11-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
1. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу, оларға жол бермеу және бақылау субъектісіне уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Қаржы басқарушысы бақылау субъектісі болып табылады.
2. Бақылау субъектісі ұсынған есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді және бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде алынған деректерді салыстыру бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылауды жүргізу тәсілі болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, бақылау субъектісіне оларды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлама жіберіледі.
Хабарлама бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол тәсілмен – хабарламада алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен:
қаржы басқарушысының уәкілетті органда қызметінің басталғаны немесе деректерінің өзгергені туралы хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап;
уәкілетті орган хабарламаны уәкілетті органның интернет-ресурсы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Аталған тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын және (немесе) арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланатын бақылау субъектілеріне қолданылады.
4. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
5. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарсылықты жіберуге құқылы.
6. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
7. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы