⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау, сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру және күшін жою (тоқтату) Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы

12-бап. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау, сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру және күшін жою (тоқтату) Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау, сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру және күшін жою (тоқтату) Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы Заңы 

      1. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау ерікті сипатта болады және оны Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сай аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар жүзеге асырады. 

      Сәйкестік сертификаты органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау нәтижесі болып табылады. 

      2. Органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау рәсімінен өткеннен және сәйкестік сертификатын алғаннан кейін органикалық өнім өндірушінің органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін түсіруге құқығы бар. 

      Органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісінің бейнеленуі, оған қойылатын техникалық талаптар мен оны түсіруге қойылатын талаптар ұлттық стандартта белгіленеді. 

      3. Сәйкестікті растау жөніндегі орган органикалық өнім өндіруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда, бұрын органикалық өнім өндіруге берілген сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұруға немесе күшін жоюға (тоқтатуға) құқылы. 

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұрған немесе күшін жойған (тоқтатқан) жағдайларда органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы уәкілетті органға органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау нәтижелері туралы немесе сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұру туралы немесе күшін жою (тоқтату) туралы ақпарат жібереді. 

      5. Экспортқа өткізуге арналған органикалық өнімді өндіру импорттаушы елдің заңнамасында белгіленген органикалық өнім өндіру шарттарына қойылатын талаптарға сай сәйкестікті растау рәсімінен өтеді. 

 

      Осы Заң табиғи ресурстарды сақтауға және ұтымды пайдалануға, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған органикалық өнім өндірісі мен айналымының құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы