өндірілді. Шешімнің өзге бөлігі өзгертусіз қалдырылды.
Алматы қалалық сотының кассациялық сот алқасы апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгертіп, бірінші сатыдағы соттың шешімін қалпына келтірді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қаулысымен Алматы қалалық сотының кассациялық сот алқасының қаулысын өзгертіп, апелляциялық сот алқасының қаулысын төмендегіше негіздеп қалпына келтірді.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюшы А.И.Абановичтің қарызды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартуға В.П.Белобровтың қарызды қайтаруға міндеттеу өз дәлелін таппады, деп негіздеген. Осы тұжырымды кассациялық сот алқасы қолдаған. Алайда, бұл тұжырым істің мән-жайына сәйкес келмейді.
ҚР АІЖК-ң 77 бабына сәйкес әрбір дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағалануға тиіс. Судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.
Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.
Апелляциялық сот алқасы азаматтық істі дұрыс шешу үшін барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығын жеткіліктігі тұрғыда бағалап, талап қоюшының 2006 жылы 16 қыркүйектегі сату-сатып алу мәмілесі бойынша сатқан пәтерінен түскен 7 182 000 теңге көлеміндегі қаржыны жауапкер Н.А.Абановичке қарыз ретінде берілгенін қолхатпен дәлелденді деп дұрыс тұжырым жасаған.
Аталған қаржыны жауапкерлердің өз отбасына пәтер, жиһаз бен автокөлік сатып алғаны жиналған дәлелдемелер жиынтығымен расталды және жауапкерлермен дауланбайды. Апелляциялық сот алқасының сот отырысында жауапкер В.П.Белобров әлгі сатып алуларға қандай және қайдан келген қаржы жұмсалғанына мән бермегенін айтқан.
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңының 43 бабының 2 тармағына сәйкес - Егер сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша алынғандардың бәрi отбасының мұқтажына пайдаланылғанын анықтаса, өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша ерлiзайыптылардың ортақ мүлкi өндіріп алынады.
Заңды күшіне еңген Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының 2012 жылы 16 сәуірдегі шешімінде анықталғандай талап қоюшы А.И.Абанович даулы қаржысын жауапкер В.П.Белобровпен некедегі қызы жауапкер Н.А.Абановичке өз отбасыларына пәтер, жиһаз бен автокөлік сатып алуға берген, жұмсалған қаржы ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып саналады.
ҚР АІЖК-ң 71 бабынының 2 тармағына сәйкес соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мәнжайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.
Сондықтан, талап қоюшы А.И.Абановичтің даулы қаржысын алған жауапкерлер В.П.Белобров пен Н.А.Абанович ерлi-зайыптылар ретінде отбасыларына жұмсағандықтан ол қаржы ортақ мүлiк болып саналады және мiндеттемелерi бойынша теңдей жауапты.
Заем шарты заемшының оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын қолхат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады.
Алматы қаласының № 2 Алмалы аудандық сотының 2012 жылы 14 маусымдағы шешімімен А.Б.Жумагуловтың А.Р.Мусреповқа қатысты қарызды өндіру туралы талап арызы толығымен қанағаттандырылып, жауапкер А.Р.Мусреповтан талап қоюшы А.Б.Жумагуловтың пайдасына қарыз ретінде 14 005 000 теңге және мемлекеттік баж ретінде 140 005 теңге сот шығындары өндірілді.
Ал А.Р.Мусреповтың А.Б. Жумагуловқа, С.У.Сенгирбаеваға, үшінші тарап ретінде нотариус М.М.Умбеталиеваға, «Петропавлоский ликеро-водочный завод» ЖШС-не мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арызын қанағатандырудан бас тартылған.
Осы азаматтық іс бойынша Алматы қаласының № 2 Алмалы аудандық сотының 2012 жылы 28 маусымдағы қосымша шешімімен жауапкер А.Р.Мусреповтан талап қоюшы А.Б.Жумагуловтың пайдасына талап қоюшының өкіліне жұмсаған 1 400 000 теңге көлемінде қаражаты өндірілген.
Апелляциялық және кассациялық сот алқалары бірінші сатыдағы соттың тұжырымын қолдаған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қаулысымен кассациялық, апелляциялық сот алқаларының және бірінші сатыдағы соттың сот актілері іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықтамауы және дұрыс айқындамауы салдарынан материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылмағанына байланысты бұзылды.
Азаматтық іс материалдарынан анықталғандай, талап қоюшы А.Б.Жумагулов пен жауапкер А.Р.Мусреповтың арасында 2010 жылы 05 мамырда нотариалды рәсімделген мәміле бойынша талап қоюшы жауапкерге қайтару мерзімі 2011 жылы 05 тамызға дейін 14 005 000 теңге қарыз берген. Алайда, жауапкер мәміледе көрсетілген мерзімде өз міндетін орындамаған.
Мәміледе қарызды берудің келешекте кейінге қалдыру немесе қайтаруды шегеру жөнінде жағдайлар көзделмеген, және қаражатты беру басқа құжатпен рәсімделетіні туралы көрсетілмеген. Мәміленің шарттары негізінде соттар талапты негізді деп тұжырым жасаған.
Дегенмен, соттар ҚР АК-ң 724 бабынының 1 тармағының талаптарына мән бермеген, себебі осы баптың талабына сай, заемшы заем берушiден өзiнiң заем нысанасын (ақшаны немесе заттарды) iс жүзiнде алмағандығын немесе шартта көрсетiлгеннен аз мөлшерде немесе аз санда алынғанын дәлелдей отырып, заем шартын даулауға құқылы.
Сот мәжілісі барысында талап қоюшы өзі мәміленің заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек басқа бiр мәмiленi бүркемелеу мақсатымен жасалғанын айтқан. Жауапкерде өзіне талап қоюшы алдында қарызды қайтару жөнінде міндеттеме алмағанын көрсетті.
Сонымен қатар, нотариус даулы мәмілені жасауға дейін не рәсімдеу кезінде тараптар арасында бір біріне ақша берілгенін көрмегенін, сол себепті тараптарға ақшаны беру-алу жағдайы болған соң қолхат алыну жөнінде түсіндіргенін айтқан. Талап қоюшының жауапкерге қарыз ақшаны мәміле жасалғаннан кейін бергені туралы уәждері ешбір дәлелін таппады, сондықтан негізсіз.
Себебі, ҚР АК-ң 716 бабынының 2 тармағына сәйкес - заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда жасалды деп танылады. Аталған жағдайларға талап қоюшы тарапынан қарсы дәлелдер ұсынылмаған.
ҚР АІЖК-ң 65 бабына сәйкес әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
ҚР АК-ң 717 бабынына сәйкес заем шарты, егер осы Кодексте немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ақша немесе заттар берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.
Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бiрiншi бөлiгi берiлген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледi.
Сол себепті Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасы бірінші сатыдағы соттың мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арызды қанағатандырудан бас тарту бөлігімен келісті, себебі заң күші жоқ жасалмаған мәміле жарамсыз, деп танылмайды.
Нормативтік құқықтық базасы
Істерді қарау кезінде келесі нормативтік – құқықтық актілер қолданылған:
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (әрі қарай – ҚР АК),
Азаматтық істер жүргізу Кодексі (әрі қарай - АІЖК),
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңы және басқа да қаралған даудың мәніне қажетті нормативтік құқықтық актілер.
Бұған қоса, істерді қарағанда соттармен қолданылған 11 шілде 2003 жылғы № 5 «Сот шешімі туралы»,
25 желтоқсан 2006 жылғы №9 «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары (әрі қарай – Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары).
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Споры по договорам займа, заключенным между физическими лицами
51 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах недействительности сделок и применении от 07.07.2016 №7
36 рет жүктеп алынды -
Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының
37 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (2)
40 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (3)
54 рет жүктеп алынды