Жеткізу шартына байланысты даулар
Жеткізу шартын жасау, оны өзгерту, бұзу, орындауға байланысты құқықтық қатынастар Азаматтық кодекстің 25-тарауының 3- параграфымен реттеледі.
Жеткізу шарты – кәсіпкерлік іс әрекет шарттарының кең тараған түрі болып табылады. Сондықтан жеткізу шартын кәсіпкерлік шарт деп санауға болады.
Азаматтық кодексте жеткізу шарты басқа шарттармен біріккен, оның ішінде сатып алу- сату шарты, контрактация, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату бір - «Сатып алу-сату» тарауында Жеткізу шарты мен Сатып алу –сату шартының құқықтық мақсаты, яғни ақы төлеу және қайтарымсыздық талаптары бойынша меншік құқығының басқа бір заттай құқықты беруге бағытталған мақсаты оларды біріктіреді.
Қалған белгілері сатып алу- сату шартын жеткізу шартынан ажыратып тұратын айырым белгілері болып табылады.
Жеткізу шартының арнайы субъективті құрамы болады, бұл осы шарттың негізгі ерекшелігі. Кәсіпкер әрқашан жеткізуші ретінді қызмет етеді, яғни бұл өзінің жарғылық мақсатына жету үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын коммерциялық заңды тұлға немесе коммерциялық емес заңды тұлға немесе кәсіпкер азамат, заңды тұлғалардың шарттық бірлестігі (концерндер, консорциумдар және басқалары) болуы мүмкін.
Жеткізуші тиісті тауарды өзі өндіруі мүмкін немесе оны алдағы уақытта сату мақсатында өз контрагенттерінен сатып ала алады. Бірақ, егер сатушы тауарды бөлшектеп жеткізу бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысса, онда тараптардың қатынасы бөлшектеп сатып алу- сату нормаларымен реттеледі.
Осының барлығы жеткізу шартына түсінік берілген Азаматтық кодекстің нормаларынан туындайды. АК-нің 458 бабына сәйкес кәсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді Берілетін тауарлардың сипатымен беру мақсаты бойынша тек кәсіпкер ғана сатушы бола алады, яғни тауарлар кәсіпкерлік қызметте пайдалануы үшін немесе басқа да мақсаттарда беріледі, бұл ретте, тауарлар жеке қолдануға берілмейді.
Жеткізу объектісі де арнайы сипатқа ие. Жеткізу шартының объектісі кең мағынада тұтынушылық құны бар материалдық объект, еңбек өнімі және нарықта сатуға арналып, дайындалған тауар ретінде түсініледі. Сатып алусату шартының объектісі кез- келген зат бола алады.
Ал, жеткізу шартында ол кәсіпкерлік қызметте пайдалануға жарамды болуы тиіс.
Тауарларды нарықта сату тұрғысынан алғанда әлеуетті тұтынушылардың мүддесі үшін жеткізу объектілеріне тауарларды міндетті түрде сертификаттау, сонымен қоса тауардың шығу тегін бекіту (мысалы, 3 сертификат тауар – көліктік жүкқұжаттары, тауарларды түсіру және қабылдау туралы актілер) секілді ерекше талап қойылады.
Аталған құжаттар тауарды бөлшектеп сатуға дейінгі кезеңде де ресімделеді. Жеткізу шартының мерзімі мен орындалуы оның тағы бір ерекшелігі болып табылады. Бұл шарттың өзінде анықталады.
Сонымен бірге тауарды жеткізу бір ғана әрекет нәтижесінде аяқталмаса, яғни белгілі бір уақыт аралығында жеткізілсе (мысалы, бірнеше ай, жыл бойы, жеке- жеке бөлшектермен), онда тараптардың құқықтық қатынастарының созылмалы сипаты жеткізу шартының ерекшелігі деп табылады.
Сонымен қоса, заңнамада жеткізу шартының әрекет ету мерзімін және жеткізілетін тауар үшін есеп айрысу тәртібін реттейтін арнайы нормалар бар. (АК-нің 460,469- баптары).
Осыған байланысты нақты құқықтық қатынастарға заңды дәл қолдануын қамтамасыз ету мақсатында бұл жағдайда жеткізілген тауар үшін берешек сомасын өндірген кезде азаматтық заңнаманың аталған арнайы нормаларын басшылыққа алғаны дұрыс болар еді.
АК-нің 474- бабының талаптарына сәйкес тауарды жеткiлiксiз бергенi немесе берудi кешiктiргенi үшiн заң актiлерiнде немесе шартта белгiленген тұрақсыздық айыбы, егер заң актілерінде немесе шартта тұрақсыздық айыбын өндiрiп алудың өзгеше тәртібі белгіленбесе, шартта белгіленген күннен бастап, міндеттеменің нақты орындалған күніне дейін өндіріп алынуы мүмкін. Осылайша, аталған нормада жеткізушінің жауаптылығы қарастырылған.
АК-нің жеткізуге арналған нормаларында сатып алушының шарт бойынша ақы төлеуге қатысты жауаптылығы көзделген нормалар жоқ. Жеткізу шарты сатып алу-сатудың бір түрі болып табылады. Сондықтан, АК-нің 406-444 -баптарының нормаларындағы сатып алу-сату туралы жалпы талаптар жеткізуге де қатысты болып табылады.
Бұл туралы АК-нің 406- бабының- 5 тармағында нақты көрсетілген. Осы норма бойынша сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер осы Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық сотының (№2-1403- 2015) ЖК Е.Е.Утегуловтан «Асар» ЖШС-нің пайдасына 1 744 000 теңге берешекті өндірген шешімі шарт талаптары бойынша және АК-нің 406, 410, 458, 462, 463 баптарының негізінде дұрыс болып табылады.
Осы шешім бойынша шарттың талаптарына сәйкес талапкер 2 244 000 теңгені құрайтын 68 тонна мөлшеріндегі бірінші сұрыпты ұнды теміржол көлігімен жеткізген. Жауапкердің жүкті алғаны «Нуртранссервис» «Транспорттық-экспедициялық компания» ЖШС ресімдеген жүкті қабылдау туралы түбіртекпен, шот-фактурамен бекітіледі.
Талапкер «Асар» ЖШС өз міндеттемесін толығымен орындаған, ал жауапкер ақысын төлемеген, дегенмен, 500 000 теңге бұрын заңды күшіне енген сот шешімімен өндірілген, ал қалған 1 744 000 теңге жоғарыда аталған құқық нормаларына сүйене отырып, өндірілген.
АК-нің 293-295- баптарында міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық туралы жалпы ережелер қарастырылған, соның бірі тұрақсыздық айыбын өндіру.
АК-нің 293- бабына сәйкес борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады.
Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.
АК-нің 294- бабына сәйкес айып төлеу туралы келiсiм, негiзгi мiндеттеменiң нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиiс. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келiсiмнiң жарамсыздығына әкелiп соқтырады.
АК-нің 295- бабына несие берушi тараптардың келiсiмiнде айып төлеу мiндетi көзделген-көзделмегенiне қарамастан, заңдарда белгiленген айып төлеудi (заңды айып төлеудi) талап етуге құқылы. Жоғарыда келтірілген заң нормалары бойынша жеткізу шартына сатушының тұрақсыздық айыбы түріндегі мерзімінен кешіктіргені үшін жауаптылық талабы да қарастырылған.
Егер тараптардың арасында жасалған шарт бойынша міндеттемені қамтамасыз етудің мұндай тәртібі қарастырылмаса онда заңды тұрақсыздық айыбы сатып алушының (кредитордың) талап етуі бойынша өндірілуге жатады. Тауардың ақысын төлеу тәртібі АК-нің 439- бабында қарастырылған.
Аталған баптың 3 -тармағына сәйкес егер сатып алушы шартқа сәйкес берiлген тауарға ақы төлемесе, сатушы одан тауар ақысын төлеудi және басқа бiреудiң ақшасын пайдаланғаны үшiн тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы (осы Кодекстiң 353-бабы).
Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен (№2-3788-15) «Фирма «Пицца Блюз» ЖШС-нің ЖК Д.У. Ачиловаға 7 779 463 теңге қарызды және 895 748 теңге өсімақыны өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылған, қарыз сомасы толығымен өндірілген, 100 000 теңге өсімақы өндірілген.
Осы сот шешімінің мазмұны бойынша 01.03.2011ж. тараптардың арасында № 5-П жеткізу шарты (әрі қарай –№ 5-П Шарт) жасалған. Осы Шарттың талаптары бойынша жауапкер талапкерге 4 000 000 теңгеге 6 әртүрлі көкөністер жеткізуге, ал талапкер оны қабылдап, құнын төллеуге міндеттенген. 11.10.2012ж. тараптар № 5-П Шартына қосымшаға келісімге қол қойған.
Осы келісім бойынша 11.10.2012ж. мерзімге жауапкердің талапкерге жалпы қарызы 1 557 990 теңге, 50% мөлшеріндегі айыппұл 778 995 теңгені құрайды.
Жалпы қарыз бен айыппұл сомасы 2 336 985 теңгені құрайды. 01.03.2012ж. тараптардың арасында № 14 жеткізу шарты (әрі қарай – № 14 Шарт) жасалған. Осы шарттың талаптары бойынша жауапкер талапкерге 4 578 000 теңгеге әртүрлі көкөністер жеткізуге, ал талапкер оны қабылдап, құнын төлеуге міндеттенген. 11.10.2012ж. тараптар № 14 Шартқа қосымша келісімге қол қойған.
Осы келісім бойынша жауапкердің талапкерге қарызы 11.10.2012ж. дейінгі мерзімде 4 578 000 теңге, 50% мөлшеріндегі айыппұл 2 289 000 теңгені құрайды. Қарыз бен айыппұлдың жалпы сомасы 6 867 000 теңгені құрайды.
Бұл ретте, жауапкер қарыз бен айыппұл сомасына өнімді жеткізу қосымша келісімде қарастырылған. Сөйтіп, 11.10.2012 ж. мерзімге жауапкер талапкерге жалпы сомасы 9 203 985 теңгеге овощи в ассортименте жеткізуге міндеттеме алған.
Ол осы сомаға талапкермен өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне қол қойған. 2013-2014 жылдар кезеңінде жауапкер талапкерге 1 424 522 теңгенің өнімін жеткізген, бұл тараптардың арасында жасалған 31.12.2013ж., 31.03.2014 ж. өзара есеп айырысуды салыстыру актісімен бекітіледі.
Осыған байланысты берешек мөлшері 7 779 463 теңгеге дейін азайған.
Осы мәнжайларды ескере отырып, сот талап арыздың қарызды өндіруге өатысты бөліін толығымен қанағаттандырған.
АК-нің 353 бабының 1 тармағына сәйкес ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшiн тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс.
Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi. Борышты сот тәртiбiмен өндiрiп алу кезiнде сот несие берушiнiң таңдауы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған немесе iс жүзiнде төленген күнгi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып, несие берушiнiң талабын қанағаттандыра алады.
Егер заң құжаттарында немесе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер қолданылады. Талапкердің есебі бойынша 701 өткізілген күн үшін 701 күнге өсімақы (заңды тұрақсыздық айыбы) мөлшері 895 748 теңгені құрайды.
АК-нің 297 бабына сәйкес егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышқор мен несие 7 берушiнiң назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуға құқылы.
Сот өсімақы мөлшерін тым көп деп санаған, өйткені, талапкер ұзақ уақыт бойы қарызын сот тәртібімен өндірмеген, сөйтіп, оның мөлшерін көбейткен. Сонымен қоса, жауапкердің міндеттемесі айыппұл санкцияларының есебінен ұлғайтылғаны да ескерілген.
Істің аталған мәнжайларын назарға алып және жоғарыда аталған құқық нормаларын негізге алып, сот өсімақы мөлшерін 100 000 теңгеге дейін азайтқан. Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық соты «СемейОтделСтрой» ЖШС-нің «Фирма «Азия» ЖШС-не әр түрлі маркілі тауарлық бетонды жеткізгені үшін 550 400 теңге мөлшеріндегі қарызды қндіру туралы талап арызын қанағаттандырған (№2-4870-15).
Сонымен қоса, шарттың 5.1 тармағына сәйкес төлемақыны мерзімінен кешіктіріп төлеген әр күні үшін қарыз сомасының 0,1% мөлшерінде 153 562 теңге есептелген 100 000 теңге тұрақсыздық айыбы өндірілген. Сот тұрақсыздық айыбының мөлшерін азайта отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «О практике рассмотрения споров о взыскании убытков» 21.07.1994 ж. №5-қаулысының 9-тармағын және тұрақсыздық айыбының мөлшерін азайту тәртібі қарастырылған АК-нің 297 және 364 баптарын басшылыққа алған.
Тауардың ақысын алдын ала төлеу және мұндай соманы қайтару тәртібі АК-нің 440- бабында көзделген. АК-нің 440-бабының 3-тармағына сәйкес алдын ала төленетiн ақы сомасын алған сатушы өзiнiң тауар беру жөнiндегi мiндетiн белгiленген мерзiмде (осы Кодекстiң 409-бабы) орындамаған жағдайларда сатып алушы одан ақы төленген тауарды берудi немесе сатушы бермеген тауар үшiн алдын ала төленген ақы сомасын қайтаруды талап етуге құқылы
«СемейВектор Азия» ЖШС сотқа «Трансойл Трейдинг» ООО –не 5 850 евро берешегін өндіру туралы талап арыз беріп, контракті бойынша жауапкер 5 000 тонн бобы соясын жеке партиялармен жеткізуге міндеттенгенін, тауар үшін 5850 евро алдын ала төленгенін, бірақ тауар жеткізілмегенін және алдын ала төлемақы қайтарылмағанын көрсеткен.
Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырылған жауапкерден талапкердің пайдасына алдын ала төлемақы сомасы теңгеге баламасымен өндірілген, контракті валютасы евромен анықталғаны, құны 1 500 000 евроны құрайтыны белгіленген.
Сонымен қоса, тараптар тауарды түсірерден бұрын 3 жұмыс күнінің ішінде инвойс сомасынан 30 % төленетінін белгілеген.
Алдын ала төлем нақты жасалған, бірақ тауар жеткізілмеген.
Шарттың 7.5- тармақшасына сәйкес тараптар тауар мерзімінде жеткізілмесе немесе толығымен жеткізілмесе, дұрыс жеткізілмесе сатушы тауарды жеткізу күні кешіктірілген күннен бастап мерзімін өткізу күнінен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде алдын ала төлем сомасын немесе жеткізілмеген тауар сомасын толығымен қайтару қажеттігі туралы келіскен.
Сот талап арызды қанағаттандыра отырып, АК-нің 272- бабына сәлтеме жасаған, ал алдын ала төлемақы сомасын қайтару тәртібі жоғарыда аталып өткендей, АК-нің ерекше бөлімінің 25- тарауымен реттелетіні белгілі.
АК-нің 440- бабының 4- тармағына сәйкес сатушы ақысы алдын ала төленген тауарды беру жөнiндегi мiндетiн орындамаған және сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмеген жағдайда осы Кодекстің 353-бабына сәйкес тауар беру жүргізілуге тиіс болған күннен бастап сатып алушыға тауар беретін немесе оның алдын ала төлеген сомасы қайтарылатын күнге дейiн алдын ала төленген ақы сомасына тұрақсыздық айыбы төленуге тиiс.
Шартта сатушының осы соманы алған күннен бастап алдын ала ақы төлеу сомасына тұрақсыздық айыбын төлеу мiндетi көзделуі мүмкiн. Бұл жағдайда сатып алушы тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қоймаған, сондықтан, мәлімделген талап шегінде шешім шығарылған және тауар үшін төленген алдын ала төлемақы сомасы өндірілген.
Қорыту көрсеткендей, республика соттары құқық нормаларын негізінен дұрыс қолданады және біркелкі бірыңғай сот тәжірибесі бар. Сонымен қоса, қолданылуы тиіс материалдық заңды, атап айтқанда, ткелей осы құқық нормаларын реттейтін АК-нің Ерекше бөлімінің нормаларын қолданбау секілді бұзушылықтар да бар.
Жеткізу шартына қатысты тікелей құқықтық қатынастар қолданыстағы заңнамамен реттелген.
Азаматтық кодекстің 25-тарауының 1- параграфындағы сатып алу-сату шартының жалпы қағидалары туралы нормативтік ережелер 1- параграфтың (жеткізу) нормаларына қатысты да арнайы құқықтық норма күші бар.
Заңнамалық актілер
Қазақстан Республикасының Аталған санаттағы істерді қараған кезде
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (әрі қарай – АК) нормалары;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» (әрі қарай – Мемлекеттік сатып алу туралы заң);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №21:
«Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» 2003 жылғы 20 наурыздағы №2;
«Сот шешімі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі №5,
«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы нормативтік қаулыларының нормалары қолданылуы тиіс
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ ДОГОВОРНЫХ
42 рет жүктеп алынды -
Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының
39 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах недействительности сделок и применении от 07.07.2016 №6
40 рет жүктеп алынды -
ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ ДОГОВОРНЫХ
41 рет жүктеп алынды -
Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының
42 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах недействительности сделок и применении от 07.07.2016 №6
39 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (1)
46 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (1)
44 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (2)
43 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (2)
48 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (3)
43 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (3)
41 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (4)
41 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (5)
42 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (6)
42 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (7)
45 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (8)
46 рет жүктеп алынды -
Решение суда ЗАКЛЮЧЕНИЕМЕ ИЗМЕНЕНИЕ РАСТОРЖЕНИЕ ДОГОВОРА И ИСПОЛНЕНИЕ (9)
44 рет жүктеп алынды