Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 маусымда № 38935 болып тіркелді

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру үлгілік қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары -Мәдениет және ақпарат министріА. Балаева

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрініңорынбасары -Мәдениет және ақпаратминистрі2026 жылғы 9 маусымдағы№ 279-НҚБұйрықпен бекітілген

 

"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру тәртібін айқындайды.

      2. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын (бұдан әрі – "Құрметті азамат" атағы) беру елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

      3. "Құрметті азамат" атағы облыста (қалада, ауданда) кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі:

      1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін;

      2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін;

      3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін;

      4) облыстағы (қаладағы, аудандағы) спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;

      5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн.

2-тарау. "Құрметті азамат" атағын беру тәртібі

      4. "Құрметті азамат" атағына ұсынылушының әрқайсысына Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады.

      "Құрметті азамат" атағын беру туралы қолдаухаттар жергілікті атқарушы органдарымен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі.

      Награда қағазында "Құрметті азамат" атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады.

      Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады.

      "Құрметті азамат" атағына ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.

      Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия) отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.

      5. Награда қағазын Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия ресімделеді.

      6. Медальдар мен оларға куәліктерді дайындау, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау облыс (қала, аудан) әкімі аппаратына жүктеледі.

      7. Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен "Құрметті азамат" атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды.

      Облыс бойынша аудан немесе қаланың "Құрметті азамат" атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді.

      "Құрметті азамат" атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Қолдаухат Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияда қаралады.

      9. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      10. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

      11. "Құрметті азамат" атағы әр екі жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарынның он тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

      Облыстың (қаланың, ауданның) мерейтойлық күніне орай "Құрметті азамат" атағын қосымша әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарының бес тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

      Облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей зілзаланың немесе өзге де авариялық жағдайлардың салдарын жоюға немесе алдын алуға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына "Құрметті азамат" атағы берілуі мүмкін.

      12. "Құрметті азамат" атағын беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі жергілікті масс-медиада жарияланады.

      13. "Құрметті азамат" атағы:

      1) "Құрметті азамат" атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді.

3-тарау. Медаль мен куәлікті тапсыру тәртібі

      14. "Құрметті азамат" атағын беру туралы тиісті мәслихат шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде аталған атақ берілген тұлғаға салтанатты түрде "Құрметті азамат" атағына медаль мен куәлік тапсырылады.

      "Құрметті азамат" атағына медаль мен куәлікті Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың (қалалардың, аудандардың) әкімдері немесе мәслихат төрағасы тапсырады.

      15. Медаль мен куәлікті тапсырар алдында тиісті мәслихаттың "Құрметті азамат" атағын беру туралы шешімі жария етіледі.

      "Құрметті азамат" атағы берілген тұлғаға медаль мен куәлік жеке тапсырылады.

      Егер "Құрметті азамат" атағы берілген тұлға денсаулық жағдайына байланысты тапсыруға келе алмаса, медаль мен куәлік оның орналасқан жерінде тапсырылуы мүмкін.

      Қайтыс болғаннан кейін "Құрметті азамат" атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне тапсырылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып қайтыс болған тұлғаның мұрагерлерінің келісімімен ресімделген "Құрметті азамат" атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медальді музейлерге сақтауға берілуі мүмкін.

      Мұрагерлері болмаған жағдайда "Құрметті азамат" атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға беріледі.

      16. "Құрметті азамат" атағына медаль осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.

      "Құрметті азамат" атағы берілген әрбір тұлғаға медальді тапсырумен бір мезгілде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медальға куәлік беріледі.

      "Құрметті азамат" атағына берілетін куәлікке облыс (қала, аудан) мәслихатының төрағасы қол қояды.

      17. Медальдер мен оларға берілетін куәліктерді дайындауға жұмсалатын шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      18. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда "Құрметті азамат" атағынан айыру тиісті мәслихаттың шешімімен жүзеге асырылады.

      19. "Құрметті азамат" атағынан айырылған тұлға осы атақты қайта алуға ұсыныла алмайды.

 

 "Облыстың (қаланың, ауданның)құрметті азаматы"атағын берудің үлгілік қағидаларына1-қосымша
 Нысан____________________облыс (қаланың, ауданның)

 

НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)________________________________________________________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)________________________________

      3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесініңнақты атауы дәл көрсетілуі керек)________________________________________________________________

      4. Жынысы ___________

      5. Туған жылы мен туған жері ______________________________________

      6. Білімі ________________________________________________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________

      8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларыменнаградталған және наградталған уақыты:_______________________________________________________________

      9. Үйінің мекенжайы ____________________________________________

      10. Жалпы жұмыс өтілі ___________

      11. Саладағы жұмыс өтілі___________

      12. Тиісті қызмет саласындағы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесеқоғамдық қызметі туралы мәліметтер _______________________________

      13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:Кандидатура ____________________________________________________(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы_________________________________________талқылау болған уақыт,хаттаманың №)_________________________________ талқыланып, ұсынылған.Мына___________________________________________атағынаұсынылады(облыстың (қаланың,ауданның) "Құрметті азаматы" атағы)Ұйым басшысы ___________________________ __________________________(ТАӘ) (ол болған жағдайда) (ТАӘ) (ол болған жағдайда)___________________________ ______________ (қолы) (қолы)

 

 "Облыстың (қаланың, ауданның)құрметті азаматы" атағынберудіңүлгілік қағидаларына2-қосымшаНысан

 

      1. Медальдің эскизі мен сипаттамасы:

 

Жүктеу

Медальдің аверсіМедальдің реверсі
Медаль аверсінің ортасында өңірлік нышанның бейнесі. Жоғары шеткі бөлігін бойлай облыстың (қаланың, ауданның)құрметті азаматы деген жазу жазыладыРеверсінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.

 

      Медальге мынадай талаптар қойылады:1) медальдің визуалды құрамдас бөлігі, көлемді бейнесі және (немесе) моделі анық бедері бар;

      2) медаль жобасында ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;Медальдің дизайнын дайындау кезінде:1) медаль жезден диаметрі 34 миллиметр (бұдан әрі – мм) шеңбер пішінінде жасалады. Медальдің аверсі жылтырақ;2) реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасады;3) медаль құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті муар лентасымен қапталған, ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтытбұрышты тағанға жалғанады. Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

 

 "Облыстың (қаланың, ауданның)құрметті азаматы"атағын берудің үлгілік қағидаларына3-қосымшаНысан

 

      Куәлік эскизі:

 

Жүктеу

Куәліктің алғы сол жағыКуәліктің алғы оң жағы
(Медальдің сурет)Облыстың (қаланың, ауданның)атауы№ куәлікТАӘ (ол болған жағдайда)Мәслихаттың шешімі жазыладыОблыстың (қаланың, ауданның)мәслихат төрағасының қолы мен мөрі
Куәліктің артқы сол жағыКуәліктің артқы оң жағы
 Облыстың (қаланың, ауданның)өңірлік нышанының бейнесі

 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау