Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуларға берілетін шағымдар бойынша
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «Нотариат туралы» Қазақстан Републикасының заңы, Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №31 бұйрығымен бекітілген «Нотариустардың нотариаттық әрекеттерді жасау Ережесі» аталған санаттағы істер бойынша нормативтік – құқықтық база болып табылады.
Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуларға шағымдарды қараудың мәселелері мен тәртіптері (ҚР АІЖК-нің 321 – 323 баптары), соның ішінде ерекше өндіріс тәртібінде қаралатын істер қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 38 тарауында қарастырылған.
Мәселен, ҚР АІЖК-нің 321-ші бабына сәйкес, жасалған нотариаттық әрекетті немесе нотариаттық әрекетті жасаудан бас тартуды дұрыс емес деп есептейтін мүдделі жақ нотариустың тұрған жеріндегі аудандық сотқа немесе нотариалдық әрекетті жасаған органға бұл жөнінде шағым бере алады.
Шағым сотқа нотариаттық әрекеттің жасалғандығы немесе нотариаттық әрекет жасаудан бас тартылғандығы туралы шағымданушыға мәлім болған күннен бастап есептегенде он күн ішінде беріледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы №13 «Заңдылық маңызы бар фактілерді анықтау жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы», 2009 жылғы 29 маусымдағы №5 «Мұрагерлік туралы заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулыларында аталған санаттағы заңнамаларды қолдану бойынша басшылыққа алынатын мәселелерге жеткілікті түсініктер берілген.
Жаңадан қабылданып отырған ҚР АІЖК-нің 45 тарауында нотариаттық әрекеттің жасалғандығы немесе нотариаттық әрекет жасаудан бас тартылғандығы туралы шағым бойынша өндірістің мәселелері (364 – 367 баптар), сонымен қатар соттарда ерекше өндіріс тәртібінде қаралатын істердің санаттары (302 баптың 13 тармағы) туралы мәселелер көзделген.
Мысалы, жаңа ҚР АІЖК-нің 364 бабының 1 бөлігінде нотариаттық әрекеттің жасалғандығы немесе нотариаттық әрекет жасаудан бас тартылғандығы дұрыс емес деп есептейтін мүдделі тұлғаның нотариустың тұрған жеріндегі аудандық сотқа немесе нотариалдық әрекетті жасауға өкілетті лауазымды тұлғаға шағым беруге құқылы екендігі қарастырылған.
Жаңа Кодекстің жаңалығы сол: істі сот талқысына әзірлеу арыз сот өндірісіне қабылданған күннен бастып 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл мерзімді ұзартуға болмайды (365 б.); Сонымен қатар нотариаттық әрекеттің жасалғандығына негізделген дауласу құқығы анықталған жағдайда, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, онда арыз берушіге немесе басқа да мүдделі тарапқа олардың дауды талап қою өндірісі тәртібімен шешулеріне құқықтарының бар екендігі түсіндіріледі (366 б).
Апелляциялық тәртіппен қаралғанда бұзылған сот актілеріне тоқталатын болсақ, олар төмендегідей.
Мысалы: Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер қарау жөніндегі апелляциялық сот алқасының 08.07.2015 жылғы №2А-1233- 15 қаулысымен Тараз қалалық сотының 08.05.2015 жылғы арыз беруші К.О.Ауғанбаеваның жеке нотариус Т.Ж.Байлинаның іс әрекетіне жазған арызын қанағаттандырған шешімі бұзылып, К.О.Ауғанбаеваның арызы кері қайтарылған, жеке нотариустың апелляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылған (судья Уркимбаев М.Б). Апелляциялық сот алқасының қаулысы бойынша (судья Иовов Э.А.) арыз беруші тарапынан ҚР АІЖК-нің 321-ші бабының 4-ші бөлімінде шағым беруге көзделген 10 күндік мерзім өтіп кеткен және ол мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш болмағандықтан бірінші сатыдағы сот бұл арызды қарамай, кері қайтаруға міндетті еді деп көрсетілген.
Сонымен қатар, Астана қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер қарау жөніндегі апелляциялық сот алқасының 10.03.2015 жылғы №2а948/2015 ұйғаруымен Астана қаласының Алматы аудандық сотының 26.01.2015 жылғы «ТСК-Транс Групп» ЖШС-нің жеке нотариус Н.М.Зульярованың әрекеттеріне жазған шағымын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымы бұзылып, қайта қарауға жіберілген, жеке шағым қанағаттандырылған (судья Б.Т.Кабылбеков).
Апелляциялық сот алқасының ұйғаруында (судья А.З.Кайырбеков) бірінші сатыдағы соттың шағымданып отырған шарттар басқа азаматтық іс бойынша дәлелдеме ретінде ұсынылып отырғандықтан, бөлек азаматтық сот өндірісінде шағымдануға жатпайды деген тұжырымы ҚР АІЖК-нің 321-ші бабы 1-ші бөлімінің талаптарына қайшы келетіндігі көрсетілген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Жалоба на нотариальные действия или отказ в их совершении
40 рет жүктеп алынды -
2527_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_г.Алматы
40 рет жүктеп алынды -
2527_РЕШЕНИЕ_ГПК_Алматинская область
44 рет жүктеп алынды -
2527_РЕШЕНИЕ_ГПК_Атырауская область
54 рет жүктеп алынды -
2527_РЕШЕНИЕ_ГПК_Жамбылская область
44 рет жүктеп алынды -
2527_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЗКО
41 рет жүктеп алынды -
2527_РЕШЕНИЕ_ГПК_Мангистауская область
39 рет жүктеп алынды -
2527_РЕШЕНИЕ_ГПК_Павлодарская область
44 рет жүктеп алынды