⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын бақылау Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы

11-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын бақылау Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 11-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын бақылау Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия немесе қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде жүзеге асырады. 

      Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бұрын импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жөндеу, жаңғырту, қайта өңдеу, ауыстыру не кепілдігі бойынша қайтару үшін өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын кепілдік міндеттемесін ұсынбай, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия негізінде жүзеге асырады. 

      2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортын қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде, онда бірнеше шет мемлекетті, импорттаушыларды және (немесе) түпкілікті пайдаланушыларды көрсете отырып жүзеге асыра алады. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың экспортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде уәкілетті органға қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензияларды орындау жөніндегі құжаттарды уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен ұсынуға міндетті. 

      3. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, алушы елдің құзыретті органы берген кепілдік міндеттеме болған кезде жүзеге асырылады. 

      Уәкілетті орган алушы елдің кепілдік міндеттемесінің төлнұсқалығын уәкілетті орган айқындаған жағдайларда айқындайды. 

      4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік операциясына даярлықты жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі беретін әскери рұқсатнамалар негізінде жүзеге асырылады. 

      Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мақсаттағы тауарларының экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады. 

      5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жауынгерлік қарудың бірлі-жарым даналарын жауынгерлік және жедел-қызметтік міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасынан әкетуі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      6. Көрмелерде демонстрациялау, сынақтар, зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың инспекторлары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін іріктеп алатын сынамалар үлгілерінің экспорты осы тауарлар үшінші тұлғаларға және үшінші елдерге құқық иелігіне берілмейді деген шартпен өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензиясыз жүзеге асырылады. 

      7. Экспортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарларды өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензияда, қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензияда көрсетілмеген басқа түпкілікті пайдаланушыға қайта жіберуге тыйым салынады. 

 

      Осы Заң өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау қағидаттарын және құқықтық негіздерін белгілейді, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезіндегі, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын және транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы