Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 698 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентімен Үкіметі актілерінің жинағындажариялануға тиіс       

      Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру және мемлекеттік қызметті кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатында 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:      1) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымемлекеттік мекемесін"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырсын;      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігін"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК-ның мемлекеттік басқару органы деп белгілесін;      3) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК құрылымында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін құруды қамтамасыз етсін;      4) бұрын шығарылған өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;      5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарынаөзгерістер енгізілсін:      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1611 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 29, 362-құжат; 2006 ж., N 26, 265-құжат):      1-тармақ алып тасталсын;      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі N 648 және 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1611 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 145 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 26, 265-құжат):      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.      

3. Осы Жарлық, "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК-ның әділет органдарында тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы