Оқудан шығарылған оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған сомаларды өндіріп алу туралы
Оқуды не қызметті өткеруді өз қалауы бойынша тоқтатқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша шартта көзделген мерзім өткенге дейін жұмыстан босатылған немесе оқудан шығарылған оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған сомаларды өндіріп алу туралы.
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен, шартта көзделген мерзім өткенге дейін өз еркімен қызметін тоқтатқан оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған соманы өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса, АІЖК-нің 140-бабының басылымына (1999 жылғы басылымында) енгізілген болатын.
Қолданыстағы Азаматтық процесстік кодексте бұл талап 135-баптың 13- тармағына енгізілген, мұндай азаматтық істерді қарау сот бұйрығын шығарумен аяқталады.
Яғни, Қызылорда облысы Байконыр аудандық сотымен ҚР ІІМ Қарағанды Академиясының арызы бойынша борышкер Н.Г.Смагуловтан оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіру туралы сот бұйрығы шығарылған. Аталған заңнын 55 бабының талаптарына сәйкес, төленген біржолғы ақшалай сыйақы әскери қызметтен теріс себептермен босатылғаннан кейін қайтаруға жатады. 2015 жылдың 16 сәуірдегі сот бұйрығымен борышкер С.С.Сулейменовтан мемлекеттің пайдасына 497 803 теңге мөлшерінде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын және 4978 теңге көлемінде мемлекеттік бажды өндірген.
Нысаны бойынша сот бұйрығы кіріспе және қарар бөліктерінен тұрады. ҚР АІЖК-нің 138-бабы сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару мәселелерін реттейді. Бұл дегеніміз, сотқа мәлім етілген кез келген талап соттың қарауының нысаны болып табылмайды.
АПК-нің жаңа басылымында сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі 139-бабымен реттелген, аталған бап бойынша сот бұйрығы үш жұмыс күнінде шығарылады.
қындалатынын соттарға ескеру қажет. АПК-нің жаңа басылымында борышкерге сот бұйрығының көшірмесін жолдау мәселесі 141-бабымен реттелетінін және бұл бап сот бұйрығына қарсылық келтіру мәселелеріне қатысты 3,4,5 және 6-тармақшаларымен толықтырылған атап өткен жөн. Егер бұзылған сот бұйрығы орындауға жіберілсе немесе орындау үшін өндірушіге берілсе, онда сот мұндай сот бұйрығын кері қайтарып алады.
Оқуды не қызметті өткеруді өз қалауы бойынша тоқтатқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша шартта көзделген мерзім өткенге дейін жұмыстан босатылған немесе оқудан шығарылған оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған сомаларды өндіріп алу туралы бұйрық өндірісі Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 13-тарауына (1999 жылғы басылымында) және АПК-нің жаңа редакциясының 12-тарауына енгізілген, олар бойынша сот бұйрығын шығару осы санаттағы істердің қарау мерзімімен тәртібін қысқартып, өз кезегінде жалпы іс бойынша өндірісті жылдамдатады
Егер, борышкер мәлімделген талапқа келіспеген жағдайда, «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №2 нормативтік қаулысының 16 тармағының талаптарын басшылыққа алу қажет. Егер борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімнің ішінде сотқа мәлімделген талапқа қарсылықтарын жіберсе, онда судья олардың мазмұнына қарамастан сот бұйрығын бұзу туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Егер жауапкер осындай қарсылықтарды беру мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алса, онда осы мерзім АІЖК-нің 128-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының АПК-нің 140-бабының 13-тармағына сәйкес, оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған соманы өндіріп алу туралы талап арызы, оны қызметін өз еркімен келісімшартта көрсетілген мерзімнен бұрын бұзу кезінде де талап етілуі мүмкін.
Ал ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметкер мәртебесі» туралы Заңының 26-бабына сәйкес, әскери қызметшінің қызметінен өз еркімен босату деген негіздеме қарастырылмаған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
___~1
63 рет жүктеп алынды -
Решение суда о взыскании в доход государства затраченных в период обучения в учебном заведении МВД
63 рет жүктеп алынды -
Суд приказ о вынесении судебного приказа о взыскании сумм, затраченных на обучение
67 рет жүктеп алынды -
судебный приказ о взыскании бюджетных средств затраченных на обучение
68 рет жүктеп алынды -
Судебный приказ о вынесении судебного приказа о взыскании сумм, затраченных на обучение
63 рет жүктеп алынды