Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Публикации / Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуы

Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуы 

Қоғамымызда алаяқтармен өзге абыройлы азаматтарымыздың төл құжатын пайдаланып қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуы мәселесі өзекті проблема ретінде орын алып отыр. Аталған атышулы проблеманы «Atameken Buisness» телеарнасының тілшілері көтеріп көпшілік қауымға паш етті https://youtu.be/wjZ3t47q_Jk . Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуыЕгер атыңыздан алаяқтар несие алып немесе өзгеде қаржы опреацияларын жасағандығы мәлім болса, бұл жағдайда дереу құқық қорғау органы, жергілікті полиция бөлімшесіне барып аталған құқық бұзушылық турала арыз шағым тастағаныңыз дұрыс. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 179 бабында қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі және құқық бұзушылық туралы арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті.

Өкінішке орай құқық қорғау органдары қылмыстың бұл түрімен айналысуға асығар емес жазған талап арызыңыз бірер ауқыттан кейін қылмыс құрамының болмауы салдарынан қысқартылып іс тоқтатылады. Талап арызым құқық қорғау органдары қарамады деп өкінбеңіз өйткені сіздің полицияға жазған арызыңыз  Азаматтық сотта несие шартын заңсыз деп тану талап арызын бергенде өзінің септігін тигізеді. Несие шартын заңсыз деп тану үшін, талап арызын Азаматтық соттқа берер алдын қаржы ұйымынан келесі ақпаратты алу абзал: - қандай ұялы телефон нөмірінен қаржы ұйымына несие алу тапсырысы берілді; - алаяқтың қандай электронды поштаны қаржы ұйымынан несие алу үшін көрсеткені; - қаржы ұйымынан несие алу үшін алаяқтың сіздің қай құжатыңызды бергенін (Алаяқтар көбінесе жоғалқан құжаттарды көрстеді, сол себепті төл құжатыңыз жоғалғанда полицияға жазбаша арызданған абзал); - қаржы ұйымы алаяқ несие алушының қандай дербес шоты арқылы несие алғаны, немесе қаржы ұйымы қандай шотқа несие сомасын жібергендігі жайлы ақпараты; - қаржы ұйымы мен сіздің араларыңызда жасалған Несие шартының көшірмесі; - бүгінгі күнгі  негізгі қарыз сомасын, пайыздық сыйақы мөлшерін және айыппұл мөлшерін анықтау қажет. Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуыЖоғарыда аталған мәліметтерді алып қаржы ұйымына сотқа дейінгі талап арызды жазып қаржы ұйымымының мекен жайына, электронды поштасына хабарлама жіберуге міндеттісіз. Өйткені Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 152 және 279, 402 баптарына сәйкес талап қоюшы заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібін сақтамаса, және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, сот талап қою арызын қайтару туралы қаулы қабылдауға құзырлы.

Несие алаяқтарының қаржы ұйымдарынан онлайн несие алуы

Қаржы ұйымына бағытталған сотқа дейінгі талап арызыңыз, сотқа дейін немесе соттан тыс реттеу тәртібімен шешімін таппаса, онда сіз жергілікті тұрғын жеріңіз бойынша аудандық немесе қалалық сотқа несие шартын заңсыз деп тану, талап арызымен жүгіне аласыз. Құрметті көрермен және оқырман қауым, біздің Заң және Құқық адвокаттық кеңсеміздің интернет сайтында https://www.zakonpravo.kz/   сізге керекті барлық процессуалдық арыздармен шағымдардың көшірмесін тегін түрде алуға болады. Сонымен қатар білікті заңгерлердің кез келген сізге қолайлы уақытта сіздің өміріңізде жайсыз орын алған азаматтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, тегін заңгерлік кеңесін беруге сақадай сай дайын. Тегін заңгерлік кеңесті келесі 8 708 971 7858, 8 727 971 7858 телефондарына қоңырау шалу арқылы алуларыңызға болады.

Алматы қалалық адвокаттар алқасы Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің Адвокаты Тұрлыбекұлы Ғалымжан Саржанов