Қоршаған ортаны қорғауға байланысты даулар
Қазақстанда өндіру және қайта өңдеу өндірісі дамыған және соңғы бес жыл ішінде бұл салалардың өсу қарқыны ұлғая түсуде. Қоршаған ортаның ластануына, тұтас алғанда Қазақстан экологиясының бұзылуына әкелетін ірі өндіріс обектілері салынып, қатарға қосылуда. Көп жылдар бойы республикада жиырма миллиард тоннадан астам қалдықтар жиналса, оның үштен бірі улы. Бұл қалдықтардың басым бөлігі – кен өндіру және қазбаларды қайта өңдеу өндірісі, қара металл, мұнай-химия кәсіпорындары, құрылыс материалдары өндірісі қызметінің нәтижесі. Ірі компаниялар мен үкіметтің ауаның ластануына қарсы күрес бағдарламаларын жасақтауына қарамастан Қазақстанның экологиясы әлі де көп жақсартуды қажет етеді.
Көмірсутегін өндіру кезіндегі ілеспе және табиғи газды жою үлкен мәселе болып отыр. Ілеспе газды факелдерде жағу кезінде азот қышқылының, күкірт диоксидінің, күйенің ауаға шығарылуы орын алады.
Ең зиян өндірістер- Өскемендегі қорғасын-мырыш өндіру, Шымкенттегі қорғасын-фосфатты, Тараздағы фосфор өндіру орындары мен Ақтөбедегі хрокәсіпорыны
Ең лас атмосфералық ауа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Атырау облыстарында.
Қазақстан қалаларында ауаны ластауға көп үлес қосып отырған автокөлік транспорты. Пайдаланылатын жанар май сапасының төмендігі, пайдаланылған газды тазарту сузгіштерінің болмауы, көлік шаруашылығындағы жылжымалы құрам жағдайының төмендігі, қалалардағы автокөлік санының артуы атмосфераға көп көлемдегі көміртек, қорғасын және т.б. тотықтарының шығарылуына әкеледі.
Республиканың он бес қаласында атмосфералық ауаның лас заттармен ластануы жоғары деңгейде. Ол қалалардың ішінде - Зыряновск, Ақтау, Теміртау, Тараз, Петропаволь, Шымкент, Алматы бар. Қалалардағы ауаның ластану деңгейінің жоғарылығы өндіріс технологияларының ескіруі, тазарту құрылғыларының тиімсіздігі, пайдаланылатын отын сапасының төмендігі салдарынан болып отыр.
Негізгі ластаушы заттар – шаң, күкірт диокиді, азот диоксиді, көмірсутегі, фенол, қорғасын, күкіртті сутек, хлорлы сутек, аммиак және т.б. Бұлардың әр қайсысы денсаулыққа өзінше теріс әсер береді. Мысалы, шаң тыныс жолдарының, бауыр, қан ауруын тудырады. Қазақстанның ең шаңды қалалары- Ақтау, Атырау, Жезқазған, Семей, Өскемен. Көміртек тотығының жоғары деңгейі Алматы, Ақтөбе, Қарағанда, Қостанай, Петропаволь, Павлодар, Семей және басқа да қалаларда байқалады.
Қазіргі уақытта әр қызметтің экономикалық тиімділік факторы маңызды орынға ие болуда, осылайша қоршаған ортаны сауықтыруға және табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға бағытталған жаңа қалдықсыз, қалдығы аз, ресурсты үнемдеу технологиялары, қазіргі заманға сай тазарту құрылғылары және т.б. енгізілуде.
Алайда, сот тәжірибесі көрсеткендей, біздің заңдылықтарда ластағаны үшін төлем төлеудің икемді механизмі, қоршаған ортаны қорғауға қатысты қызметке салық салу жеңілдігі, яғни дамыған Еуропа елдеріндегідей «жасыл» салық, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кәсіпкерлік, инновациялық қызметті қолдау және кәсіпкерлерді шығарылатын қалдықтар мен қоршаған ортаға зиянды заттардың тасталуы мен шығарылу көлемін азайтуға ынталандыруға және өндіріс қалдықтарын қайтадан пайдалануға тартуға бағытталған басқа да механизмдер, яғни кәсіпорындармен қоршаған ортаны қорғауға экономикалық ынталандыру жолдары қарастырылмаған.
ҚР Экологиялық Кодексінде қарастырылған ынталандыру шаралары заңнамаларда оны жүзеге асырудың нақты жолдарын белгілейтін қажетті нормалардың болмауы салдарынан сұраусыз қалып отыр.
Істерді дайындау және тағайындау, соттылық, бағыныштылық, талап арыздарды қайтару, сот ісін жүргізу тілін сақтау
Қоршаған ортаға байланысты шағым арыздарды сот өндірісіне қабылдау кезіндегі сот практикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150,151,247-баптары талаптарына сәйкес келеді және дұрыс болып саналады.
Жіктеуішке енгізілген құжаттарды зерделеуден талап арыздардың формасы мен мазмұны АІІК 14-тарауы талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті.
Дайындық кезінде істің дұрыс шешілуі үшін маңызды болып саналатын жағдайлар нақтыланады. Тараптардың құқықтық қатынастары анықталады. Іске қатысатын тұлғалардың құрамы туралы мәселе шешіледі. Тараптарға сот талқылауына дәлелдерді ұсыну тәртібі түсіндіріледі.
Талап арызды қабылдау кезінде соттармен талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады деген№
Талап арыздарды қайтару негіздері
Талап арызды қайтару ҚР АІІК 154-бабымен қарастырылған.
Судья талап арызды, егер:
1) талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
2) іс осы соттың соттауына жатпаса;
3) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
4) арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
5) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса;
5-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктiң немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;
6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;
7) бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе, қайтарып жібереді.
- Судья арызды қайтару туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда арыз берушіге, егер іс осы соттың соттауына жатпайтын болса, қандай сотқа жүгіну не істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсетеді. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс.
- Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
- Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін. Негізінен талап арыздарды қайтару тәжірибесі дұрыс болып табылады, заң талаптарының бұзылуы анықталған жоқ.
Мысал: Соның ішінде, Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Мир экологии» ҚҚ-ның ӨШВ «Казахавтодор» РМК Павлодар облыстық филиалына қатысты қоғамдық тыңдауды, 2014 жылғы 05 желтоқсандағы қоғамдық тыңдау хаттамасын, 2015-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау іс- шаралары бағдарламасын және 2015 жылғы 11 наурыздағы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатын заңсыз деп тану туралы талап арызы кері қайтарылды.
Талап арызды кері қайтаруға негіз болған жағдай, ол 2015 жылғы 05 маусымдағы сот төрешісінің ұйғарымымен талап арызда жауапкер туралы мәліметтер көрсетілмегендіктен арыз қозғалыссыз қалдырылған болатын.
Берілген талап арызда жауапкер ретінде ӨШВ «Казахавтодор» РМК Павлодар облыстық филиалы көрсетілген, алайда ҚР АІЖК 48- бабы 1- тармағымен жауапкерлер ретінде заңды тұлғалар қарастырылған.
Осыған байланысты, аталған талап арыз ҚР АІЖК 155- бабы 2- тармағына сәйкес берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады.
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты Соттылық
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 30-бабымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайтындығы қарастырылған.
Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қоспағанда, көрсетілген азаматтық істер бойынша талап талапкер шартта не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтаған кезде қойылуы мүмкін.
(Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып)
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 32-бабы 3-тармағына сәйкес заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.
Көрсетілген нормалар бойынша бұл санаттағы істер мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен қаралады.
Мысал: Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 19 қаңтардағы ұйғарымымен «ҚР Энергетика Министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Астана қаласы бойынша экология Департаменті» РММ-нің А.Д.Абдировке, Б.М.Бейсембаевқа қатысты залалды өндіру туралы шағым арызы кері қайтарылды.
Бұл ретте, талапкермен жауапкерлердің мекенжайы Астана қаласы, Жеңіс көшесі, 71 үй (111), 48 пәтер және Тлендиев к-сі, 15 үй, 4 корпус 97 пәтер деп көрсетілген. Көрсетілген мекенжайлар Астана қаласы Сарыарқа ауданының территориясына кіреді.
Сот, жауапкерлер сот құзырына жататын аймақта тұрмайтындықтан, талап арызды жауапкерлер тұратын мекенжай бойынша Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына шағымдануы қажеттігі туралы ұсыныспен кері қайтарды.
Сөйтіп, біздің ойымызша шағым арыздардың соттардың қарауына жатпауы негізі бойынша кері қайтарылу тәжірибесі дұрыс болып табылады.
Процессуальдық құжаттарды жасақтау сапасы
Сот актісінің айқын құрылымы болу керек, стилистік және граматикалық дұрыс жазылуы керек. Сондықтан, шешімді қабылдау кезінде судьялар процессуалдық заңнаманың заңдылық, негізділік және дәлелділік туралы талабын орындаумен қатар, оның мазмұны мен ресімделуіне де жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, процессуалдық құжаттардың сауатты мазмұны мен дұрыс ресімделуі судьялардың жоғарғы кәсіби мәдениетінің көрсеткіші және сот талқылауына қатысушылар мен басқа да тұлғаларға құрмет көрсетуі болып табылады.
Қазақстан Республикасы соттарының сот актілері азаматтық іс жүргізу кодексінің, сондай-ақ «Сот шешiмi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 нормативтік қаулысы (ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 29 маусымдағы №6 және 2009 жылғы 12 қаңтардағы №2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістер және толықтыруларымен бірге) ережелеріне сәйкес ресімделуге жатады.
АІІК-нің 226 сәйкес шешімнің кіріспе бөлігінде шешімнің шығарылған күні мен орны; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі. Орын алған сот практикасына сүйене отырып, шешімнің кіріспе бөлігінде өкілдердің құзыретін куәландыратын құжаттар (сенімхат, ордер) туралы мәліметтерді берілген күнімен бірге көрсету керек.
Қоршаған ортаны ластау субектілері, қоршаған ортаны қорғау объектілері
Қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру жөніндегі істер бойынша талапкер ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың аймақтық құрылымдары, шаруашылық субектілері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен азаматтар қатысады.
Ластау субъектілері (залал келтіретіндер) ретінде кез келген мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.
Ластау көздері қоршаған ортаға лас заттарды немесе басқа да зиянды қалдықтарды шығаратын обектілер болып табылады. Қоршаған ортаны ластау тәсілдері болып табылатындар:
1) белгіленген нормалар мен ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық қызметтер;
2) табиғат пайдалануға байланысты емес басқа да заңға қайшы қызметтер;
3) апаттар мен қираулар;
4) ел аумағына экологиялық қауіпті тауарлар мен заттардың әкелінуі;
Экологиялық құқық бұзушылық обектілері болып табиғи ресурстармен (топырақ, жер қойнауы, су, орман және басқа да өсімдіктер, жануарлар дүниесі) қатар, табиғат ресурстарына жатпайтын табиғи обектілер (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, атмосфералық ауа, Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер және т.б.) табылады.
Сонымен бірге, экологиялық құқық бұзушылық обектілері болып ауарайы мен табиғи экологиялық жүйелер, табиғат пайдалану саласындағы басқарушылық қатынастар, меншік құқығы қатынастары мен басқа да табиғат ресурстарына құқықтары табылуы мүмкін.
Қорытындыны жүргізу барысында негізінен талап арыздар экология департаментінің мемлекеттік органдарымен ұсынылатындығы белгілі болды
«ҚР Энергетика Министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Атырау облысы бойынша экология Департаменті» РММ «Теңізшевройл» ЖШС-нен 34 131 297 879 теңге көлеміндегі экологиялық залал сомасын өндіру туралы сотқа шағым түсірді. Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 01 сәуірдегі шешімімен талап арыздан бас тартылды.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, талапкер сотқа төмендегідей дәлелдемелер келтірген. Яғни, 2010 жылғы 10 маусымда жаңа рұқсат құжатының берілуіне байланысты бұрын берілген 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат құжатының күші жойылады. 2010 жылғы 10 маусымдағы рұқсат құжатта ластағыш заттарды шығаруға 12 708,91042 тоннадан/жылына аспайтындай көлемде, өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға (сақтау) 7 882,482 тоннадан/жылына аспайтындай көлемде лимиттер қарастырылып, ал лас заттарды лақтыруға лимит қарастырылмаған.
Бұл экологиялық рұқсат құжатының қызмет ету мерзімі 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген. Сондай-ақ, 2011 жылдың 01 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатынсыз эмиссиялар жүзеге асырылған. Сотта «Теңізшевройл» ЖШС қоршаған ортаға эмиссияны Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2009 жылдың 01 желтоқсанынан 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырғаны белгілі болды.
Сонымен бірге, өндірістік қажеттілікке (мұнай өндіруді арттыру, шарасыз жағу, 800 қондырғысындағы қосу-реттеу жұмыстары, РПН Т1-Т8 резервуарларын пайдалану, жаңа және жаңартылған қондырғыларды іске қосу) байланысты Серіктестік 2010 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген рұқсат құжаты негізінде қосымша эмиссия көлеміне 2010 жылдың 10 маусымынан 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжатын алған.
Сондай-ақ, 2011 жылғы 15 сәуірде Серіктестік Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген рұқсат құжаты негізінде 2011 жылдың 15 сәуірінен 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжатын алған. Сот Талапкердің жаңа рұқсат құжатын алуына байланысты бұрынғы рұқсат құжаты автоматты түрде күшін жояды деген дәлелдерін төмендегілер негізінде негізсіз деп есептейді. Рұқсат құжатын алу кезінде, 2009 жылдың 01 желтоқсанында және 2010 жылдың 10 маусымында қолданыста болған ЭК 77-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берген орган оны жаңа рұқсат бергеннен кейін күшін жоюы мүмкін екендігі қарастырылдған. ҚР 2011 жылғы 10 қаңтардағы Заңымен ЭК 77-бабының 2 және 3 тармақтарына өзгерістер енгізіліп, 2-тармақта «тоқтатылуы мүмкін» деген сөз «тоқтатылады» деген сөзбен ауыстырылды, 3-тармақта «оның күшін жоюы мүмкін» деген сөздер «оның күшін жою бойынша Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған шаралар қабылдайды» деп ауыстырылды.
Алайда, сотпен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берген органмен қолданыстағы рұқсат құжатының күшін жою жөнінде жазбаша ескерту берілмегендігі анықталды. Осылайша, мемлекеттік уәкілетті орган болып саналатын Экологиялық реттеу және бақылау Комитеті 2010 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-не қосымша эмиссия көлеміне рұқсат бере отырып, бұрынғы қолданыстағы рұқсаттың күшін жоймауға шешім қабылдаған.
Сондай-ақ, бұл жағдай Атырау облысы бойынша экология Департаментімен Қазақстан Республикасы экологиялық заңдылықтарының талаптарын сақтауы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің 2010 жылдың 15 наурызынан 2011 жылдың 5 қаңтарына дейінгі аралықтағы қызметіне жүргізген жоспарлы тексеру актісімен де расталып отыр. Тексеру қорытындысы бойынша 2011 жылғы 05 қаңтардағы акт жасақталған. Тексеру актісінде кәсіпорын 2010 жылы төмендегідей қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттарына сәйкес табиғат пайдалануды жүзеге асырғандығы көрсетілген: 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат 344,18 тоннадан/жылына аспайтындай көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық береді.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру үшін қоршаған ортаға эмиссияға бірнеше рұқсаттар берілген: Экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2009 жылдың 01 желтоқсанынан 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар 2010 жылы 262 504,084 тоннадан аспайтындай көлемде өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға (сақтау) құқық беретін 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат; Экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2010 жылдың 10 маусымынан 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар 7 882,482 тоннадан аспайтындай көлемде өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға (сақтау) құқық беретін 2010 жылғы 10 маусымдағы рұқсат; Сондай-ақ, тексеру актісінде кәсіпорын қоршаған ортаға эмиссияны Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2009 жылғы 01 желтоқсандағы табиғат пайдалануға рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырғандығы көрсетілген. Рұқсат құжатымен 2010 жылы 56 588,7 тоннадан/жылына , 2011 жылы 57 964,76 тоннадан/жылына аспайтын көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық берілген. Сонымен бірге Серіктестікпен 2010 жылы 10 маусымда Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2010 жылы қоршаған ортаға 12 708,91042 тоннадан/жылына аспайтын көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық беретін қосымша рұқсат құжаты алынған.
Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша экология Департаментімен Қазақстан Республикасы экологиялық заңдылықтарының талаптарын сақтауы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің 2011 жылдың 06 қаңтарынан 2011 жылдың 18 қарашасына дейінгі аралықтағы қызметіне жоспарлы тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша 2011 жылғы 07 қарашадағы акт жасақталған.
Тексеру актісінде кәсіпорын 2011 жылы қоршаған ортаға эмиссияны төмендегідей табиғат пайдалануға рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырғандығы көрсетілген: 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат, 7,033,3663 тоннадан/жылына аспайтын көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық береді; 2011 жылғы 15 сәуірдегі рұқсат, 4256,7552 тоннадан/жылына аспайтын көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық береді. Жоғарыда көрсетілген актілердің ешкіммен күші жойылмаған және қолданыста бар. Осылайша, экология Департаменті жоспарлы тексеру барысында «Теңізшевройл» ЖШС-нің 2010 және 2011 жылдарғы эмиссияға барлық қажетті рұқсат құжаттарының бар екендігін дәлелдеп, негізгі рұқсатқа қосымша рұқсат алудың негізділігін растады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың 2010 жылғы 19 наурыздағы талдау қорытындысы, 2009 жылғы 01 желтоқсандағы, 2010 жылғы 10 маусымдағы берілген рұқсат құжаттар 2010 жылғы 10 маусымдағы рұқсаттың негізгі рұқсат құжатына қосымша берілгендігін көрсетті. Қолданыстағы заңдылық қоршаған ортаға қосымша эмиссия көлеміне рұқсат беруге тыйым салмайды. Сондай-ақ, сот қарауы кезінде жауапкермен талап мерзімінің өткендігін қолдану туралы шағым берілді.
Атырау облысы бойынша экология Департаменті 2011 жылғы 05 қаңтарда және 2011 жылғы 07 қарашада Қазақстан Республикасы экологиялық заңдылықтарының талаптарын сақтауы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің қызметіне тексеру жүргізген кезде экологиялық заңдылықтардың бұзылғандығы туралы білуі керек еді.
Сотпен талап мерзімінің өтуі қолданылды. Шешімге апелляциялық және кассациялық сот алқасына шағым жасалып, өзгеріссіз қалдырылды.
Қоршаған ортаға эмиссиялар
Экологиялық кодекстің 1-бабы 1 тармағының 43), 44), 71), 89) тармақтары бойынша табиғи ресурстарды пайдалану мен (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болып табылады. Қоршаған ортаға эмиссиялар ластаушы заттардың шығындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау болып табылады.
Қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер- қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі уәкілетті органмен белгілі бір мерзімге белгіленеді. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыруға құқық беретін жеке және заңды тұлғалардың құжаты экологиялық рұқсат қағазы болып саналады.
Экологиялық кодекстің 69-бабына сәйкес жылжымайтын көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға міндетті. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға оның өтініміне сәйкес Экологиялық кодекспен белгіленген тәртіппен беріледі.
Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетілген шарттарды орындауға міндетті және оларды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бүгінгі күні сот тәжірибесінде қоршаған ортаға нормадан тыс эмиссиялар шығару және арнайы табиғат пайдалануды рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу жөніндегі талап арыздарды шешу бойынша бірыңғай көзқарас қалыптаспай отыр. Кей жағдайларда соттар осындай дауларды шешу барысында рұқсат құжаттары ластаушы заттардың шығындыларын, төгінділерін, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау құқығына беріледі дегенге сүйенеді.
Сондықтан, бұндай эмиссияның артуы қоршаған ортаға келтірілген залалдың айғағы болып табылады. Және де эмиссиялардың артуы туралы мәлімет арнаулы табиғат пайдаланушылармен ресми статистикалық деректер арқылы расталады және олармен теріске шығарылмайды. Басқа жағдайларда, соттар рұқсат құжаттарынсыз өздігінен табиғат пайдалану немесе қоршаған ортаға нормадан тыс эмиссиялар шығару бойынша анықталған фактілер қоршаған ортаға зиян келтіру жөнінде тұжырым жасауға жеткіліксіз болып саналады, залал келтірілгендігі туралы сараптамалық қорытынды қажет деген тұжырымға келеді.
Мысалы, ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 05 қарашадағы шешімімен «ОҚО бойынша экология Департаменті» РММ талап арызы ішінара қанағаттандырылды. «3-Энергоорталық» АҚ-нан мемлекет кірісіне 28 886 792 тенге өндіру қаулы етілді.
Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Сотта, талапкер «ОҚО бойынша экология Департаменті» РММ (бұдан әрі -Департамент) жауапкер «3-Энергоорталық» АҚ-нан 2014 жылдың 01 қаңтары мен 02 ақпаны аралығында атмосфераға рұқсатсыз лас заттарды шығару нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген жалпы сомасы 181 829 061 тенге көлеміндегі залалды өндіру бойынша сотқа жүгінгендігі белгілі болды.
Талапкер 2014 жылдың 05-28 мамыры аралығында Департаментпен «3-Энергоорталық» АҚ-на Қазақстан Республикасы экологиялық заң талаптарын сақтауы бойынша жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесінде белгіленген мерзім ішінде кәсіпорынның атмосфераға ластағыш заттарды шығару көздері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты жоқ екендігі анықталғандығын алға тартты. Департамент мамандарының есебі бойынша рұқсатсыз шығарынды нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі 181 829 061 тенгені құраған, талапкердің жауапкерден өндіруді сұрап отырғаны да осы.
Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөнгіндегі апелляциялық сот алқасының 2015 жылғы 13 сәуірдегі қаулысымен ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 05 қарашадағы шешімі өзгертілді: қоршаған ортаға келтірілген залал сомасын өндіру жөніндегі шағым талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға қатысты сот шешімі бөлігінің күшін жойып, көрсетілген бөлікте жаңа шешім қабылданды.
Жауапкер «3-Энергоорталық» АҚ 2014 жылдың 01 қаңтары мен 02 ақпаны аралығында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз атмосфераға лас заттарды шығару нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зияны үшін мемлекет пайдасына 152 942 269 тенге көлеміндегі залал, сондай-ақ 4 558 268 теңге сомасындағы мемлекеттік баж салығы, барлығы 157 530 537 тенге өндірілді. Сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.
Сот шешімін өзгертуге негіз болған жағдай, бірінші сот сатысы есептеулерді жүргізу кезінде залалды экономикалық бағалаудың тікелей әдісін қолдану қажеттігі туралы негізсіз тұжырым жасаған, алайда атмосфералық ауаны ластау жағдайларында экономикалық бағалаудың жанама әдісі қолданылады, бұл жағдайда тікелей әдіс қолданылмайды.
Осылайша, алқа соттың көрсетілген бөліктегі тұжырымын негізсіз деп тапты, бұл өз кезегінде атмосфераға рұқсатсыз лас заттарды шығару нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал сомасының төмендеуіне әкелді. Бірінші сот сатысының Әдістемеге сәйкес жүргізілген есептеудің тікелей әдісін қолдануға жататындығы туралы тұжырымын да Алқа негізсіз деп тапты, өйткені Әдістеменің 1 «Жалпы мағлұматтар» тарауына сәйкес, ол өндірістік кәсіпорындардың бытыраңқы көздерінен атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін шамамен есептеуге арналған.
Ал жауапкермен атмосфераға рұқсатсыз лас заттарды шығару нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы талапкермен «3-Энергоорталық» АҚ қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты жоқ болғандықтан есептелген. Істің атап көрсетілген жағдайларын ескере отырып, Алқа талапкермен жасақталған залалды экономикалық бағалау есебі дұрыс болып табылады және қолдануға жатады, тиісінше жауапкер залал сомасын толық көлемде өтеуі тиіс, ал бірінші сот сатысымен өндірілген сома талапкердің жанама әдісті қолдана отырып жасақтаған есебіне сәйкес қайта есептеуге жатады деп есептеді.
Мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша қабылдаған (іске асырылған) шешімдері мен іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының ісәрекетіне (әрекетсіздігіне) келтірілген шағымдар, егер басқару қызметін жүзеге асыру кезінде әкімшілік-құқықтық қатынастар бойынша туындаған мәселелер бойынша шешім қабылданып, іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған болса, АПК 27-тарауы бойынша соттармен қаралады.
Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның, шешіміне, әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) тікелей сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала жүгіну сотқа арыз беруге және соттың оны мәні бойынша қарауға қабылдауына және шешуіне міндетті шарт болып табылмайды (АПК 278- бабы) . АПК 280-бабына сәйкес Азамат және заңды тұлға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы.
Арыз беріп жүгінуге арналған үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімнің өткізіліп алу себептері сот отырысында арызды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және арыздың қанағаттандырылуынан бас тарту негіздемелерінің бірі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңының 17-бабы екінші тармағына және АПК 280-бабы 1-бөліміне сәйкес шағымданушы өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) дау айтуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы №20 «Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 27-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының 18-тармағы бойынша АІЖК-нің 280- бабының екінші бөлігіне сәйкес, арыз беру мерзімін дәлелсіз себептермен өткізіп алу бірінші сатыдағы соттың арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығаруы үшін өз алдына бөлек негіз болып табылады.
Соған байланысты, соттар шағымданушыға өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы қашан белгілі болғанын жан-жақты тексеруі керек. Сонымен бірге мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның даулы іс-әрекеті (әрекетсіздігі), оның қашан қабылданғандығына қарамастан, шағымның қаралуы сәтінде қоршаған ортаға зиянын тигізбеуін анықтау да маңызды болып есептеледі.
Егер лауазымды тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде қоршаған ортадағы заң бұзушылықтар мен зиянды зардаптар жалғаса беретін болса, онда сотпен арыз беру мерзімінің формалды себептермен өткіп кетуіне қарамастан АІЖК-нің 280-бабының екінші бөлігіне сәйкес шағымды қанағаттандырудан бас тартылмауы мүмкін.
Осыған байланысты, Экологиялық кодекстің 7 тармағы бойынша жер, жер қойнауы, жер үстi және жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсiмдiктер; жануарлар дүниесi, тiрi организмдердiң гендiк қоры; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға, ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi айрықша қорғалуға жататындығын естен шығармау керек.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 17 маусымдағы ұйғарымымен Қарағанды облысы бойынша экология Департаментінің «NOVAЦинк» ЖШС –інен 414 085 645 теңге көлеміндегі қоршаған ортаға келтірілген залал сомасын мемлекет пайдасына өндіру жөніндегі талап арызы кері қайтарылды.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін табиғат пайдаланушылардың қызметін тоқтата тұру және тыйым салуға байланысты даулар.
Қорашаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғаны үшін табиғат пайдаланушылардың қызметін тоқтата тұру және тыйым салу істері жөніндегі Сот практикасы Экологиялық кодекстің 117-бабы 1-тармағы 7 тармақшасына сәйкес мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы талап-арыздар ұсынуға құқылы.
АК 918-бабы 2-тармағы бойынша егер келтірілген зиян оны келтіруді жалғастыратын немесе жаңадан зиян келтіру қаупін туғызатын кәсіпорынды, ғимаратты пайдаланудың не өзге де өндірістік қызметтің салдарынан болса, сот зиянды өтеуден басқа, жауапкерге тиісті қызметін тоқтатуды міндеттеуге құқылы.
Сондай-ақ, Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2015 жылғы 14 мамырдағы шешімімен Қостанай облысы Әулиекөл ауданында: Черниговка ауылы, Косагал ауылы, К. Тургумбаева атындағы ауыл, Казанбасы ауылы, Баганалы ауылы, Сулуколь ауылы, Первомайское ауылы, Коктал ауылы, Москалевское ауылы, Тимофеевка ауылы, Диевка ауылы, Новоселовка ауылында орналасқан 12 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, табиғат қорғау заңдылығын бұзуды жойғанша пайдалануды тоқтатты. :
Тоқтатуға негіз болған жағдай, ол «Қостанай облысы экология Департаменті» ММ жүргізілген тексеру мен Қостанай облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының табиғат қорғау прокуроры кіші әділет кеңесшісі Н.Касымбековпен 2015 жылғы 12 ақпандағы «Аулиеколь- Сервис» ЖШС экологиялық заңдылықтарды сақтауына жоспардан тыс жүргізілген тексерудің 2015 жылғы 19 наурыздағы актілеріне сәйкес экологиялық заңдылықтарды бұзғандығы, оның ішінде 12 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжаттарының болмауы анықталған. Іс материалдарынан белгілі болғаны, кәсіпорынмен 2013 жылғы 19 тамызда қоршаған ортаға эмиссияға 2013 жылдың 19 тамызынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар рұқсат құжаты ресімделген.
Бүгінгі күні кәсіпорынның балансында Әулиекөл ауданы аумағында орналасқан 15 полигон бар. Осы 15 полигонның ішінен тек 3 полигонда ғана, Әулиекөл ауылы, Новонежинка ауылы, Октябрьское ауылында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты бар, қалған 12 ауылдық полигон бойынша: Черниговка ауылы, Косагал ауылы, К. Тургумбаева атындағы ауыл, Казанбасы ауылы, Баганалы ауылы, Сулуколь ауылы, Первомайское ауылы, Коктал ауылы, Москалевское ауылы, Тимофеевка ауылы, Диевка ауылы, Новоселовка ауылында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат жоқ.
Алайда, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мен орналастыруға келісімшарт барлық 15 полигон бойынша жасақталған. Сот отырысында жауапкердің 12 қатты тұрмыстық қалдықтар полгионы бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты жоқ екендігі анық белгілі болды.
Анықтамаға сәйкес «Аулиеколь- Сервис» ЖШС қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз 12 ҚТҚ полгионы бойынша өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастырған.
Сот отырысында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты болмауына байланысты кәсіпорынға қалдықтарды қоршаған ортаға рұқсатсыз шығарғаны үшін 2 947 397 теңге сомасында залалды өтеу талап етілгендігі анықталды.
Соңғы жылдары соттармен экологиялық дауларды шешу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстанмен бекітілген халықаралық шарттардың, оның ішінде ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысу және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы Конвенция нормалары жиі қолданылуда.
Соттарда Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және тікелей қолданылады делінген Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабы 3-тармағының ережелері анық түсінікке ие екендігін белгілеуге болады.
Бұл Орхусс конвенциясына да қатысты. Орхусс конвенциясының ерекшелігі сол, бұл халықаралық шартпен жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу құқығын қамтамасыз етуге және кепілдік болуға бағытталған процессуалдық нормалар бекітілген.
Конвенция Қазақстанмен бекітілген халықаралық шарттардың бірі болып табылады, оған сәйкес азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар халықаралық инстанция Орхусс конвенциясын сақтау мәселелері жөніндегі Комитетке (әрі қарай- Конвенцияны сақтау Комитеті) оның бұзылғандығы жөніндегі фактілер бойынша өтініш беру құқығына ие болады.
Бұл мүмкіндік қазақстандық азаматтармен және экологиялық ұйымдармен белсенді түрде пайдаланылуда. Экологиялық кодекстің 13,14-баптарына сәйкес жеке тұлғалар мен экологиялық ұйымдар қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтерін шектеу және тоқтату туралы талап арыз беруге құқылы.
Өндірістер, құрылымдар мен басқа да экологтиялық қауіпті обектілерді орналастыру, құрылысын салу және қайта құру және пайдалануға қабылдау туралы шешімдердің күшін жою туралы жұртшылықтың талап арыздары бойынша
Мысал ретінде, «Мир Экологии» Қоғамдық бірлестігінің «МайкубенВест» ЖШС-не қатысты қоғамдық тыңдаулар мен қоғамдық тыңдау хаттамаларын жарамсыз, табиғат қорғау шараларының жоспарын заңсыз деп тану, 2015 жылға арналған табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізуге міндеттеу, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатын заңсыз деп тану туралы шағымы бойынша Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен қаралған істі алуға болады.
Аталған соттың 2015 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен шағым арыз ішінара қанағаттандырылып, қоғамдық тыңдаулар хаттамасы заңсыз деп танылды және күші жойылды. Шағым арыздың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылды.
Павлодар облысы апелляциялық сот алқасының 2015 жылғы 07 шілдедегі қаулысымен Павлодар облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 30 сәуірдегі шешімі «Мир Экологии» Қоғамдық бірлестігінің «Майкубен-Вест» ЖШС-не қатысты қоғамдық тыңдаулар мен қоғамдық тыңдау хаттамаларын жарамсыз, табиғат қорғау шараларының жоспарын заңсыз деп тану, 2015 жылға арналған табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізуге міндеттеу, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатын заңсыз деп тану туралы шағымы бойынша өзгертілді.
«Мир Экологии» Қоғамдық бірлестігінің «Майкубен-Вест» ЖШС-не қатысты қоғамдық тыңдаулар хаттамасын заңсыз деп тану және күшін жою туралы шағымын қанағаттандыру бөлігінің күшін жойып, шағымның осы бөлігін қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды. Сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.
Алқа, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Соттардың қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарын қолдану тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысының 24-тармағына сәйкес, осы санаттағы істерді қараған кезде соттар жіберілген тәртіп бұзушылық сипатын анықтау шараларын қабылдауы, мәлімделген талаптардың құқықтық негіздемелерін анықтауы, сондай-ақ тараптардан тиісті актілер мен АІЖК-нің 64-бабына орай іс бойынша дәлелдеме болып танылуы мүмкін басқа да деректерді талап етуі тиіс екендігін алға тартты.
2015 жылға арналған табиғат қорғау шараларының жоспарын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатын және қоғамдық тыңдауларды заңсыз деп тану туралы шағымды қанағаттандырудан бас тартуға қатысты Соттың ақырғы қорытындысы дұрыс болып табылады. Өйткені, бұл талаптарды қанағаттандыру қоғамдық тыңдау хаттамасын заңсыз деп тану туралы негізгі талапты қанағаттандырудан туындайтын қосымша талаптар болып табылады.
Сонымен бірге, іс бойынша көрсетілген талаптарға жауапкер ретінде тікелей даулы құжатты беруге қатысы бар тиісті уәкілетті орган ҚР мұнайгаз кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекетитік инспекция Комитеті мен қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру міндеті жүктелген жергілікті атқару органы тартылмаған.
Осыған байланысты, талаптарды қанағаттандырудан бас тартуға қатысты шешім бөлігі өзгеріссіз қалдырылуға жатады. Хаттаманы заңсыз деп тану туралы шағымды қанағаттандыруға негіз ретінде Сот Шоптыкөл селолық округі әкімінің 2015 жылғы 10 ақпандағы 1.т. 27 і.п қоғамдық тыңдаудың өткізілмегендігі және соған байланысты талқыланатын мәселеге мүдделі жұртшылықтың қатыспағандығы туралы хатына сүйенді.
Сонымен қатар, бұл хат іс материалдарында тігілген осы әкімнің «Мир экология» қоғамдық қорына 2015 жылғы 10 ақпандағы бірінші хаттың қате екенін және оның шындыққа жанаспайтынын хабарлайтын 2015 жылғы 23 мамырдағы хатымен жоққа шығарылады. Бұл хат та іс материалдарының т.1. 119 і.п. бар.
Алайда, бұл жағдайлар сотпен тиісті дәрежеде бағаланбаған. Осыған байланысты, көрсетілген қарама-қайшылықтарды жою мақсатында апелляциялық истанциямен куәгер ретінде даулы жиналысқа қатысқан тұлғалар мен көрсетілген хатқа қол қойған әкімнен жауап алынды.
Осылайша, селолық округ әкімі Б.Б.Избастин негізінен 2014 жылғы 29 қыркүйекте қоғамдық тыңдаудың болғандығын, ол жөнінде алдын-ала сайтта хабарландырулар жарияланғандығын түсіндірді. Ол кезде селолық округ әкімі болып тағайындалмағандықтан өзі тыңдауға қатыспаған.
Ол бірінші хатқа бүгінгі күні әкімдікте жұмыс жасамайтын, кейінен белгілі болғандай өзі тыңдауға қатыспағандықтан, нақты мәліметті белмеген маман Бисмельдиновамен келтірілген қате мәліметтер бойынша қол қойған. Кейіннен әкім басқа қызметкерлерден ондай тыңдаудың болғандығын анықтап, соған байланысты қоғамдық қорға тыңдаудың өткізілгендігі туралы хабарлама жолдайды.
Қалған куәгерлер, жалған айғақ бергендері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындары туралы ескерту естігеннен кейін апелляциялық сот инстанциясында төмендегідей мәліметтер берді.
Куәгер А.С.Исатаева шындығында тыңдаудың белгіленіп, өткізілгендігін, бірақ өзі сол күні әкім міндетін атқарып жүргендіктен ауданға жиналысқа кетіп қалғандығын алға тартты.
Дегенмен, тыңдаудың белгіленгендігін және қызметкерлер арқылы оның өткізілгендігін біледі. Брақ өзі жиналысқа барғандықтан, оған қатыспаған. .
Әкімдіктің келесі қызметкері А.А.Жакупова Сотта тыңдаудың өткендігін, оған хаттамада көрсетілген тұлғалардың, әкімдік қызметкері А.Е.Кабышеваның, тек жол жөндеу мәселесі туралы сұраған 4-5 ауыл тұрғынының, сондай-ақ, Астанадан келген өкіл А.Н.Кошпанованың қатысқандығын растады.
Бірақ, уәкілетті орган өкілі А.Б.Омаров қоғамдық тыңдау орнына кейінірек, яғни ол өткізілгеннен кейін жарты немесе бір сағаттан кейін келген.
Тыңдаудың өтуі барысында да немесе одан кейін де қатысушылардан қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселенің мәні бойынша нақты ұсыныстар түспеген. Осылайша, куәгерлердің осы түсініктемелерімен хаттаманы заңсыз деп тану туралы шешімнің негізіне алынған әкімнің хаты теріске шығарылды.
Сонымен бірге, бұл хат іс материалдарымен, сол әкімнің хатымен теріске шығарылып, ҚР АІЖК 364-бабы 1-тармағы 3)тармақшасына орай сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі сол шешімінің күшін жоюға негіз болып табылатындығына куә бола алады.
Жауапкер «Майкубен-Вест» ЖШС Ереженің 8-тармағына сәйкес төмендегідей мазмұндағы хабарландыру бергендігін атап өткен жөн: - «Майкубен-Вест» ЖШС 2014 жылғы 29 қыркүйек сағат 12.00-де Баянауыл ауданы Шоптыколь ауылы Әкімдік ғимаратында өтетін 2015 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау бойынша өтетін қоғамдық тыңдауға Шоптыкол селолық округі Баянауыл кенті тұрғындарын, мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ құралдарын қатысуға шақырады.
Байланыс телефоны 33-41-37» Қоғамдық тыңдау өткізу туралы бұл хабарландыру ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы №135-п бұйрығымен (бұдан әрі-Ереже) бекітілген қоғамдық тыңдауларды өткізу Ережесінің 6,8 және 10-тармақтарына сәйкес келеді.
Сондай-ақ, қоғам өкілдерінің жоғарыда көрсетілген жобаларға қолжетімділігі, ұсыныстар мен пікірлерді мекенжайын көрсете отырып, қағаз және электронды тасымалда қабылдау және тіркеу толық қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, тыңдау өткізілгеннен кейін хаттаманың заңмен белгіленген тәртіпте жариялануы куәгер С.Ю.Серегинамен расталды. Тыңдауды өткізудегі мақсат жүзеге асыру қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін жобаларға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол жетімділікті және жоспарланған табиғат қорғау шаралар туралы ақпараттарды алуды қамтамасыз ету болып табылады. Жауапкермен осылардың бәрі қамтамасыз етілген.
ҚР Экологиялық кодексінің 14-бабына сәйкес қоғамдық бірлестікке табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесу міндеті жүктелген.
Алайда, шағымданушы бұл тыңдау туралы хабардар бола тұра, оған қатысуға және Ереженің 19-тармағына сәйкес хаттамаға ескертулер енгізуге толық мүмкіндігі болғанымен бұл құқықты пайдаланбаған.
Тек тындау өткізіліп, табиғат пайдаланушымен эмиссияға рұқсат алынғаннан кейін формальды түрде хаттамаға шағым жасайды. Алайда, талапкермен тыңдаудың нәтижесіне әсер ететіндей және тыңдауға қатысқан жағдайда жұртшылықпен енгізілуі мүмкін нақты ұсыныстар мен түзетулер ұсынылмаған.
Кешігіп келген экология Департаментінің өкілі А.Б.Омаров пен әкімдік қызметкері А.С.Исатаеваның тыңдауға қатыспауы қоғамдық тыңдаудың нәтижесіне әсер етуі мүмкін болатындай дәлелдемелер де сотқа ұсынылмаған.
Қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша сапасыз материалдарды тыңдау әсерінен залал келгендігі туралы мәліметтер де белгілі болмаған.
Яғни, қоғамдық тыңдау хаттамасының күшін жою қоршаған ортаны қорғау міндеттемелеріне жауап беретін дәлеледемелер де ұсынылмаған.
Апелляциялық сатыдағы сотта бұл сұраққа шағымданушының өкілі хаттамаға шағымдану келесі жолы табиғат пайдаланушылардың қоғамдық тыңдауға формальды түрде қарауына жол бермеуі және талапкер ретіндегі осындай қоғамдық ұйымның бар екендігін біліп жүруі үшін жасалды деп жауап берген.
Алайда, бұл дәлелдер талап арызды қанағаттандыру үшін негіз болып саналмайды, өйткені АК 8,9-баптарына және АІЖК 8-бабына сәйкес бұзылған құқықтар мен заңмен қорғалған мүдделер ғана сотта қорғауға жатады.
Осы ретте, құқығын асыра пайдалануға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекетіне, сондай-ақ құқықты жүзеге асыруды оның мақсатына қарсы пайдалануға жол берілмейді.
Бұл талаптарды орындамаған жағдайда Сот талапкер құқығын қорғаудан бас тартуы мүмкін. Осыған байланысты, шешімнің қоғамдық тыңдау хаттамасының күшін жою және оны жарамсыз деп тануға қатысты бөлігі осы тарау бойынша бұндай талаптарды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдау арқылы күшін жоюға жатады.
Сонымен бірге, Ереженің 7-тармағына сәйкес қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру тапсырыс беруші ретінде тек әкімдікке өтінім беретін табиғат пайдаланушыға емес, жергілікті атқару органына жүктелген. Алайда, шағым тек табиғат пайдаланушы «Майкубен Вест» ЖШС-не берілген.
Тиісті жауапкер жергілікті атқару органына шағымның бұл бөлігі бойынша талап қойылмаған. Оған қоса, АІЖК 280-бабына сәйкес талапкердің өз құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылғаны туралы мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде аталған хаттамаға шағым жасалуы мүмкін.
Ереженің 18-тармағына сәйкес шағымданушы қоғамдық тыңдалым өткізілген күннен кейін бес жұмыс күнінің ішінде, яғни 2014 жылғы 7 қазанда бұл хаттаманың бар екенін білуі керек еді. Сондықтан хаттамаға шағым жасау мерзімі 2015 жылғы 7 қаңтарда өтіп кетті.
Дегенмен, сотқа арыз 2015 жылдың 11 ақпанында ғана, яғни жауапкер қолдануды ұсынған АІЖК 280-бабы 2-тармағына сәйкес белгіленген арызды қанағаттандырудан бас тарту негіздемелерінің бірі болып саналатын мерзімі өткеннен кейін берілген.
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты Нормативтік құқықтық актілер
Қоршаған ортаға қатысты туындаған дауларды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер:
ҚР Конституциясы, 09 қаңтар 2007 жылғы
ҚР Экологиялық кодексі,
ҚР Азаматтық кодексі,
ҚР Жер кодексі,
ҚР Су кодексі,
24 маусым 2010 жылғы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы,
07 шілде 2006 жылғы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңы.
Сондай-ақ, соттармен қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттар, оның ішінде Қазақстан Республикасының 23 қазан 2000 жылғы Заңымен бекітілген ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысу және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша (бұдан әрі –Орхусс конвенциясы) сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенция нормалары да қолданылады.
Халықаралық ықтымақтастықтағы көпшілікке танылған экологиялық принциптер мен бағыттар қоршаған орта жөніндегі Стокгольм декларациясымен (1972), Бүкілдүниежүзілік табиғат хартиясымен (1982), қоршаған орта және даму жөніндегі Декларациямен (Рио-деЖанейро, 1992), «XXI ғасыр Күн тәртібімен» (Рио-де-Жанейро, 1992), мыңжылдық саммит (Нью-Йорк, 2000), тұрақты даму жөніндегі бүкілдүниежүзілік саммит декларацияларымен (Йоханнесбург, 2002)[2] және басқа да халықаралық актілермен белгіленген. Бұл актілер зор халықаралық беделге ие және халықаралық конвенцияларда, көптеген мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының (әрі қарай-ҚР) құқығында жүзеге асырылуда.
Қазақстан әртүрлі халықаралық комиссиялар мен қоршаған ортаны қорғау, жаһандық және аймақтық деңгейдегі тұрақты даму мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдерді дайындау мен жүзеге асыруға бағытталған процестердің мүшесі және белсенді қатысушысы болып саналады.
Олардың ішінде – БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі Комиссиясы; Орталық Азия елдерінің тұрақты даму жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы; Дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесінің тұрақты даму жөніндегі еуразиялық аймақтық торабы; ТМД гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық Кеңесі; «Еуропа үшін қоршаған орта» және «Азия үшін қоршаған орта жіне тұрақты даму» процесстері бар. БҰҰ даму бағдарламасымен, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық дами түсуде.
Барлығы, есеп бойынша, ҚР 60-тан аса халықаралық шарттар тікелей немесе жанама түрде қоршаған ортаны қорғау саласын (оның ішінде, қоршаған ортаған эмиссиялар, озон қабатын булы газдардың шығарылуынан қорғау, кемелермен ластаудың алдын алу, қауіпті химиялық заттарды сату және тасымалдау, қауіпті өндіріс объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік, апаттардың, трансшекаралық әсерлердің алдын алу және т.б.мәселелер) қозғайды.
ҚР Кодексі 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212-Ш «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі » (әрі қарай-«Экологиялық кодекс» немесе «ЭК») ҚР ратификацияланған халықаралық шарттардың кодекс ережелерінен басымдығын көрсетеді (ЭК 2-бабы 2-тармағы).
ҚР төмендегідей нормативтік актілер қабылданды, олар: «Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы №27 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 ақпанда №10301 болып тіркелді); «Қоршаған ортаны қорғау «Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы №27 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 ақпанда №10301 болып тіркелді); «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы №6 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 ақпанда №10333 болып тіркелді)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 252 "Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қаулысы.
Мысал: Соның ішінде, Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Мир экологии» ҚҚ-ның ӨШВ «Казахавтодор» РМК Павлодар облыстық филиалына қатысты қоғамдық тыңдауды, 2014 жылғы 05 желтоқсандағы қоғамдық тыңдау хаттамасын, 2015-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау іс- шаралары бағдарламасын және 2015 жылғы 11 наурыздағы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатын заңсыз деп тану туралы талап арызы кері қайтарылды.
Талап арызды кері қайтаруға негіз болған жағдай, ол 2015 жылғы 05 маусымдағы сот төрешісінің ұйғарымымен талап арызда жауапкер туралы мәліметтер көрсетілмегендіктен арыз қозғалыссыз қалдырылған болатын.
Берілген талап арызда жауапкер ретінде ӨШВ «Казахавтодор» РМК Павлодар облыстық филиалы көрсетілген, алайда ҚР АІЖК 48- бабы 1- тармағымен жауапкерлер ретінде заңды тұлғалар қарастырылған.
Осыған байланысты, аталған талап арыз ҚР АІЖК 155- бабы 2- тармағына сәйкес берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады.
«ҚР Энергетика Министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Атырау облысы бойынша экология Департаменті» РММ «Теңізшевройл» ЖШС-нен 34 131 297 879 теңге көлеміндегі экологиялық залал сомасын өндіру туралы сотқа шағым түсірді.
Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 01 сәуірдегі шешімімен талап арыздан бас тартылды.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, талапкер сотқа төмендегідей дәлелдемелер келтірген. Яғни, 2010 жылғы 10 маусымда жаңа рұқсат құжатының берілуіне байланысты бұрын берілген 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат құжатының күші жойылады. 2010 жылғы 10 маусымдағы рұқсат құжатта ластағыш заттарды шығаруға 12 708,91042 тоннадан/жылына аспайтындай көлемде, өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға (сақтау) 7 882,482 тоннадан/жылына аспайтындай көлемде лимиттер қарастырылып, ал лас заттарды лақтыруға лимит қарастырылмаған. Бұл экологиялық рұқсат құжатының қызмет ету мерзімі 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген. Сондай-ақ, 2011 жылдың 01 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатынсыз эмиссиялар жүзеге асырылған.
Сотта «Теңізшевройл» ЖШС қоршаған ортаға эмиссияны Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2009 жылдың 01 желтоқсанынан 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырғаны белгілі болды.
Сонымен бірге, өндірістік қажеттілікке (мұнай өндіруді арттыру, шарасыз жағу, 800 қондырғысындағы қосу-реттеу жұмыстары, РПН Т1-Т8 резервуарларын пайдалану, жаңа және жаңартылған қондырғыларды іске қосу) байланысты Серіктестік 2010 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген рұқсат құжаты негізінде қосымша эмиссия көлеміне 2010 жылдың 10 маусымынан 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжатын алған.
Сондай-ақ, 2011 жылғы 15 сәуірде Серіктестік Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген рұқсат құжаты негізінде 2011 жылдың 15 сәуірінен 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжатын алған.
Сот Талапкердің жаңа рұқсат құжатын алуына байланысты бұрынғы рұқсат құжаты автоматты түрде күшін жояды деген дәлелдерін төмендегілер негізінде негізсіз деп есептейді.
Рұқсат құжатын алу кезінде, 2009 жылдың 01 желтоқсанында және 2010 жылдың 10 маусымында қолданыста болған ЭК 77-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берген орган оны жаңа рұқсат бергеннен кейін күшін жоюы мүмкін екендігі қарастырылдған.
ҚР 2011 жылғы 10 қаңтардағы Заңымен ЭК 77-бабының 2 және 3 тармақтарына өзгерістер енгізіліп, 2-тармақта «тоқтатылуы мүмкін» деген сөз «тоқтатылады» деген сөзбен ауыстырылды, 3-тармақта «оның күшін жоюы мүмкін» деген сөздер «оның күшін жою бойынша Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған шаралар қабылдайды» деп ауыстырылды.
Алайда, сотпен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берген органмен қолданыстағы рұқсат құжатының күшін жою жөнінде жазбаша ескерту берілмегендігі анықталды.
Осылайша, мемлекеттік уәкілетті орган болып саналатын Экологиялық реттеу және бақылау Комитеті 2010 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-не қосымша эмиссия көлеміне рұқсат бере отырып, бұрынғы қолданыстағы рұқсаттың күшін жоймауға шешім қабылдаған.
Сондай-ақ, бұл жағдай Атырау облысы бойынша экология Департаментімен Қазақстан Республикасы экологиялық заңдылықтарының талаптарын сақтауы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің 2010 жылдың 15 наурызынан 2011 жылдың 5 қаңтарына дейінгі аралықтағы қызметіне жүргізген жоспарлы тексеру актісімен де расталып отыр.
Тексеру қорытындысы бойынша 2011 жылғы 05 қаңтардағы акт жасақталған.
Тексеру актісінде кәсіпорын 2010 жылы төмендегідей қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттарына сәйкес табиғат пайдалануды жүзеге асырғандығы көрсетілген: 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат 344,18 тоннадан/жылына аспайтындай көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық береді. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру үшін қоршаған ортаға эмиссияға бірнеше рұқсаттар берілген: Экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2009 жылдың 01 желтоқсанынан 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар 2010 жылы 262 504,084 тоннадан аспайтындай көлемде өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға (сақтау) құқық беретін 2009 жылғы 01 желтоқсандағы рұқсат; Экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2010 жылдың 10 маусымынан 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін күші бар 7 882,482 тоннадан аспайтындай көлемде өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға (сақтау) құқық беретін 2010 жылғы 10 маусымдағы рұқсат;
Сондай-ақ, тексеру актісінде кәсіпорын қоршаған ортаға эмиссияны Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2009 жылғы 01 желтоқсандағы табиғат пайдалануға рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырғандығы көрсетілген. Рұқсат құжатымен 2010 жылы 56 588,7 тоннадан/жылына , 2011 жылы 57 964,76 тоннадан/жылына аспайтын көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық берілген. Сонымен бірге Серіктестікпен 2010 жылы 10 маусымда Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен берілген 2010 жылы қоршаған ортаға 12 708,91042 тоннадан/жылына аспайтын көлемде ластағыш заттарды шығаруға құқық беретін қосымша рұқсат құжаты алынған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Споры, связанные с охраной окружающей среды
33 рет жүктеп алынды -
Соттардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын азаматтық істер бойынша қолдануының кейбір мәселелері
31 рет жүктеп алынды -
О некоторых вопросах применения судами экологического законодательства Республики Казахстан по гражданским делам
33 рет жүктеп алынды -
Судебное решение (1)
43 рет жүктеп алынды -
Судебное решение (1)
33 рет жүктеп алынды -
Судебное решение (2)
34 рет жүктеп алынды -
Судебное решение (3)
32 рет жүктеп алынды