Қорғаныс кезінде қажетті сақтану нормаларын асыра пайдалану нәтижесінде кісі өлімі
Қорғаныс кезінде қажетті сақтану нормаларын асыра пайдалану нәтижесінде кісі өлімі туралы қылмыстық істер бойынша ҚР ҚК-нің 102-бабында белгіліенген.
ҚР ҚК-нің 102-бабы жеңілдетілген жағдайда кісі өлімі үшін жауапкершілік белгілейді – қажетті қорғаныс шегін асыра сілтегендегі кісі өлімі.
Қажетті қорғаныс шегін асыра сілтеу–бұл ұрымталдылықтың қауіптілігі мен сипатына мүлдем сәйкес келмейтін қасақана жасалған әрекет. Бұл қорғанушының осындай әдіс пен тәсілдеріне саналы түрде барғанын, ұрымталдықтың алдын алудың ақиқаттық мүмкіндіктерге,не қауіпсіздік сипатына сәйкес еместігін білдіреді.
ҚР Жоғарғы Сотыкенеттен болған ішкі толқу,яғниқажетті қорғаныс шегін асыра отырып,сотталушы шабуыл жасаушыға зиян келтіре отырып,қоғамдық қауіпті ұрымталдықтан қорғануды басшылыққа алып,ішкі жан дүниесінің қатты толқуынан (физиологиялық эффект)болған қылмысты,алайда қорғану мақсатында емес, қажетті қорғаныс шегін асыра сілтеу кезінде кісі өлімі болған қылмысты шектеуге назар аударады.
Егер қорғанушы қажетті қорғаныс шегін асырса және кенеттен болған ішкі жан дүниесінің толқуы жағдайында болса,онда оның әрекетін қажетті қорғаныс шегін асыру деп бағалауға болады. Осы қылмысты бір-бірінен ажырату белгісінің бірі – қылмыс жасау кезінде кенеттен болған ішкі жан дүниесінің толқуы болмауы да мүмкін.
ҚК-нің 102-бабы бойынша-материалдық,яғни шабуылдаушының өлген сәтінен бастап аяқталды деп саналады.Қарастырылатын қылмыстың объективті жағықажетті қорғаныс шегін асырудың нәтижесінде жәбір шегушінің өліп кетуімен сипатталады.Объективті жақтың конструкциясы бойынша қылмыс құрамы материалды.Қылмыс жәбір көрушінің өліп кетуімен аяқталды.Объективті жақтың басты конструктивті белгісі - қылмыс жасалған жағдай,қажетті қорғаныс жағдаяты.Қажетті қорғаныста асыра сілтеу – қорғану сипаты мен қоғамдық ұрымталдылық қауіпсіздігі деңгейіне сәйкес еместігі.Осының нәтижесінде шабуылдаушыға шектен тыс,жағдаятқа ешқандай қатысы жоқ зиян келтіріледі.Мұндай шектен шығу қасақана жасалған зиян болған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Егер тұлға адамның өміріне қастандық жасаса,немесе адам өміріне қауіп келтіретін құралдарды пайдаланса,қорғанушылардың немесе басқа тұлғалардың өміріне қауіп тудыратын, не болмаса зорлық көрсетілсе, құқыққа қарсы келетін зорлықпен үйге немесе басқа бір орынға баса кірсе,онда ол қажетті қорғаныс шегін асыра сілтеу деп есептелмейді.
Қажетті қорғаныс шегін асыра сілтеу немесе оныңбелгілері бар – жоғын шеше отырып,қорғану және шабуылдау құралдарының сәйкестігі мен сәйкес еместігін,сонымен қатар қорғанушыға төнген қауіп сипатын,оның күшін және мүмкіндігін,шабуылдаушы күш пен қорғанушы күштің мүмкіндіктерін,сонымен қатар жағдайға әсер ететін қорғанушы мен шабуылдаушының күштерінің (шабуылдаушылар мен қорғануышылар саны,олардың жасы,физикалық дамуы,қарудың болуы,шабуылдау орыны) нақты қатынасын еске алған жөн.
Қылмыстың субъективті жағы қажетті қорғаныс шегін асыра сілтеу тура немесе жанама қаскөйлікпен сипатталады.
Кінәлі қоғамдық қауіпті шабуылдан қорғана отырып,өзінің де құқыққа қарсы әрекет жасап отырғанын түсінеді,алдын ала ол шабуылдаушыға өлім қаупінің мүмкіндігін немесе болмай қалмайтындығын сезеді,саналы түрде қылмыстың болуына мүмкіндік береді (тура қаскөйлік), немесе болуына жол береді я болмаса оған немқұрайды қарайды (жанама қаскөйлік).Мұндай қылмыста қаскөйлік кенеттен пайда болады.
Қажетті қорғану шегін арттыру кезінде абайсызда орын алған кісі өлімі қылмыстық жауапкершілікке жатпайды.
Қарастылып отырған қылмыстың субъективті жағының негізгі белгісі құқықтық мотив пен мақсат: өзін қоғамдық қауіпті шабуылшыдан немесе басқа бір заңмен қорғанылатын қоғамның немесе мемлекет мүддесін қорғау. Қылмыс жасаушы – қылмыс жасау сәтінде он алты жасқа толған кез келген есті физикалық тұлға.
Қажетті қорғану шегін асыра сілтеген қылмыскер,лауазымды тұлға, ҚК-нің 102- бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. ҚР ҚК-нің 362-бабы бойынш аталған тұлға өзінің қызметтік міндеттерін атқару барысында шабуылға тап болса да қосымша дәрежелеуді талап етпейді.
Бұл бап бойынша өз әскери міндеттерін орындау барысында әскери қызметкерлер қажетті қорғаныс шегінен асып,оның арты өліммен аяқталса,онда олар осы бап бойынша жауапқа тартылады.
Қорыту үшін үкім ретінде екі әйелге қатысты бірінші Ақтөбе облысы Хромтау аудандық соты қараған,екіншісі Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты қараған мемлекеттік тілде 2 сот актісі келіп түсті. Жасалған 2 қылмыстың субъектілері бұрын сотталмаған әйелдер,екеуінің де тұрақты мекен- жайы бар,біреуі 1979 жылы туған, орта білімді, отбасы бар, азық- түлік дүкенінде сатушы болып істеген,қажетті қорғаныс шегін асыра отырып, пышақпен жарақаттап күйеуін өлтірген.Екіншісі 1959 жылы туған,поселок тұрғыны, 8 сыныптық білімі бар,некеде жоқ,жұмыс істемейтін, қажетті қорғаныс шегін асыра отырып, пышақпен жарақаттап бірге тұратын еркекті өлтірген.
Соттың бұл актілерін зерделеу барысында екі жағдайда да: бірінде күйеуі,екіншісінде бірге тұратын еркек мас болғаны және келіспеушілікті бастаушы болғандары анықталып,бұдан әрі қылмыстың болуына басты себепкер болғандары анықталды.
Құқықсыз әрекет нәтижесінде,бірінші жағдайда әйелі,екінші жағдайда бірге тұратын әйел қорғанушылар рөлінде екі жағдайда да пышақ қолданумен өздерінің қорғаныс шегін асыра отырып, өздерімен ұзақ уақыт бірге тұрған адамдардың өмірін қиды.
Осы қылмыстың болуы мен шарты жәбір көргендердің мас болғаны,ішімдіктің салдарынан олар ең бірінші келіспеушіілік туғызды, соңынан сотталушыларға психологиялық және физиологиялық қысым көрсетті,осының салдарынан сотталушылар қажетті қорғаныс шегінен шығып кісі өлтірді.
30.06.2015 жылыАқтөбе облысы Хромтау аудандық сотының үкімімен Ермуханова А.Б. ҚР ҚК-нің 102-бабы бойынша 1 жылға бостандығы шектелді.
Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының 2015 жылғы 26 ақпандағы үкімімен келісімділік өндірісінде М.Г.Сенина ҚР ҚК-нің 102- бабы бойынша 2 жылға бостандығы шектелді.Болған қылмыстардың ұқсас жағдайларда болғандықтарынанСандықтау аудандық сотының судьясы Л.Д.Сексенбаева ҚР ҚК-нің 55-бабының 3-бөлімінің талаптарын есепке алмаған. Сотқа дейінгі жеделдету ісі бойынша,сонымен қатарпроцессуалды келісімдердің барлық шарттарының орындалғанына қарай, ҚР кодексінің Ерекше бабында қарастырылған мерзімі мен жазалау өлшемі қылмыстық құқық бұзуда максималды мерзімнің жартысынан және қатаң жаза түрі өлшемінен аспауы тиіс.
ҚІЖК-нің 397-бабының 1-бөліміне сәйкес айыптау үкімдерінің сипаттау мотивациялық бөлімінде сотпен дәлелденген құқық бұзушылық қылмысының орны мен уақыты,қолданған тәсілі ,айып түрі,қылмыс мотиві мен салдары туралы айтылуы тиіс.Үкімде сотталушыға қатысты соттың қорытындысына негіз болған дәлелдер көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативті қаулысының «Сот үкімі туралы» 18-тармақшасына сәйкес сот дәлелдерді көрсете отырып,олардың аттарын атаумен және олардың мазмұнын келтірумен шектелмеуі тиіс, ол әр сотталушыға қатысты жан жақты сараптама жасауға,осы дәлелдерді растап,қандай жағдаяттар жоққа шығаратынын көрсетуге міндетті.
Кейбір үкімдерде сот сипаттау - мотивациялық бөлігінде сипаттаубөлігін толық көрсетсе,мотивациялық бөліміндіе куәгерлердің айтуымен,тексеру әрекетінің және экспертиза хаттамаларымен,істің беттерінің нөмірін көрсетумен шектеледі.Бұл жағдайда сот сараптама мен бағалау жұмыстарын жүргізбегені анықталады. Үкім түріне және мазмұнына қойылатын құқықтық процессуалдық заңнама талаптарынорындамаудың кең тараған түрі- сипаттау бөлігінде мәйіттің соттық медициналық экспертизасы мәтінінің,қорытындыларының толық берілуі
Егер сот экспертиза қортындысын толық көрсету қажет деп тапса, басқа дәлелдер жиынтығын сараптай отырып жәнебағалануын үкімнінің мотивациялық бөлігінде көрсетуі тиіс
ертизалық қорытындысын көрсеткен. Бұдан басқа кейбір үкімдердің мотивациялық бөлігінде іс бойынша басқа соттық экспертизалық қорытындылар (сот-медициналық сараптама, кешенді сот-наркологиялық, психологиялық, психиатриалық сараптама,медико-криминалистикалық сараптама) цитатамен және куәлар түсінігі сараптамасыз және бағалаусыз берілген.
Сонымен қатар көп жағдайда қайтыс болғандардың жақын туыстары жапа шегушілер өкілі ретінде немесе жапа шегушілердің заңды өкілі ретінде көрсетілген.Алайда ҚР ҚІЖК-нің 71-бабының 11-бөлігі ережесіне сәйкес, олардың әрқайсысы іс бойынша өкіл емес, жәбірленуші болып табылады. Сонымен ҚР ҚІЖК-нің 71- бабының 11-бөлігіне сәйкес осы бапта көрсетілген қылмыс туралы істердің салдарынан тұлғаның өлімі болғандықтан,жәбір көрушінің құқығын қайтыс болған адамның туыстары жүзеге асырады.
Егер өліммен байланысты болған қылмыс олардың туыстарына адамзаттық зиян келтірсе,онда олардың бәрі жәбір көруші немесе өзара келісім бойынша біреуіғана жәбір көруші болып табылады.
Мысалы, Ақтөбе облысы Хромтау аудандық сотының 30.06.2015 жылғы үкімімен А.Б.Ермұханова ҚР ҚК-нің 102-бабына сәйкес 1 жылға бостандығы шектелді. Қайтыс болған Туремуратов Жасқайрат Жақсылықович болатын,ал оның ағасы Н.Ж.Туремуратов жәбір көруші болса да,жәбірленушінің өкілі деп танылды.
Соттар қылмыстың қоғамға келтірер қауіпін,сотталған тұлғалар туралы мәліметтер мен жәбірленушілердің пікірін, жағдайлардың қылмыстық жауапкеешілігін жеңілдететін және күшейтетінін ескере отырып жаза белгілейді.
Бостандығынан айыруға байланысты емес жаза белгіленген кезде соттар кей кезде ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлімінің 4-тармақшасының талаптары орындалмайды, атап айтқанда, үкімнің қарар бөлімінде сотталғандардың үкімнің заңды күшіне енгеннен кейін он күн ішінде өкілетті мемлекеттік мекемеге есепке тұру керектігі көрсетілмеген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
УБИЙСТВО СОВЕРШЕННОЕ ПРИ ПРЕВЫШЕНИИ ПРЕДЕЛОВ НЕОБХОДИМОЙ ОБОРОНЫ
41 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК ОТ 11.05.2007 № 2оборона (каз)
42 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК ОТ 11.05.2007 № 2 оборон (рус)
44 рет жүктеп алынды -
1102_ПРИГОВОР_УК_ЗКО
41 рет жүктеп алынды -
1102_ПРИГОВОР_УК_Карагандинская область
42 рет жүктеп алынды -
1102_ПРИГОВОР_УК_Акмолинская область
41 рет жүктеп алынды -
1102_ПРИГОВОР_УК_ВКО
42 рет жүктеп алынды