Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 668 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:      

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шарттың жобасы мақұлдансын.      

2. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаевқа Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шартқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.      

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы      Президенті                            Н. Назарбаев

 

Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің    

 2013 жылғы 10 қазандағы№ 668 Жарлығымен 

 МАҚҰЛДАНҒАН     

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шарт

 

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы,      сотталған адамдарды беру саласында олардың оңалтылуына және қоғамдық өмірге оралуына ықпал ету мақсатында екі мемлекет арасындағы тиімді ынтымақтастыққа жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,      қылмыс жасау салдарынан бас бостандығынан айырылған шетелдіктер жазасын өздері шыққан қоғамдық ортада өтей алатындығын белгілейтін екіжақты шартты жасасу жолымен осы мақсатқа қол жеткізуге болатындығын пайымдай отырып,      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бапАнықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін анықтамалар мынадай мағынаны білдіреді:      а) «үкім» - қылмыс жасағаны үшін бас бостандығын айыру түріндегі жазалауды көздейтін кез келген түпкілікті сот шешімі;      b) «сотталған адам» - өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған адам;      с) «үкім шығарушы Тарап» - берілуі мүмкін немесе берілген адамға қатысты айыптау үкімі шығарылған мемлекет;      d) «үкімді орындаушы Тарап» - үкімді орындау үшін сотталған адам берілуі мүмкін немесе берілген мемлекет.

2-бапЖалпы қағидаттар

      1. Тараптар осы Шарттың ережелеріне сәйкес сотталған адамдарды беру саласында жан-жақты ынтымақтастықты жүзеге асырады.      2. Осы Шарттың ережелеріне сәйкес Тараптардың бірінің (үкім  шығарушы Тараптың) аумағында сотталған адам екінші Тараптың (үкімді орындаушы Тараптың) аумағына жазасын өтеу үшін берілуі мүмкін.      3. Осы Шарт Тараптардың заңнамаларына сәйкес арнайы қарым-қатынас қолдануға болатын кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылатын болады.

3-бапОрталық органдар

      1. Тараптар Осы Шарт мақсатында бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды және сұрау салумен құжаттарды беруді осы баптың 2-тармағында айқындалған, осы үшін арналған орталық органдар арқылы тікелей жүзеге асырады.      2. Қазақстан Республикасы үшін Бас прокуратура және Италия Республикасы үшін Әділет министрлігі орталық органдар болып табылады.      3. Көрсетілген орталық органдар өзгерген жағдайда Тараптардың кез келгені мұндай өзгерістер туралы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлайды.

4-бапБеру шарттары

      1. Сотталған адамды беру, егер:      а) сотталған адам үкімді орындаушы Тараптың азаматы болған;      b) үкім түпкілікті болған;      с) беру туралы сұрау салу алынған кезде сотталған адамның жазаны өтеуіне жататын уақыт кезеңі кемінде бір жылды құраған болса;      d) сотталған адамның немесе ол жасына, денсаулығына немесе психикалық жай-күйіне байланысты әрекетке қабілетсіз болған жағдайда, сотталған адамның заңды өкілінің жазбаша келісімі болған;      е) адамның іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін сотталуы үкімді орындаушы Тараптың заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылған;      f) екі Тарап та беруге келіскен жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.      2. Тараптар ерекше жағдайларда, тіптен егер сотталған адамның өтеуіне жататын уақыт кезеңі осы баптың 1-тармағының с) тармақшасында көрсетілгеннен аз болса да беруге келісуі мүмкін.

5-бапБеруден бас тарту

      1. Сотталған адамды беруден, егер:      а) Тараптың бірі, беру оның егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық Тәртібіне нұқсан келтіреді немесе заңнаманың іргелі қағидаттарына және өзге де ұлттық мүдделеріне қайшы келеді, деп шешсе;      b) сотталған адамға қатысты үкім шығарушы Тараптың аумағында өзге де қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік процестер жүзеге асырылып жатса, бас тартылуы мүмкін.      2. Кез келген жағдайда Тараптардың әрқайсысы осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайларға қарамастан, беруге келісетіндігі немесе өзге себептер бойынша беруден бас тартатындығы туралы шешім қабылдай алады.

6-бапСұрау салу бойынша шешімдер туралы хабарлау

      Беруден бас тартылған жағдайда Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа өз шешімін дәлелдей отырып, беру туралы сұрау салу жөніндегі өзінің шешімі туралы дереу хабарлайды.

7-бапСотталған адамға хабарлау

      1. Үкімді шығарушы Тарап осы Шарт қолданылуы мүмкін әрбір сотталған адамға осы Шарттың мазмұны мен берудің заңдық салдары туралы хабарлайды.      2. Сотталған адам оны беру туралы сұрау салуға қатысты үкім шығарушы Тараптың немесе үкімді орындаушы Тараптың қабылдаған әрбір іс-әрекеті туралы, сондай-ақ Тараптардың әрқайсысының ол жөнінде қабылдаған шешімдері туралы, егер бұл туралы сотталған адам сұраса, жазбаша түрде хабардар етіледі.

8-бапБеру туралы сұрау салу

      1. Беру туралы сұрау салуды:      а) үкім шығарушы Тарап;      b) үкімді орындаушы Тарап;      с) сотталған адам не оның заңды өкілі осы Шартқа сәйкес үкім шығарушы Тараптың немесе үкімді орындаушы Тараптың атына беру туралы сотталған адамның еркін білдіретін жазбаша өтініш арқылы жіберуі мүмкін.      2. Сұрау салу және жауаптар жазбаша түрде ресімделеді және осы Шарттың 3-бабында көрсетілген орталық органдарға жіберіледі.

9-бапАқпарат алмасу және растайтын құжаттар

      1. Тараптардың әрқайсысы сотталған адамды беру туралы сұрау салу бойынша дереу мына құжаттар мен мәліметтерді береді.      2. Үкім шығарушы Тарап:      а) сотталған адамның дербес деректері туралы ақпаратты (аты, тегі, туған күні, айы, жылы және туған жері) және егер мүмкіндік болса осындай адамның жарамды құжатының, жеке куәлігінің көшірмесін және оның саусақ іздерін;      b) егер белгілі болса, сотталған адамның үкімді орындаушы Тарапта тұратын тұрғылықты жері немесе мекенжайы туралы ақпаратты;      с) шығарылған үкім негізделген заңның тиісті ережелерін қоса алғанда, жасалған қылмыстың мән-жайлары туралы қысқаша ақпаратты;      d) жазаның түрі мен мерзімі, сондай-ақ оның есептелуінің күні, айы, жылы көрсетілген мәліметтерді;      е) сотталған адамның жазаны өтеу кезіндегі жүріс-тұрысы туралы мәліметтерді, сондай-ақ үкімді орындау үшін маңызы бар кез келген басқа да мәліметтерді;      f) үкімнің расталған көшірмесін;      g) егер қажет болса әлеуметтік есеп және сотталған адам денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыны, үкім шығарушы Тарапта жүргізілген емдеу туралы ақпарат және үкімді орындаушы Тарапта қажет болатын медициналық емдеу туралы ұсыныстарды;      h) осы Шарттың 4-бабы 1-тармағының d) тармақшасына сәйкес сотталған адамның не оның заңды өкілінің беруге келісімін білдірген өтінішті;      і) сотталған адамды беруге үкім шығарушы Тараптың келісімін;      j) үкім шығарушы Тарапқа сотталған адамды беру туралы шешім қабылдау үшін қажет болуы мүмкін кез келген басқа да ақпарат пен құжаттарды беруге тиіс.      3. Үкімді орындаушы Тарап сұрау салу бойынша:      а) сотталған адамның үкімді орындаушы Тараптың азаматы болып табылатыны туралы құжатты немесе ресми растауды;      b) үкім шығарушы Тарапта адамның іс-әрекетті немесе әрекетсіздігі үшін сотталуы үкімді орындаушы Тараптың заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылатынын растайтын үкімді орындаушы Тарап заңының ережелерін;      с) үкімді орындаушы Тараптың заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің үкімді орындау тәртібі туралы ақпаратты;      d) үкімді орындаушы Тараптың сотталған адамды беруге келісімін және жазаның қалған бөлігін орындау туралы кепілдікті;      е) үкім шығарушы Тарапқа сотталған адамды беру туралы шешім қабылдау үшін қажет болуы мүмкін басқа да кез келген ақпарат пен құжаттарды жолдайды.      4. Егер Тараптардың бірі өзінің беруге келіспейтіні туралы дереу хабарласа, алдыңғы ережелерде көрсетілген ақпарат пен растайтын құжаттарды алмасу жүргізілмейді.

10-бапТіл және заңдастыру

      1. Осы Шарттың 8-бабының 2-тармағында көрсетілген беру туралы сұрау салу мен оған жауаптар, сондай-ақ осы Шарттың 9-бабында көрсетілген ақпарат, растайтын құжаттар мен материалдар жіберілетін Тараптың тілінде не ағылшын тілінде жазылады.      2. Осы Шартты іске асыру үшін берілген растайтын құжаттар мен материалдар, осы Шарттың 9-бабы 2-тармағының f) тармақшасында көрсетілген сотталған адамға қатысты үкімінің көшірмесін растауды қоспағанда, заңдастырудың, куәландырудың немесе растаудың қандайда бір ерекше нысанын қажет етпейді.

11-бапСотталған адамның келісімі және оны растау

      1. Үкім шығарушы Тарап, осы Шарттың 4-бабы 1-тармағының d) тармақшасында көзделген беруге сотталған адам не оның заңды өкілі оның құқықтық салдарларын толық сезіне отырып өз еркімен келісім беретіндігіне кепілдік береді. Осы рәсім үкім шығарушы Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.      2. Үкім шығарушы Тарап беруді жүзеге асырғанға дейін үкімді орындаушы Тараптың сұрау салуы бойынша үкімді орындаушы Тарапқа дипломатиялық өкіл арқылы сотталған адамның немесе оның заңды өкілінің осы баптың 1-тармақшасының шарттарына сәйкес беруге өз еркімен келісім білдіргеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

12-бапСотталған адамды беру

      Беру туралы келісімге қол жеткізілген жағдайда Тараптар берудің уақытын, орны мен шарттарын дереу келіседі.

13-бапҮкімді орындау

      1. Үкімді орындаушы Тарап өзінің ішкі заңнамасына сәйкес үкім шығарушы Тараптың аумағында өтелген жазаның мерзімін есепке ала отырып, үкім шығарушы Тараптың үкімінде айқындалған режим мен мерзімдерге сәйкес үкімнің орындалуын жалғастыруға тиіс.      2. Егер үкімде көрсетілген өтеу режимдері мен мерзімдері үкімді орындаушы Тараптың заңнамасымен үйлеспейтін болып табылса, соңғысы үкімді шығарушы Тараптың келісуін оның заңнамасында осындай қылмыс үшін көзделген жаза шарасын тағайындай отырып, үкімді өзгерте алады. Осындай түрде өзгертілген үкім өзінің мәні және мерзімдері бойынша, мүмкіндігіне қарай, үкім шығарушы Тараптың үкіміне сәйкес болуға тиіс. Үкім өзгертілген жағдайда:      а) үкімді орындаушы Тарап бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны ақшалай өндіріп алуға ауыстыруға құқылы емес;      b) үкімді орындаушы Тарап үкім шығарушы Тараптың үкімін ауырлатпауға немесе үкімді орындаушы Тараптың заңнамасында көзделген осыған ұқсас қылмыс үшін ең көп мерзімнен асатын жаза тағайындамауға тиіс.      3. Үкімді орындаушы Тарап өзінің заңнамасына сәйкес сотталған адамның жазаны өтеуінің мерзімін қысқартуға немесе оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға құқылы.

14-бапҮкімді қайта қарау

      Үкімді қайта қарау туралы кез келген өтінішхат бойынша шешімді үкім шығарушы Тарап қана қабылдауға құқылы.

15-бапКешірім, рақымшылық жасау және жазаны қысқартудың өзге де түрлері

      1. Әрбір Тарап берілген сотталған адамға қатысты, екінші Тарапты дереу хабардар ете отырып, өзінің заңнамасына сәйкес кешірім, рақымшылық жасауға немесе жазаны қысқартудың өзге де түрлерін қолдануға құқылы.      2. Үкімді орындаушы Тарап берілген сотталған адамға қатысты жоғарыда аталған шараларды қолдану туралы ақпарат алған кезде сол шараны дереу қолданады.

16-бапҮкімнің орындалуын тоқтату

      Үкімді орындаушы Тарап үкім шығарушы Тараптан жазаны орындау міндеттілігінің алынып тасталуына байланысты кез келген шешімді алғаннан кейін үкімнің орындалуын бірден тоқтатады.

17-бапҮкімнің орындалуы туралы мәліметтер

      Үкімді орындаушы Тарап үкім шығарушы Тарапқа, егер:      а) өзінің заңнамасына сәйкес үкімнің орындалуы аяқталған немесе тоқтатылған болса;      b) сотталған адам үкімнің орындалуы аяқталғанға дейін қашып кеткен болса;      с) үкім шығарушы Тарап осы туралы арнайы сұрау салу жіберген болса, үкімнің орындалуы туралы мәліметтер береді.

18-бапТранзит

      1. Егер Тараптардың бірі үшінші елмен ынтымақтаса отырып, екінші Тараптың аумағы арқылы сотталған адамдардың транзитін жүзеге асыратын болса, біріншісі соңғысына осындай транзиттерге рұқсат алу үшін сұрау салу жіберуге тиіс.      2. Әуе көлігін пайдаланған және екінші Тарап аумағында қону жоспарланбаған жағдайда, мұндай рұқсат алу талап етілмейді.      3. Транзит туралы сұрау салу түскен Тарап, егер бұл оның заңнамасына қайшы келмесе, мұндай сұрау салуды қанағаттандыруға тиіс.

19-бапШығыстар

      1. Үкімді орындаушы Тарап:      а) тек үкім шығарушы Тарап аумағында жұмсалған шығыстарды қоспағанда, сотталған адамды тасымалдауға байланысты;      b) беруден кейін үкімді орындаумен байланысты шығыстарды көтереді.      2. Транзиттік тасымалдауға байланысты шығыстарды транзит туралы сұрау салумен өтініш жасаған Тарап көтереді.

20-бапБасқа халықаралық шарттармен арақатынас

      Осы Шарт Тараптардың сотталған адамдарды беру мәселелері бойынша өздері қатысушы болып табылатын басқа халықаралық шарттарға сәйкес ынтымақтастық жасауына кедергі келтірмейді.

21-бапШарттың уақыт бойынша қолданысы

      Осы Шарт оның күшіне енгенге дейін сотталған адамдарға қатысты да қолданылады.

22-бапДауларды реттеу

      Осы Шартты түсіндіруге немесе қолдануға байланысты кез келген дау орталық органдардың арасында консультациялар өткізу арқылы шешіледі. Егер келісімге қол жеткізілмесе, дау дипломатиялық арналар арқылы консультациялар өткізу жолымен шешіледі.

23-бапШарттың күшіне енуі, қолдану мерзімі және оны тоқтату

      1. Осы Шарт оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.      2. Тараптардың келісуі бойынша осы Шартқа оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін және ол осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін қосымша хаттамалар түрінде ресімделеді.      3. Осы Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады. Әрбір Тарап екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар ете отырып, осы Шарттың қолданысын кез келген уақытта тоқтатуға құқылы. Осы Шарттың қолданысы тиісті хабарлама алынған күннен бастап жүз сексен күн өткеннен кейін тоқтатылады.      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ үшін осыған өздерінің мемлекеттері тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Шартқа қол қойды.

      20__ жылы «__» __________ ____________ қаласында әрқайсысы қазақ, итальян және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Шартты түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда оның ағылшын тіліндегі мәтіні басым болып табылады.

      Қазақстан Республикасы           Италия Республикасы           үшін                              үшін 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы