Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу қылмыстық істері бойынша жаукапкершілік

Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу қылмыстық істері бойынша жаукапкершілік

Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу қылмыстық істері бойынша жаукапкершілік

Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу қылмыстық істері бойынша жаукапкершілік

              Адам денсаулығы мен өміріне қол сұғушылығына байланысты қылмыстық әрекеттерге қарсы мемлекеттік саясатты жүргізу осы мәселенің өзектілігін құрайды. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзген қылмыстар маңызды орын алады.

              Бұл ретте осындай ара салмағы психикалық ауытқулар және әлеуметтік факторлармен қатар көптеген суицидтердің жасалуына қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кеткен нақты адамдардың әрекетері салдарынан болатыны көрінеді.

              Өзін-өзі өлтіру (суицид) –қандай да бір мән-жайлар ықпалынан адамның өзін өмірден айыруы.

ҚР ҚК-нің 105- бабы келесі мән-жайларда өзін-өзі өлтіруге жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін үш бөлімнен құралған.

  1. Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзуі
  2. Кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет.
  3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер.

Қоғамдық қауіп төңдіру, өзін-өзі өлтіру қылмыстық құқық мәселелеріне жатпайды. Өзін-өзі өлтіруге жеткізуі қоғамға қауып төңдіретін әрекетке жатады, адамның негізгі құқықтарының бірі – өмірге құқығын бұзады.

Осы қылмыстың объектісі – адам өмірі болып табылады. Қылмыстың объективтік жағы - өзін-өзі өлтіруге жеткізуге әкелген белсенді әрекеттері немесе оған қастандық жасаумен сипатталады.

Өзін-өзі өлтіруге жеткізудің тәсілдері заң шығарушымен заң нормаларында айтылған.

Оларға:

а) қорқыту,

б) қатыгездік жасау,

в) ұдайы адамдық қадірқасиетін қорлау жатады.

Кінәлі адамғажәбірленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелдi жағдайда болғаны анықталғанда бұл әрекет ҚР ҚК-нің 105- бабының 2-бөлігіне жатады.

Қорқыту дегеніміз – бұл жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруге жеткізуге ықпал еткен психикалық әсер тигізуі (мысалы, тұрғын үйден, материалдық көмектен, өмір сүруге қажетті қаражаттан айырумен қорқыту,жаза берумен, адамды масқаралайтын мәліметтерді таратумен қорқыту).

Қатыгездік жасау – жәбірленушіге физикалық, психикалық азап келтіретін аяусыз, дөрекі әрекеті. Ол жәбірленушілерге физикалық, психикалық азап келтірумен сипатталады (ұрып-соғу, қинау, жұмысқа мәжбүрлеу, тамақ ішуден бас тарту, медициналық көмектен бас таруға мәжбүрлеу және т.б. ). Сол арада жәбірленушіге қатыгездік жасау бұл бір рет жасалып қойған әрекет емес, кездейсоқ жағдай да емес екенің анықтау қажет, бұл кінәлінің мақсатты, үздіксіз, бағытталып жасалған әрекеттері, сондықтан бір рет қатыгездік көрсеткені үшін сол қылмысы үшін оны қылмыстық жауапкершілікке тартуы негіз болатын пікірді дұрыс деп айтуға болмайды.

Адамның қадір-қасиетін үздіксіз қорлауы – бұл жәбірленушіге ұзақ уақыт кемсітушілік көрсетуі. Бұл тіл тигізу, жәбірлеу, жала жабу, таптау, негіссіз сын айту және т.б. бірнеше рет жасалатын әрекеттерімен сипатталады. Сол арада өзін-өзі өлтіруге әкелген қылмыстың құрамы тек адамның қадір-қасиетін үздіксіз қорлауынан болуы мүмкін. Адамғабір рет тіл тигізу осы қылмыстың құрамы бола алмайды. Адамдыөзін-өзі өлтіруге жекізуде аталған тәсілдер жиі үйлесіп тұрады.

Осы қылмыс құрамының негізгі белгісін өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтіруге қастық ету) мен кінәлінің әрекеті арасындағы себепті байланысы, яғни адамның құқыққа қайшы әрекеті (әрекетсіздік) жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге жеткізген тікелей себебіне байланысты жасалғаның анықтау қажет.

Егер жәбірленуші өзін-өзі басқа себептер салдарынан өлтірген болса, онда ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық қолданылмайды.

Осыдан қылмыс жасаған адамды заңды түрде бас бостандығынан айырса немесе біреудің оған қатысты неке қиюдан бас тартқаны үшін адмның өзін-өзі өлтіруі, онда жәбірленушінің бұл әрекеті қаралып жатқан қылмыстың құрамына жатпайды.

Жәбірленуші өзін-өзі өлтіруге жеткізгенде ғана ҚР ҚК-нің 105-бабы кінәліге қолданылмайды, сонымен қатар өзін-өзі өлтіруге баруы да осы бапта орын алады. Өзін-өзі өлтіруге баруы біреуді қорқыту немесе өзіне қойған мақсатына жету үшін жасалған емес екенің анықтау қажет. Осыдан қаралып жатқан қылмыс құрамы формалды болады.

ҚР ҚК-нің қаралып жатқан бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін жәбірленушінің өзін-өзі өмірден айыруы қасақана түрде жасағаның анықтау қажет.

Егер де өмірден өзін айыруы абайсыздан болған жағдайда қаралып жатқан қылмыстың құрамы болмайды.

Сонымен бірге кінәлінің жәбірленушінің өліміне әкелетін әрекеттерді жасамағаның анықтау қажет. Мысалы; жәбірленуші оны зорлаудан өзін құтқарамын деп үшінші қабатты үйдің әйнегінен секіріп опат болса, кінәлі зорлық жасағысы келгенде жәбірленушіні абайсыздан өлімге әкелгені үшін жауапкершілікке тартылады.

Егер кәнілінің әрекеттері салдарынан өлім болса немесе өміріне қастық істеген жағдайда қылмыс аяқталған деп саналады.

Өзін-өзі өлтірудің субъективтік жағы жанама ниетпен сипатталады. Адамның жасаған әрекетінен басқа адамды өлімге әкелетінің түсініп,оның салдарын нақты біліп әдейі жасайды немесе болатын жағдайға немқұрайлы қарайды.

Субъект – 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс жеке тұлға, сондай –ақ жәбірленушінің бұл адамға материалдық және басқа да тәуелді жағдайда болады. Лауазымды тұлғаның әрекетінен адамның өзін-өзін өлтіруге жеткізуі ҚР ҚК-нің 105-бабы және 362-бабының. 4-бөлігінде көзделген қылмыстар жиынтығымен маманданады (аса ауыр зардапқа әкеп соққан лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалануы).

ҚР ҚК-нің 105- бабының 2-бөлігінде көзделген өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу - кінәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет. Адамғаматериалдықнемесеөзгедейтәуелдiадамғақатыстыжасалғандәлсолісәрекетқоғамғақауіптіәрекетдептаныладыжәнеоғанауыржазатүрітандалады.

Жәбірленушіретіндеоныңқарауындағықамқорлыққаалынғантұлға, жұмыс істемейтіңжұбайлары, борышкерлер және т.б. жатады.

Дербес қылмыс құрамын құрайтын(қинау, денсаулығына ауыр немесе басқа да зарда келтіру, заңсыз бас бостандығынан айыру, зорлау, күштеп алушылық және т.б.) адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткізген немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзген әрекетері аталған қылмыс жиынтыңы бойынша және ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша мамандауы қажет.

ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлімінде осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған ісәрекеттері үшін жауапкершілкке тарту көзделген.

ҚР ҚК-нің 105-бабының 1 және 2- баптарында көзделген әрекеттері орта дәрежедегі қылмысқа жатады.

ҚР ҚК-нің 105- бабының 3- бөлігінде көзделген әрекеттері ауыр дәрежедегі қылмысқа жатады.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы