НОТАРИУСТЫҢ АТҚАРУШЫЛЫҚ ЖАЗБАСЫНЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ ҚАРСЫЛЫҚ
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Внимание!
Адвокатская контора Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.
Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Нотариалдық палатаның нотариусі аты-жөні:
М.И....
Мекен-жайы: в городе Алматы по адресу
Ж....., 124, БЦ Т.., н.п. 22, каб. 607
Электронды почта: ....
Тел.номер: +7-778-....
Өтініш иесі: Е.Ж.
С.
ЖСН -.
Мекен-жайым:
Шығыс Қазақстан облысы, Ө. қаласы,
Тұрғын үй ауданы … шағын ауданы,
ғимарат №2
Электронды почта:
…
Тел.номер: +7705….
НОТАРИУСТЫҢ АТҚАРУШЫЛЫҚ ЖАЗБАСЫНЫҢ
ЗАҢДЫ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ ҚАРСЫЛЫҚ
Сіз 29.03.2021 жылы менен өндіріп алушы Товарищество с
ограниченной ответственностью "Микрофинансовая организация "Взаймы"
пайдасына 8876 теңге өндіру туралы атқарушылық жазба
шығардыңыз.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Нотариат
туралы Заңының 92-6-бабы бойынша,
- Атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс
күнінен кешіктірмей борышкерге оның көшірмесін табыс етеді немесе
жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана
отырып, борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе
белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді.
1-1. Егер атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкерге:
1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген
электрондық пошта мекенжайына;
2) соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені
туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның
ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген
мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса;
3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс
құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп
есептеледі.
Хабарлама адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны
туралы белгісімен немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты
қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде
жіберілді деп есептеледі.
Алайда, жоғарыдағы атқарушылық жазба маған Заңға сай
көрсетілген мерзімде жіберілмеген және табыс етілмеген.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Нотариат
туралы Заңының 92-6-бабының 2-тармағына сай:
- Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен
бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа
хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде
жіберуге құқылы.
- Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу
себептері қамтылуға тиіс.
Атқарушылық жазба туралы мен қазір білдім. Мен бұл
атқарушылық жазбаны бүгін бірінші рет көріп, таныстым.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Нотариат
туралы Заңының 92-8-бабы бойынша,
«Атқарушылық жазбаның немесе тиісті қаулының күшін жою
және оған дау айту»
- Нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылықты алған күннен
бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін
жою туралы қаулы шығарады.
- Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға
жатпайды.
Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының көшірмесі
шығарылған күнінен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей осы
Заңның 92-6-бабына сәйкес өндіріп алушыға, борышкерге табыс етілуге
немесе жіберілуге тиіс.
Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы
бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот
тәртібімен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Нотариат
туралы Заңының 92-2-бабы: Атқарушылық жазбаны жасау шарттары
- Атқарушылық жазба:
1) егер ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің
өндіріп алушы алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін
растаса;
2) егер талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш
жылдан аспайтын уақыт өтсе, жасалады.
- Егер атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі
белгіленсе, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.
- 92-1-баптың 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8)
тармақшалардың негізінде атқарушылық жазба, егер шартта өзге
мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері
не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған
жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін
органының тұрған жері бойынша жасалады. (01.01.2022 ж. енгізілген
өзгеріс 10.01.2022 ж. заңды күшіне енді)
Алайда, Сіз шығарған атқарушылық жазба бұл талаптарға сай емес:
1) Атқарушылық жазбада көрсетілген қарыз шарты менің өндіріп
алушы алдында қарызым бар екенін даусыз екенін растамайды
яғни қарыздың көлемін растайтын толық дәлел болып
табылмайды.
Атқарушылық жазбада менен өндірілген қарыз сомасымен
келіспеймін. Нотариус бұл атқарушылық жазбаны жазу барысында қарыз
сомасын дұрыс есептемеген және атқарушылық жазбада өндіріп алушыға
берешек сомасы шектен тыс көбейтіп жіберген. Атқарушылық жазбадағы
қарыз сомасы заңға сай емес және ол қарыз дәлелсіз. Дәленденбеген яғни
қарыздың даусыздығын растайтын құжат жоқ болса, нотариус
атқарушылық жазба шығара алмайды. Себебі ол заңға қайшы.
Оның үстіне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N
155 Нотариат туралы Заңының 92-2-бабы бойынша, атқарушылық жазба тек
қана борышкердің тұрғылықты, тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс
істейтін мекемесінің тұрған жері бойынша жасалады.
Жоғарыдағы уәждерімді ескере отырып, қарыз сомасының заң
талаптарына қайшы екеніне назар аударып және атқарушылық жазбаның
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Нотариат
туралы Заңына қайшы шығарылғанын ескеріп, Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Нотариат туралы Заңының 14-1 – тарауына
сәйкес:
- Нотариустің «47856» 29.03.2021 жылы шығарған менен өндіріп алушы
Товарищество с ограниченной ответственностью "Микрофинансовая
организация "Взаймы" пайдасына 8876 теңге қарыз сомасын өндіру
туралы атқарушылық жазбасының күшін жоюды сұраймын.
- Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулыны менің мына
электрондық поштама жолдауыңызды сұраймын.
Электронды почта:
….
Тел.номер: +7705…..
Қосымша құжат: жеке куәліктің көшірмесі
Өтініш иесінің қолы:
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Адвокат Алматы Юрист Адвокат Казахстан Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские дела споры Уголовные дела Защита Административные дела споры Арбитражные дела споры Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела
Құжатты жүктеп алу
-
НОТАРИУСТЫҢ АТҚАРУШЫЛЫҚ ЖАЗБАСЫНЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ ҚАРСЫЛЫҚ
84 рет жүктеп алынды