Өтінішхат сотқа маман шақыру жайлы
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты
Төрағалық етуші судья
Ж.С. Аятов мырзаға
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы
іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға Т.Д.Х.
ЖСН .,
мекенжайы бойынша тұратын:
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, .,
ұялы телефон .
Арыз.
Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты Х.Т. Д. қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 610-бабы 1-бөлігімен келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы №5160-23-00-3/689 әкімшілік іс жұргізіп жатыр.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 744-бабына сәйкес өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға өтінішхаттар мәлімдеуге құқылы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 756-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысу үшін маман ретiнде дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы бiлiмi мен дағдысы бар, iстiң қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адам тағайындалуы мүмкін.
Осыған байланысты, соттан
- Х.Т.Д. қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс бойынша дәлелдемелерді зерттеу және бағалау үшін тәжіребесі мол Түлкібас ауданының полиция бөлімінің жол полициясының қызметкерін немесе көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушыны (автомектептен) маман ретінде сотқа шақыруыңызды сұраймын.
16.11.2023 ж. Х.Т.Д.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Өтінішхат маман шақыру
9 рет жүктеп алынды