⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 127-бап. Преюдиция ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

127-бап. Преюдиция ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

127-бап. Преюдиция ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Соттың қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ қылмыстық істі мәні бойынша шешетін басқа да шешiмі анықталған мән-жайларға да, олардың соттың үкімі мен шешімі шығарылған адамға қатысты құқықтық бағалануына қатысты да барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi. Бұл ереже соттың үкімі мен басқа да шешiмдерiн жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша кассациялық тәртіппен тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге кедергi болмайды , істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде.

      Ескертпе!      ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 23 нормативтік қаулысын қараңыз.

      2. Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргізетін орган үшiн оқиғаның немесе әрекеттiң орын алғаны не алмағаны туралы мәселе жөнiнде ғана мiндеттi және ол сотталушының кiнәлiлігі немесе кiнәсіздігі туралы түйіндерді алдын ала шешпеуге тиiс.

      3. Соттың заңды күшiне енген, өзінде талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкiмi сот үшiн оның азаматтық iсті қарауы кезiнде осы бөлiгінде мiндеттi.

      4. Нақ сол күдік бойынша қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны туралы қаулыдан басқа, қылмыстық қудалау органы қаулысының сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.

      Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 127. Незаконное помещение в психиатрический  стационар УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 127. Незаконное помещение в психиатрический стационар УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Незаконное помещение лица в психиатрический стаци...

Толық оқу »

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 127-бабы екінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 127-бабы екінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қаза...

Толық оқу »

127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсы...

Толық оқу »