Қолданылбаған еңбек демалыс үшін ақшалай өтемақыны төлемеу кезінде моральдық зиянды өндіру туралы жұмыскердің талабы
Жалақыны және жұмыскерге тиесілі басқа сомаларды өндіру туралы талап арыздарды ұсыну кезінде, талапкерлермен сондай-ақ келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай өтемақыны өндіру туралы талаптар да қойылады.
Республика соттарында моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы сот тәжірибесі бірізді.
Еңбек кодексінің қағидаларына сәйкес, жалақы қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
Орындалатын еңбек үшін өтемақының ақшалай түрінде орнату жалақыны төлеу немесе төлемеу жұмыскердің тек қана мүліктік құқықтарын бұзбайды.
Өзінің еңбегі үшін сыйақыны ала тұрып, жұмыскер өзінің мүліктік қажеттіліктерін қанағаттандырудан басқа, яғни жалақыны тиісті алу жұмыскердің барлық өміріне және оның жанұясына: демалыс, мерекелер, тағам қажеттіліктері және т.б.
Сондықтан жұмыс берушімен жалақыны уақытылы және толық төлеу бойынша өзінің міндеттерін бұзған кезде, жұмыскер жұмыс берушімен міндеттерді бұзу дәрежесіне және жұмыскер үшін келіп түскен жағымсыз салдарларға байланысты келтірілген моральдық шығынның өтемақысын алуға құқығы бар.
Дау пайда болған кезде жұмыскерге моральдық зиянды келтіру фактіні сот аталған зиянның ақшалай өтемақыны бұзған тұлағаға жүктеу мүмкін, осыны ескере отырып: жәбірленушімен қандай ішкі және физикалық күйзелістер болған; қаедай сомада немесе басқа материалдық формада олардың өтемақысын бағалайды; қандай жағдайларда немесе қандай әрекеттермен пайда болған; зиян келтірілген тұлғаның жеке ерекшеліктеріне байланысты физикалық және ішкі күйзелістердің дәрежесі; зиян келтірген адамның кінә дәрежесі, ішкі және физикалық күйзелістерді келтіру фактісі немен дәлелденеді. Кез келген жағдайда талапкер ғана физикалық және ішкі күйзеліс өткеру фактісін дәлелдеу қажет.
Республика соттарында моральдық зиянды өтеу туралы талаптармен бірге жалақы және басқа төлемдер бойынша қарызды өндіру талаптары қанағаттандырылады. Соттар моральдық зиянның өтемақысы ретінде ақшалай түрінде өндіреді, өйткені моральдық зиян ішкі күйзелістерде, жұмыс беруішінң өзінің міндеттерін тиісті емес атқарумен байланысты болады. Талапкер өзінің құқығын қорғау үшін түрлі органдарға жүгінуге мәжбүр болады.
Мәселен, Қарағанды қ. Октябрь аудандық сотымен моральдық зиянның өтемақысын өндіру және еңбек демалысының пайдаланылбаған күндер үшін өтемақыны төлеуді мәжбүрлеу туралы Е.А.Т К. «Аль-Назар» ЖШС-не қатысты шешім шығарылды. Талапкер өзінің талаптарын, яғни 2013 жылғы 10 желтоқсанынан бастап 2014 жылғы 31 шілдесіне дейін ол тігінші лауазымында «Аль-Назар» ЖШС-пен еңбек қатынастарда тұрды. Жалақыны оларға өңдеуге байланысты төлеген, менде ЖШС-не жалақыны алу туралы претензиялар жоқ. Бірақ оны өз еркімен жұмыстан босатқан кезде, денсаулық жағдайының нашарлануына байланысты оған 23 900 тенге көлемінде 2013 жылғы 10 желтоқсанынан бастап 2014 жылғы 31 шілдесіне дейін атқарған кезең ішінде қолданылбаған еңбек демалыс үшін оған өтемақыны төлемеген. Сотқа дейін жауапкермен аталған іс шешілмеді, оның денсаулық жағдайы нашарлай бастады, ол 2 топтағы мүгедек болып табылады және оған емделу үшін дәрі-дәрмектер қажет. Одан басқа, мүгедек бола тұрып, ол жұмыс берушіге өтемақыны төлеу туралы жүгенген болатын. Нәтижесінде ол аяқтағы физикалық ауыртпашылықтардан басқа, сондай-ақ ішкі күйзелістерді басынан кешірді, ол қатты қапаланды, өйткені 8 ай жұмыс істеп, тиісінше жалақыдан 80% -ға жуық өтемақыны алу керек болатын, себебі дәрі-дәрмектерді сатып алу қажет болды, алайда оған басқа жерден ақшаны қарызға алуға мәжбүр болды. Осының барлығы өзінің құқықтарын қорғай алмағандығы үшін оған өте қатты әсер тигізді. Келтірілген моральдық зиянды ол 15 000 тенгеге бағалайды.
Сотпен орнатылды, талапкермен еңбек шарты жасалған жоқ, өйткені талапкер өндіріспен және еңбек міндеттерімен алдын ала танысуға өтініш білдірді, себебі ол 2 топтағы мүгедек және оған ауыр жұмыс, көп жүрумен, отырумен және үлкен заттарды апарумен байланысты (тігін машинада отыру және маталарды орау және т.б.). Жауапкер талапкермен келіскен, яғни талапкер кез келген ыңғайлы уақытта жауапкердің цехына келуге және аталған жұмыспен танысуға. Талапкер бірнеше рет алдағы жұмыспен танысқан, бірақ олар бір екі рет ғана болған, кейін мүлдем тоқтатылған. Осыған байланысты талапкермен бір нақты жұмыс атқарылған жоқ.
Сот отырысының өткізілуі барысында талапкер Е.А. К. дәлелдемелері өз дәлелін тапты, яғни ол «Аль-Назар» ЖШС-мен еңбек қатынастарында тұрды және 2013 жылғы 10 желтоқсанынан бастап 2014 жылғы 31 шілдесіне дейін «Аль-Назар» ЖШС-де тігінші лауазымында жұмыс атқарды.
ҚР Еңбек кодексінің 110 бабына сәйкес, сотпен жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының пайдаланылбаған күндер үшін 23 900 көлемінде өтемақыны, сонымен қоса 10 000 тенге көлемінде моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы Е.А. Косовцованың талабы қанағаттандырылды.
Моральдық зиянды өтеу талаптары жалақы және басқа төлемдер бойынша қарызды өндіру туралы талаптармен бірге қанағаттандырылады. Соттар моральдық зиянның өтемақысы ретінде ақшалай түрінде өндіреді, өйткені моральдық зиян ішкі күйзелістерде, жұмыс беруішінің өзінің міндеттерін тиісті емес атқарумен байланысты болады. Талапкер өзінің құқығын қорғау үшін түрлі органдарға жүгінуге мәжбүр болады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.