⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы

              Істі сотта қарауға әзірлеу

Азаматтық істерді қарауға әзірлеу кезінде соттар Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексін ( бұдан әрі - АІЖК), «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын басшылыққа алады.

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жанжақты және объективті түрде зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады.

АІЖК-нің 168-бабына сәйкес судья әр іс бойынша, оның ішінде соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен істер бойынша да істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығаруы тиіс. Ұйғарымда, даудың санатын ескере отырып, оның сот отырысында уақытылы және дұрыс шешілуіне қажет болып табылатын нақты әрекеттер көрсетілуі керек.

«Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 19-тарауына сай, судья азаматтық істі сот талқылауына дайындауды, егер Азаматтық іс жүргізу кодексінде немесе өзге заң актілерінде басқа мерзімдер көрсетілмесе, арыз сот өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей өткізуі тиіс.

АІЖК-нің 167-бабында көрсетілген алименттерді өндіру туралы, жәбірленушілерге мертігуден немесе денсаулығына өзге де зақымнан келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша және еңбек қатынастарынан туындайтын барлық талаптар бойынша істерді соттың қарауына әзірлеу мерзімдері ұзартылуға жатпайды.

Істердің басқа санаттары бойынша судья ерекше жағдайларда күрделі істер бойынша ғана мерзімді бір айға дейін ұзарта алады.

Судьяның істі соттың қарауына әзірлеу әрекеттерін жеті күн мерзім ішінде немесе кейбір санаттары үшін заң актілерінде көрсетілген мерзім ішінде бітіруі мүмкін болмағанда, ол ерекше жағдай деп танылады.

АІЖК-нің 174-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық істер істі сот талқылауына әзірлеу аяқталған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып шешіледі.

Сот ісін жүргізу тілі.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге қарай белгіленеді.

Сот актілерінің жасақталуы.

АІЖК-нің 218 –бабына сәйкес сот шешімі заңды және негізді болуы тиіс. Шешiм iс жүргiзу құқығының нормалары сақтала отырып және осы құқықтық қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестiкте шығарылғанда немесе ұқсас қатынасты реттейтiн заңның қажеттi негiздерiн қолданғанда не азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан және мәнiнен, адалдық, парасаттылық пен әдiлдiк (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 5-бабы және АIЖК-нiң 6-бабы ) талаптарынан туындағанда, заңды болып табылады.

Iс үшiн маңызы бар фактiлер, заң талаптарына сай сот отырысында өндiрiлген осы фактiге қатысты жол берiлген және шынайы дұрыс дәлелдермен құпталса немесе дәлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға мәлiм мәнжайларға сәйкес келсе немесе iс бойынша жинақталған дәлелдемелер дауды шешу үшiн жеткiлiктi болса, ондай шешiм негiздi болып саналады.

Сот актілері АІЖК-нің «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 нормативтік қаулысының (бұдан әрі – нормативтік қаулы) ережелері ескеріле отырып ресімделуі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының 17 наурыз 2010 жылғы өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» (бұдан әрі - Әдістемелік ұсыным) сай сот актісінің құрылымы анық болуға тиіс, ол стилистикалық және грамматикалық тұрғыдан дұрыс жазылуы қажет.

АІЖК-нің 221-бабына сәйкес, дауды мәні бойынша шешу кезінде сот кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұратын шешім шығарады, олардың мазмұны осы баптың 3-6-бөліктерінде көзделген талаптарға сай келуге тиіс.

Қаралып жатқан санаттағы азаматтық істер ҚР АІЖК-нің 36-3 тарауында белгіленген іс жүргізу тәртібімен қаралады.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келетiн ақпараты бар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы арызды шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнімінде заңды мүдделері қозғалған азаматтар және заңды тұлғалар, прокурор немесе уәкiлеттi орган арыз берушiнiң орналасқан жерi бойынша жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бередi.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы өтініште қандай ақпараттың осылай деп танылуға жататыны көрсетілуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ақпараттық өнімнің сәйкес еместігі туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс. Өтініште мазмұндалған ақпараттың таратылғанын растайтын фактілер өтініште мазмұндалуға тиіс.

Сот Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп танып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұру не тоқтату туралы шешім шығарады.

Соттың шешімі тиісті мемлекеттік органға жіберіледі. Осы санаттағы азаматтық істердің барлығы прокурордың және уәкілетті орган – ҚР Ақпарат және Байланыс Министрлігінің және ҚР Ақпарат және Байланыс Агенттігінің арыздары негізінде қозғалып, қаралған, ал шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнімінде заңды мүдделері қозғалған азаматтар және заңды тұлғалардың арыздары бойынша істер қаралмаған.

Қаралған барлық істер бойынша сот шешімдерімен Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімдері заңсыз деп танылған, оның ішінде шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімдерде байқалған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін терроризм идеологиясын насихаттау, күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы, балдар арасында өзіне қол жұмсау, суицидті насихаттау, жасөспірімдер порнографиясын тарату, сайттарда Қазақстан Республикасында тыйым салынған алкогольдық ішімдіктер мен темекі өнімдерін жарнама ету.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 бабының 3 бөлігінде республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді делінген.

ҚР «Терроризмге қарсы іс қимыл туралы» Заңының 1-бабының 18- тармағына, 10-бабының 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында терроризмді насихаттауға, терроризм идеяларын насихаттау, террористiк материалдарды тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып таратуға тыйым салынады және терроризмге жатады.

Және осы Заңның 1-бабының 5-тармағында терроризм деген күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы және күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар, көзқарастар мен идеялар жүйесі болып табылады. Заңның 1-бабының 6-1-тармағына сәйкес терроризм актісін жасауға шақыру – жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінез-құлқына әсер ететін үндеу болады.

Ал, ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңының 6-бабының 1-бөлігінің 8- тармақшасында және 23-бабының 6-тармағында ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер: кез келген нысандардағы және көріністердегі терроризм, экстремизм мен сепаратизм жатады және ақпараттық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал етуге жол бермеуге бағытталған шешімдерімен және ісқимылдарымен қамтамасыз етіледі делінген.

Атап айтқанда, Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен арыз беруші ҚР Ақпарат және Байланыс Агенттігінің, мүдделі тұлғалар Кеден комитет, Қаржы министріліг, Ішкі істер Министрлігі, http:...com шетелдік ақпарат құралдары болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты таратып отырған сайттарын тоқтату және тыйым салу жайлы арызы толық қанағаттандырылған.

Сотпен анықталғаны, көрсетілген сайттарда 1960 жылдарда жарық көрген У.П. «Поваренная книга анархиста» деген кітабі туралы ақпарат таратылған, ол кітап бірнеше бөлімдерден тұрады, олар,- жарылғыш затты құрастыру, электроника қолдану, ізге түсу тәсілдері, наркотикалық заттар, жақын ұрыста қарсыласқа күш қолдану, сонымен бірге, «Поваренная книга анархиста» (ағылшын тілінде «The Anarchist Cookbook») – үй жайда қолдағы құралдармен наркотикалық заттарды, қаруды, жарылғыш заттарды, үларды дайындаудың ұсынымдары болып табылды, сонымен қатар, кітаптың мазмұндамасына қарағанда, кітап орыс терроризмінің асханасына арналған, яғни орыс терроризмі дүниежүзілік фактор болып табылатыны, ірі елдерде танымал болғанын көрсететді. Кітаптың мазмұны танымал орыс революционерлерінің нұсқаулары бойынша жасалған».

Осы кітапта «өзіңнің елді мекеніңде кішкене төңкеріс жасауға болатыны» көрсетілген.

Яғни, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін терроризм, күш қолдану идеологиясын насихаттау ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынады. ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 1 бабының 4,5 тармақшаларында бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны және бұқаралық ақпарат құралының өнiмi – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат жатады.

Ал, осы Заңның 2-бабының 4-тармағында және 13-бабының 4- тармағында Бұқаралық ақпарат құралын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалануға жол берілмейді және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады- делінген Негізнен соттар заңды әрі негізді Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп танылуға жатады деген қорытындыға келген, атап айтқанда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін терроризм, күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы және күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар, көзқарастар мен идеялардың жүйесі туралы ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп танылуға жатады деген негізді қорытындыға келген, соттар өз шешімдерін сарапшылардың қорытындысымен негіздеген, ал сарапшылардың қорытындысы бойынша көрсетілген заңсыз ақпараттар орын алғанын бекіткен.

Сонымен бірге, соттармен Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану, соның ішінде Қазақстан Республикасында тыйым салынған алкогольдық ішімдіктер мен темекі өнімдерін жармана ету.

ҚР «Жарнама туралы» Заңының 13-бабына сәйкес алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымын тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, темекі және темекі бұйымының атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға 1 қаңтар 2004 жылдан бастап тыйым салынады. Ал, ҚР «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 5-бабында Алкоголь өнiмiне:

1) арақтар және айрықша арақтар;

2) ликер-арақ өнiмдерi;

3) шарап материалы;

4) шараптар;

5) коньяк;

6) бренди;

7) сыра жатады.

Алматы қаласы Ауэзов ауданының прокуроры сотқа арыз беріп, онда http://www.a....ru және басқалар шетелдік ақпарат құралдары болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты таратып отырған сайттарын тоқтату және тыйым салуды сұраған, өз талабын 1 қаңтар 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасында алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымын тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, темекі және темекі бұйымының атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынғандығын, алайда аталған сайттарда кальвадос «Calvados Pays d`Auge Pomme Prisonniere», «Chateau du Breuil Reserve du Chateau 8 Ans d`Age», «Chateau du Breuil Chocolate Blend» алкоголь өнімдерін жарнамалау орын алуда, ал ол сайттарға ҚР әрбір азаматы кіріп көруге мүмкіндігі бар. ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 1-бабының 4,5- тармақшаларында бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны және бұқаралық ақпарат құралының өнiмi – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат жатады.

Алматы қаласы Ауэзов аудандық сотының шешімімен көрсетілген арыз толық қанағаттандырылған, сотта анықталғаны http://www.a....ru және басқалар шетелдік ақпарат құралдары болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты таратып отырған сайттарын тоқтату және тыйым салуды сұраған, өз талабын 1 қаңтар 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасында алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымын тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, темекі және темекі бұйымының атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынғандығын, алайда аталған сайттарда кальвадос «Calvados Pays d`Auge Pomme Prisonniere», «Chateau du Breuil Reserve du Chateau 8 Ans d`Age», «Chateau du Breuil Chocolate Blend» алкоголь өнімдерін жарнамалау орын алуда, ал ол сайттарға ҚР әрбір азаматы кіріп көруге мүмкіндігі бар, бұл арыз берушінің табыс еткен құжаттарымен толық дәлелденген.

Осы санаттағы дауларды, қарым қатынастарды реттейтін негізгі заң актілері төмендегідей:

ҚР Конституциясы,

ҚР АК-сы,

АІЖК-і,

«Терроризмге қарсы іс қимыл туралы» Заңы,

ҚР «Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы,

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы,

«Жарнама туралы» Заңы,

ҚР «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңы.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы