⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы

Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы

Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы

Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы

              АК-тің 22-бабына сәйкес, он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы.

Жаңа нұсқадағы көрсетілген баптың 3-бөлігімен жеткiлiктi негiздер болған жағдайда сот кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуі немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн екендігі қаралған.

Азаматтық процессуалдық кодекстің 323-бабына сәйкес, жеткілікті негіздер болған кезде, сот он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектей алады немесе одан айыра алады.

Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы іс ата-аналарының, бала асырап алушылардың, қорғаншысының не қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе прокурордың арызы негізінде қозғалуы мүмкін.

Басқа ешқандай мүдделі тұлғаның мұндай арыз беруге құқығы жоқ. Арызда кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына, өзге де табыстарына анық ақылға сыйымсыз билік ететінін куәландыратын мәнжайлар жазылуы тиіс.

Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығынан айыру туралы арыз – осы адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. АПК-тің 27- бабына сәйкес, мұндай істер кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығына жатқызылады.

АПК-тің 325- бабына сәйкес, судья істі сот талқылауына дайындау кезінде қозғалған іс бойынша азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокат тағайындайды. Ресми өкіл-адвокат заңды өкілдің өкілеттіктерін иеленеді.

 Мұндай адвокаттың заң көмегі заңға сәйкес бюджет қаражаты есебінен тегін көрсетіледі. Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы арызды сқарау кезінде азаматтың өзі, арыз беруші, прокурор, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілі қатысады.

Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өзінің жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы негіздердің болмау фактісін анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз еңбекақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше иелік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршы тағайындауы үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-бабының екінші тармағында көзделген жағдайларда сот он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеудің күшін жою немесе одан айырудың күшін жою туралы шешім шығарады.

Сот шешімінің негізінде оған белгіленген қамқоршылық күшін жояды.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы