Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Бланки / Просим оказать содействие председателю Верховного суда в вынесении справедливого решения, взяв наше ходатайство под свой личный контроль

Просим оказать содействие председателю Верховного суда в вынесении справедливого решения, взяв наше ходатайство под свой личный контроль

Просим оказать содействие председателю Верховного суда в вынесении справедливого решения, взяв наше ходатайство под свой личный контроль

Внимание!  

       Адвокатская контора Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши адвокаты готовы оказать вам помощь в юридической консультации,  составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.  

      Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

 

 Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының төрағасы

Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлына

 

Сотталған Ә.М.А.қорғаушысы

М.С.Т.

Алматы облысы, Талғар ауданы, ...

тел. 8747.....

 

ӨТІНІШХАТ

Құрметті төраға Асламбек Амангелдіұлы менің Сізге жүгінуімнің себебі-әділетсіздік пен заңсыздықтың төменде көрсетілген жағдайлары негіз болды, анығын айтқанда, 2024 жылы 11 қаңтардағы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша менің ұлымды А.Ә.М.ҚР ҚК 122-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы кінәлі деп танылып 12 (он екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған үкіммен келіспей, қорғаушылар мен сотталушы Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағымданған.

Алайда, Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2024 жылы 27 ақпандағы қаулысымен Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырды.

Аталған сот актілері өзгертуге жатады деп санаймыз. Ә.М. А. тағылған айыбымен ішінара келісеміз. Атап айтқанда, Ә.М. А. іс-әрекеттері ҚР ҚК 122-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша саралауы дұрыс емес және әділетсіз деп есептейміз.

Себебі, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы сотталған Ә.М. Ашимбаевтің іс-әрекеттерін дұрыс сараламауға және де оның тым қатаң жазалауға алып келген.

           Сонымен 2024 жылы 27 ақпан күні жабық сот отырысында алқабидің судьясы М.Т. Мұсабекованың «2021 жылы 25 ақпанда жыныстық қатынас болды ма?» деген сұрағына жәбірленуші А.Е. М. «Иә, болды» деп жауап қайтарды.

Судья М.Т. Мұсабекованың «Қай жерде болды?» қойылған екінші сұрағына жәбірленуші А.Е. М. «Ол үйде» деп жауап берді (алайда іс матералдарында қонақ ұйде болды деген). Әрі қарай жәбірленуші А.Е. М. «Біз Әділмен (яғни сотталған Ә. Ашимбаевпен) 3,5 жыл болдық, сонын 3 жылы сот, 2019 жылдан бастап бірінші сотқа дейін жүріп жүрдік, и біз үнемі жыныстық қатынасқа түстік. Мы жили половой жизнью» деп сот алқасына түсінік берді.

            Демек, 2021 жылы 25 ақпанда сотталған Ә.М. А. жәбірленуші А. М. жыныстық қатынаста болды деген айыптау жағының және соттардың тұжырымдары өз дәлелін тапқан жоқ, жалған.

Одан бөлек, 2022 жылы 02 қыркүйек күні болған Алматы облысы кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот отырысында А. М. жыныстық қатынас 2021 жылдың 11 қантарда болған деп сотқа мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік айыптаушының «Екінші рет қай күні болды?» сұрағына жәбірленуші А. М.«Екінші Әділдің туған күні 2021 жылы 11 январьда» деп жауап қайтарды

Әрі қарай осы сот отырысында қорғаушы – адвокат «Екінші рет 11 қантар 2021 жыл» деп сұрағанда жәбірленуші А. М. «Иә» деп жауап берді. Және де судья Н.Т. Нұрмаханбетов «Екінші рет туған күнің тойладыңыздар ма?» нақтылап сұрақ қойғанда жәбірленуші А. М. «Иә. Біз түнгі 12-де бардық, құттықтадық и содан кейін болды».

Жәбірленуші А. М. аталған айғақтарын талқылап, жыныстық қатынас сотталған Ә.М. А. туылған күні, яғни 2021 жылы 11 қантар күні болған тұжырымдауға тура келеді.

Осыған қарамастан, бірінші сатыдағы сот Ә.М. А. пен А.Е. М. 2021 жылы 12 қантар күні жыныстық қатынасқа түсті деп айыбы өз дәлелділігін тапты деп осы эпизод бойынша Ә.М. А. кінәлі деп таныды.

Алайда, Алматы облыстық сотының  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы  бұл қарама қайшылықтарды жоюға ешқандай әрекет жасамастан, бұл эпизод бойынша да Ә.А. кінәсы өз дәлелін табады деген жалған, негізсіз қорытындыға келді.

Осыған қарамастан апелляциялық сот қорғаушылардың тергеу жүргізу туралы өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл жағдайда апелляциялық сот «Сот объективтiлiктi және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз процестік мiндеттерін орындауы және өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдайларды жасауға міндетті» талаптарды бұзып, айыптау тарабына заңсыз қолдау көрсетті.

Сөйтіп, 2021 жылы 25 ақпанда Ә.М. А.А. М. жыныстық қатынас жасады деп Ә.М. А. тағылған айыбы жәбірленуші А.Е. М. қарама-қайшы келетін айғақтарымен негізделген және өз дәлелдемелерін таппады.

Жәбірленуші А. М. өз жауаптарында Ә. А. сот процесі барысында да қыз бен жігіт сияқты қарым-қатынаста болғанын, бір-бірін жақсы көретіндігін, тіпті үйлену туралы әңгіме болды деп көрсетті.

Демек,   сотталған Ә.А. іс әрекеттерінде жалғасатын қылмыстық құқық бұзушылық, яғни  бiр пиғылмен және бiр мақсатпен ұштасып, тұтас алғанда бiр қылмыстық құқық бұзушылықты құрайтын қылмыстық құқық бұзушылық бар.   Оның іс-әрекеттерін «бірнеше рет» жасалған қылмыс белгісі бойынша дұрыс сараланбаған,  негізсіз деп есептейміз.

Сөйтіп, сотталған Ә. А. іс-әрекеттерін «бірнеше рет» жасалған қылмыс белгісі бойынша саралауға жатпайды және оны созылмалы қылмыс деп тану керектігін айтқымыз келеді.

Бұл жағдайда неге сот тек қана жәбірленушінің көрсетулеріне сенеді де, кінәсін толық мойындап отырған, қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға  пиғылы жоқ Ә.А. екінші рет жыныстық қатынас 11.01.2021 жылы болды, 25.02.21 жылы жыныстық қатынас болған жоқ деген көрсетулеріне сенбейді?

           Құрметті төраға сотталған Ә.М. А. анасының жалғыз балсы екенін, 1,5 жастан бері жеке анасының ғана асырауында болып өскендігін, Анасының баласынан басқа сүйеніші жоқ екенін, Ә.А. бұл қылмыстарды жасы кәмелетке толмаған кезде жасағандығын. Жәбірленушіге келген материалдық және рухани залалдар толығымен өтелгенін, жеке басын,  жастығын, ол жасаған қылмыстардың салдарынан келген  ауыр зардаптар жоқ екенін, материалдық және рухани залалдар толық өтеліп, жәбірленуші мен оның заңды өкілі кешірім беріп отырғандарын ескеруді сұраймыз. Жәбірленушімен сооталушы бір мектеп қабырғасында оқыған, сотталушы мектеп қабырағасынан бастап әртүрлі спорттық жарыстарға қатысып спорттық рязряддатарды алған. Сотталушы, Туекель Муслиммен бірге оның кино туындыларында киноға түсіп актерлық белестерді бағындыруға ат салысып жүрген азамат.

Бүгінгі таңда аталған құқықбұзушылықтар бойынша Заңды күшіне енген 2024 жылғы 11 қаңтардағы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін және Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 27 ақпандағы қаулысын қассациялық тәртіппен қайта қарау туралы ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына өтінішхат жоданды.

Құрметті төраға, жоғарыда көрсетілгенді ескере сізден жіберілген Өтінішхатымызды өзіңіздің жеке бақылауығызға алып әділетті шешім шығаруға ықпалыңызды тигізуіңізді сұраймын.

Қорғаушы                                                                              М. Т.                                             

Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела