12-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын бақылау Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жөндеу, жаңғырту, қайта өңдеу, ауыстыру не кепілдік бойынша қайтару үшін бұрын экспортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензиясыз жүзеге асырады.
2. Импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында түпкілікті пайдаланушыдан немесе импорттаушыдан үшінші тұлғаларға беру импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беру рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік операциясына даярлықты жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарлардың импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі беретін әскери рұқсатнамалар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарларының импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, парадтар, жарыстар, демонстрациялық іс-шаралар, сынақтар өткізу кезінде тартылуы қажетті, шет мемлекеттің мемлекеттік органдарына немесе ұйымдарына тиесілі әскери мақсаттағы тауарлар импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жауынгерлік қарудың бірлі-жарым даналарын жауынгерлік және жедел-қызметтік міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Көрмелерде демонстрациялау, сынақтар, зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың импорты осы тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға құқық иелігіне берілмейді деген шартпен өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензиясыз жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың импортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге міндетті.
6. Импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарлар уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензияда және Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесінде көрсетілген түпкілікті пайдаланушыға дейін жеткізілуге тиіс.
Импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарларды уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензияда және (немесе) Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесінде көрсетілмеген басқа түпкілікті пайдаланушыға қайта жіберуге тыйым салынады.
7. Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарларды мәлімделген мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалануына, сондай-ақ оларды экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органының рұқсатынсыз кері экспорттауына тыйым салынады.
Осы Заң өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау қағидаттарын және құқықтық негіздерін белгілейді, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезіндегі, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын және транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы