Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Публикации / Отбасы құқығы жөніндегі істермен даулары бойынша заңгер

Отбасы құқығы жөніндегі істермен даулары бойынша заңгер

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Отбасы құқығы жөніндегі істермен даулары бойынша заңгер

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында.  Ерлі зайыптылардың және олардың некелерінен туындаған барлық мәселелер бойынша арнайы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі 2011 жылы қабылданды. Кодексте ерлі-зайыптылық-отбасы қатынастарын реттеудің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары және құқықтық негіздері айқындалады. Отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Заңнаманың талаптарына сәйкес Неке (ерлі-зайыптылық)  деп еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі болып табылады. Ешкімді оның еркінен тыс мәжбүрлі түрде немесе салт дәстүрлердің ызғар ықпалына сүйене некеге тұруын мәжбүрлей алмайды, сондай жағдайлар орын тапқан болса ол қылмыстық заңнамамен қудаланады. Қоғамда туындап жатқан ер кісінің құқықтық басымдылығы жайлы немесе ажырасқан отбасында кәмелетке толмаған балардың анасымен тұрса анасының құқықтық басымдылығы қате пікір болып табылады өйткені отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексімен кепілдік берілген. Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды анығын айтқанда заң алдында ерлі-зайыпты болып есептелмейді. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) кезінде немесе отбасылық қатынастардан шығу (ажырасу) кезінде азаматтардың тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, нәсiлі, ұлты, тiлі немесе діни көзқарасы немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына заңмен қатаң тыйым салынған.

Отбасы құқығы жөніндегі істермен даулары бойынша заңгер

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы.