135-бап. Кәмелетке толмағандар саудасы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау –
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;
4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) екі және одан да көп адамға қатысты;
6) транспланттау немесе өзге де пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алып қою мақсатында;
7) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;
8) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
9) кәмелетке толмаған адамды қылмыстар немесе қоғамға жат өзге де әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
10) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып;
11) кінәлі адамға жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты;
12) кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені көрінеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты;
13) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған;
14) қанауда босанған және (немесе) өзімен бірге кәмелетке толмаған баласы бар кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3 Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау мақсатында жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты мұндай іс-әрекеттерді жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бір шет мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау –
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4 Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) олар абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің өзін пайдалануға келісімі осы Кодекстің 128-бабына ескертпеде көзделген ықпал ету тәсілдерінің болуына немесе болмауына қарамастан, назарға алынбайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы