Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Кейсы / Сотталғандарға жаза дұрыс тағайындалмаған.

Сотталғандарға жаза дұрыс тағайындалмаған.

Сотталғандарға жаза дұрыс тағайындалмаған.

Сотталғандарға жаза дұрыс тағайындалмаған.


А. ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 366-бабы 3-бөлігінің 2), 3) тармақтарымен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, 
М. ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 366-бабы 3-бөлігінің 2), 3) тармақтарымен 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.
Осы үкіммен сотталғандар Т. мен К.-ға қытысты өтінішхат келтірмеген.


Сот үкімімен А. мен М. лауазымды адамдар бола тұра, қызмет бабын жеке бастарының пайдасы үшін пайдаланып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ірі мөлшерде пара алуға оқталғандыры үшін кінәлі деп танылған.


Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған.


Кассациялық саты сот актілерді төменгі негіздермен өзгерткен.Бірінші сотыдағы сот әрбір дәлелдемені оның қатыстылығы, жол 
берілетіндігі, анықтығы тұрғысынан бағалап, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында А. мен М.-ның кінәларын дәлелдеу үшін жеткілікті деген тұжырымға келе отырып, олардың қылмыстық іс-әрекеттерін ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 366-бабы 3-бөлігінің 2),3) тармақтарымен дұрыс саралаған.


ҚПК-нің 113-бабы 1-бөлігінің 4) тармағына сай күдіктінің, айыптаушының жауаптылық дәрежесі мен сипатына әсер ететін мәнжайлар қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар қатарына жатады.


Бірінші сотыдағы сот іс материалдарында сотталғандардын ант мәтіні мен оны беру күні көрсетілген ант қабылдау бланкілерінің жоқтығына қарамастан, яғни іс үшін маңызды бар мән-жайды анықтамай, олардын қылмыстық жауаптылығы мен жазасын 
ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстық құқық бұзушылықты өздеріберген сертін немесе кәсіби антын бұза отырып жасағандарын негізсіз таныған.


Іс бойынша анықтағандай, бірінші сатыдағы сот сотталғандарға жаза тағайындағанды олардын қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде тұрғылықты мекен-жайлары және асырауларында кәмелетке толмаған балаларының барын, сондай-ақ Т. өз кінәсін толық мойындап, жасаған қылмысы үшін шын ниетпен өкінгенің, қылмысты ашуға және оған басқа да сыбайлас қатысушыларды әшкерлеуге белсенді түрде ықпал еткенін таныған.


ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 1) және 2) тармақтарында жасаған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңілдететін мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімін ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде-жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде үштен екісінен асыруға болмайтындығы көрсетілген.


Көрсетілгендерге сәйкес, сотталғандарға тағайындалған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзімі А. мен М.-ға 6 жылдан, Т.-ға 1 жыл 6 айдан аспауы тиіс.


«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2021 жылғы 7 желтоқсандағы ҚР Заңының 2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Т. негізгі жазаны өтеуден босатылуға жатады

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.